Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет31/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

Жоғарғы моралді жауапкершілікті баланың мойнына жүктеп қою арқылы тəрбие беру 
– жасөспірімнің болашақтағы өміріне зиян. Бұндай жағдайларда ата-ана өзінің баласынан көп 
нəрсені күтеді, яғни оған əрқақшан жетістікке жетуіне, оның қабілеттері мен талантына 
байланысты көп үміт күтетіндігі жайлы айтып отырады. Осы кезде жасөспірім ата-анасының 
одан күтетін үміттері көп екендігін сезеді. Тұрақсыз типті жасөспірім ата-анасының 
экспектацияларына мəн бермеумен жауап береді. Ал лабильді жасөспірім үшін шамадан тыс 
моралді жауапкершілік бөгет болады жəне ол қашу жолын іздей бастайды. Истероидты 
акцентуация типіндегі жасөспірім ата-анасына жағымсыз қарауға дейін барады. 
Психоастеникалық жəне сенситивті акцентуациясы бар жасөспірімдерді бұндай жағадай 
обсессивті-фобиялық неврозға алып келеді немесе психоастеникалық тип бойынша 
психопатиялық дамуға соқтыруы мүмкін[4, 255 б]. 
Жанұяның сəтсіз болуы мінез-құлықтағы қиындықтың туындауына себепші болып 
табылады. Жанұядағы жағымсыз жағдайлар – бала тəрбиесіндегі өзара келіспеушілік
орынсыз кикілжің, маскүнемдік, мінез сəйкессіздігі. Осындай қолайсыз жағдайлар, яғни 


51 
жанұялық ахуалдың бұзылуы бала тəрбиесіне жəне мінез-құлық акцентуациясының пайда 
болуына өте зиянды əсер етеді жəне үлкен психикалық дискомфортқа алып келеді [5, 72 б].
Жапония психологы Масару Ибуканың айтуы бойынша, жоғары деңгейдегі сенімділік 
те, артық мазасыздану балаға жақсы тəрбие беруге көмектеспейді. Бірінші жағдайда олар 
балада өзіндік ізденуге, жаңаны тануға қажеттілікті тəрбиелей алмайды. Ата-ана баланы 
қаншалықты «бос» тəрбиелесе, соншалықты бала өз-өзіне сенімсіз болып өседі.
А. Роу жəне М. Сайгельман ата-ана мен жасөспірімнің арасында болатын қарым-
қатынастың 6 түрін бөліп көрсеткен: шеттетілген, немқұрайлы, гиперқамқорлық, тым көп 
талап ету, тұрақтылық, махаббат.Жасөспірімнің үйлесімді дамуын тұрақтылық пен махаббат 
қамтамасыз етеді, ал жасөспірімді эмоционалды шеттету травмалық жағдайларға алып келеді, 
себебі ол жоғары деңгейде қорқыныш, агрессивтілік тудырады.
Д. Стивенсон жəне M.Симпсон ананың жасөспірімге қатынасының 2 түрін бөліп 
көрсетті:
- баланы тəрбиелеуде жағымды қосымша күшті қолдана отырып сабырлы тəсілді 
қолдану; 
- кез келген əлеуметтік стимулға алаңдайтын қобалжыған ана [6, 355 б]. 
Бомринд тəрбие берудің 3 стилін бөліп көрсетті – либералды стиль, авторитарлы стиль 
жəне бедел стилі. Тəрбиелеу стилі субъективті жəне объективті факторлардың əсер етуінен 
қалыптасады жəне жасөспірімнің генетикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. 
Либералды стиль əрекеттердің еріктілігімен ерекшеленеді. Балаға өзіне жəне өзінің 
қызығушылықтарына сенуіне мүмкіндік беріледі. Жасөспірім ата-анасының көмегінсіз өз 
өмірін басқарады. Ата-ана тарапынан баланы өз бетімен жіберушілік агрессияға алып келуі 
мүмкін.
Бұндай ата-аналық əрекеттің маңызды принципі – баланың кез келген əрекетіне 
қанағаттану, оның барлық қисынсыз тілектерін жəне талаптарын орындау жəне т.б. 
Сəйкесінше, баланың мінез-құлқында эгоисттік қырлар пайда болады. Ата-ана балаларының 
интеллектуалды дамуын болашақта пайда көру үшін ынталандырады. Сəйкесінше, балалар əр 
түрлі қиындықтарға (мысалы мектепке түсу) жауап қайтара алмайды. Нəтижесінде, 
жасөспірімде қоршаған ортаға деген дұшпандылық немесе ата-анаға деген өшпенділік,
дербессіздік жəне сенімсіздік, акцентуация белгілері пайда болады [7, 103 б]. 
Е. Шэйфер ата-аналық гиперқамқордың деңгейі жасөспірімнің құрбы-құрдастар 
арасындағы əлеуметтік мəртебесін анықтайды. Жоғары деңгейдегі қамқорлық пен басымдық 
жағдай көрсету қаншалықты жоғары болса, бала соншалықты топта төмен мəртебеге ие 
болады. Е. Шэйфердің айтуы бойынша жасөспірімнің əлеуметтік дезадаптациясы мектеп 
мұғалімдерінің бағалауы бойынша, ата-ананың авторитарлығымен жəне үйдің қатаң 
дисциплинасы, шек қоюымен тығыз байланысты [8, 235 б].
Хоффман өзінің адамгершілік интернализация теориясында баланы тəрбиелеуде жəне 
адамгершілікті қалыптастыруда ата-аналар қолданатын 3 техниканы бөліп көрсеткен: 
индукция (неге олай жасауға болмайтындығын түсіндіру), билік қолдану (моралды кемсіту, 
балағаттау), махаббаттан бас тарту (баланы жазалау мақсатында көңіл бөлмеу). Қазіргі 
психологияда бұл үш техника кеңінен қолданылады [9, 257 б].
Əдебиет 
1. Эйденмиллер Э.Г. Семейный диагноз и семейная психотерапия. Уч. пособие для врачей и психологов 
– СПб.: Речь, 2003.
2. Артамонова Е.И. Екжанова Е.В. Психология семейных отношений с основами семейного 
консультирования. Учебн. пособие для студ. выш. учеб. заведений. М.: Издательский центр «Академия», 2002. 
3. Личко А.Е. Делинквентное поведение при различных типах акцентуации характера у подростков. М. 
– 1995.
4. Личко А.Е. Основные типы нарушений у подростков. СПб.1993. 
5. Білім. Ғылыми –педагогикалық журнал. –Алматы: 2009. - №2(44). -72б. 
6. Roe A., Siegelman M. A parent-child relations questionnaires // Child Development. 1963. Vol. 34. P. 355—
369. 
7. Baumrind D. Current patterns of parental authority // Developmental Psychology Monograph. 1971. Vol. 4. 
P. 1—103. 


52 
8. Schaefer E.S. A circumplex model for maternal behavior // Journal of Abnormal and Social Psychology. 
1998. Vol. 59.. 
9. Малкина – Пых И.Г. Семейная терапия Изд-во Экспо, 2005. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет