Атмосфера дегенiмiз



бет86/100
Дата22.09.2022
өлшемі4.93 Mb.
#461162
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   100
Атмосфера дегенiмiз

K0=K01+K011/2,

K=K1+K2+K3/3,

V=V1+V2+V3/3,








4 жұмыс. АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ
Ауылшаруашылық дақылдарының өніп-өсуі үшін физиологиялық үрдістер жүргізу қажет.Бұл үрдістер тек бір оңтайлы температурада ғана жүреді.Ол үшін түрлі дақылдардың оптималды ,минималды,максималды температуралар болады және әр бір өсу фазасында ол температуралар әр түрлі болады. Өсімдік өсе бастағанда температура неғұрлым жылдам көтерілсе соғұрлым өсу фазалары да жылдам өтеді. Ал көктемде салқын күндер көп болған сайын өсу фазалы кешігеді.Мысалы, дем алу үрдісі 0 градус температурада басталады да температиура өсе берген сайын күшейе түседі.Ал температура 35-40 гр. жетенде нашарлайды да,температура 50 градусқа жеткенде тоқтайды.
Температура жоғарылаған сайын суды,қоректік заттарды пайдалану нашарлайды,өйткені ауа ылғалдылығы төмендейді. Ауа ылғалдылығы төмендеген сайын құрғақшылық артады.
Өсімдіктердің тозаңдануын жоғарғы температуралар нашарлатады.
Ауыл шаруашылық өндірісінде вегетациялық және аязсыз кезеңдердің мағынасы үлкен.


Вегетациялық кезеңге тұқымның өніп-өсе бастауынан жаңа тұқымдардың пісіп жетілуі арасындағы кезең жатады.Көп жылдық дақылдарда ол келесі жылдары жалғасады.Вегетациялық кезеңнің ұзақтылығына аяз қатты әсер етеді.Аязсыз кезең болып көктемнің соңғы үсі болған күні мен күзгі алғашқы үсікке дейінгі аралық саналады.Осы кезеңді дақылдарды аймақтарға аудандастыру кезінде ескеру қажет. Егер вегетациялық кезең аязсыз кезеңнен қысқа болса онда аталған дақылдар піспей үсікке шалдығады.
Вегетациялық кезеңдегі орташа температура мен оның жиынтығы осы дақыл вегетациясы уақытының басталуы мен аяқталуына дейінгі орташа тәуліктік температураларды жинақтау арқылы шығарылады.
Қазақстан республикасында ауыл шаруашылық дақылдардың әр түрлі аймақьарда өсіреді.Қандай аймақта қай дақылды аудандастыру үшін осы дақылдың биологиялық ерекшелігін, әсіресе вегетациялық кезеңің білу, сонымен қатар аймақтың аязсыз кезеңін анықтауымыз қажет.Өйткені дақылдың вегетациялық кезеңі аязсыз кезеңнен кем болу керек.
Сондықтан бір дақылды белгілі аймақта өсіру үшін сол аймақты мынандай температуралық көрсеткішін анықтау қажет:


  1. Орташа температуралар (тәулік, онкүндік, айлық, вегетациялық кезең);


  2. Биологиялық, минималды, оптималды, максималды температуралар;


  3. Белсенді тиімді температуралар;


  4. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы, температураның 0, 5, 10, 15 градустардан жоғарлайтын және төмендейтін мерзімдері;


  5. Аяқсы кезеңнің ұзақтығы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет