3. Кіріспе
1.1 Өзектілігі және маңыздылығы. Ауыл шаруашылығының басты міндеті - халқымызды жеткілікті мөлшерде сапалы азық – түлікпен, мал шаруашылығын қажетті жем шөппен, өнеркәсіп орындарын шикізатпен қамтамасыз еті, сонымен қатар мемлекетіміздің азық-түліктік қауіпсіздігін және эканомикалық тәуелсіздігін күшейту үшін керекті дәрежеде стратегиялық қор жасау, шет елдерге сатылатын ауыл шаруашылық өнімдерін тұрақты түрде көбейтіп керісінше, шеттен келетін өнімдерді азайту болып саналады.
Бұл міндетті орындау үшін ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді арттырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз етіп, сапасын жоғарлатып, өзіндік құнын төмендету қажет. Аталған мақсатты іске асыру үшін ауыл шаруашылығының дамуы табиғаттың құблыстары мен қарым қатынаста екенін, солардың ішінде метеорологиялық элементтердің көп өзгеріп, өсімдікттердің өнімділігіне әсерін тигізетінін ескергеніміз жөн.
Метереологиялық элементтер өсімдіктердің өніп өсуіне, олардың өнімділігіне өнім сапасына және өнімнің құнндылллығына көп әсерін тигізеді. Көптеген агрометерологтарыдың зерттеулеріне,қарағанда, қаншалықтыегіншілік мәдениетін жоғарлатұанымызбен ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігінің ауа райына, климатқа әлі де болса байланысты екенін көреміз оған дәлел ретінде, жылдан жылға дақылдар өнімділігінің ауытқулығын келтіре аламыз.
Ауа райының өзгеруі агротехникалық әдістерді дұрыстап реттеуді қажет етеді. Мысалы ауыл шаруашылық дақылдарын егу мезгілі, себу мөлшері мен тереңдігі және тағы басқа әдістері тікелей ауа райына байланысты сол метеорологиялық элементтердің өзгеруіне байланысты агротехникалық әдістерде өзгереді.
Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін жоғарлатыу, оны болжау, жоспарлау негізгі метерологиялық элементтерге (температура, жарық,ылғал) байланысты. Жарық, темпратура көпшілік аймақтарда жеткілікті мөлшерде ал ылғал өте тапшы. Далалалық және шөлейт аймақтарда булану жауын шашын мөлшерінен 2,5-10 есе көп болады. Сондықтан, Қазақстан Республикасынды барлық агротехникалық шараларда жоспарлағанда негізгі фактор ылғал болғандықтан, сол факторды оңтайлы жағдайға жеткеру үшін шара қолдануымыз керек.
Республика аумағынды ауыл шаруашылық дақылдарын оның сорттарын және будандарын аудандастырыру үшіен тиісті аймақтың жылу, ылға, жарық ресурстарын білуіміз керек. Сонымен қатар аудандастырылатын дақылдардың аталған метерологиялық элемнттерге қажеттілігін анықтау қажет: неге мақта, қант қызылшасы- оңтүстік, ал жаздық бидай- солтүстік аймақтарды егіледі?
Осы метеорологиялық құблыстарды жақсы біліп оларға бақылаулар жүргізіп, тиімді жағын өсімдік өнімділігін арттыруға пайдаланып, ал қолайсыз ждағдайлармен дер кезінде күресу ауыл шаруашылық мамандарының негізгі міндеті болып табылады.
Агрометеорология – келешек ауыл шаруашықы мамандарына метерологиялық элементтерге бақылау. (өлшемдер) жүргізу, олардың өзгеруіне байланысты дұрыс агротехникалық шаралар ұйымдастыру, зиянды метерологиялық құблыстардың алдын алып, олардың әсерін азаиту мәселелері туралы білім беретін маңызды агрономиялық пән..
Достарыңызбен бөлісу: |