Атты Халықаралық қашықтық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз. Конференция 2015 жылы 4-6 қарашада өтеді. Конференцияның жұмысы келесі бағыттарда өткізіледі



Дата20.06.2016
өлшемі36.5 Kb.
#149598
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Құрметті әріптестер!

Сіздерді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Хореография» кафедрасының 30 жылдығына арналған «Қазіргі заманға лайықты өзекті мәселелер: мәдениет, тарих, идеология» атты Халықаралық қашықтық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз. Конференция 2015 жылы 4-6 қарашада өтеді.



Конференцияның жұмысы келесі бағыттарда өткізіледі:

  • Қазіргі қоғамдағы дәстүрлі мәдениет және өнер мәселелері.

  • Білім беру мәселелері, педагогтарды даярлаудағы оқыту әдістемесін модернизациялау.

  • Этномәдениет, археология, өлкетану тарихи-мәдени мұраларды игеру формасы ретінде.

  • Философия, саясаттану, әлеуметтану, дінтанудың заманауй тұжырымдамалары.

  • Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың спорттық-сауықтыру бағыттары.

Конференция аясында «Әлем халықтарының биілері» атты халықаралық би фестивалі, хореография өнерінің белгілі отандық және шетелдік мамандарының шеберлік-кластары өткізіледі. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Д.Қонаев бульвары н/з, М.Әуезов атындағы ОҚМУ №8 ғимарат.

Конференцияға қатысу үшін өтінімдер (АЖТ, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орыны және қызметі, бағыты, мақала аталуы, сымтетік, e-mail), баяндамалардың мәтіндері электронды нұсқада 30 қазан 2015 ж. дейін қабылданады. Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы Бегишева Юлия Витальевна, 501 кабинет, телефон 87252367121, 87017602409. Электронды адрес: horeo1985@mail.ru. Бір баяндама үшін ұйымдастыру жарнасы 3000 теңгені құрайды (шетелдік авторлар үшін 15$). Жұмысты электронды нұсқада жіберген жағдайда тақырып бағанына конференцияның атын көрсету керек. Өзге қалалардан қатысушылар ұйымдастыру жарнасын «ОҚМУ халықаралық конференция» деген белгімен келесідей банк реквизиттеріне аударым жасайды: РГП на ПХВ «М.Әуезов атындағы ОҚМУ» РНН: 582100003432, ИИК: KZ 81998STB0000109568, (ИИК: KZ 70998STB0000109572 доллар) ЮКФ АО «Цеснабанк», БИК: TSESKZKA, БИН: 990240005557, Кбе 16, ОКПО 39140473, Код ОКЭД 85321 немесе конференция үйлестірушісінің атына мына мекен-жайға: 160000, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Қазыбек би көшесі 24, Қазпошта, талап етілгенге дейін, Турдиева Азиза Азабековнаға. Телефон: 87754446648.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын. Мақаланың мәтіні (А 4 форматында суреттерді қоса есептегенде 3-7 бет) Microsoft Word (2010 жылға дейінгі нұсқа). Мәтін шрифті Times New Roman немесе Times New Roman KZ, кегль 12, интервалы -1, сол жиегі – 3 см, басқа жиектері - 2 см, мәтінді ені бойынша түзету; азат жол – 1 см.

Материалдар келесідей тәртіппен орналастырылады:

Мақаланың аталуы бас әріптермен (қалың шрифтпен) жазылады, бір жолдан кейін – автордың (авторлардың) аты-жөні, келесі жолда ұйымның, қаланың, елдің аты және e-mail. Одан әрі бір жолдан кейін мақаланың негізгі мәтіні басылады. Әдебиеттер негізгі мәтіннен кейін бір жол қалдырып көрсетіледі. Әрбір әдебиетке сілтемелер тік жақшамен алынады. Мақаланың мәтіні беттері көрсетілмей электронды нұсқада тапсырылады. Мақала мәтіні редакцияланбайды. Көрсетілген мерзімнен кешіктірілген немесе көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін материалдар жариялауға қабылданбайды, қарастырылмайды және қайтарылмайды.

Қазақ тіліндегі мақалалар үшін резюме және summary беріледі, орыс тіліндегі мақалаларға - түйін және summary, ағылшын тіліндегі мақалаларға - түйін немесе резюме, мақаланың соңында әдебиеттер тізімінен кейін беріледі.
Үлгі

«ОЙЫН ФЕНОМЕНІ»
С.Ш.Тлеубаев, философия ғылымдарының докторы, профессор
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Шымкент қ., Қазақстан, e-mail:
Мақаланың негізгі мәтіні____________________________________________
Әдебиеттер

1.Тлеубаев С.Ш . Детская игра как культурный феномен. Вопросы философии. Научно-теоретический журнал №8/2013, Москва, с.175-179




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет