Атмосфера ластану күйінің статистикалық сипаттамалары


- күкірт диоксиді мен күкірт қышқылының аэрозолі; -



бет2/5
Дата10.03.2023
өлшемі93.59 Kb.
#470617
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
лек4 (2)

- күкірт диоксиді мен күкірт қышқылының аэрозолі;
- күкірт диоксиді мен күкіртті сутек;
- күкірт диоксиді мен азот диоксиді;
- күкірт диоксиді мен фенол;
- күкірт диоксиді мен фторлы сутек;
- күкірт диоксиді мен аммиак, азот оксиді;
- күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, фенол жəне конверторлы өндірістің шаңы.
ШМК мəндері берілмеген жағдайда заттың гигиеналық қауіптілігін бағалау үшін ауа ластануының шамалық – қауіпсіздік максималды бір ретті деңгейінің көрсеткішін қолдануға болады. Сонымен қатар, жұмыс істеу аймағындағы ауада болатын заттардың ШМК-ң мəндері есептелген (ШМКрз). ШМКрз-ң мəні күнделікті 8 сағат жұмыс уақытында демалу кезінде жұмысшыларда ауру тудырмайтындай немесе одан да ұзақ уақытта денсаулық күйі төмендемейтіндей шамада болуы керек. Жұмыс аймағы деп жұмысшылардың үнемі немесе уақытша жұмыс жасайтын 2м биіктікке дейінгі кеңістікті айтады. Осылайша, күкірт диоксидінің ШМКрз – сі 10, азот диоксиді – 5, ал сынаптікі – 0,01 мг/м3. Осы заттардың ШМКмр жəнеШМКсс – не қарағанда əлдеқайда көп.
Ірі өнеркəсіптік орталықтарда атмосфералық ауаның ластану дəрежесі санитарлық – гигиеналық нормативтерден асып түсуі мүмкін. Атмосфералық ауадағы зиянды заттар концентрациясының уақыттық жəне кеңістіктік өзгерісінің сипаты əртүрлі факторлардың көптігімен анықталады. Атмосфералық ауаның ластану деңгейлерінің қалыптасу заңдылықтарын, олардың өзгеру тенденцияларын білу ауа бассейнінің талап етілетін тазалығын қамтамасыз ету үшін өте қажет. Ал ауа бассейнінің ластану күйін бақылау заңдылықтарды анықтаушы негіз болып саналады. Атмосфера ауасының күйін бақылау мен реттеу қызметі екі бөліктен немесе жүйеден тұрады: бақылаудан (мониторинг) жəне реттеуден. Бірінші жүйе ластанудың нақты қайнар көзінен тыс орналасқан қалаларда, елді мекендер мен аймақтарда атмосфера ауасының сапасын бақылауды қамтамасыз етеді. Атмосфера ауасының күйін бақылау антропогендік қарқынды əсер ету аудандарда (қалаларда, өндірістік жəне агроөнеркəсіптік орталықтарда жəне т.б.) жəне ластану көздерінен қашық аудандарда (фонды аудандарда) жүргізіледі. Ластану көздерінен əлдеқайда қашық аймақтарда жүргізілген бақылаулар ластаушы заттардың фондық концентрациясының биотаға əсер ету ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Ереже бойынша, фондық бақылаулар фондық экологиялық мониторингтің арнайы бағдарламасы бойынша биосфералық қорықтар мен қорық территорияларында өткізіледі. Биосфералық қорықтарда атмосфералық ауа ластануын болжау мен бағалау атмосфера құрамындағы қалқымалы бөлшектер, қорғасын, кадмий, мышьяк, сынап, бензопирен, сульфаттар, күкірт диоксиді, азот оксиді, қосылыстарды сараптау жолымен жүзеге асырылады. Фондық экологиялық мониторинг бағдарламасы, сонымен қатар, биотаны санамағанда барлық ортада антропогендік ластаушы заттардың фондық деңгейін анықтаудан да тұрады. Фондық станцияларда атмосфера ауасының ластану күйін өлшеуден басқа метеорологиялық өлшеулер де жүргізіледі. Біздің еліміздің территориясында орналасқан фондық станциялар торабы ЮНЕП эгидасы ретінде қоршаған орта мəселелері бойынша БҰҰ бағдарламасына сəйкес қызмет ететін Қоршаған орта мониторингінің əлемдік жүйесіне (ГСМОС) қосылған. Фондық станциялардан алынатын ақпарат атмосфералық ауа ластануының глобальды өзгерістерінің күйі мен тенденцияларын бағалауға мүмкіндік береді. Фондық бақылаулар, сонымен бірге, теңіздер мен мұхиттардағы ғылыми зерттеулер бойынша жүргізіледі. Атмосфералық ауа ластануының фондық деңгейлерін бақылау кезінде қоспалардың тасымалдану модельдері жасалады жəне гидрометеорологиялық, техногендік факторлардың тасымалдану процесіндегі рөлі анықталады. Фондық станцияларда келесі жұмыстар зерттеледі жəне нақтыланады: бақылаулар торабын құру критерийлері, реттелетін қоспалар тізімі, өлшеу мəліметтерін өңдеу мен реттеу əдістемесі, ақпарат жəне құрал алмасу тəсілдері, халықаралық бірлесу тəсілдері. Осылайша, мысалы, халықаралық келісім бойынша базисті жəне аймақтық мониторинг станциясы ірі ластану көздерінен жел жағынан алғанда 40-60 км қашықтықта орналасуы керек. Станцияға жақын территорияларда, 40-400 км радиуста адам қызметінің сипаты өзгермеуі керек. Ауа сынамалары өсімдік беткейінің үстінде 10 м-ден кем емес биіктікте алынуы керек екені де анықталған. Фонды мониторинг станцияларында атмосфералық ауа сапасын бақылау физикалық, химиялық жəне биологиялық көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады. Қарқынды антропогендік əсер ету зоналарында атмосфералық ауа ластануын реттеуді ұйымдастырудың қажеттігі математикалық жəне физикалық модельдерін пайдалану арқылы тəжірибелік жəне теориялық зерттеулермен анықталады. Мұндай қадам зиянды заттар түсуінің стационарлы жəне қозғалмалы көздері бар қалаларда немесе кез келген елді мекендердегі атмосфера ауасының қайсыбір қоспамен ластану деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Əдетте, қалдық көздерінің орны мен олардың параметрлерін анықтауға болады. Метеорологиялық параметрлерді, сонымен қатар, «Желдер кестесін» біле отырып, математикалық жəне физикалық модельдерді пайдалану арқылы кез – келген жағдайда атмосфералық ауадағы ластаушы заттар концентрациясының алқаптарын есептеуге болады. Егер қоспа концентрацияларының бекітілген нормативтерден асып түсуі ықтимал болса, онда белгілі аймақта осындай қоспаға үнемі бақылау қойылуы керек. Егер де мұндай ықтималдық болмаса жəне өнеркəсіп, энергетика мен автокөлік дамуының болашағы жоқ болса, онда атмосфералық ауа күйін бақылайтын стационарлы бекеттерді орнатудың қажеттігі шамалы. Бақылау бекеттерін орналастыру кезінде ШМК-ң гигиеналық көрсеткіштерінің бекітілген мəндерінен асып түсу жағдайлары мүмкін болатын жергілікті халық тығыз орналасқан тұрғын үй құрылыстары бар аудандарға басты назар аударылады. Бақылаулар деңгейіШМК-нан асып түсетін қоспалар үшін жүргізіледі. Ауаны ластаушы, жиі кездесетін заттарды бақылау міндетті түрде жүргізіледі: шаң, күкірт диоксиді, көмір оксиді, азот оксиді. Реттеуді талап ететін басқа заттарды таңдау өндіріс пен жергілікті жердегі қалдықтар спецификасымен, ШМК-нан асып түсу жиілігімен анықталады. 80-жылдары торапты қар өлшеу бақылауларының негізінде ауа массалары арқылы ластаушы заттардың тасымалдануын реттейтін жаңа торап пайда болды. Территорияның ластану мониторингі қар өлшеу бақылауларының негізінде атмосфера ауасының ластану деңгейлерін ластанбаған аудандармен қатар, қалаларда, басқа да елді мекендерде қадағалауға мүмкіндік береді. Қалдық орнынан едəуір алыс қашықтықтарға тасымалданатын қоспаның ғаламдық ағындарының трансшекаралық тасымалдануын реттеудің маңызды əдістеріне қоспалар таралуының математикалық модельдеріне негізделген жер беті жəне ұшақ станцияларының жүйесі кіреді. Трансшекаралық тасымалдану станцияларының торабы газ бен аэрозольдарды таңдау, таңдалған сынамалардағы қоспа құрамын талдаудың құрғақ жəне ылғал түсімдерін жинау жүйелерімен жабдықталады. Ақпарат метеорологиялық синтездеу орталықтарына келіп түседі, бұлар мыналарды жүзеге асырады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет