Ақтөбе облысы ғылыми тәжірибелік орталығы


Жетекшісі, Ақтөбе гуманитаркалық



бет2/10
Дата16.11.2022
өлшемі120.81 Kb.
#464971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ғылыми жоба -Бекжанова Гаухар

Жетекшісі, Ақтөбе гуманитаркалық
колледжі оқытушысы: Ізтаева Гүлназ Сексенбайқызы
«АШЫЛМАҒАН СЫРЫ КӨП АСЫЛ ӨНЕР»
Ғылыми ізденуші: Бекжанова Гаухар Бекжанқызы
Ақтөбе гуманитарлық колледжі, КД - 305 топ
Жетекші: Изтаева Гүлназ Сексенбайқызы


Тақырыптың өзектілігі: Ұсынылып отырған тақырып- қолөнер тарихының терең қойнауынан сыр шертетін тың тақырып. Ши тоқу – бұрын көшпелі және жартылай отырықшылдықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына ескі заманнан белгілі өнер. Шиден түрлі бейнелер жасап, ою-өрнектермен өрнектеп базарлық, кәдесый ретінде нарыққа шығарып, бұл кәсіпті нәсіп етіп, пайдасына асырып отырғандар да қазіргі таңда жоқ емес. Қазіргі өскелең жас ұрпақтар, кейінгі буындар көбінесе қазақтың ши тоқу өнерін естігенімен оны іс жүзінде тереңінен біле бермейді. Сондықтан, келешек ұрпақты осындай мәдент мұраларды, ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтау мен қадірлеуге тәрбиелеу, қай уақытта болмасын маңызды іс болып саналады.
Зерттеудің мақсаты:

  • Халқымыздың қолөнер мәдениетінің дәстүрлі қорларын жинақтап, атадан балаға жалғап, тарихта қалдыру;

  • Көнені жаңғырту арқылы қазақ қолөнерінің тың белеске көтерілуіне ықпал жасау, қолөнер шеберлерін, қолөнерге деген қызығушылығы бар қауымды ши тоқу әдістерімен және материалдарымен таныстырып, өнеріне өріс ашуға көмек беру;

  • Ұлтымыздың мәдениетін сақтап, оны келер ұрпаққа жаңа ағыммен, жаңа көзқараспен жетілдіріп жеткізу.

Зерттеудің міндеті:

  • Қазақ қолөнерінің бір саласы- шидің шығу тарихын тереңірек, толығырақ ашып зерттеу;

  • Ши тоқу өнерінің ерекшеліктерін көрсете отырып, одан жасалатын бұйымдар туралы мәлімет келтіру;

  • Заман талабына сәйкес шиден жаңа дизайндық сипаттағы тұрмыстық бұйымдар әзірлеуді насихаттау.

Зерттеу нысаны: шиден дайындалған панно
Зерттеу әдістері:

  • Ұлттық қолөнер жайлы әдебиттермен танысу, ақпараттық мәліметтер жинақтау;

  • Ши өнерінің даму тарихын анықтау;

  • Қазіргі таңда тұрмыстық жағдайда қолдану үлгілері;

  • Жобаны талдау, жинақтау, қорыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет