АҚТӨбе қаласының білім бөлімі бойынша б ұ й р ы қ Ақтөбе қаласы №435



Дата27.02.2016
өлшемі19.5 Kb.
#29162
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ БОЙЫНША
Б Ұ Й Р Ы Қ

Ақтөбе қаласы № 435 « 20 » 05 2011 жыл



«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі»

екінші жастар марафон-эстафетасын

өткізу туралы

Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 581 қаулысын орындау мақсатында және Ақтөбе облысы білім басқармасының 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 374 бұйрығы негізінде


Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н:


  1. 2011 жылғы 30 мамыр мен 12 тамыз аралығында «Қазақстан Республикасы Тәуілсіздігінің 20 жылдығына 20 екпінді апта» девизімен «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты екінші жастар марафон-эстафетасы өткізілсін.




  1. Мектеп директорларына:

1) оқушылардың марафон-эстафетаға қатысуын қамтамасыз етсін;

2) мектеп оқушыларының марафон-эстафета кезіндегі өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын алсын. Ол үшін:

- әрбір оқушы және оның ата-анасымен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігін білу және орындау жұмысын жүргізсін;

- марафонға қатысатын әр топты басқаратын және балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мұғалім тағайындасын;

- оқушыларды автотранспортпен тасымалдау кезіндегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етсін. Тасымалдауға бөлінген автотранспорттың техникалық бақылаудан белгіленген уақытта өткізілгендігін және автокөлік жүргізушісінің балаларды тасымалдау үшін құжаттарының талапқа сай болуын қадағаласын;

- оқушылар тамақтанатын орындардың санитарлық-эпидемиологоиялық талаптарға сай болуын қадағаласын;

3) тізімге енген оқушылардың белгіленген мерзімде жұмыс орнына шығып, өзіне берілген тапсырманы мұқият орындауын қамтамасыз етсін;

4) марафонға қатысушы оқушылардың жұмыстан бос уақыттарын ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын;

5) әр аптаның бейсенбі күні, орындалған жұмыс көлемі туралы есепті қалалық білім бөліміне түсірсін.


  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары Р. Н. Тастанбаеваға жүктелсін.

Ақтөбе қаласының білім бөлімі



бастығы міндетін атқарушы (қол қойылды) Л. Уразбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет