Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендер аумағын абаттандыру ҚАҒидасы жалпы ережелер



Дата01.07.2016
өлшемі269.79 Kb.
#170531


 Облыстық мәслихатының
2012 жылғы «__» ____________
№ ___ шешімімен
бекітілген
Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендер аумағын абаттандыру ҚАҒИДАСЫ


  1. Жалпы ережелер

1. Осы Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендер аумағын абаттандыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида), Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

Ереже Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендер аумағын абаттандыру саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді және жауапкершілігін анықтайды және меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

Осы Қағидада қолданылатын негізгі түсініктер мен анықтаулар:

1) Абаттандыру - шағын сәулет нысандарын абаттандыру нысандарын салу мен жөндеу, аумақты тиісті санитарлық жағдайда ұстау, жарықтандыру, көгалдандыру, сыртқы жарнама, қалалар мен елді мекендердің сыртқы келбетін құру бойынша жұмыстарды қамтитын, Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендер аумағында тұрғындардың өмірі мен бос уақытына игі, салауатты және мәдени жағдай жасауға бағытталған жұмыстар мен іс-шаралар кешені.

2) Қала (село) инфрақұрылымы - адамдардың өмірі үшін қолайлы жағдай жасайтын қалалар мен елді мекендер аумағында орналасқан түрлі мақсаттағы нысандардың, коммуникация, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету желілерінің бірлестігі.

3) Қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды шығару шарты - тапсырыс беруші мен қоқыс шығаратын мердігерлік ұйым арасында қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды шығару жөнінде жасалынған заңды күші бар жазбаша келісім.

4) Бекітілген аумақ - осы Қағидамен тазарту және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу үшін, бекітіліп берілген жер учаскесі.

Қалалар мен елді мекендер аумағында бекітілген нысандар:

көшелер жағындағы бөлінген телімдер шекарасынан, өтпе жол шетімен шектелген аумақ;

ораміші аумақтарының учаскелері;

аулаішілік аумақтар - шағын сәулет нысандарын, балалар, кір жаю, қоқыс жәшіктері алаңдарын, автокөлік аялдамаларын, сәндік құрылғылар орнату, үйге кіретін жолдар, аулаға енетін жолдар үшін пайдаланылатын (бір аулада бірнеше жер пайдаланушылар болған жағдайда бекітілген аумақтың шекарасы пайдаланылатын аумақ шекарасы бойынша үйлесімді түрде немесе тараптардың келісімімен анықталады) жерлер;

сақтау, жинақтау үшін және басқа да мақсаттарға уақытша пайдаланылатын аумақ;

іргелес жатқан аумақ;

жер үсті жылу желілерінің қорғалатын аумақтары болып табылады.

5) Бекітілген аумақтың субъектілері болып жеке тұлғамен қатар заңды

тұлға да бола алады:

пәтер иелері кооперативтері (одан әрі - ПИК), кондоминиум басшылары;

ғимараттар мен имараттар иелері;

жер уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген тұлғалар.

6) Ғимарат - көтергіш және қоршау құрылғыларынан тұратын, міндетті түрде жер үсті тұйық көлемін құрайтын, функционалдық қызметіне қарай, адамдардың тұруы немесе болуына, өндірістік істерді орындау үшін, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.

7) Жерді пайдаланушы - меншік нысанына қарамастан, (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлер, жеке меншік секторындағы үй иелері, ПИК-тер және басқалар) қалалар мен елді мекендер аумағында жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.

8) Жалпы пайдалану жерлері - жеке меншікке берілмейтін жерлер (скверлер, саябақтар, жолдар, жүргінші жолдары және тағы басқа).

9) Көшелердің санаттары - жолдардың, көшелердің және кіру жолдарының көлік қозғалысының үдемелілігі мен олардың пайдаланылуы мен күтіп ұсталуына қойылатын ерекшеліктеріне байланысты жіктелуі.

10) Қоқыс жәшігі - қатты тұрмыстық қалдық жинауға арналған арнайы ыдыс.

11) Ірі көлемді қалдық - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, тұтыну және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жићаз және т.б.).

12) Шағын сәулеттік нысандар - көлемі жағынан шағын, әсемдік әрі іске жарамды сипаттағы нысандар:

сәндік құрылғылар - мүсіндер, су бұрқақтар мен әсемдік су тоғандары, стелалар, оймабедерлер, гүл құмыралары, ту салғыштар және басқалар;

іске жарамды құрылғылар - орындықтар, павильондар, дүңгіршіктер, сауда арбалары, аттракциондар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көше атаулары, үй номерлері жазылған тақтайшалар, бағаналар, көше шамдары және басқалар.

13) Жалпы пайдалану орындары - демалыс аймақтары (саябақтар, жағажайлар, скверлер), алаңдар, көлік аялдамалары және т.б.

14) Жөн-жосықсыз төгілген қоқыс үйінділері - заңды және жеке тұлғалардың қызметі барысында пайда болған қатты тұрмыстық қалдықты, ірі көлемді қалдықты, өндіріс және құрылыс қалдықтарын, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен (жөн-жосықсыз) шығару (орналастыру) немесе жинау.

15) Бөлінген аумақ - жерді пайдаланушының (кәсіпорынның, мекеменің, жеке тұлғаның және т.б.) иелігіне берілген немесе Қазақстан Республикасының заңнамалармен қарастырылған, уәкілетті органдардың құқықтық шешімдеріне сәйкес өзіне жататын нысандарды орналастыру үшін пайдалануға берілген жер учаскесі.

16) Өндірістік және тұтыну қалдықтары (бұдан әрі - қалдықтар) - өндіру немесе тұтыну кезінде пайда болған шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнімдердің, басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары, сондай-ақ өздерінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер).

17) Аумақты тазарту - елді мекендердегі халықтың өмір сүру барысында пайда болған қалдықтарды (қоқыстарды) жинау, жою және залалсыздандыру болып табылатын мақсаттағы шаралар жиынтығы.

18) Іргелес жатқан аумақ - жеке меншіктегі, иеліктегі, жалға алып пайдаланудағы ғимараттар, имараттар, қоршаулар, құрылыс алаңдары, сауда, жарнама және пайдалануындағы басқа да нысандар шекараларына жанасып жатқан, санитарлық нормалармен анықталған аумақ.

19) Жүру бөлігі, өтетін жер - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және мөлтек аудандар мен орамдар ішіндегі басқа да құрылыс нысандарына көлік құралдарының кіруін қамтамасыз етуші жол бөлігі.

20) Қатты тұрмыстық қалдықты, ірі көлемді қалдықты жинау және шығару - қатты тұрмыстық қалдық жәшіктерін арнайы автокөліктерге тиеу, қоқыс жәшіктерін, алаңдарын және оларға баратын жолдарды шашылған қоқыстан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан жою орнына тасымалдау.

21) Жолдарды күтіп ұстау - көлік жолдарын пайдалану тәртібіне сай жолдар мен жол құрылғыларының көліктік-пайдалану жағдайы сақталатын жұмыстар жиынтығы. 

22) Имарат - өндірістік үрдістерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға немесе адамдар мен жүктердің уақытша тұруына (орын алмастыруына), сондай-ақ құрылғыларды (құбырлар, сымдар) немесе коммуникацияларды орналастыруға арналған, табиғи немесе жасанды шектелу аумағы бар көлемді, жазықты немесе тізбекті салынған (жер үсті, су үсті немесе жер асты, су асты) жасанды құрылыс. Имарат сондай-ақ көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы немесе мемориалдық болуы мүмкін.

23) Жүргінші жолдары - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға іргелес жатқан немесе одан көгалмен бөлініп жатқан жолдың бөлігі.




  1. Қалалар мен елді мекендер аумағын тазарту тәртібі

3. Жер учаскелерін пайдаланушылар арасындағы аумақтарды тазарту жұмыстарының шекарасын анықтау, заңды және жеке тұлғаларға бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес, осы Қағида негізінде орындалады.

Көше-жол желілері, алаңдарға, қоғамдық орындар (жалпы пайдаланылатын демалыс аймақтары, саябақтар, скверлер, жағажайлар) бойынша - мемлекеттік тапсырыс көлемінде уәкілетті органмен жүргізіледі.

4. Тазарту жұмыстары осы Қағиданың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

5. Жалпы пайдаланылатын орындарды тазарту мен күтіп ұстау жұмыстарына келесі жұмыс түрлері жатады:

1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;

2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

3) сыпыру;

4) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау;
2.1. Көшенің жүру бөлігін тазарту
6. Көшенің жүру бөлігін, оның барлық ені бойынша, алаңдарды, көшелерді және елді мекендер көше желілерін, көлік қою қалталарын, автобустар мен троллейбустардың соңғы аялдамаларындағы бұрылу алаңдарын, сондай-ақ жағалаулар, көпірлер, жол желілерін тазарту және күтіп ұстау жұмыстарын осы жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік тапсырыс келісім шарты негізінде мердігер-кәсіпорындар жүргізеді.

7. Жолдың жүру бөлігі қандай да болмасын ластанудан, ал жол жиектері ірі көлемді қалдықтан мен басқа да қалдықтардан толығымен тазартылады.


2.2. Жүргінші жолдарын тазарту
8. Көше мен жүру бөлігіне іргелес жатқан немесе жол жағынан көгалмен бөлінген және тұрғын үй ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету нысандарынан, сондай-ақ жағалаудағы қоршаулардан шығатын жол жоқ жүргінші жолдарын тазалауды жүру бөлігін тазартатын кәсіпорындар жүргізеді. 

9. Көпірлерде, жол желілерінде орналасқан жүргінші жолдарын, сондай-ақ инженерлік имараттар мен баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық жүргінші жолдарды тазарту аталмыш инженерлік имараттардың иелері болып табылатын кәсіпорындармен жүргізіледі.

10. Көшелер мен жүру бөлігі бойына орналасқан басқа жүргінші жолдары бойынша тазарту жұмыстары жүру бөлігін күтіп ұстауға жауапты кәсіпорындармен жүргізіледі.

11. Жүргінші жолдары толығымен топырақ-құм шайындыларынан, әртүрлі қоқыстан тазартылады.


2.3. Аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту
12. Жолаушылар көлігінің аялдама және отырғызу алаңдарын тазалау жұмыстарын жолдарға тазарту жұмыстарын жүргізуші ұйымдар атқарады. Отырғызу алаңдары топырақ-құм шайындыларынан, әртүрлі қоқыстан тазартылады.

13. Жолаушылар павильондары мен оларға іргелес жатқан қоғамдық жолаушылар тасымалдау көлігі аялдамаларын тазарту және жуу жұмыстары олардың иелерімен жүргізіледі.


2.4. Елді мекендердің басқа аумақтарын тазарту
14. Көшелерге іргелес жатқан және бөлініп берілген аумақтарды, оларға кіретін жолдарды тазалау және күтіп ұстауды бөлінген аумақта меншігінде ғимараттары бар заңды және жеке тұлғалар өз күштерімен немесе шарт бойынша арнайы кәсіпорындар көмегімен жүргізеді.

15. Жүргінші жолдарында орналасқан сыртқы жарықтандыру және байланыс желісі бағаналары мен діңгектері аумағын тазарту жұмыстарын жүргінші жолдарын тазалауға жауапты кәсіпорын жүргізеді. 

16. Трансформаторларға немесе тоқ бөлгіш шағын станцияларға, автоматты түрде жұмыс істейтін басқа инженерлік имараттарға (қызмет көрсетушілері жоқ), сондай-ақ тоқ беру желілерінің бағаналарына іргелес жатқан аумақты тазарту жұмыстарын осы нысандардың иелері жүргізеді. Жер үсті құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күтіп ұстау жұмыстары осы желілердің иелерімен жүргізіледі.

17. Сауда нысандарына (базарлар, сауда павильондары, тез құрылатын сауда кешендері, шатырлар, дүңгіршіктер және т.б.) іргелес жатқан аумақтағы уақытша көше саудасы орындарын көшенің жүру бөлігіне дейін тазалауды сауда нысанының иелері жүргізеді. Іргелес жатқан көгалдарда, сауда шатырларының, дүңгіршектердің, басқа да сауда нысандарының үстінде жәшіктерді, ыдыстарды жинауға жол берілмейді.

18. Ақылы автотұрақтардың, гараждардың аумақтарын тазарту мен тазалығын сақтау жұмыстарын нысан иелері мен осы нысандарды пайдаланушы ұйымдар жүргізеді.

19. Ғимараттарды бұзғаннан кейінгі аумақты тазарту мен күтіп ұстау жұмыстарын, осы аумақ бөлініп берілген жер пайдаланушылар немесе тапсырыс беруші, немесе шарт бойынша ғимараттарды бұзу жұмысымен айналысқан мердігер-кәсіпорындар жүргізеді. 

20. Көп уақыт бойы пайдаланылмаған және игерілмеген аумақтарды, сондай-ақ ғимараттарға, имараттарға және басқа да нысандарға іргелес жатқан, бірақ заңды және жеке тұлғаларға бекітілмеген аумақтарды тазалау және күтіп ұстау бөлінген қаржы шегінде жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.

21. Тастанды сулар (шұңқырлардан су сору, инженерлік желілердегі апат жағдайлары және т.б.) салдарынан пайда болған су басу жағдайлары болғанда, оларды жоюға жауапкершілік бұзылуға жол берген ұйымдарға жүктеледі.

22. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі төсеніштің сынықтары, осы жұмыстарды жүргізуші ұйымдармен: елді мекеннің басты көшелерінен - тез арада, басқа көшелер мен аулалардан - бір тәулік мерзімде шығарылады.

23. Суаққы желісінің бітелуін болдырмау үшін суаққы коллекторларына сыпырынды мен тұрмыстық қоқыстарды тастауға тыйым салынады.


2.5. Күзгі-қысқы мезгілдегі елді мекендер аумағын тазартудың ерекшеліктері
24. Күзгі-қысқы мезгілдегі тазалық мерзімі 15 қазан мен 15 сәуір аралығында белгіленеді.

25. Саябақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезінде, жасыл желектердің сақталуы мен еріген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңдарда үюге рұқсат етіледі.

26. Қысқы мезгілде жолдар, саябақ орындықтары, қоқыс қораптары және басқа да элементтер мен шағын сәулет формалары, сондай-ақ олардың араларындағы және жанындағы жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.

27. Жолдың жүргінші жолдары мен жүру бөлігінде көшелердегі инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұздақтар осы желілердің иелері болып табылатын кәсіпорындармен бөлшектенеді және тазартылады. Бөлшектенген мұздақтар белгіленген орындарға шығарылады.

28. Көшелер мен жолдардағы қарды шығару жұмыстары арнайы дайындалған және бекітілген жерлерге жүргізіледі. Қар ерігеннен кейін бұл аумақтағы қоқыс қар тазалауға жауапты кәсіпорындармен тазартылады. 

29. Жүргінші жолдар мен көпірге шығатын жерлер жаңа түске қардың бетінен бастап қатты қарға дейін барлық ені бойынша тазартылады, үздіксіз қар жауу кезінде тайғанаққа қарсы материалдармен себіледі. 

30. Аула аумақтары мен кіру жолдары қар мен мұздақтан мүмкіндігінше асфальтты төсенішке дейін тазартылуы тиіс. Мұздақ (тайғақ) пайда болған жағдайда ұсақ құм себу жүргізіледі.

31. Аула аумақтары мен ішкіорамдардан тазартылған қарды автокөліктің қозғалысына және жаяулардың жүруіне кедергі келтірмейтін орындарға жинауға рұқсат беріледі.

32. Аула ішінде қарды жинаған кезде, судың жылғалармен ағып кетуі алдын-ала қарастырылуы керек.

33. Қысқы мезгілде ғимарат иелері және жалға алушылар шатырларын қар мен мұзшықтан, сүңгілерден уақытында тазарту жұмыстарын ұйымдастыруы қажет. Бұл жұмыстар кезінде жүргіншілер жолдары аймағы қоршауға алынады. Көше жаққа бағытталған шатырлардан қар мен мұздақтарды жүргінші жолдарына лақтыру тек күндізгі уақытта жүргізілуі қажет. Шатырдың басқа бағыттарынан қар түсіру аулаішілік аумақта жүргізіледі. Қарды түсіру алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жасалады. Шатырлардан түскен қарлар, мұзшықтар мен сүңгілер жедел түрде жол жиегіне қарай жиналады және одан әрі көшені тазартушы кәсіпорынның алып кетуі үшін дайындалады.

34. Суаққы құбырларының аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға тыйым салынады.
2.6. Көктемгі-жазғы мезгілде елді мекендер аумағын тазартудың ерекшеліктері
35. Көктемгі-жазғы мезгілдегі тазалық мерзімі 15 сәуір мен 15 қазан аралығында белгіленеді.

Көктемгі-жазғы тазарту алаңдарды, жүргінші жолдарын, жүру бөлігін жуу, су шашу және сыпыруды қарастырады.

36. Жол жамылғыларын, осьтік және қосалқы жолақтарды, көшелер мен өткелдерді сыпыру көліктің интенсивті қозғалысы бар магистралдар мен көшелерде түнгі мезгілде, қалған көшелерде күндізгі мезгілде жол жабындысын алдын-ала сулау арқылы жүргізіледі.

37. Тазарту кезінде жолдың жүру бөлігі, жүргінші жолдары, жол жиектері қандай да болмасын ластан, ұсақ қоқыстан, топырақтан және ірі қоқыстан толығымен тазартылуы тиіс.

38. Аула аумағын, аулаішілік өту жолдарын мен жүргінші жолдарын ұсақ тұрмыстық қалдықтардан тазарту, шаңнан сыпыру және жуу ПИК-тер және үй комитеттері тарапынан жүргізіледі.


  1. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

39. Заңды және жеке тұлғалар жақын жатқан аумақты, жүргінші жолын, көгалдарды, жолжиектерді санитарлық нормаларға сәйкес тазалайды, тазалық және тәртіпті үнемі қамтамасыз етеді. Тазарту жұмыстарының жүргізілуіне орай жиналған қоқысты арнайы кәсіпорынның көмегімен шығарады.

40. Аумақтық комитеттер, ПИК төрағалары, кондоминиум басшылары, ғимараттар мен имараттар иелері орамішілік және аула аумақтарын, көшенің жүру бөлігін, жүргінші жолдарын, балалар алаңдарын және шағын сәулет нысандарын тазалуды ұйымдастырады.

41. Жеке меншік тұрғын үй секторларында тұратын азаматтар өз беттерінше жақын жатқан аумақты тазалауды ұйымдастырады.

Меншік аумағы шегінде тұрмыстық қалдықтарды (қоқысты, күлді, тезекті) жинақтауға, сонымен қатар жалпы пайдаланудағы жерлерде қоқысты және қалдықтарды жағуға жол берілмейді.

42. Күрделі және уақытша нысандардың иелері өздеріне бөлініп берілген аумақтарды өз беттерінше тазалайды немесе санитарлық тазарту және жинау жұмыстарын жүргізетін арнайы кәсіпорынмен шартқа отырады. 

43. Санитарлық нормаларға сәйкес елді мекендер аумағында тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, жәшіктер мен ыдыстарды, ағаш үгінділерін, жапырақтарды, қарды лақтыруға, сондай-ақ кәсіпорындардың және жеке меншік үй иелерінің ішкі аумақтарын қоса алғанда, қоқыстарды, жапырақтарды, жәшіктерді, өндірістік қалдықтарды жағуға, от жағуға тыйым салынады.

44. Жер үсті суларын инженерлік жүйелерге ағызуға кәріздік инженерлік жүйелерді пайдаланушы кәсіпорынмен шарт болған жағдайда рұқсат беріледі.

45. Көлік құралдарын тұрғын-жай орамдар ішінде және жалпы пайдаланылатын жерлерде, су айдайтын ұңғылар, адамдардың демалу орындарында, жер үсті су тоғандарының жағасында, сонымен қатар тұрғын үйлердің шығу есіктерінің алдында жууға, тазартуға және жөндеуге жол берілмейді.

46. Топырақ, төгілмелі құрылыс материалдары және қоқысты тасымалдау кезінде жолдардың бүлінуіне жол бермейтін шаралар жүргізілуі қажет. Төгілмелі материалдарды және қоқысты бұл мақсатқа арналмаған көлікпен тасымалдауға тыйым салынады.

47. Жолдың жүру бөлігіне қоқыс және қозғалысқа кедергі келтіретін заттар тастауға жол берілмейді.

48. Автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде аккумулятор батареяларын және мал терілерін қабылдайтын орындарды орналастыруға жол берілмейді.

49. Аккумулятор батареяларын және мал терілерін қабылдайтын орындар экологиялық және ветеринариялық қадағау талаптарын ескере отырып, арнайы бөлмемен жабдықталуы тиіс.

50. Ортақ пайдалану орындарында, үйдің баспалдақты шығуы мен лифтіні қоса алғанда үй жануарларын серуендету кезінде пайда болған қоқыс жануар иелерімен тез арада тазартылады.




  1. Елді мекендер аумақтарындағы қалдықтарды жинау,
    уақытша сақтау, шығару және жою

51. Қатты тұрмыстық қалдықтарды және ірі көлемді қалдықтарды (құрылыс материалдары, қалдықтар) арнайы бекітілген жерге шығаруды өз бетінше келісімшарт негізінде қоқыс жинау кәсіпорынының көмегімен жүргізеді. Тұрғын үйлер қорының атынан қатты тұрмыстық қалдықтарды және ірі көлемді қалдықтарды шығаруға арналған келісім шартты заңды тұлғалар, ПИК-тер, кондоминиум басшылары, жеке тұрғын үй иелері жасайды.

52. Тұрғын үйлердің аумағында санитарлық нормаларға сәйкес қоқыс жәшіктерін орнату үшін, көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар арнайы алаңдар бөлінуі қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін металдан жасалған қоқыс жәшіктері қолданылады.

53. Сауда ұйымдары ыдыстарды уақытша жинауды арнайы бөлмеде ғана жүзеге асыру.

54. Заңды және жеке тұлғаларға көшелер мен алаңдарда, саябақтар мен скверлерде, басқа да қоғамдық орындарда қоқыс тастауға, қоқыс және тұрмыстық қалдықтар салынған ыдыстарды көшелерге шығаруға, елді-мекендерде, сондай-ақ қоқыс жәшіктерінде қалдықтарды жағуға, жерге көмуге, бей-берекет қоқыс үйінділерін жасауға, қоқыс жәшіктері алаңдарын ластауға, қоқыс жәшіктері мен оған жақын аумаққа қатты тұрмыстық қалдыққа жатпайтын қоқыстарды жинауға тыйым салынады.

55. Кәсіпорындарға, ұйымдарға, жеке кәсіпкерлерге тұрғын үйлер тұрғындарына арналған қоқыс жәшіктерін қоқыс шығаратын кәсіпорынның келісімшартынсыз пайдалануға тыйым салынады.

56. Қатты тұрмыстық қалдықты шығару қоқыс шығарушы көліктермен жүргізіледі, сұйық қалдықтар кәрізсіз тұрғын үйлерден бөшкелері бар сорғы көліктермен шығарылады.

57. Кәрiз жүйесi жоқ үй иелiктерiнде сұйық қалдықтарды жинау үшiн су өтпейтiн, қатты фракцияларды бөлу үшiн торы және қақпағы бар жер бетiндегi бөлiгiмен шұңқырлар жабдықталуы қажет.

58. Аумағында (бөлініп берілген, бекітілген, аулаішілік) қоқыс жәшіктері орналасқан алаңдар бар заңды тұлғалар мына талаптарды:

1) қоқыс жәшіктері орналасқан алаңдар, оларға баратын жолдарды қатты жамылғылармен төсеуі;

2) қоқыс жәшіктері орналасқан алаңдар іргелес жатқан аумақтарға қоқыстар шашылмау үшін бүтін қоршаумен қоршауы;

3) қоқыс жәшіктері орналасқан алаңдар мен оған іргелес жатқан аумақтың тиісті санитарлық тазалығын қамтамасыз етуі;

4) қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды шығаруға, сыпыруға уақытында шарт жасасуы;

5) жылдың қысқы мерзімінде қоқыс жәшіктері орналасқан алаңдарды арнайы автокөліктің жұмысына және халықтың пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында қар мен мұздан тазартылуын қамтамасыз етуі;

6) қоқыс жәшіктерін уақытында жөндеуі және одан әрі пайдалануға келмейтіндерін ауыстыруы;

7) қоқыс қабылдағыш камераларды, алаңдарды және қоқыс жәшіктерінің астауын, сондай-ақ қалдық салғыштардың тұрақты жуылуын залалсыздандырылуын және шыбын-шіркейге қарсы шаралардың қолданылуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы тиіс.

59. Қоқыс пен қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыру бойынша алаңдар мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау органымен, пәтер иелері кооперативтерімен, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, селолық округ әкімдерімен, сонымен қатар қалдықтарды шығар жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындармен келісілуі қажет.

60. Қоқыс жәшіктерінен қоқысты көлікке тиеу кезінде шашылып қалған қоқыстарды жинау жұмыстарын қатты тұрмыстық қалдықтар, ірі көлемді қалдықтар шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлері жүргізеді.

61. Қоқыстарды жою елді мекеннің қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонында жүргізіледі.

62. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын орналастыру және күтіп ұстау жұмыстары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

63. Пайдаланудан шыққан құрамында сынап бар газ санатындағы шамдар, сонымен қатар аккумулятор батареяларын сақтайтын арнайы орындарда сақталып, одан әрі қайта өңделуі үшін арнайы кәсіпорындарға жеткізілуі қажет. құрамында сынап бар газ санатындағы шамдар, сонымен қатар аккумулятор батареяларын қатты тұрмыстық қалдық полигонына шығаруға жол берілмейді.

64. Жөн-жосықсыз үйінділердің жиналуына, қалдықтардың жағылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жөн-жосықсыз үйінділерге жауапты тұлғаларды анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, қалдықтарды шығару және жөн-жосықсыз үйінділер орнын қалпына келтіру жұмыстары уәкілетті органдармен бекітілген мерзімде аумақ иесінің қаражаты есебінен жүргізіледі.

65. Вокзалдарда, базарларда, әуежайда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және көпшілік баратын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларында, сауда және басқа нысандарға кіре берістерде қоқыс қораптары орнатылуы керек. Сауда нысандарына кіре берістерде екі қораптан орнатылады.

66. Қоқыс қораптарын орнату мен тазалау жұмыстары мемлекеттік тапсырыс шартына сәйкес аумаққа қызмет көрсетуші мердігер кәсіпорынмен және иелігінде немесе қолданылуында аумақтары бар шаруашылық жүргізу субъектілерімен жүргізіледі. Қораптарды тазарту жұмыстары олардың толуына қарай орындалады. Күніне бір рет жуылады. Жылына екі рет залалсыздандырылып, екі реттен кем емес сырланады.

67. Жолаушылар көліктері аялдамасында орналасқан қораптарды аялдамаларды жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындар, ал сауда нысандарында орнатылған қораптарды сауда ұйымдары тазартып, залалсыздандырады. 


  1. Шағын сәулет нысандарын күтіп ұстау

68. Тұрғын үй құрылысы аумақтары, қоғамдық аумақтар, скверлер, көшелер, саябақтар, демалыс алаңдары шағын сәулеттік нысандармен - демалу орындықтарымен, көлеңкелейтін қалқалармен, гүлзарлармен, қоқыс қораптарымен, су бұрқақтарымен, балалар ойнайтын, ересек адамдар демалатын құрылғылармен, қабырға газеттерімен, қоршаулармен, телефон қорапшаларымен, автокөлік күтуге арналған павильондармен жабдықталады.

69. Шағын сәулет нысандары жылжымалы және тез жиналмалы болуы мүмкін, олардың саны мен орналасуы аумақтарды абаттандыру жобаларымен анықталады.

70. Қоғамдық құрылыс аумағында, алаңдарға, көшелерге, скверлер мен саябақтарға, жағалауларға арналған шағын сәулет нысандары жеке жобалар бойынша дайындалады.

71. Жаңа құрылыс салу кезінде құрылыс жүргізіліп жатқан учаске шегінде шағын сәулет нысандарын жобалау, дайындау және орнату жұмыстары тапсырыс берушімен бекітілген жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

72. Шағын сәулет нысандарының сындарлы шешімдері олардың орнықтылығын, қолдану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.

73. Шағын сәулет нысандарының иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар өз есебінен оларды ауыстыру, жөндеу және бояу жұмыстарын жүргізуге міндетті. Шағын сәулет нысандарын ауыстыру, жөндеу және бояу жұмыстары көктемгі-жазғы мезгілдерде жүргізіледі.

74. Жол полициясы басқармасында жол-көлік оқиғасы нәтижесінде сыртқы абаттандыру элементтерінің (қоршау, электр бағаналары, жиектастар және тағы басқа) бұзылуы туралы ақпарат болған жағдайда, осы ақпарат жол-көлік оқиғасы болған кезден бастап бір апта мерзімде жол-көлік оқиғасына кінәлі есебінен мүлікті қалпына келтіруге тиісті шаралар қабылдау үшін тиісті жергілікті атқарушы органға жолданады.




  1. Құрылыс алаңдары мен учаскелерді күтіп ұстау

75. Құрылыс алаңы барлық аумағы бойынша бөтен тұлғалардың кіруіне жол бермеу және іргелес жатқан аумақтарға қоқыстың шығуын болдырмау мақсатында қоршаумен қоршалады:

1) адамдардың көптеп өтетін жерлерінде қоршауға жаппай қорғау қалқанын орнатылуы тиіс;

2) қоршау металдан жасалған материалдардан немесе қоршауға арналған темірбетон қабырғаларынан дайындалуы тиіс;

3) құрылыс алаңынан екінші дәрежелі көшелерге шығуға арналған аз мөлшерлі қақпа немесе шлагбаум орнатылған шығу жолдары қарастырылуы тиіс;

4) шығу жолдарында ақпараттық қалқандар орнатылады;

76. Құрылыс алаңы аумағын тазалықта және тәртіпте ұстау қажет. Құрылыс және тұрмыстық қоқыстарды жинау үшін қоқыс жәшіктері орнатылып, уақытылы шығарылуы ұйымдастырылады:

1) құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақ та ұқыпты түрде күтіліп, мезгіл сайын жинастырылуы тиіс;

2) құрылыс алаңының сыртына құрылыс материалдарының, қоқыстың (синтетикалық қабыршықтар, үгінділер, жаңқалар, орауға арналған материалдар және тағы да басқалары) шығуына жол бермейтін (желмен) шаралар көзделуі тиіс;

3) жабық лотоктар мен жинаушы-бункерлерді қолданусыз нысандардың жоғарғы қабаттарынан қоқыстар мен қалдықтарды тастауға тиым салынады;

4) қажеттілік туындаған кезде жүргінші жолдарын, төсеніштер, таяныштар, айналма және уақытша жолдар жабдықтау және олардың ұқыпты түрде ұстау қамтамасыз етіледі;

77. Барлық материалдар мен топырақ тек қоршалған аумақ шеңберінде ғана орналастырылады, қазып алынған топырақ (аумақты абаттандыру мен көгалдандыруға қажетті құнарлы топырақты есептемегенде), қирандылар қалдығы, қоқыс қатты тұрмыстық қалдық полигонына және коммуналдық шаруашылықтың уәкілетті органының келісімімен басқа учаскелерге тез арада шығарылады.

78. Тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын, қар мен мұзды уақытында шығаруды ұйымдастыру үшін құрылыс жүргізуші арнайы кәсіпорындармен келісім шартқа отырады.

79. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін құрылыс жүргізуші құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақтың бұзылған бөліктерін, сондай-ақ жүруге, жүргіншілердің өтуіне пайдаланылған аумақты, құрылыс материалдарын уақытша сақтауға арналған ғимараттарды, инженерлік желілер жүргізілген учаскелерді қалпына келтіруі   тиіс.

80. Құрылыс жұмыстары кезінде жұлынған, кесілген жасыл желектер құрылыс жүргізушінің есебінен қалпына келтіріледі.
      Бекітілген жобалық құжаттамаға сәйкес жасыл желектер отырғызу келтірілген шығынды қалпына келтіру болып саналмайды.
7 . Елді мекен аумағындағы жол төсеніштерінің, жүргінші жолдарының, гүлзарлардың және басқа да нысандардың, елді мекен шаруашылық элементтерінің бұзылуына әкеліп соғатын жер жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізу, инженерлік желілерді,   имараттарды және коммуникацияны күтіп ұстау тәртібі
81. Жол төсеніштерінің, жүргінші жолдарының, көгалдардың және басқа нысандар, елді мекендердің шаруашылық жүргізу элементтерінің бұзылуына әкеліп соғатын жер жұмыстары мен басқа да жұмыстарды жүргізетін барлық заңды және жеке тұлғалар тиісті әкімдіктің қаулысымен анықталған, тиісті қызметтен жұмыстарды жүргізуге рұқсат алады. Жер жұмыстары және басқа да жұмыстар жүргізу тәртібі талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.

Тоқтап тұрған құрылыс нысанын (ұзақ салынып жатқан) күтіп ұстау жауапкершілігі баланс ұстаушыға (тапсырыс берушіге - құрылыс жүргізушіге) жүктеледі.

82. Жерді қазу жұмыстары басталғанға дейін келісілген сызбаға сәйкес жол белгілерін орнатылады, жұмыс жүргізілетін жер қоршалады, қоршауға жұмыс жүргізетін ұйымның атауы мен телефондары жазылған қалқан ілінеді. Қоршау жұмыс жүргізу кезінде жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге бөгет болмауы, түнгі уақытта қызыл белгі беру шамдарымен белгіленуі қажет. Қоршау үздіксіз болуы және бөгде адамдардың құрылыс алаңына кіруінен сақтауы тиіс. Қазылған жерлермен жаяу жүргіншілердің жаппай өтетін жерлерінде өткелдер салынуы тиіс.

83. Қазу жұмыстарын жүргізген ұйым жол бөлігінің барлық ені немесе жүргінші жолының қазылған жерлерінде бұзылған екпе шөптер, жасыл желектер, асфальт жамылғысын қалпына келтіруі қажет.

84. Асфальтты-бетонды жамылғы жұмыстардың аяқталып, қазылған орлардың толық көмілгенінен кейін дереу қалпына қалпына келтіріледі.

85. Құрылыс, жөндеу, коммуникацияны қайта қалпына келтіру кезінде мерзімі өтіп кеткен рұқсат қағазбен жұмыс істеу жер қазу жұмыстарын рұқсатсыз жүргізу болып есептеледі.

86. Көшенің жүру бөлігі мен жүргінші жолдарында орналасқан құдықтардың қақпақтары бүлінген немесе жойылған жағдайда бір күн ішінде дереу қоршалады және жерасты коммуникациялар желісіне жауапты кәсіпорын тарапынан қалпына келтіріледі. 
8. Тұрғын жай орамдары мен мөлтек аудандарды, жеке үй құрылысы аудандарын абаттандыру
87. Санитарлық және архитектуралық нормаларға сәйкес мөлтек аудандар мен орамдардың тұрғын жай аймақтары қоқыс жәшіктері алаңдарымен, кір жаятын, дем алатын, балалардың ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын серуендететін, автотұрақ, көлік қою алаңдарымен, жасыл желек аймағымен жабдықталуы тиіс.

88. Тұрғын жай орамдары, мөлтек аудандар аумақтарында, сондай-ақ аула маңы аумақтарында мына тәртіптерді сақтауға:

1) көтермелердің, жүргіншілер жолдарының, орамішілік кіру-шығу жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайда ұстауға;

2) аулаішілік аумақты құрылыс материалдарымен жабуға жол бермеуге;

3) шағын сәулет нысандарын, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңдарының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтауға міндетті.

89. Тұрғын үй, әкімшілік, өндірістік және қоғамдық ғимараттар түнгі уақытта жарықтандыратын үй белгілерімен, ал тұрғын үйлер подъездтер мен пәтерлер номерлері көрсеткіштермен жабдықталуы тиіс. Үй белгілері таза және дұрыс жағдайда болуы керек. 

90. Меншік иелері, жеке құрылыс учаске иелері аумақты абаттандыру жобасы мен бас жоспарға сәйкес абаттандыруды қасбет (көше жағы) қоршауларын күтіп ұстады, көгалдандыруды, қоқыс жиналуына, құрылыс және басқа материалдардың ұзақ уақыт жиналып тұруына жол бермеуді, үй (учаске) номері көрсеткішін, сондай-ақ ақпарат (аншлаг) белгілерін таза ұстауды жүзеге асырады.

91. Жасыл желектерді суару таңғы мезгілде сағат 8-9-ден кешіктірілмей және кешкі мезгілде 18-19-ден кейін жүргізіледі.

92. Кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы, сондай-ақ оларға бекітілген учаскелердегі жасыл желектерді қорғау және күтіп ұстауды сол кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың өздері жүргізеді.

93. Орамішілік жасыл желектерді қорғау және күтіп ұстау жерді пайдалану аумағындағы тұрғын үй қорының иелеріне жүктеледі.

94. Заңды және жеке тұлғалар бекітілген аумақтарда ағаштарды, бұтақтарды суару жұмыстарын қамтитын агротехникалық шаралар жүргізу тиіс.

95. Заңды және жеке тұлғалар жасыл желектер отырғызылған аумақтардың тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен, ағынды сулармен ластануына, көгалдар мен жасыл желектер түптерінде балшықтың, қардың, мұздақтың жиналуына жол бермеуі, сынған ағаштар мен бұтақтарды алып тастаулары тиіс.

96. Жасыл желектер алаңдарында:

1) көгалдарда жүруге және жатуға;

2) ағаштарды, бұтақтарды, сындыруға, жапырақтар мен гүлдерді жұлуға;

3) шатырлар тігуге және от жағуға;

4) көгалдарды, гүлзарларды, жолдар мен су тоғандарын ластауға;

5) ескерткіштерді, орындықтарды, қоршауларды қиратуға;

6) жазулар жазуға, ағаштарға хабарландырулар, номерлік белгілер, кез-келген көрсеткіштер, әткеншектер, жіптер ілуге, бұтақтарда жуылған киімдерді кептіруге;

7) көгалдар мен басқа да жасыл желектер орналасқан учаскелерде велосипедпен, мотоциклмен және автомашинамен жүруге, көлік құралдарының аялдамасын жасауға;

8) көлік құралдарын тазалауға, кір жууға, сонымен қатар жасыл желектер аумағындағы су тоғандарында малды шомылдыруға;

9) көгалдарда көлік құралдарымен тұруға;

10) мал бағуға;

11) арнайы бөлінген жерлерден басқа жерлерде мұз айдындары мен қардан жасалған сырғанақтар жасауға;

12) жасыл желектердің зақымдануын қамтамсыз ететін қоршаусыз құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

13) жасыл желек аумағында құрылыс материалдарын жинап қоюға, сонымен қатар жасыл желектерге зиян келтіретін зиянкестердің тарауына жол беретін материалдар қоймасын орналастыруға;

14) қоқыс, қар және мұз үйінділерін жасауға;

15) ағаштар мен бұталардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпей ғимараттардың шатырынан қар лақтыруға;

16) ортақ пайдалану аумағында жапырақтар мен қоқыс жағуға тыйым салынады.

97. Жеке үй құрылысы аймағында ағаштарды және бұталарды кезу жер учаскелерінің иелерінің өз есебінен жүргізіледі.

 

9. Апатты жұмыстарды жүргізу
98. Пайдалану кезінде немесе жерасты және жерүсті коммуникацияларында құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде пайда болатын апаттар, олардың дұрыс жұмыс жасауына немесе азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп тудыруға әкеліп соғуы төтенше жағдай болып табылады және олардың қалыпты жұмысын қысқа мерзімде орындау шараларын талап етеді.

99. Апат туындаған жағдайда инженерлік коммуникациялар мен құрылғылардың иесі, пайдаланушы ұйым апатты және оның салдарын жоюдың жедел шараларын жасауға міндетті. Бұл жағдайда мыналар: адамдар мен көлік қозғалысының қауіпсіздігі, сондай-ақ қатар орналасқан жерасты және жерүсті ғимараттардың, инфрақұрылым нысандарының, жасыл желектердің сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс.

100. Апаттық бригаданы апат орнына жіберумен қатар пайдаланушы ұйым телефонограмма арқылы апаттың сипаты мен орны жайында, осы апат ауданында жерасты және жерүсті құрылғылары бар ұйымдарға, қоғамдық жолаушылар көлігі қызметіне, Жол полициясы органына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне және басқа да мүдделі қызметтерге (келісім бойынша) хабарлайды. 

101. Апат аймағында жерасты немесе жерүсті коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар апат болғандығы туралы ақпаратты алғаннан кейін апат орнына осы жерде орналасқан мекемеге қарасты құрылғылар мен коммуникацияларды көрсетуі үшін өздерінің сызбаларымен бірге өкілдерін жіберулері қажет.

102. Апат маңайында материалдарын немесе басқа бағалы заттарын сақтаушылар, апат жұмыстары басшысының бірінші талабы бойынша учаскені босатуға міндетті.

103. Егер де апатты жою жұмыстары жолдың толық және жартылай жабылуын қажет еткен жағдайда, Жол полициясы органы жолдың уақытша жабылуы туралы, көліктің айналып жүру бағыты және зақымдалған желілердің иелерімен бірге апатты жою мерзімін бекіту жөнінде жедел шешім қабылдайды.

104. Апат жұмыстары жүргізілетін орын қалқандармен немесе белгіленген үлгідегі апаттық жарық құрылғысы және үлкен қызыл түсті шамдары бар қорғандармен қоршалады. 

105. Бұзылған жол төсеніштері мен басқа да абаттандыру элементтерін қалпына келтіру жұмыстары инженерлік желілер иесі болып табылатын кәсіпорынмен апатты жұмыстар аяқталғаннан кейін тез арада жасалады.


10. Ғимараттар мен имараттардың қасбеттерін күтіп ұстау
106. Балансында ғимараттары мен имараттар бар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен имараттардың иелері аталған нысандардың және олардың жекелеген элементтеріне (балкон, лоджий, сарқынды су құбырлары және басқалары) жаңғырту, жөндеу және қасбеттерін сырлау жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қасбеттерінде орнатылған ақпаратты тақтайшалардың, ескерткіш тақталарын және тағы басқаларын таза және қалыпты жағдайда ұстауға міндетті.

107. Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқаруындағы ғимараттары және имараттары бар жеке меншік иелері мен заңды тұлғалар, ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды, басқа жер учаскелеріндегі жылжымайтын нысандарды қалыпты жағдайда сақтау жұмыстарын жүргізуге, соның ішінде оларға жататын ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын өз есебінен немесе тартылған қаражат есебінен жүргізуі керек.

108. Егер заңды және жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқаруында кейбір тұрғылықсыз жайлар немесе тұрғылықты ғимараттары болған жағдайда, осы тұлғалар ғимараттың алып тұрған ауданына қарай қасбетінің жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге үлес қосуы керек. Ғимараттардың қасбетіне немесе құрылғылардың бетіне жоспарлы түрде жаппай жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде, үлестік қатынасы бар тұлғалар осы мақсаттарға бағытталатын қаражаттарды біріктірулеріне болады.

109. Ғимараттарды, имараттарды және құрылғыларды жалға алушылар, жалға алу шартына сәйкес, ғимараттардың және құрылғылардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге міндеттеме алады.

110. Сәулет, тарих немесе мәдениет ескерткіштері болып табылатын, ғимараттар мен имараттардың қасбеттерін жөндеу, жаңғырту және жаңарту жұмыстары қорғау міндеттемелеріне сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның келісімімен орындалады.
11. Сыртқы жарық пен су бұрқақтарды күтіп ұстау
111. Елді мекендер аумағын жарықтандыру аумақ иелерімен шарт бойынша электрмен жабдықтаушы ұйымдар және кәсіпорындармен жүргізіледі. Сыртқы жарықтандыру элементтерін пайдалану мен күтіп ұстау меншік иелерінің өз қаржысы есебінен жүргізіледі.

112. Көше шамдарын, басқа да сыртқы жарықтандыру көздерін орналастыру құрылыс салу мен көгалдандырумен үйлесумен қатар жол қозғалысы қатысушыларына кедергі келтірмей, қауіпсіз орта құруға ықпал етуі тиіс. Саябақ аумағымен және тұрғын орамдармен өтетін жаяу жүргіншілер бағыттарын, оқушылар, мүгедектер және қарт адамдар жүретін жолдарды жарықтандыруға ерекше көңіл аудару қажет.

113. Көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын нысандардың сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтың көлемінің азаюы кезінде техникалық нормаларға сәйкес беріледі.

114. Алаңдардағы, магистральдардағы және көшелердегі, аула аумақтарындағы шамдардың жанбауы 5 пайыздан аспауы керек. Металл бағаналары, кронштейндер мен басқа сыртқы жарық құрылғылары мен қыстырма желілерінің элементтері және байланыс жүйесі тазалықта ұсталуы қажет.

115. Жарық пен электрлі көліктердің байланыс желісінің құлап қалған бағаналарын шығару жұмысы бағана иесімен жүргізіледі негізгі магистральдарда кешіктірілмей, сондай-ақ басқа аумақтардағы бұзылған бағаналар - табылғаннан кейін тәулік   ішінде жүргізіледі.

116. Басты көшелер мен алаңдарды мерекелік безендіру тиісті әкімнің бекіткен мерекелік безендіру жоспарына сәйкес меншік иесімен орындалады.

117. Су бұрқақтарының жағдайы мен пайдаланылуына жауапкершілік пайдаланушы ұйымға жүктеледі.

118. Су бұрқақтарын қосу мерзімі, олардың жұмыс тәртібі, астауларын жуу мен тазарту кестесі, техникалық үзілістері мен жұмысының тоқтатылуы тиісті жергілікті атқарушы органмен анықталады.

119. Су бұрқақтардың жұмыс істеуі кезінде су бетін қоқыстардан тазарту жұмыстары күнделікті орындалады. Пайдаланушы ұйымдар су бұрқақтарды сөндірген кезде де тазалығын   сақтауға міндетті.
12. Қалалар мен елді мекендер аумағын абаттандыру жағдайын бақылайтын уәкілетті органдар
120. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, осы Қағиданың сақталуына бақылауды және қалалар мен елді мекендер аумағын абаттандыру Тәртібін бұзғаны үшін шаралар алу, сондай-ақ қала (село) инфрақұрылымы нысандарын бұзғаны үшін өз құзыреттері шегінде:

1) ішкі істер органдары;

2) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары;

3) объектілерді салу сапасына мемлекеттік сәлет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдары жүргізеді.


13. Қағиданы бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
121. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін кінәлі заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кодекске  сәйкес жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершіліктің қолданылуы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, тәртіп бұзушыны онымен келтірілген материалдық зиянды төлеу және жіберілген кемшілікті жою міндетінен босатпайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет