Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсыным


Тұрақты конвейердің тік сызықтығын бақылау



бет21/24
Дата29.06.2016
өлшемі6.93 Mb.
#166629
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Тұрақты конвейердің тік сызықтығын бақылау

Конвейердің тік сызықтығын бақылау үшін оны монтаждағаннан немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін жер асты полигонометриялы бағыт бекеттерінен конвейерлік құрамның ординатасы түсірмесі жүргізіледі. Осы мақсатта кронштейндерді қабырғалары бойынша тегістеуді, көрші орналасқан полигонометрлік бекеттердің екі жағынан таспаның бос тармақтық шығыршық таянышын жүргізеді. Есептерді көлденең орнатылған рейка бойынша миллиметрлік дәлділікке дейін алады.

Шығыршық таяныш орталарының ординаталары координаттардың шартты жүйесінде есептелінеді, бастапқысы ретінде шығарылған барабанның ортасы А, ал абсциссаның осьі ретінде (х') - АВ тасымалдау діңі алынады (барабандардың шығарылған А және келтірілген Б орталарын байланыстыратын сызық). Осы мақсатта есептеуді мынадай реттілікпен жүргізеді.

Қабырғалар үшін қабылданған координат жүйесіндегі А және Б нүктелері арасындағы кері геодезиялық тапсырманы шығарады,



.

қабылданған жүйенің координат осьтерінің шартты діңдерге қатысты бұрылыс бұрышын ∆а табады,

∆α=360º-α

Полигонометриялық бекеттердің координаттарын шартты жүйеге бекеттен бекетке бірізді өту жолы арқылы қайта есептейді

х'k=x′ k -1+(x k -x k -1) cos ∆α-(y k -y k -1) sin ∆ α;

y' k =y k -1+(y k -y k -1) cos ∆α+(x k -x k -1) sin ∆ α;


Шығыршық таяныштың бос тармақ орталарының (у'I ординаттары) тасымалдау діңінен жылжуын әр бағыт үшін бөлек есептейді,
,

мұнда ai – шығыршық таянышын i түсірмесі кезіндегі рейка бойынша есебі; bp- шығыршық таяныш бос тармағының ені (аi и bp – егер бағыт сол жақтан болса оң және егер бағыт х' діңінің оң жағынан болса теріс); lp – көршілес орналасқан бос тармақ шығыршық таяныштары арасындағы қашықтық; j – шығыршық таянышының қабырғалық қашықтықтарының реттік нөмірі.

___________________

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды

жүргізу бойынша

әдістемелік ұсынымға

40 - қосымша


Кенжарлардың қабысу дәлдігін шамамен бағалау

Көлбеудің H1 деңгейжиегінен Н2. деңгейжиегіне өту кезіндегі қарама-қарсы кенжарлардың болжалды қабыстыру қателігін есептеу қажет. H1 деңгейжиегі 1 шахта арқылы 400 м тереңдікте тік оқпан арқылы, H2 деңгейжиегі 2 шахта арқылы 560 м тереңдікте тік оқпан арқылы бағытталған. Бағыттау екі мәрте жүргізіледі. Жер бетінде Р бекетінен О1 және О2 (1-сурет) құламаларға дейін 1 разрядтық полигонометрияларға қойылатын талаптарға сәйкес қос аспалы жүрістер төселген. Бекеттердің биіктіктері IV кластық тегістеумен анықталған.

Кенжарлардың болжалды түйісу орны – К нүктесі; белгілі бағыт: жоспардағы Кх (көлбеу шүлдігіне перпендикуляр) және биіктігі бойынша.

Қарама-қарсы кенжарлардың шекті айырмасы: жоспардағы 0,6 м, биіктігі бойынша 0,3 м.



1-сурет. Жер бетінде және тау-кен қазбаларында полигонометриялық жүрістерді салу жобасы



1. Жоспардағы белгілі бағыт бойынша кенжарлардың

қабысу дәлдігін бағалау
Жоспардағы белгілі бағыт бойынша кенжарлардың қабысуының жалпы орташа шаршы қателігі мына формула бойынша есептеледі:

M2 x = m2хО1+m2xO2+m2хβш+m2хβп+m2хSш+m2хSп (1)


мұндағы m2хO1 және m2xO2 – 1 және 2 шахталарды бағыттау қателігінің салдарынан кенжарларды қабыстырудың орташа шаршы қателігі; m2 х β ш және m2 х β п – полигонометриялық жүрістер мен қабаттардағы бұрыштарды өлшеу салдарынан кенжарларды қабыстырудың орташа шаршы қателігі; m2 х S ш және m2 х S п – шахтадағы полигонометриялық жүрістер мен қабаттардағы ұзындықтарды өлшеу салдарынан кенжарларды қабыстырудың орташа қателігі.

Бір шахтаны бағыттау қателігінің салдарынан кенжарларды қабыстырудың орташа шаршы қателігі мына формула бойынша анықталады:



, (2)

мұндағы МО – бағыттаудың орташа шаршы қателігі; Rуо – жүрістің негізгі нүктесін кенжарлардың болжалды қарама-қарсы К нүктесімен Ку бағытына қосатын сызықтар проекциясы.

148-тармақтың талаптарын сақтау үшін шахтаны бағыттаудың орташа шаршы қателігінің мәні 1' аспайды. Әрбір оқпан сайын бағыттау екі қайтара жүргізілетінін ескере отырып, төмендегі формуламен анықталады:

.

Rуо = О1' О1 = 980 м шамалары 1 шахта үшін және Rуо = О2' О2= 1090 м 2 шахта үшін кескінді түрде анықталады (1-сурет)


(2) формула бойынша төмендегіні анықтайды:

; .

Қабаттағы аспалы полигонометриялық жүрістердегі және шахтағы өлшемдерді екі мәрте орындау кезіндегі бұрыштарды өлшеу қателігінің салдарынан кенжарларды қабыстырудың орташа шаршы қателігі мына формула бойынша анықталады: (3)

мұндағы mβ - көлденең бұрыштарды өлшеудің орташа шаршы қателігі; Ry i – жүрістің соңғы бекетінен (К нүктесі) жүрістің і бекетіне дейінгі қашықтықтың у шүлдігіне бағытталған проекция, м.

144-тармаққа сәйкес жерасты полигонометриялық жүрістердегі бұрыштар өлшемдерінің орташа шаршы қателігін 20" тең етіп алады; жер бетіндегі 1 разрядтық полигонометриялық жүрістердегі орташа шаршы қателікті 5"' тең етіп алады. Ryi мәнін кескінді түрде жоспар бойынша анықтайды. Жерасты полигонометриялық жүрістер үшін үлгіде ∑Ryi =2950·104, м2, ал жер бетіндегі полигонометриялық жүрістер үшін ∑R 2yi =353·104, м2.


Осы шамаларды (3) формулаға қойып, төмендегіні есептейді:

; .

Жұмысты екі мәрте орында кезіндегі жерасты полигонометриялық жүрістегі қабырғалардың ұзындығын өлшегішпен өлшеу қателігінің салдарынан кенжарларды қабыстырудың орташа шаршы қателігі мына формула бойынша анықталады:



, (4)

мұндағы μ және λ – сызықтық өлшемдердегі кездейсоқ және жүйелі әсер ету коэффициенттері; Si – полигонометриялық жүріс жақтарының ұзындығы; Lx – полигонометриялық жүрісті тұйықтайтын Х шүлдігіне бағытталған проекция; аi – полигонометриялық жүріс жақтарының дирекциялық бұрышы.

μ=0,001 және λ=0,00005 (14-қосымша) қабылдайды. Жерасты полигонометриялық жүрістеріне арналған аталған мысалда ΣSi cos2ai=1190 м алынды. 1 және 2 оқпандардан К бекетіне тұйықтаушы полигонометриялық жүрістердің шүлдігіне бағытталған проекция 1' - К= 920 м, I' - К=560 м құрайды.

(4) формуланы пайдалана отырып,төмендегіні есептейді:



.

Өлшемдерді екі мәрте орындау кезінде жер бетіндегі полигонометриялық жүрістердегі жақтардың ұзындығын жарықпен қашықтық өлшегіш арқылы өлшеу қателіктерінің салдарынан кенжарларды қабыстырудың орташа шаршы қателігі төмендегі формула бойынша анықталады:



, (5)

мұндағы тSi – полигонометриялық жүріс жақтарының ұзындығын жарықпен қашықтық өлшегіш арқылы өлшеудің орташа шаршы қателігі.

(5) формула бойынша қабылданатын ms = 10 мм төмендегідей есептелінеді:

.

(1) формула бойынша төмендегідей жоспардағы кенжарларды қабыстырудың жалпы орташа шаршы қателігін табады:



,

.

Бұдан кенжарларды қабыстырудың болжалды қателігі



құрайды,

Бұл шекті шамадан артады.

Шекті айырма шегіндегі кенжарларды қабыстыруды қамтамсыз ету үшін жерасты полигонометриялық жүрістерді Гирожақтармен секцияға бөле отырып, бұрыштық өлшемдер қателіктерінің әсерін төмендеткен орынды (1-2), (18-19) және (I-II), (XVI-XV). (18-19) және (XIV-XV) гирожақтардан кенжарларға қарсы К нүктесіне дейінгі аспалы жүрістер салынады. Әрбір секциядағы бұрыштық дәлсіздікті барлық бұрыштарға тең етіп бөледі. Онда жұмысты екі мәрте орындау кезінде кенжарларды қабыстырудың жалпы орташа шаршы қателігі мына формула бойынша есептелінеді:

М2х= m2хβ,г1+m2хβ,г2+ m2хβ,п1+m2хβ,п2+m2хsп+m2хs,ш, (6)


мұндағы m2х β, г – бұрыштар өлшемдерінің қателіктері салдарынан кенжарларды қабыстырудың және 1 және 2 К құламалардан бастап полигонометриялық жүрістердегі гирожақтарды анықтаудың орташа шаршы қателігі; m2х β п – жер бетіндегі бұрыштар өлшемдері қателіктерінің салдарынан 1 және 2 оқпандарының жанында өту бекеттерін салудың орташа шаршы қателігі.

m2х β, г және m2х β п мәндері мына формула бойынша анықталады:



;

,

мұндағы Dyi – осы жүрістегі бекеттерден әрбір гирожақтарға жанасатын жүрістің ауырлық центрінен алғандағы қашықтықтағы у шүлдігіне бағытталған проекция; Ryi – аспалы жүрістің әрбір бекетінен К нүктесіне дейінгі қашықтықтағы у шүлдігіне бағытталған проекция; Dy п – жүрістің бастапқы бекетіне дейінгі гирожақтарға жанасатын жүрістің ауырлық центрінен бастап қашықтықтағы у шүлдігіне бағытталған проекция; (1 шахта үшін 2-ЦТ1 қашықтықтағы проекция, 2 шахта үшін - II - ЦТ2) Dy R – K нүктесіне дейін дәл сондай; R2y н – қабаттағы жүрістің әрбір бекетінен осы жүрістің соңғы бекетіне дейінгі қашықтықтағы у шүлдігіне бағытталған проекция; mа г –гирожақтардың дирекциялық бұрышын анықтаудың орташа шаршы қателігі.

Секциялардың ауырлық центрінің координаттарын төмендегідей анықтайды:

Хц.т=∑х/n; уц.т=∑у/n

мұндағы х, у – гирожақтарға жанасқан жүріс бекеттерінің координаттары; n – жүріс бекеттерінің саны.

Dyi ,Ryi, DyR шамаларының мәндері кескінді түрде анықталады (16-сурет). 1 бекеттен бастап шахтадағы полигонометриялық жүрістер үшін: ΣD2=132·1O4 м2;

Dy н=185; DyR=875 м, ал 1 бекеттен бастап шахтадағы жүріс үшін бұл шамалар: 67·104 м2; 22х104 м2 175 м; 910 м тең болады. Гирожақтардың дирекциялық бұрыштарын анықтаудың орташа шаршы қателігі 30" тең етіп алынады.

(6) формуланы пайдалана отырып, жоспардағы кенжарларды қабыстырудың орташа шаршы қателігін анықтайды:





;

Мх=0,18 м.

Болжалды қателік төмендегі мәнге тең болады:

М ож=3Мх=3·0,18=0,54 м,

бұл жоспардағы кенжарлардың шекті айырмасынан артық болады.



  1. Кенжарларды биіктігі бойынша қабыстыру дәлдігін бағалау

Кенжарларды биіктігі бойынша қабыстырудың жалпы орташа шаршы қателігі мына формула бойынша анықталады:

М2z= m2hcт1+m2hcт2+m2hп+m2hш1+m2hш2+m2 (7)

мұндағы m2hcт1 және m2hcт2 – 1 және 2 шахталардың тік оқпандары арқылы биіктіктерді анықтаудың орташа шаршы қателігі; m2hп, m2hш1, m2hш2- жер бетіндегі және тау-кен қазбаларындағы геометриялық тегістеудің орташа шаршы қателіктері; m2 – көлбеу бойынша тригонометриялық тегістеумен биіктіктерді анықтаудың орташа шаршы қателігі.

Өлшемдерді екі мәрте орында кезінде шахталық қопан арқылы биіктіктерді анықтаудың орташа шаршы қателігі (мм) төмендегі формула бойынша анықталады:

(8)

мұндағы Н – оқпанның тереңдігі, м.

Н1=400 м және Н2=560 м мәндерін (8) формулаға қойып, төмендегі мәнді алады:

; .

Жұмыстарды екі мәрте орындау кезінде IV кластық (мм) геометриялық тегістеу қателігінің салдарынан кенжарларды қабыстырудың орташа шаршы қателігі төмендегі формула бойынша анықталады:



(9)

мұндағы L- жүріс ұзындығы, км

қабаттағы 3п және IIIп бекеттер арасындағы тегістеу жүрістерінің ұзындығы 2,2 км тең, сондықтан

.

Жұмыстарды екі мәрте орындауда тау-кен қазбаларындағы биіктіктерді техникалық тегістеумен анықтаудың орташа шаршы қателігі төмендегі формула (мм) бойынша анықталады:



, (10)

мұндағы L1 және L2- 1 және 2 шахталардың көлденең қазбаларындағы көлденең жүрістердегі тегістеу жүрістерінің ұзындығы.

Аталған мысалда L1 =1,6 км, L2=1,4 км, онда

.

Жұмыстарды екі мәрте орындау кезінде биіктіктерді тригонометриялық тегістеумен есептеудің орташа шарты қателігі мына формула бойынша анықталады (мм):



(11)

мұндағы L- көлбеу бойынша тригонометриялық тегістеу жүрістерінің ұзындығы, км.

19 және XVI бекеттер арасындағы L жүріс ұзындығы 0,55 км тең, онда

.

(7) формула бойынша биіктігі бойынша кенжарларды қабыстырудың жалпы орташа шаршы қателігін анықтайды:



;

Mz = 0,05 м

Бұдан биіктігі бойынша кенжарларды қабыстырудың болжалды қателігі

Мож=3М=3·0,05=0,15 м,

бұл шекті айырмадан аспайды.

_____________________


Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды

жүргізу бойынша

әдістемелік ұсынымға

41 - қосымша






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет