«Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты



жүктеу 134.62 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі134.62 Kb.
«Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты

1

Қызметтің атауы

 


Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру

2

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қаулыларының, Бұйрықтың, Стандарттың негізінде көрсетіледі, қолданыстағы нормативтік-құқықтык актілердің толық тізбесін көрсету қажет

«Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, 2015 жылғы 22 сәуірдегі
№299 Қазақстан Республикасы Энергетика министірінің бұйрығымен бекітілген;

«Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы


28 мамырдағы №378 Қазақстан Республикасы Энергетика министрі міндетін атқарушының бұйрығы.

3

Қызмет көрсететін мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» МҚ (бұдан әрі – қызметті көрсетуші)

4

Қызметтің тұтынушылары

Заңды тұлғалар (қызметті алушы)

5

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде

6

Қызмет көрсететін орын

Астана қаласы, Орынбор к-сі, 10-үй, «Министрліктер үйі» 13-кіреберіс

7


Қызмет көрсетудің тәртібі

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

«электрондық үкімет» веб-порталы www.еgov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.


8

Субъектінің түріне және жағдайға байланысты қажетті құжаттар тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші (бұдан әрі – заңды тұлғаның өтініші);

қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке құжаттардың көшірмелері (бұдан әрі – құжаттардың көшірмелері);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәліметтер нысаны).

2) лицензияға қосымшаны алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның өтініші;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттардың көшірмелері;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.

3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері;

заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайларында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттардың көшірмелері;

заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайларында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.

бұрын қағаз түрінде берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген жағдайда лицензияның телнұсқасын алу үшін тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда:

еркін нысандағы өтініш;

лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Порталға:

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған электрондық құжат нысанындағы өтініші;

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне құжаттардың электронды көшірмелері (бұдан әрі – құжаттардың электронды көшірмелері);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәліметтер нысаны).

2) лицензияға қосымшаны алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы заңды тұлғаның өтініші;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттардың электронды көшірмелері;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.

3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы, нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі;

алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электронды көшірмелері.

заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайларында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттардың электронды көшірмелері;

заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайларында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

бұрын қағаз түрінде берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген жағдайда лицензияның телнұсқасын алу үшін тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымша телнұсқасын беру үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензия, ЭҮТШ арқылы төлеулер туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) – қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растауы оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;

Портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.



9

Қызметтің құны және төлеу тәртібі

100 айлық есептік көрсеткіш

10

Мемлекеттік қызметті рәсімдеген кезде қандай жеңілдіктер көрсетіледі

Жеңілдіктер жоқ

11

Қызмет көрсету процесінің сипаттамасы

1-рәсім - өтініш қызмет берушінің кеңсесіне беріледі немесе портал арқылы тіркеу нөмірі мен күні беріліп тіркеледі, одан кейін қызмет берушінің бірінші басшысына немесе оның орынбасарына беріледі. Аталған рәсімді жүзеге асыру үшін ең жоғары шекті уақыт – 4 сағат;

2-рәсім - қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары өтінішті лицензиялау және аттестаттау басқармасының басшысына береді. Аталған рәсімді жүзеге асыру үшін ең жоғары шекті уақыт – 4 сағат;

3-рәсім - лицензиялау және аттестаттау басқармасы құжаттарға алғашқы тексеруді жүзеге асырады және оларды қорытындыны қоса бере отырып, талдау және инспекциялау басқармасына немесе материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасына, не ядролық физикалық қауіпсіздік басқармасына береді немесе өзінде қалдырады. Аталған рәсімді жүзеге асыру үшін ең жоғары шекті уақыт – 6 жұмыс күні;

1-шарт - лицензиялау және аттестаттау басқармасы, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактілері анықталған жағдайда, 2 жұмыс күні ішінде қызметті алуға арналған өтінішті одан әрі қараудан жазбаша бас тартуға береді;

4-рәсім - лицензиялау және аттестаттау басқармасы немесе талдау және инспекциялау басқармасы немесе материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасы немесе ядролық физикалық қауіпсіздік және режим басқармасы көрсетілетін қызмет алушының біліктілік талаптарына сәйкестігіне талдауды жүзеге асырады, одан соң құжаттарды лицензиялау және аттестаттау басқармасына қорытындыға қоса береді. Аталған рәсімдерді жүзеге асыру үшін ең жоғары шекті уақыт – 17 жұмыс күні;

5-рәсім - лицензиялау және аттестаттау басқармасы мемлекеттік қызмет көрсету туралы қорытынды шешім дайындайды. Шешім барлық басқармалардың басшыларымен келісіледі және Комитет басшысына немесе оның орынбасарына қол қоюға беріледі. Аталған рәсімдерді жүзеге асыру үшін ең жоғары шекті уақыт – 4 жұмыс күні;

2-шарт – көрсетілетін қызмет алушы біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, лицензиялау және аттестаттау басқармасы атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу және (немесе) қосымшаларын беру туралы шешімді дайындайды. Шешім барлық басқармалардың басшыларымен келісіледі және қызмет берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қол қоюға беріледі;

көрсетілетін қызмет алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда лицензиялау және аттестаттау басқармасы стандарттың 10-тармағына сәйкес атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызмет түріне лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап береді;

6-рәсім: лицензиялау және аттестаттау басқармасы мемлекеттік қызмет көрсету туралы қорытынды шешімді алғаннан кейін лицензияны ресімдейді. Аталған рәсімдерді жүзеге асыру үшін арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 жұмыс күні.

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта беру үшін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген жағдайда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша басылып шығарылады және мөрмен әрі көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен куәландырылады. Одан әрі лицензия және (немесе) лицензияға қосымша пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі немесе қол қойылғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде қолма-қол беріледі.

3, 4, және 5-рәсімдер қағаз тасығышта телнұсқаларды беруге немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу қызметтері бойынша жүргізілмейді.


      

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берген сәттен бастап:

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 30 (отыз) жұмыс күні;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні мынадай жағдайларда:

заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгергенде;

«объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгергенде;

Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болғанда;

заңды тұлға-лицензиат бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастырылғанында;

заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.



13

Қызмет көрсету нәтижесі

 


атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызмет түріне лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

14

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін ұзарту рәсімі

Көзделмеген 

15

2015 жылдың ағымдағы кезеңде көрсетілген қызметтердің саны (01.01.2015-29.06.2015)

 6

16

Мемлекет қызмет көрсетуге бекітілген өтініш нысандарының болуы

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 4 қосымшаға сәйкес өтініш нысаны

17

Мемлекет қызмет көрсетуге өтінім қабылдайтын және өңдейтін ақпараттық жүйенің болуы

«электрондық үкімет» веб-порталы www.еgov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

*          Қызмет көрсету үдерісінде қағаздағы құжат айналымын болғызбайтын электрондық мемлекеттік қызмет көрсету толығымен автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Қызмет көрсету үдерісінде қағаздағы және электрондық құжат айналымының кезектілігін қамтитын электрондық мемлекеттік қызмет көрсету ішінара автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.


Ақпараттық технологияларды қолданусыз дәстүрлi түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған мемлекеттік қызмет болып табылады.

 

**        Төлқұжатпен бiрге электрондық түрдегi аталған НҚА-ді, сонымен бірге барлық толтырылған қосымшалар және Өтінімдер нысандарын жiберу қажет.



Шағымдану тәртібі жөніндегі ақпарат

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша немесе Министрліктің басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор к-сі, 10-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 13-кіреберіс, 353-кабинет, телефон: 8 (7172) 74-02-65.



Шағым жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 1414 бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылып тұратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.



Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Жауапты қызметкерлердiң координаталары
1. Тегі, аты, әкесінің аты Тоқмағамбетова Лаззат Талғатовна,
2. Лауазымы – Лицензиялау және аттестациялау басқармасының басшысы
3. Жұмыс телефоны – 50 30 77


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет