Ақтөбе қаласы. Жеке тұлғаны ұлттық рухта тәрбиелеуде тарих пәнінің ролі



жүктеу 40.6 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі40.6 Kb.
Индира Әмірханқызы Садық

Тарих және құқық пәні мұғалімі

Ақтөбе қаласы.


Жеке тұлғаны ұлттық рухта тәрбиелеуде тарих пәнінің ролі.

Тарих түзу жолды үйретуші,

Тарих түзушіліктің кітабы.

Тарих тіршілікте жол басшысы


Ә.Бөкейханов

Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын қазақ халқы өзінің жер бетінен жойылмай, ілгері ел жоралы ұлт, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны-оның еркіндік сүйгіш ерік жігерінің асқақ рухының арқасы.

Ұшы қиыры жоқ ұлы даланы үстінде көк аспан астында қара жер жаралғаннан бері мекен етіп келе жатқан халқымыз әр кездеде бостандық, еркіндік, Азаттық, тәуелсіздік үшін күресіп келеді.

Бүгінгі таңда Егемендігіміз баянды, тәуелсіздігіміз табанды болған соңғы 20 жыл уақыт ішінде елдің ел болғаны, ес жиып, өркениетті мемлекеттер қатарына қосылғаны шежіре үшін көзді ашып – жұмғандай қысқа мерзім.Бұл қазақ халқының басынан өткен Ұлы тарихы.Өзгеге кеткен есесі мен еншісін,намысы мен бостандығын ғасырлар бойы өзі қайтарып,өзі қорғап үйренген бұл халық ...

Халықты жасайтын – тарих,тарихты жасайтын жеке тұлғалар.Сол жеке тұлғаны оқушы ретінде қарастырсақ оқушыны тәуелсіз елдің рухы биік,ойы – азат азамат ретінде тәрбиелеуде тарих пәнінің маңызы өте зор.«Тарихты білмей болашақты болжау қиын » , - деп Әбу насыр Әл-Фараби айтқандай біздің болашағымыз бала,болашақтың иесі жастар,жас ұрпақ.Сол ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөле отырып,тарих пәні арқылы ұлттық рухты тәрбиелеу.Ұлылық пен дархандықтан тамыр тартқан өз халқымыздың тарихын білу,қастерлеу,өзінің кім екенін түсіну,өзге ұлттан кем емес екенін ойымен,ісімен дәлелдеуінде тарих пәнінің алар орны ерекше.Тарихты оқып өскен адам мен одан бейхабар өскен адамның ұлттық рухы мен ұлттық таным түсінігі екі басқа.Өз ұлттының кешегі мен бүгінгісіне ой жібермейтін түсінбеген азамат ұлттық құндылықтарды біле бермейтін,білуге білімі мен өрісі жетпейтін «жалпы адамдық» деп аталатын абстракциялы ортақ құндылықтарға ұмтылады.Ұлт мүддесін ұмытқан адам өзі біле бермейтін жалпы адамдық рынокта өз халқының мүддесін сатып жібергенін өзі де аңғармай қалады.Ұлттық рухын жоғалтпаған халықтың болашағына сеніммен қарауға болады.Ұлттық рухы әлсіз немесе сол рухта тәрбие алмаған адам,жалпы адамдық қоғамға оңай қосылады.Олар үшін ұлттық мүдде оның тілі мен дәстүрі,тарихы қадірлі емес.Олар үшін өзінің өмір сүруіне қолайлы жер ғана қадірлі.Ондай категориядағы адамдар үшін Отан деген ұғым,территория деген ұғымның баламасы.Өз ұлтын оңай сатып кететіндер осы категориядағы адамдар.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақтың сана сезімі өткендегі қазіргі және болашақтағы тарихтың толқынында өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет тәуелсіз ел болғаннан кейін мүмкіндік туып отыр» ,- деп жазуында өмірлік мәні бар шындық жатыр.Ұлттық «менді» қалыптастыратын тетіктер мен жағдаяттар сан алуан.Болашаққа қатысты жаңа міндеттер қойып шеше білетін ақыл-ой қабілеті бар,өзін-өзі басқара алатын «Мен» бейнесі толық ашылып қалыптасқан азамат тәрбиелеуде тарих пәнінің өз үлесі бар.Қоғамда сырт дүниені бейнелейтін қоғамдық сана пішімі адамның басты сенімі – ұлттық идея – ұлттың тілегі,ниеті,ойы қажет.Сондықтан ұлттық идея ұлы мұрат қазақ халқының мұраты деп қабылдасақ.Қазақстандағы ұлттық идеяның жасы қазақ этносымен құрдас.Ол қазақтармен бірге дүниеге келді.Әрі тарих сахнасында қазақтармен қол ұстаса көтерілді.Мұратсыз ұлт,ұлт болып қалыптасуы да,сақталып қалуы да мүмкін емес.Ұлттық идеямыздың бес ғасырдан астам тарихы бар,әр дәуірде өзінің ұлттық идея өзегі болады.

Қазақстан жақандандыру тұсында ұлттық идея өзегі мемлекетті нығайту этникалық территорияны қалыптастыру. Бірде тілін, бірде тісін көрсеткен Ресей, Қытай, Жоңғар, Орта Азия мемлекеттерімен оңтайлы қарым-қатынас орнату, Асан қайғы жыр жолдарында ұлттық мұрат- территориялық тұтастық саяси еркіндік, әлеуметтік кемелдік, табиғат пен адам арасындағы үйлесім, сол дәуірдің аңсағаны.

Елдің бірлігін, ішкі тыныштылығын, қанның ыңсапты болуын халықтың берекелі байлығын жырлаумен ұлттық идеяны мемлекеттік саясат көгіне көтергендер қатарына Қазтуған, Доспамбет, Шернияз, Жиенбет, Ақтабан шұбырынды алқа көл сұлама жылдарындада Отан қорғау ұлт мұратына айналды.

XX ғасыр Сәкен, Мағжан, Әліби, Әлиханның ұстанған ұлттық мұраты ортақ туған халқына қызмет еткендер.

Бүгінгі таңда әлемдік бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру жағдайы.

А.Байтұрсынов «қазақ жоқ іздеген - халық» деген екен.Сол заманда қазақ баласы білімнен,ғылымнан,өнеркәсіптен ала алмаған еншісін іздеді. Өмірде жоқ іздеп жүрген,әлемдік бәсекеге даяр емес екенбіз,ең ауыры бүгінгі қазақ өзін-өзі іздеген танып болмаған халық.

Осы ұлттың идея құндылықтарымен ұлтжандыларын қалыптастыру үшін дәйекті бекемдеу қажет.Бірі бала бақшада тәрбиеленуші бүлдіршіндерден бастап,мектеп қабырғасына тарих пәні арқылы жалғастырса,жас ұрпаққа білім берумен тәрбиелеуді ата-баба тарихынан туған жерді салт-дәстүрді,ұлттық тілді,ұлттық мәдениетті тарып білуде тарих пәнінің берері көп.Келер ғасыр иесі бүгінгі егемен еліміздің ұрпағы десек,оларға артылар ешкім,артар жүк болмасы анық.Сондықтан жас ұрпақтың перзенттік парызы батыр бабалардың рухына бас ию, ар намысын биік ұстау,елге тағзым ету,ұлттық тілімізді,қасиеттер мен рәміздерді сыйлау.



Қорыта келе: «Асыл-тастан, ақыл-жастан», - дегендей ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелей отырып,олардың әділетті де,шыншыл,әдепті де иманды ұлт салт-дәстүрлер мен рухани мәдени құндылықтарды бойына сіңірген жас жеткіншіктердің қалыптасуына тарих пәнінің ролі мол.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Елдің болашағы білімді ұрпақ айқындайды өйткені елдің ертеңгі тірегі жастар.Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс»,- деген сөзі ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік артып отыр.Сөзімнің соңында айтарым дана халқымыз «бір жылыңды ойласан егін ек,он жылыңды ойласан ағаш отырғыз,болашағыңды ойласан жастарды тәрбиеле», -дейді.Заман талабына сай жас ұрпақты тәрбиелеу де ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік артып отыр.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет