Атмосфера дегенiмiз


Практикалық сабақтың мақсаты



бет78/100
Дата22.09.2022
өлшемі4.93 Mb.
#461162
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   100
Атмосфера дегенiмiз

Практикалық сабақтың мақсаты.

Агрометеоролгия – климат пен ауа райының ауыл шаруашылық өндірісіне тигізетін әсерін зерттейтін ғылым. Ол арнайы мамандық және жалпы білім беретін пән емес, бірақ биологиялық және агрономиялық мамандық пәндермен тығыз байланыста. Егіншілік, энтомология, фитопотология, топырақтану, агрохимия, өсімдік шаруашылығы пәндерін толық игеру үшін алдымен агрометеорология пәнін оқып білу қажет.


Студенттерге агрометеорология жөніндегі білім мынандай жағдайларда қажет болады:
а) арнайы мамандық пәнндерін оқып үйренуде;
ә) курсттық жұмыстарды орындауда;
б) дипломдық жұмысын дайындауда;
в) эксперименттік зерттеулер жүргізуде және т.б.
қалыптасқан және болатын ауа райы жағдайларын дұрыс бағалай, әрі болжай білу үшін мұндай білім мамандарға қажет. Өйткені ауа райына, оның өзгеруіне көңіл бөліп ол өзгерістердің:
  • Ауыл шаруашылық дақылдарының өніп өсуіне;


  • Ауыл шаруашылық дақылдарының аурулармен зиянкестерінің пайда болуымен таралуына;


  • Микрооргнизімдердің дамуына;


  • Топырақ құрамының қалыптасу үрдісіне және т.б. жағдайларға тигізетін әсерін бақылап отыру қажет.


Агрометеорологияның негізгі мақсаты ауа райы жағдайларын дұрыс бағалай білу. Өйткені дақылдардың географиялық таралуы ме орналасуы, себу мерзімі, қолданылатын агротехникамен егіс айналымы, ең соңында өнім алу климат пен ауа райына байланысты.


Климат дегеніміз- ауа райының көп жылғы құблысы.
Ауа райы – сол сәттегі метеорологиялық элементтердің жиынтығы немесе уақыт жағынан да, кеңістіктеде метерологиялыық элементтердің үздіксіз өзгеріп отыратын ауа қабатының физикалық құблыстары. Ал бір метеоэлементтің өзгеріске ұшырауы басқаларының да өзгеруіне әсер етеді.
Негізгі метеоэлементтерге мыналар жатады:

  1. Атмсосфералық қысым (мм,мб);


  2. Күн радиациясы (кал/см2,мин)


  3. Ауа және топырақ температурасы (С0);


  4. Бұлттану (балл);


  5. Ауа және топырық ылғалдылығы (мм,мб,%);


  6. Жауын шашын (мм), қар қабаты (см,г/см3);


  7. Булану (мм);


  8. Жел (м/сек,румбы);


  9. Атмосфералық құблыстар (тұман,боран, найзағай,көк тайғақ және т.б.).


Әр бір аудандарда (аймақтарда) климаттың, ауа райының ауылшаруашылық өндірісіне тигізетін әсері әр түрлі. Ауа райының өзгеруі аталған метеоэлементтердің өзгеруіне байланысты. Сондықтан, әр бір ауылшарушалығы мамандары метеоэлементтерге бақылаулар жүргізіп, олардың өзгеруі ауа райының қалай өзгеруіне әкелетінін ертеректен білуі қажет. Қандай метеоэлементтіңөзгергені өсімдіктердің өніп өсуіне дұрыс жағдай жасады немесе қандай зияндарын тигізді. Сонымен қатар, метеоэементтерге бақылау жасау табиғаттың қолайсыз жағдайларын да ерте анықтап, олардың келтіретін зияндарына қарсы дайындалуға мүмкіншілік береді. Мысалы: құрғақшылық, үсік, қатты, суық, боран т.б. атмосфералық құбылыстардың болуын ерте болжауға болады. Өсімдіктердің зиянкестеріиен әр түрлі ауруларының пайда болуы ауа райына байланысты. Ауа райының өзгеруіне байланысты қандай зиянкестер мен аурулар пайда болатынын, олардың келтіретін зияндарын болжап, ерте күрес шараларына дайындалуға мүмкіндік береді.


Ауылшаруашылық өндірісінің өнімділігін жоғарылату үшін ауа райы мен климаттық жағдайларға бақылау жасап, сол жағдайларды мамандар дұрыс пайдалануы керек. Бір ауданның метеорологиялық жағдайы бірдей болғанымен, әр танапта әр түрлі температуралық және ылғалдық режимдер болуы мүмкін. Бұның барлығы сол танаптардың топырағының құрылымына, механикалық құрамына, жер бедеріне байланысты болады. Агрометеорология ғылым ретінде 19- ғасырдың соңында белгілі орыс ғалымдары Петр Иванович Броунов және Александр Ивановия Воейков жетекшілерімен дами бастады. Олар әрбір аймақтардың климаттық ресурстарын бағалап қай аймақта қандай дақылдар өндіруге болатынын белгілеп берді.

Метеорологиялық элементтерге байқаулар жүргізу үшін әр ауданда, метеостанция немесе метеопост жұмыс істеуге тиісті. Олар өздерінің байқаудан алған мәліметтерін әрбір үш сағат (0,3,6,9,12,15,18,21) сайын, тәулік бойына сегіз рет белгіленген уақытта облыстағы метеостанцияға хабарлап отырады. Сол сияқты осы уақыттарда облыс Республикадағы гидрометеорологиялық станцияға хабарлайды. Жер шарындағы атмосфералық үрдістер бірімен бірі өте тығыз байланыста болады. Бір аймақта болып жатқан метеорологиялық өзгерістер басқа аймақтарға әсер етеді және оны білуіміз қажет. Сондықтан, барлық елдердің метеорологиялық жағдайларын Бүкіләлемдік Метеорологиялық ұжым ұйымдастырып отырады. Сонымен қатар, үлкен метеорологиялық орталықтар жұмыс істейді. Ол орталықтар Мәскеу, Мельбурн, Вашингтон қалаларында орналасқан, олар телетай арқылы бір бірімен метеорологиялық хабарлар алып отырады.


1.3. ҚұзыреттілігіЖоспарланған тәжірибелік сабақты орындағаннан кейін студент білуі керек.


  1. Ауылшаруашылық дақылдарының өніп-өсуіне және өнімділігіне климат пен ауа райының әсерін бақылау:


  2. Метеорологиялық элементтердің және климаттық жағдайлардың географиялық аймақтарда қалыптасу заңдылығын зерттеу:


  3. Жергілікті аймақта қолданылатын агротехникалық шараларға ауа райы және климат жағдайларының тиімді әсерін. Осы тәсілдерді өзгерту арқылы топырақтың жылу және ылғал режимдерін жақсарту:


  4. Тыңайтқыштар енгізу тиімділігіне ауа райы және климат жағдайларының әсерін бақылау (мөлшері,мерзімі,ауа райына байланысты әр түрлі тыңайтқыштардың жиынтығы). Ауа райының және климаттың өсімдік өнімділігіне тигізетін әсерін мына зерттеулердің нәтижесінен байқауға болады. Картоп түйнектерінің өнімділігі тыңайтқыштарды әр түрлі топыраққа енгізгеннің әсері 9ц/га артты, ал бірдей топырақта әр түрлі климаттық аймақта отырғызылған картоптың өнімділігі 1га 20ц артты.


  5. Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестерінің пайда болуына, көбеюіне ауа райы және климат жағдайларының әсерін зерттеу. Өсімдік зиянкестері мен ауруларының зияндылығы мен көбеюіне ауа райы тікелей әсер етеді. Мыслаы: көктем айлары салқын және ылғалды болса, кейбір зиянкестер мен аурулардың белсенділігі төмендейді, ал көктем құрғақ әрі жылы болса белсенділігі жоғары және қуыршақтары мен жұмыртқаларының тіршілік қабілеттілігі жоғарылайы. Ауа райы желді болғанда зиянкестер өсімдіктердің ішкі қабатына тығылып оның өсу нүктесін жояды.


  6. Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері және ауруларымен күресу мерзіміне, қолданылған шаралардың тиімділігіне климаттық жағдайдың әсерін бақылау. Зиянкестерге қарсы ауылшаруашылық егістерді өңдеу кезінде ауа райы жағдайын ескеру керек (температура, ауа ылғалдылығы, жел, жауын-шашын). Мысалы:ұшақпен әр түрлі улы заттарды шашқан кезде желдің жылдамдығы 2м/с – тан аспау керек. Тікұшақпен шашқан кезде 3м/с аспау керек, ал трактормен бүріккен кезде 4м/. Таңертең шық бар кезде бүркілген химикат өңделу тиімділігін 2-3 есе жоғарылатады. Улы заттармен өңдеу ауа райы құбылмалы кезінде жүргізілмейді, себебі жауын-шашын, жел химикаттардың тиімділігі нашарлатады.


  7. Ауыллшаруашылық дақылдарын климаттық жағдайларға байланысты аудандастыру, яғни дақылдарды метеорологиялық элементтерге қажеттіліктерін ескере отырып оларды аймақтарға дұрыс бөліп, орналастыру. Дақылдарды осындай аудандастырған жағдайда алатын өнім ұлғая түседі.


  8. Жылу және ылғалмен қамтамасыздандырылған жағдайда ауылшаруашылық дақылдарының әр түрлі өнімі мен даму кезеңдерін бағалау дәне болдау.


  9. Үсіктер мен құрғақшылықты болдау және осындай қауіпті метеорологиялық жағдайлармен күресу тәсілдерін ойластыру.


  10. Ауылшаруашылық өндірісін агромнтнорологиялық мәліметтермен қамтамасыз ету. Ауылшаруашылығына берілетін мәліметтер әрбір салаға бөлек жүргізіледі: астық, мақта, көкеніс және картоп, жеміс-жидек, мал шаруашылықтары және т.б.


Астық шаруашылығы: жылдың әрбір кезеңіне агрометорологиялық ұсныстар жасалынады:


А) көктемгі кезеңге – көктемдегі ауа райының болжамы, егістік жұмыстарды жүргізу мерзімі, топырақтағы ылғал қоры;
Б) жазғыкезеңге – ауылшаруашылық дақылдарының өсу фазасын
болжау;
В) күзгі кезеңге – дәнді –дақылдадың пісу және өнімді жинау мерзімдерін күздік дақылдарды себу мерзімін болжау.
Жеміс – жидек шаруашылығы: көктемде- жесміс ағаштарының гүлдеу кезеңінде үсіктің болу мерзімін божау. Қыста – түтікшелердің өте қатты суықта зақымдануы, қысқы мерзімде қарсыз жәнеқатты суықтарда тамыр сабақтарының зақымданц үрдістерін болжау.
Өсімдік қорғау : ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерімен ауруларының ауа райына байланысты пайда болатыны эөнінде мәліметтер. Осындай мәліметтерді, болжауларды дайындау үшін метеорологиялық станциялар мен метеорологиялық посттардың мәліметтерін пайдаланады. Әрбір3 сағат сайын телеграффен алынған метерологиялық мәліметтер арқылы ГМС ауылшаруашылық дақылдарының ауа райына байланысты өніп өсуіне: бақылау жүргізіп отырады.
Осы мәліметтерді пайдалана отрып күндік, 10күндік және айлық агрометеорологиялық бюлетендер құрастырылып,сонымен қатар ауылшаруашылық дақылдарының дамуы мен ауа райын болжау анықтамалары құрылады. Агрометерологиялық бюллитенде барлық негізгі метеоэлементтердің орташа және төменгі көрсеткіштері жинақталады. Ауа және топырақ температурасы, тиімді температуралар жиынтығы, жауын-шашын, топырақ және ауа ылғалдылығы, жел жылдамдығы, қар жамылғысы және ауа райының қолайсыз жағдайлары келтіріледі.
Агрометеорологиялық бюллетеннің екінші бөлімінде ауылшаруашылық дақылдарының өсіріліп аймағына байланысты сипаттамасы және олардың өніп-өсу фазасына метереологиялық элементтердің тигізетін әсері беріледі.
Агрометерологиялық бюллетеннің үшінші бөлімінде ауылшаруашылық дақылдарының келесівегетация укезеңде болатын өсу фазаларына болжам беріледі.
Ауа райының қолайсыз жағдайлары туралы мәлімет радио, телефон, теледидар арқылы хабарланады.
Агрометеорологиялық хабарлардың түрлері: күнделікті, 10күн сайын, анықтамалар, кезең бойынша және жылдық метерологиялық шолу.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет