6-параграф. Тірек тораптары бекеттерінің биіктігін анықтау
159. Тау-кен қазбаларына көтерілетін биіктіктер тірек торабы бекеттеріне тігінен орналасқан, көлбеу және көлденең орналасқан тау-кен қазбалары арқылы дербес екі рет өткізеді.
160. Тігінен орналасқан тау-кен қазбалары арқылы биіктіктерді өткізуді ұзын шахталық таспамен, қашықтықты өлшеуішпен немесе қажетті дәлдікті қамтамасыз ететін басқа да аспаптармен орындау ұсынылады.
Биіктіктерді ұзын шахталық таспамен өткізу кезінде қайта өлшеу таспалар мен тегістеменің күйі өзгергеннен кейін орындалады.
Биіктіктерді қашықтықты өлшегіштермен өткізу аспапты дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес орындалады.
161. Биіктіктерді өткізу кезіндегі ауа температурасы жер бетіндегі және оқпан жанындағы ауланың деңгейжиегінде жұмыстар басталар алдында және аяқталғаннан кейін өлшенеді.
Тегістеу мөлшерқадалары, өлшеу таспасы, жүк-мөлшерқадасы және бақылау мөлшерқадасы бойынша есептеулер миллиметрмен белгіленеді. Екі нәтижелер мен екі ұлғаюлар арасындағы айырма 4 мм артық болмайды; нәтиже ретінде орташа арифметикалық айырма алынады.
162. Ұзын шахталық таспамен өлшенген ұлғаюларда салыстыруларға, температураға, таспаларды өз массасынан және салыстыру мен өлшеу кезінде жүктердің массасының айырмашылығынан ұзартуға түзетулер енгізіледі.
163. Тігінен орналасқан қазбалар бойынша екі дербес биіктіктерді өткізу арасындағы айырма төмендегі мәннен аспайды (мм):
Δh = (10 + 0,2Н),
мұндағы Н – шахталық оқпанның тереңдігі, м.
Биіктіктің нақты мәні үшін шекті айырмаларда екі анықтамалардың ішінен орташа арифметикалық мәнді алады.
164. Геометриялық тегістеу, әдеттегідей, көлбеу бұрышы кемінде 5° қазбалар бойынша орындалады. Көлбеу қазбалар бойынша тригонометриялық тегістеу полигонометриялық жүрістерді төсеумен бірге бір мезгілде орындалады.
Тегістеуді бастар алдында негізгі ретінде қолданылатын қадабелгілердің тұрақтылығы тексеріледі. Бақылау ұлғаюлар және қадабелгілер арасында бұрын белгіленген ұлғаюлар арасындағы айырмашылық 30 мм аспайды.
165. Биіктіктерді тригонометриялық тегістеумен өткізу кезінде тігінен орналасқан бұрыштар тура және кері бағыттардағы бір тәсілді Т15 түріндегі теодолиттермен өлшенеді. Нөлдік орынның мәндерінің айырмасы 1,5' аспайды.
Жүрістердің жақтары жерасты полигонометриялық жүрістеріндегі сызықтық өлшемдерге арналған талаптарға сәйкес өлшенеді. Аспап пен дабылдардың биіктіктері екі рет мөлшерқадамен өлшеніп, санағы миллиметрмен есептеледі.
Қандай да бір желіге арналған ұлғаюлардың айырмасы 0,4l мм аспауы қажет, мұндағы l – желінің ұзындығы, м. Барлық жүріс үшін ұлғаю айырмасы , мм аспайды, мұндағы L – жүріс ұзындығы, км.
Тригонометриялық тегістеу бекеттерінің биіктіктерін анықтау 26-қосымшада келтірілген журналда жазылады.
166. Техникалық тегістеу кезінде тұйық немесе аспалы жүрістерді тура және кері бағыттарда төсейді. Тегістемелер мен мөлшерқадалар арасындағы арақашықтық 100 м аспайды. Мөлшерқадалар бойынша есептеулер миллиметрмен есептеледі; мөлшерқадалардың қара және қызыл жақтары бойынша немесе аспаптың екі деңгейжиегінде анықталған станциялардағы ұлғаю айырмашылығы 10 мм аспайды.
Техникалық тегістеу жүрістерінің дәлсіздіктері 50, мм астам болмауы қажет, мұндағы L – жүрістің ұзындығы, км. Техникалық тегістеу журналының үлгісі 27-қосымшада келтірілген.
167. Тұйық тегістеу жүрістерін теңестіру станциялардың санына немесе жүріс жақтарының ұзындығына пропорционал кері таңбалы дәлсіздікті бөлу арқылы орындалады. Әр түрлі ұзындықтағы жүрістер бойынша анықталған нүктелер биіктігінің нақты мәні үшін жүріс ұзындығына пропорционал болатын салмақты есептегендегі орташа алынған мәні қолданылады.
Биік жүрістердің аралас тораптарын теңестіру кезінде салмақтардың мәні биіктіктерді өткізу әдісінің дәлдігіне байланысты қабылданады.
Биіктіктерді есептеу журналының үлгісі 28-қосымшада келтірілген.
9-тарау. Жерасты маркшейдерлік түсіру торабы
1-параграф. Жалпы ережелер
168. Жерасты маркшейдерлік түсіру торабы тау-кен қазбаларын түсіру үшін негізгі болып табылады және дайындық қазбалары мен тазаланған кенжарларды және тазаланған блоктардағы ойылған қазбаларды түсіруге арналған бұрышөлшегіш жүрістерді түсіру үшін төселетін теодолиттік жүрістерден тұрады.
Теодолиттік жүрістер тірек торабының бекеттеріне, ал бұрышөлшегіш жүрістер теодолиттік және полигонометриялық жүріс бекеттеріне тіреп қойылады. Теодолиттік және бұрышөлшегіш жүрістердің сипаттамасы 3-кестеде келтірілген.
169. Теодолиттік жүрістер тұйық, алшақ орналасқан немесе екі қайтара төселген болуы мүмкін. Теодолиттік жүрістерді соның салдарынан полигонометриялық жүрістер төселетін қазбаларда төсеу кезінде сол жақ және оң жақ бұрыштары өлшенетін аспалы жүрістерді пайдалануға болады. Оң жақ бұрышты өлшеу алдында теодолиттің орталықтандырылуын тексереді. Мұндай жүрістердің ұзындығы тау-кен қазбаларының жоспарларын 1:1000 масштабта құру кезінде 300 м артық және 1:2000 масштабта 500 м артық болмайды.
170. Теодолиттік жүріс бекеттерінің дайындық қазбаларының кенжарынан артта қалуы өткізгіштермен өткізілген қазбаларда 50 м, бағыттар бойынша өткізілген қайта өңдеу орындарында 100 м аспайды.
Теодолиттік жүрістер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпті аймақтардың шекараларының бағытында соның бойымен және қауіпті аймақпен тікелей кенжардың қозғалысының артта қалуы бойынша 20 м аспайтындай етіп төселеді. Мұндай жағдайларда бекеттердің координаттары екі рет анықталады.
3-кесте
Жүрістің түрі
|
Бұрыштар өлшемінің орташа шаршы қателігі
|
Жүрістің шекті ұзындығы, км
|
Жақтардың екі өлшемдерінің арасындағы шекті айырма
|
|
көлденеңінен
|
тігінен
|
|
|
Теодолиттік
Бұрышөлшегіштік
|
40''
10''
|
60''
10''
|
1,0
0,3
|
1:1000
1:200
|
171. Теодолиттік жүрістердің бекеттері уақытша жерасты маркшейдерлік тірек тораптары ретінде бекітіледі. Бұрышөлшегіштер мен бекеттердің аспалы теодолиттерін пайдалана отырып, тазаланған кенжарларды түсіру кезінде оларды бекітпеуге болады.
172. Аралық қабат қазбаларын бағыттау екі қайтара орындалады. Екі бағыттау арасындағы айырма 20' аспайды.
2 - параграф. Бұрыштық және сызықтық өлшемдер
173. Теодолиттік жүрістердегі бұрыштар Т30 түріндегі теодолиттермен өлшенеді, теодолиттер мен дабылдарды орталықтандыру пілтелі құламалардың көмегімен орындалады.
Көлбеу бұрышы 30° кем қазбаларда төселетін жүрістерде бұрыштар бір қайталамалармен немесе тәсілдермен өлшенеді. Қайталамалар әдісі арқылы бұрыштарды өлшеу кезінде бұрыштың бір реттік және нақты (орташа) мәні арасындағы айырма 1,5' аспайды.
Бұрыштарды тәсілдермен өлшеу кезінде жартылай тәсілдер арасындағы бұрыштардың шекті айырмасын 2' құрайды.
Көлбеу бұрышы 30° астам қазбалардағы бұрыштарды өлшеу алғашқы есептеуді екінші тәсілдің алдында шамамен 180° жылжыта отырып, екі тәсілмен орындауға болады. Жекеленген тәсілдерден алынған бұрыштардың шекті айырмасы 1,5' құрайды. Жартылай тәсілдер арасындағы бұрыштардың айырмасы 4-кестеде келтірілген шамадан аспайды.
174. Теодолиттік жүрісті толықтыру алдында бақылау бұрышын өлшеу керек; бұрыштың алдыңғы және бақылау мәндері арасындағы айырма 2' аспайды. Бекеттерді жылжыту қажет болса, теодолиттік жүрістер толықтыру кезінде орташа шаршы қателігі 3' гидроскопиялық түрде бағытталған жақтарға қатысты болады.
175. Бұрышөлшегіштік жүрістерді төсеу үшін бұрышөлшегіштер мен әр түрлі теодолиттер қолданылады. Автоматты орталықтандыру аспаптарын қолдануға да болады.
4-кесте
Қазбаның көлбеу бұрышы
|
Жартылай тәсілдер арасындағы бұрыштардың шекті айырмасы
|
|
Көлденең және көлбеу қазбалардың қабысуы
|
Көлбеу қазбасы
|
31-45°
46-60°
61-70°
|
2'
3'
4'
|
3'
4'
5'
|
176. Теодолиттік жүрістердегі сызықтардың ұзындығы болат салыстырмалы өлшегіштермен өлшенеді. Өлшегіштерді динамометрсіз созуға болады. Бұрышөлшегіштік жүрістерде тоқыма баудан жасалған өлшегішті қолдануға болады. Сызықтар екі рет өлшенеді. Теодолиттік жүрістердегі сызықтарды өлшеу кезіндегі есептер миллиметрмен, бұрышөлшегіштік жүрістерде сантиметрмен алынады.
177. Теодолиттік және бұрышөлшегіштік жүрістердегі сызықтарды 177-тармақта белгіленген өлшемдердің дәлдігін сақтай отырып, оптикалық және басқа да әдістермен өлшеуге болады.
3-параграф. Түсіру торабы бекеттерінің координаттарын есептеу
178. Түсіру торабы бекеттерінің координаттарын есептеу алдында бұрыштық және сызықтық өлшемдерінің жазбалары мен есептеулерін, сондай-ақ орындалған өлшемдердің белгіленген шектерге сәйкестігін тексереді. Теодолиттік жүрістер сызығының өлшенген ұзындығына егер олар сомадағы өлшенген сызықтардың ұзындығынан 1:5000 астам болатын болса, онда салыстырулар мен температураға түзетулер енгізіледі.
179. Түсіру торабы жүрістерінің бұрыштық дәлсіздіктері 153-тармақтағы формулалар бойынша анықталған шамадан аспайтындай етіп алынады.
Шекті салыстырмалы сызықтық дәлсіздіктер мынадай болады:
тұйық теодолиттік жүрістерде – 1:1500; алшақ орналасқан және екі қайтара төселген жүрістерде – 1:1000;
бұрышөлшегіштік жүрістерде – 1:200.
180. Түсіру тораптарының жүрістерін теңестіру 156-тармақтың талаптарына сәйкес бөлек әдіспен орындалады.
Координаттардың мәнін сантиметрмен, теодолиттік жүрістердегі дирекциялық бұрыштардың мәнін 10'', бұрышөлшегіштік жүрістерді минутпен жуықтауға болады.
4-параграф. Түсіру торабы бекеттерінің биіктіктерін анықтау
181. Тригонометриялық тегістеу, әдеттегідей, бір мезгілде теодолиттік немесе бұрышөлшегіштік жүрістерді төсеу арқылы жүргізіледі.
Тігінен орналасқан бұрыштар шеңбердің тура және кері бағыттағы екі жағдайында немесе екінші өлшемнен бұрын дабыл биіктігін өзгерте отырып, бір бағытта өлшенеді.
Белгілі биіктіктегі бекеттер арасында төселген бұрышөлшегіштік жүрістерде асырмаларды бір реттік анықтауға болады.
182. Теодолиттік жүрістерде биіктіктерді тригонометриялық тегістеумен анықтау кезінде мынадай талаптар сақталады:
жүрістің басындағы және соңындағы нөлдік орын мәндерінің айырмасы - 3' аспайды;
теодолиттің немесе дабылдың биіктіктерінің екі анықтамасының арасындағы айырма - 10мм аспайды;
белгілі бір жақтың ұлғаю айырмашылығы оның ұзындығынан 1:1000 аспайды;
жүрістің шекті биіктік дәлсіздігі - 120, мм, мұндағы L – жүрістің ұзындығы, км.
183. Бекеттердің биіктіктерін геометриялық тегістеумен анықтау кезінде 164-тармақ басшылыққа алынады.
184. Тегістелген жүрістер жүріс жақтарының ұзындығына пропорционал дәлсіздіктерді бөлумен теңестіріледі, таңбалар сантиметрмен жуықталады.
185. Қабат аралық қазбалардағы түсіру торабы бекеттерінің биіктіктері өлшегіштің көмегімен негізгі деңгейжиек бекеттерінен (қадабелгілерінен) бастап тігінен көтерілетін қазбалар арқылы биіктіктерді белгілеу жолымен анықталады. Биіктіктерді белгілеу екі қайтара орындалады, ұлғаюлардағы айырмашылық 5 см аспайды.
10-тарау. Түсіру жұмыстары
1-параграф. Жалпы ережелер
186. Түсіру объектісі мыналар:
барлық дайындық және тазаланған тау-кен қазбалары, барлау, гидрогеологиялық, техникалық ұңғымалар; түрлі мақсаттағы камералар, көлік жолдары;
дайындық қазбалары мен қорғалатын объектілерде қалдырылған пайдалы қазбалардың кентіректері, шой тас жолақтары, толтыру шекаралары;
жер бетімен байланысы бар, екі шахтаны немесе дербес желдеткіші бар жекеленген блоктарды қосатын қолданыстағы тау-кен қазбаларында белгіленген күрделі оқшау бөгеттері; өрт сөндіру учаскелері мен судың, қорыстың жарып өту қаупі бар учаскелерді оқшаулайтын бөгеттер, қолданыстағы қазбалардағы ұлпалар;
су құю және желдету құрылғылары;
тау-кен соққыламаларының, тау-кен жыныстары мен газдың кенет құлау, газдың немесе тозаңның жарылу орындары; өрттердің, газдық суфлярлық бөліну, судың жарып өту, қорыс, лайлану орындары; судың қарқынды пайда болу орындары: тау-кен қазбаларындағы карсттер мен аударылу куполдары (биіктігі 1 м астам) болып табылады.
187. Адамдардың келуіне тыйым салынатын тау-кен қазбаларын түсіру жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әдістермен және аспаптармен орындалады.
Үлкен қималы тау-кен қазбаларын жалпы сипаттамасы 29-қосымшада берілген жарық қималары мен дыбыслокациясының әдістерімен түсіруге болады.
188. Жоспарларды толықтыру үшін тау-кен қазбаларын түсіруді бір айда бір реттен кем жүргізіледі.
189. Тектоника, қабаттың құрылымы мен сиятын жыныстар туралы деректерді, олардың кеңістіктегі орнын тау-кен кәсіпорнының геологиялық қызметі анықтайды.
2-параграф. Дайындық қазбаларын, жарылыс ұңғымаларын және кенқұдықтарды түсіру
190. Дайындық қазбаларын түсіру перпендикуляр әдіспен, полярлық немесе басқа да әдістермен, әдеттегідей теодолиттік және бұрыштық жүрістерді төсеумен бірге бір мезгілде орындалады. Қазбаларды тірек торабы бекеттерінен немесе теодолиттік жүрістерден бастап тиісті бағытта аспаптармен түсіруге болады.
191. Дайындық қазбаларының контурлары жарықта және, мүмкіндігінше, өту жолдарында түсіріледі.
Өту жолдарында қазбалардың бүйірлерін түсіру кезінде сызықтық өлшемдер дециметрмен жуықталып, жарықта түсірген кезде сантиметрмен жуықталып жүргізіледі.
192. Қазбалардың бүйірлерін түсірген кезде бір мезгілде 197-тармақта көрсетілген барлық элементтерді түсіру орындалады. Барлық түсіру бөлшектері бұрыштық және сызықтық өлшемдер журналында абристерде көрініс табады.
193. Дайындық қазбаларының өту жолдарын өлшеу салалық нормативтік құжаттамаға сәйкес есеп беру мерзімінің соңындағы жай-күй бойынша айына бір рет орындайды.
194. Жарылыс ұңғымаларын түсіру кезінде ұңғыма сағасының орнын, тереңдігін, бағытын және шүлдіктің көлбеу бұрышын анықтайды. Ұңғыманың бағыты мен шүлдіктің көлбеу бұрышы 1° қателікпен, тереңдігі 0,2 м дейін анықталады (29-қосымша).
195. Ұзаққа созылған, бекіткіші жоқ тік кенқұдықтарды түсіру ультрадыбыстық және басқа да арнайы аспаптардың көмегімен орындауға болады.
3-параграф. Рельстік жолдарды тігінен түсіру
196. Көлденең орналасқан қазбаларға жақын қазбалардағы тасып шығарылатын жолдарды тігінен түсіру 164-тармақтың талаптарына сәйкес техникалық тегістеумен орындалады. Тегістеу 10 немесе 20 м сайын жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелер бойынша орындалады. Бір мезгілде әрбір жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелерде және ерекше орындарда қазбалардың биіктіктерін өлшейді. Көлбеу қазбалардағы рельстік жолдарды түсіру, әдеттегідей, бүйір қадабелгілерді пайдалана отырып, тригонометриялық тегістеу арқылы орындалады.
197. Түсіру жұмыстарының нәтижелері бойынша рельстік жолдардың бойлық кескінін салу үшін компьютерлер мен сызба құрастырушыларды пайдалану ұсынылады.
198. Рельстік жолдардың көлбеулерін бақылау үшін қателігі 0,0005 аспайтын жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелердің арасындағы көлбеулерді анықтауға мүмкіндік беретін профилографтарды қолдануға болады.
4-параграф. Тазарту кенжарларын түсіру
199. Тазарту кенжарлары сызықтарының қалпы аспаптық түсірумен немесе таспалы өлшегіштермен анықталады. Кенжар сызығының ұзындығын, қазбаны жылжыту және биіктігін анықтау қателігі 1:100 аспайды.
200. Созылымы бойынша пайдалы қазбаны қазатын тігінен құлату кезіндегі тазарту кенжарының қалпы кенжардан бастап үстіңгі және төменгі деңгейжиектегі қуақаздарда орналасқан бекеттерге дейінгі қашықтықты өлшеу арқылы анықталады. Қазбаның төбелік кемерлі жүйесінде тазарту кенжарының қалпы кемерлердің элементтерін өлшейтін таспалы өлшегішпен анықталады.
201. Пайдалы қазбаларды сатылы түрде қаза отырып, тігінен құлайтын сілемдерді қазу кезіндегі тазарту кенжарының орнын баудың және аспалы жартылай шеңбердің немесе асатаяқтың көмегімен түсіруге болады, жүріс сатылы түрде бекеттерге жанасады. Жүрістің соңындағы бекеттердің биіктіктерінің айырмасы оның ұзындығынан 1:2000 аспайды.
202. Қабат аралық қазу кезінде тазарту кенжарының қалпы (камераның контуры) қабат аралық қазбаларда орналасқан бекеттерден бастап таспалы өлшегішпен өлшенеді. Кемерді штангілік теспемен уату кезінде ішке кіргізбей-ақ камера түсірмесі мен камера арасындағы кентіректердің өлшемдерін бақылау қол жетпейтін контурларды түсіруге арналған аспаптармен орындалады.
203. Мәжбүрлі қабаттық қопарумен қазу жүйесінде блоктардың учаскелерінің өңделген шекаралары жарылыс ұңғымаларының түсірмесі бойынша белгіленеді.
204. Түсіру нәтижелері өлшемдер журналына енгізіледі, онда әрбір қазба бойынша егжей-тегжейлі абрис құрылады.
Ұйымдар бойынша толығымен өлшеу нәтижелері тау-кен қазбаларының өлшемдерінің журналына енгізіледі, оны мекеменің техникалық басшысы нақтылайды.
5-бөлім. Тау-кен кәсіпорындарын салу кезіндегі жұмыстар
11-тарау. Жалпы ережелер
205. Салу кезінде жобалық сызбалардың сандық мәндері мен кескіндік бөліктерін тексеру; жобаның геометриялық элементтерін жер бетіне ауыстыру; ғимараттардың, құрылыстардың және тау-кен қазбаларының жобада белгіленген геометриялық элементтерінің ара қатынасының сақталуын бақылау; құрылыстардың шөгінділерін бақылау, өнеркәсіп, тау-кен қазбалары аумағын түсіру және тау-кен кескіндік құжаттамаларының сызбаларын толықтыру; тау-кен жұмыстарының көлемін есепке алу жұмыстары орындалады.
206. Жобаның геометриялық элементтерін жер бетіне шығару бойынша маркшейдерлік жұмыстар маркшейдерлік тірек тораптары бекеттерінің, бөлу торабының және шахталық оқпандардың шүлдікті бекеттерінің негізінде жүргізіледі.
Бөлу торабының жобасын, әдеттегідей, жобалау ұйымдарын жұмылдыру арқылы әзірлеу ұсынылады.
207. Бөлу торабын салуды, шахталық оқпандардың шүлдіктерін, желілік құрылыстардың жолдарын шығаруды және бекітуді тапсырыс беруші ұйым (немесе оның тапсырмасы бойынша мамандандырылған ұйым) орындайды және акт бойынша бас мердігерге береді.
Ғимараттардың, құрылыстардың және технологиялық жабдықтың шүлдіктерін шығаруды, монтаждық торларды салуды, бағыттарды жерасты қазбасымен орындауды құрылыс салу ұйымының маркшейдерлік қызметі орындайды.
Өнеркәсіп аумағын түсіруді және пайдалануға беру кезінде кен өндіру кәсіпорындары аумағының топографиялық жоспарларын жаңартуды, әдеттегідей, мамандандырылған топографиялық-геодезиялық ұйым орындайды.
Құрылыстардың шөгінділерін бақылау тапсырыс берушінің міндеттеріне кіреді.
208. Ғимараттарды, құрылыстарды бөлу және бағыттарды орындау «Жұмыс өндірісіне» деген бұрыштамасы бар жобалық сызба бойынша жүргізіледі.
Жобалық құжаттама ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс сызбасын бас жоспармен салыстыра отырып, сондай-ақ жоба қолданыстағы құрылыстар мен жер бедерінің орналасуымен салыстыра отырып тексеріледі.
Тау-кен қазбаларының көлемдері мен қималары белгіленген шекті ауытқуларды ескере отырып оларға орналастырылатын жабдықтың габаритіне сәйкес болады. Оқпан жанындағы қазбалардың жобалық сызбалары жобалық полигондар салынуымен тексеріледі.
Жобалық сызбалардағы анықталған сәйкессіздіктер туралы бас маркшейдер жазбаша түрде құрылыс ұйымының басшылығына, ең соңында, өз кезегінде өзгерістер енгізу және жобаны түзету үшін тапсырыс беруші мен жобалық ұйымға хабарлайды.
209. Құрылыс құрылымдары мен технологиялық жабдықтың жобадан ауытқушылығы жобаның техникалық шарттарында белгіленген шекті мәндерден аспайды.
Жол берілмейтін ауытқушылықтар туралы құрылыс ұйымының бас инженеріне хабарлайды және маркшейдерлік нұсқаулар кітабында жазады.
210. Бөлу кезінде орындалатын барлық өлшемдер бөлу журналында тіркеледі. Журналда: бөлу кестесі, негізгі нүктелерге қатысты деректер; жобалық сызбалардың нөмірлері; өндіріс аумағының шүлдігіне немесе құрылыстың шүлдігіне қатысты объектілерді бөлу және бағыттау жұмыстары орындалатын қашықтықтар мен өлшемдер келтіріледі. Көрсетілген бұрыштар, ұзындықтар, биіктік белгіленгеннен кейін қажетті бақылау өлшемдерін жүргізеді. Объектінің бөлу кестесіне бөлу жұмыстарын орындаушы және осы жұмыстарды қабылдаған учаскенің бастығы қол қояды.
211. Құрылысты кескіндеу үшін инженерлік коммуникациялардың беті мен орны атқару сызбасында дайындалады.
Іргетастардың бағаналардың, технологиялық жабдықтың, кранаралық жолдар мен жерасты коммуникацияларының орны ауытқушылықтарды көрсете отырып жобаның жұмыс сызбасына енгізіледі.
Инженерлік коммуникацияларды түсіру тиісті нормативтік құжаттардың талаптарын сақтай отырып, объектілерді (ашық жыраларда және қазан шұңқырларда) салу барысында орындалады.
12-тарау. Шахта бетіндегі технологиялық кешенді
салу кезіндегі жұмыстар
1-параграф. Бөлу тораптары
212. Шахта бетіндегі технологиялық кешенді салу кезіндегі егжей-тегжейлі бөлу жұмыстары жер бетіне бекітілген шахталық оқпандардың шүлдікті сызықтары немесе құрылыс торлары ретінде құрылатын бөлу тораптары бекеттеріне қатысты орындалады.
Бөлу тораптарының бекеттері олардың ұзақ уақыт бойы сақталуы және уақытша және тұрақты құрылыстардың шүлдіктерін салу үшін пайдалануға қолайлылығы қамтамасыз етілетін орындарға орналастырылады.
213. Жабдықты жекеленген ғимараттарда орналастыра отырып, технологиялық кешен құрылыстарын салу кезінде бөлу жұмыстары шахталық оқпандардың шүлдікті бекеттерінен бастап орындалады. Шахталық оқпанның орталығы мен шүлдігін жер бетіне шығару үшін оқпаннан 300 м қашық орналасқан маркшейдерлік геодезиялық тірек торабы бекеттерінен бастап 2 разрядтық полигонометриялық жүріс төселеді. Оқпан орталығының екі еселенген анықтамаларының айырмасы 0,2 м астам болмауы, оқпанның бас шүлдігінің дирекциялық бұрышының айырмасы 2' астам болмайды; бас шүлдікке қатысты басқа шүлдіктің (перпендикуляр) бөлу қателігі 30'' аспайды.
Оқпанның әрбір шүлдігі кемінде алты бекетке, оқпанның әр жағынан үш бекет бойынша бекітіледі. Көршілес бекеттер арасындағы қашықтық кемінде 50 м болады. Шүлдікті бекеттер мен оқпанның шығарылған орталығын анықтау үшін 2 разрядтық полигонометриялық жүріс төселеді.
214. Қолданыстағы шахтаның технологиялық кешенімен байланысты оқпанның орталығы мен шүлдігін жер бетіне шығару кезінде, оқпанның орталығы мен бас шүлдігі шахтаны бағыттау кезінде қолданылатын маркшейдерлік геодезиялық тірек торабынан бастап немесе 213-тармақта келтірілген дәлдікке қойылатын талаптарды сақтай отырып, қолданыстағы шахталық оқпанның шүлдікті бекеттерінен бастап шығарылады. Шүлдікті бекеттердің арасындағы қашықтық тығыз болған жағдайда арақашықтықты 20 м дейін азайтуға болады.
215. Технологиялық жабдықпен ірі блоктарға біріктірілген шахта бетінің негізгі құрылыстарын салу алдында шахталық оқпандардың параллель тікбұрыштардың жүйелері түріндегі бөлу (құрылыс) торабын құрады.
216. Бөлу торабының жобасы бас құрылыс жоспарында құрылады. Негізгі бекеттер тікбұрыштардың бастарында, қосымша бекеттер негізгілердің арасындағы екі жақты қақпақта орнатылады; негізгі бекеттер арасындағы жақтардың ұзындығы 206-350 м болады.
217. Бөлу тораптары салынатын бекеттер мен бағыттарды шығару шахталық оқпанның орталығы мен шүлдігін жер бетіне шығаруға қойылатын талаптарға сәйкес орындалады.
Бөлу торабының негізгі бекеттері бойынша 2 разрядтық полигонометриялық жүрістер төселеді. Торапты бақылау өлшегіштерімен теңестіреді, ықшамдайды және орындайды. Өлшенген бұрыштардың 90 немесе 180° бастап ауытқушылық 30' аспайды.
Бекеттердің биіктіктері ІV кластық тегістеу жүрістерін төсеу арқылы анықталады.
218. Ғимараттардың, құрылыстардың блоктары мен іргетастарының негізгі шүлдіктерін бөлу перпендикуляр немесе полярлық әдіс арқылы орындалады. Ғимараттар мен іргетастардың негізгі шүлдіктері шүлдікті бекеттер мүмкіндігінше бүкіл пайдалану мерзімі бойында сақталатындай етіп бекітіледі.
Жер бетіндегі анықталатын шүлдікті бекеттер бекеттерден немесе бөлу торабының жақтарынан бастап 25 м қашықтықта орналастырылады; негізгі бекеттерден бастап анықталатын бекеттерге дейінгі бағыттар 1' дәлдікпен, ал қашықтығы 1 см анықталады. Шүлдікті бекеттердің биіктіктері техникалық тегістеумен анықталады.
219. Бөлу жұмыстарын орындау алдында бұрыштарды, ұзындықтарды өлшеу құралы немесе бекеттердің жармалылығын бақылау арқылы бөлу торабы бекеттерінің тұрақтылығы тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |