Атмосфера дегенiмiз



бет29/100
Дата22.09.2022
өлшемі4.93 Mb.
#461162
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   100
Атмосфера дегенiмiз

6 дәріс АУА ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫ
Мақсаты: Ауа ылғалдылығының ауылшаруашылық дақылдарға тигізетін әсерін дұрыс бағалай бiлу.
Міндеті: Ауа ылғалдылығын өлшеу тәсілдерін бiлу және оны ауыл шаруашылығында қолдануды үйрету.
Түйінді сөздер: Ауа ылғалдылығы, булану, жауын-шашын, қар жамылғысы
Дәріс жоспары:

1. Ауаның ылғалдылығы және оның элементтері

2. Ауа ылғалдылығын өлшеу тәсiлдерi

3. Булану

4. Жауын-шашын, қар жамылғысы
Су табиғатта қатты, сұйық және газ тәрiздес қалыпта болады. Су буы атмосфераға су бассейiндерiнiң, топырақтың, өсiмдiктердiң үстiңгi қабаттарының булануы есебiнен пайда болады. Көлденең бағытта, су буы адвекция жолымен ауа ағыстары арқылы таралады.
Жерге түскен күн радиациясының 23 мұхит, теңiз және жер бетiнен суды буландыруға шығын болады. Буға айналған судың бөлiгi белгiлi бiр жағдайларда конденсаттанып бұлт құрайды, жаңбыр түрiнде қайтып су бетiне немесе жер бетiне түседi. Осы буға айналған су ауаның ылғалдылығын жоғарылатады. Ауаның ылғалдылығы дегенiмiз атмосферадағы су буының мөлшерi.
Атмосферадағы су буы бiр шаршы метрде граммен және мм, мб өлшемдерiмен өлшенедi.
Ауаның ылғалдылығы мынадай көсеткiштермен сипатталады:
а) Абсолюттiк ылғалдылық (е), мм, мб;
ә) Салыстырмалы ылғалдылық (r), %;
б) Ылғалдылықтың жетiспеушiлiгi (d), мм, мб;
в) Шық нүктесi ().


Абсолюттiк ылғалдылық (е) деп 1 м3 ауада болатын грамм есебiндегi су буының мөлшерi немесе осы температурада мб, мм есебiмен ауада болатын су буының (е) нығыздығын айтады. Ол мынадай формуламен есептеп шығарылады:

е= Е1-АР (t-t1), мм, мб;
мұнда: Е1 – суланған термометрдегi (t1), су буының ең жоғарғы тығыздығы, мб (1-қосымша);
А – тұрақты шама = 0,0008;
Р – атмосфералық қысым, мб;
t – құрғақ термометрдiң температурасы;
t1 – ылғалданған термометрдiң температурасы.
Абсолюттiк ылғалдылық өскен сайын ауаның тығыздығы төмендеп, қысым азаяды, қарсы сәулелену көбейiп, тиiмдi сәулелену азаяды, температураның тәулiктiк ауытқуы мен радиациялық үсiк жүру мүмкiндiгi азаяды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет