Атмосфера дегенiмiз



бет92/100
Дата22.09.2022
өлшемі4.93 Mb.
#461162
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   100
Атмосфера дегенiмiз

Бақылау сұрақтары :

5-жұмыс АУДАННЫҢ ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫ
Су тәбиғатта қатты, сұйық және газ тәріздес қалыптта болады. Су буы атмосферада су бассейіндерінің, топырақтың, өсімдіктердің үстіңгі қабаттарының булануы есебінен пайда болады. Көлденең бағытта, су буы адвекция жолымен ауа ағыстары арқылы таралады.
Жерге түскен күн радиациясының 23% мұхит, теңіз және жер бетінен суды буландыруға шығын болады. Буға айналған судың бөлігі белгілі бір жағдайларда конденсаттанып бұлт құрайды, жаңбыр түрінде қайтып су бетіне немесе жер бетіне түседі. Осы буға айналған су ауаның ылғалдылығын жоғарлатады.

Ауаның ылғалдылығы дегеніміз атмосферадағы су буының мөлшері. Атмосферадағы су буы бір шаршы метрде граммен және мм, мб өлшемдерімен өлшенеді.
Ауаның ылғалдылығы мынадай көрсеткіштермен сипатталады:

  1. Абсолюттік ылғалдылық (е), мм, мб;


  2. Салыстырмалы ылғалдылық (r), %;


  3. Ылғалдылықтың жетісмеушілі (d), мм, мб;


  4. Шық нүктесі ( ).


Абсолютікк ылғалдылық (е) деп 1м ауада болатын грамм есебіндегі су буының мөлшері немесе осы температура мб, мм есебімен ауада болатын су буының (е) нығыздығын айтады.


Ол мынадай формуламен есептеп шығарылады:
e=E1-AP(t-t1),мм, мб;
мұнда:

Е1- суланған термомердегі(t1), су буының ең жоғарғы тығыздығы, мб(9-кесте);


А- тұрақты шама = 0,0008;
P- атмосфералық қысым, мб;
t- құрғақ термометірдің температурасы;
t- ылғалданған термометірдің температурасы.
Абсолюттік ылғалдылық өскен сайын ауаның тығыздығы төмендеп, қысым азаяды, қарсы сәулелену көбеіп, тиімді сәулелену азаяды, температураның тәуліктік ауытқуы мен радиациялық үстік жүру мүмкіндігі азаяды.


Салыстырмалы ылғалдылық деп (r) % сипатталатын осы температурадағы абсолютті ылғалдылықтың (е) жоғары тығыздыққа қатынасы айтылады. Ол мына формуламен есептеп шығарылады:
r=e/E*100%
мұнда:Е- құрғақ термометірдегі (t), су буының ең жоғарғы тығыздығы, мб.(9-кесте).
Топырақ пен өсімдіктерден судың булануы ауаның салыстырмалы ылғалдылығына байланысты болады. Жаз кезінде r ≤ 30% болғанда құрғақшылық басталады.
Құрғақшылық кезінде жел мен жоғары температура аңызаққа әкеліп соғады r ≤30%, t=25-30 , желдің жылдамдығы V ≥ 5м/сек.
Өсімдіктің белсенді вегетациясының кезеңінде r=60-70% өсімдіктің өсуәне оңтайлы жағдай туғызады. Егер ылғалдылық қалыптты деңгейден төмен болса, онда өсімдіктің өсуі тежеледі, өсімдік солып қалады, олардың көпшілігі ауруға шалдығады.
Салыстырмалы ылғалдылық (r) – ауа температурасының ауытқуына байланысты. Егер, атмосферада су буының мөлшері өзгермесе, бірақ температура көтеріле берсе, салыстырмалы ылғалдық деңгейі төмендейді.
Мысалы: t =20 , e=11,5мб, r=50%;
t =30 , e=11,5мб, r=28%.
Температура төмендеген сайын, ауа су буына қанығуы жақын, ауа ылғалдығы арта бастайды.
Салыстырмалы ылғалдықтың тәліктік және жылдық жүргісі температураның жүргісіне қарама қарсы.


14-сурет. Ауа ылғалдылығының жылдық жүргісі (----)
Ауылшаруашылығына агрометрологиялық сипаттама жасағанда салыстырмалы ылғалдықпен ауа ылғалдығын жетіспеушілік көрсеткіштерін көп пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет