1. Тұрақты белгілер:
1) қазбаның табанында төселетін бекет орталығы диаметрі 25-30 мм және ұзындығы 200мм 700 мм, кетілген немесе төменгі жағында ілгіш түрінде иілген қазбаның табанында бетондалған металл қадалықты білдіреді. Қадалықтың ұзындығы қазба табаны жыныстарының тұрақтылығына байланысты алынады. Қадалықтың басбүршігіне тесік жасап, керн немесе бекет орталығын реттейтін айқастырманы енгізеді. Орталықтың ұзақ сақталуы үшін басбүршікке диаметрі 5-10 мм мыс сынамасын салу және онымен орталықты кертіп түсіру ұсынылады. Қазба табанына төселетін оталық 1-суретте көрсетілген;
1-сурет. Қазба табанындағы бекет (қадабелгі) орталығы: 1- металл қадалық; 2- бетон
2-сурет. Қазба жабынындағы бекеттер орталығы: 1 – металл өзекше; 2 - бетон; 3 – мыс немесе қорғасын сынамасы; 4 – ағаш сынамасы
2) қазба жабынына төселетін орталық кесікпен немесе металл өзекшенің төменгі бөлігінде бұрғыланған тесікпен немесе соған тығыздалып салынған мыс (қорғасын) сынамасына бекітіледі; өзекше бетондалады немесе ағаш сынамасына немесе бекітпеге салынады (2-сурет);
3) қазбаның бүйірлеріне келтірілетін орталық 3-суретте келтірілген. 1-Штангіні қазбаның бүйірінен бетондалған 2-алты қырлы металл қадалыққа кигізеді. Штангіні белгілі бір қалыпта бекіту үшін оның ұшында 3 алты қырлы тесігі мен 4 шекті түйреуі бар екі ендірмесі болады;
4) күрделі тау-кен геологиялық жағдайларда тұрақты бекеттің біршама төзімді құрылымы болып ұзындығы 0,6 - 1,5 м кергіш түріндегі анкер табылады.
3-сурет. Қазба бүйірлеріндегі контурдың центрі
4-сурет. Маркшейдерлік бекеттерді бекітуге арналған кергіш түріндегі анкер: 1 - анкер; 2 - кондуктор; 3 - бекітілген жыныстардың аймағы.
Бұл ретте қатты жарықшақты жыныстарда анкерлік түрдегі центрлер қазбаның қираған контур ішіндегі аймағымен байланыспауы қажет, осы мақсатта ұңғымалардың сағалары құбыр арқылы кондуктормен жабдықталуы тиіс (4-сурет, а). Әлсіз және кішкене қабатты жыныстарда анкердің барлық ұзындығы бойы шамамен бекіндірілген жыныстармен байланысты біршама тұрақты центрлер (4-сурет, б);
5) центрлерді суландырылған жыныстарға бекіту үшін құрамында бір бөлігі тез ұстағыш цемент, бір бөлігі құм және бір бөлігі қиыршықтас бетон қолданылады.
Жабындағы центрлер цемент ерітіндісінің көмегімен бекітіледі, цементтің бір бөлігіне екі бөлік құрғақ құм салады, суды 0,7 бөліктен аспайтын етіп қосады.
Цемент ерітіндісі 50 % қату үшін екі тәулік, бетон үшін екі-үш тәулік уақыт қажет. Тез ұстағыш цементтерді пайдалану кезінде бетон немесе цемент ерітіндісі 3 сағаттан кейін 50 % кебеді.
Тұрақсыз жыныстарда центрлерді шпурларға тез қататын полиэфир, эпоксид немесе дымқыл виноформальдегид шайырлардың көмегімен бекіткен жөн. Шпурларға қатайтатын тетіктерді беру маркшейдерлік орталықтың өзекшесімен қиратылатын патрондарда немесе сорғының көмегімен бастырмалатып жүзеге асырылады;
6) тұрақты таңбалардың орталықтары коррозияға қарсы болады. Керн тесігінің диаметрі немесе центрлердің кесіктерінің ені 2 мм – ден аспайды;
7) тұрақты бекеттерді бекіту сызбалары координаттарды есептеу журналына енгізіледі.
2. Уақытша бекеттер.
5-суретте бейнеленген уақытша бекеттердің орталықтары әр түрлі: ағаш (5-сурет, а), металл немесе анкерлік (5-сурет, б) және металл қақпалы (5-сурет, в) бекітпелермен қазу үшін арналған.
Консолдарды немесе үш штативті жүйені пайдалана отырып, полигонометриялық жүрістерді салу кезінде уақытша бекеттер қажеттілігінше бекітіледі.
3. Бекеттерді таңбалау.
Жерасты тораптарының тұрақты және уақытша бекеттерінің цифрлы нөмірленуі болады. Бекеттерді таңбалау тәртібін тау-кен кәсіпорнының бас маркшейдері анықтайды.
Бір қазбада нөмірлерді қайталауға жол берілмейді.
5-сурет. Уақытша бекеттердің орталықтары: 1- металл бекітпе элементі; 2 – ағаш немесе металл сына; 3 – металл кішкене бұрыш; 4 – кескішпен дайындалған қабыршақтар; 5 – мыс сымнан жасалған ілмек
Жоғарғы таңбалы немесе олардың нөмірлерінен басқа қадабелгісі бар тұрақты бекеттерді таңбалау кезінде бекеттің қазба қабатында немесе жабынында орналасуын белгілейтін Рп немесе Рк әріптерімен белгіленеді.
Қираған және қопаруды қажет ететін тұрақты және уақытша бекеттер (мысалы, жармалы бекеттер) олармен маркаларымен бірге жойылады.
___________________
Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымға
17-қосымша
Жерасты маркшейдерлік тірек торабын салу жобасына қойылатын талаптар
Негізгі ережелер
Жерасты тірек тораптарын салуды және қайта құруды тау-кен жұмыстарын дамытудың перспективалық жоспарын ескере отырып құрылған жобалар бойынша жүзеге асырады. Жобаны құру кезінде тірек торабының негізгі сызбаларын белгілейді, ол түсіру торабы мен тау-кен қазбалары түсірмелерін дамытудың геометриялық негізі ретінде болуы қажет. 133-тармаққа сәйкес негізі бекеттерге қатысты біршама қашық орналасқан тірек торабы бекеттерінің орташа шаршы қателігі жоспардағы 0,4 мм – ден аспайды, 1:1000 және 1:2000 масштабтағы тау-кен қазбаларының жоспарлары үшін 0,4 және 0,8 м құрайды.
Жерасты тірек торабын қайта құруды жүрістерді одан әрі салу, торап дәлдігін оның ұзындығын арттыра отырып төмендету үшін қажетті көптеген бекеттерді қосу немесе жою кезінде, әр түрлі деңгейжиектердің немесе шахталардың тораптарын байланыстыру қажет болған жағдайда, жер бетінде тірек торабынан жаңа байланыстар пайда болған жағдайда орындайды.
Жобада тораптарды салудың негізгі мәселелері көрсетіледі:
1. кіру бекеттерінің координаттары мен биіктіктерін анықтау, гирокомпасты түзету анықтау үшін маркшейдерлік геодезиялық тірек торабы бекеттері мен жақтарының сипаттамасы. Тірек тораптарын қосу қажет болған жағдайда жұмыстарды орындау көлемі мен мерзімін анықтайды;
2. қолданыстағы жерасты тірек торабы және бекеттердің өлшемдерінің дәлдігі мен сақталуы жобаланатын торапқа кіретін бұрын салынған полигонометриялық жүрістержі пайдалану мүмкіндігі туралы мәлімет;
3. жобаланатын торапты салу сызбасы;
4. торапты қосымша орталықтандыру және бағыттау орындары мен әдістері;
5. жерасты тірек тораптарының қашықтатылған бекеттерінің дәлдігін есептеу;
6. тораптарды салуға арналған аспаптар мен жабдықтар;
7. гироскопиялық бағыттау, бұрыштар мен сызықтарды өлшеу әдістемесі. Егер қарсы кенжарлармен қазу мақсатында торапты қайта құрған жағдайда жобада бұрыштық және сызықтық өлшемдер дәлдігінің есебін келтіреді, жұмыстарды жүргізу әдістемесін анықтайды және тиісті аспаптарды іріктеп алады;
8. жер бетіндегі тірек торабын теңестіру тәртібі, өлшемдерді өңдеу үшін ДК пайдалану;
9. түрлері бойынша көлемдері мен орындаушыларды (шахта, мердігер ұйым, мамандандырылған топ) көрсете отырып, жұмыстарды орындаудың күнтізбелік жоспары;
10. жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Жобаның кескінді бөліміне мыналар кіреді:
1) орталықтандыру нүктелеріне қабыстырудың келтірілген кестесімен және гирокомпастағы түзетуді анықтау үшін жақтарды көрсете отырып, жер бетіндегі тірек торабының жоспары (1:2000-1:10 000 масштабтар);
2) тау-кен қазбаларының жоспарында мыналар көрсетіледі:
шахтаның техникалық шекаралары;
қолданыстағы және жобаланатын күрделі және дайындық тау-кен қазбалары;
қолданыстағы негізгі тірек торабының бекеттері, қосымша орталықтандыру және бағыттау орындары;
қолданыстағы тірек торабының сызбасы мен жобаланатын жүрістер;
сақталған тұрақты бекеттер (нөмірлерін көрсете отырып) мен тұрақты бекеттердің жобаланатын топтары;
қолданыстағы және жобаланатын гирожақтар;
3) теңестіру үшін ДК-де есептеу бағдарламасы нұсқауларына сәйкес құрылған қайта құрылатын тораптардың сызбасы.
Жобаны құру кезінде қашықтатылған бекеттердің дәлдігін есептеу ДК-де қолданыстағы және жобаланатын гирожақтарды, сондай-ақ тораптарды қосымша орталықтандыру нүктелерін ескере отырып орындалады. Егер алдыңғы есептелген бекеттерді орналастыру дәлдігі 147-тармаққа сәйкес болса, гирожақтардың саны мен оларды тораптарға орналастыру дұрыс жүргізіледі.
Тораптарды салудың қарапайым сызбалары үшін жақын орналасқан орталықтандыру нүктелеріне қатысты тек магистралдық жүрістердің қашықтатылған бекеттерінің орташа шаршы қателіктері есептеледі. Гирожақтармен секцияларға бөлінген еркін жүрістегі
(9-сурет)
, (1)
мұндағы МР – соңғы Р жүріс бекетінің орташа шаршы қателігі;
1-сурет. Гирожақтармен секцияға бөлінген полигонометриялық жүрістің сызбасы
тβ – бұрыштар өлшемінің орташа шаршы қателігі; таг – гирожақтардың дирекциялық бұрыштарын анықтаудың орташа шаршы қателігі; μ, λ – сызықтық өлшемдер кезіндегі тұрақсыз және жүйелі түрде әсер ету коэффициенттері; п – жүріс жақтарының саны; r – жүріс секцияларының саны; t – секциядағы бұрыштардың саны; DO1; DO2 DOr,i әрбір секцияда оның ауырлық центрінен секцияның 1-бекетіне дейінгі анықталатын қашықтық; R, - гирожаққа жанастырылған 1-аспалы жүріс бекетінен соңғы Р бекетіне дейінгі қашықтық; Doi,Oi+1 – аралас секциялардың ауырлық күштері арасындағы қашықтық; D1,O1 – бірінші жүріс бекетінен бірінші секцияның ауырлық центріне дейінгі қашықтық; Dor p – соңғы секцияның ауырлық центрінен соңғы бекетке дейінгі қашықтық Р; s – жақтардың ұзындығы; L – тұйықтаушы жүрістің ұзындығы.
Керілген жүрістерге жақын орналасқан полигонометриялық жүрістер үшін қажетті гирожақтар саны жүрістердің ұзындығы мен жақтардың орташа ұзындығына байланысты 1-кесте бойынша анықталуы мүмкін. 1-кесте Гирожақтармен г+1бірдей ұзындықтағы учаскелерге бөлінген керілген жүрістер үшін (1) формула бойынша есептелген, оның ішіндегі алғашқы г учаскелері - гирожақтар арасындағы секциялар, ал соңғы учаске – гирожаққа жанастырылған аспалы жүріс. Полигонометриялық жүрістер үшін есептеу кезінде мынадай мәндер қолданылады:
mar = 30"; mβ = 20"; μ = 0.001м1/2; λ=0000005
Гирожақтармен секцияларға бөлінген полигонометриялық жүрістің соңғы нүктесінің қателігін есептеу үлгісі (1-сурет).
Полигонометриялық жүрістер мынадай деректермен сипатталады:
; ;
; ;
1-кесте
Гирожақтары бар полигонометриялық жүрістердің шекті ұзындығы, км
Жақтардың орташа ұзындығы, м
|
Гирожақтардың саны
|
30
|
40
|
50
|
60
|
80
|
100
|
150
|
200
|
|
1:2000 масштабы
|
1,7
3,1
4,2
5,2
6,0
6,7
7,3
7,9
8,4
8,9
|
1,9
3,3
4,5
5,5
6,4
7,1
7,8
8,3
8,8
9,3
|
2,0
3,5
4,8
5,8
6,6
7,4
8,0
8,6
9,1
9,5
|
2,1
3,7
4,9
5,9
6,8
7,6
8,3
8,8
9,3
9,7
|
2,3
3,9
5,2
6,3
7,2
7,9
8,6
9,1
9,6
10,0
|
2,4
4,1
5,4
6,5
7,4
8,1
8,8
9,3
9,8
10,2
|
2,7
4,3
5,8
6,9
7,8
8,5
9,1
9,6
10,0
10,5
|
2,8
4,6
6,0
7,0
8,0
8,6
9,2
9,8
10,2
10,6
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
|
1:1000 масштабы
|
1,1
1,8
2,5
3,0
3,5
3,8
4,1
4,4
4,7
4,9
|
1,2
2,0
2,6
3,1
3,6
4,0
4,3
4,6
4,8
5,0
|
1,2
2,0
2,7
3,2
3,7
4,1
4,4
4,7
4,9
5,1
|
1,3
2,1
2,8
3,4
3,8
4,2
4,5
4,7
5,0
5,2
|
1,4
2,2
3,0
3,5
3,9
4,3
4,6
4,9
5,0
5,3
|
1,4
2,3
3,0
3,6
4,0
4,4
4,7
4,9
5,1
5,3
|
1,5
2,4
3,1
3,7
4,1
4,4
4,8
4,9
5,2
5,4
|
1,8
2,6
3,2
3,8
4,2
4,5
4,8
5,0
5,2
5,4
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
|
; ;
;
; .
Полигонометриялық жүрістің соңғы нүктесінің орташа шаршы қателігі мына формула бойынша есептеледі (1):
МР2=94·10-10·1330709+225·10-10·935234+18720000·10-10+25·10-10·1188100=0,038394 м2
МР=0,196 м
___________________
Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымға
18-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |