Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсыным



бет7/24
Дата29.06.2016
өлшемі6.93 Mb.
#166629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24

21-тарау. Ашық тау-кен жұмыстары

364. Маркшейдерлік қызмет жобалық (төлқұжаттық) мәліметтер мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сәйкестігін бақылайды:

1) жұмыс аймағында:

кемерлердің қиябеттері еңістерінің биіктіктері мен бұрыштары, кемерлер табандарының белгілері, көліктік алаңдардың ені мен еңістері, карьер жағдайларының еңіс бұрыштары, кемерлердің жұмыс алаңының ені;

нұсқалық таспаларды өңдеу технологияларының параметрлері мен карьер жағдауларының шекті нұсқасындағы кемерлерді дайындау;

дренаждық, құрғату және суды сыртқа айдау құрылыстары;

тию орнынан түсіру орнына дейінгі көліктік жолдар;

шымтезектер үйінділерінің параметрлері, қуыс жыныстар мен қалдықтарды сумен шаю;

еңістердің, қималардың және орлардың, ойлардың, қазан шұңқырлардың, шыңыраулардың, барлау және атылыстық ұңғымалар мен басқа да кен орындарының орналасқан жерлерінің бағыттары;

кен (құм) қорларын толық өңдеу, артық ойылған жыныстардың саны, ойып алу қуаттылығын сақтау, бөгеттер мен үйінді асты алаңдарын тазалау сапасы бақыланады;

2) жұмыс жүргізілмейтін аймақта:

өңдеу алаңдары;

шекті нұсқадағы кемерлер еңісінің биіктіктері мен бұрыштары, сақтандырғыш алаңдарының, шекті қалыптағы карьер жағдаулары бұрыштарының ендері;

карьер жағалауларының шекті нұсқасындағы кемерлерді дайындау сапасы бақыланады.

365. Тау-кен жұмыстарының дұрыс жүргізілуін бақылау осы нұсқауда қарастырылған маркшейдерлік түсірмелері мәліметтерінің негізінде жүргізіледі.

Өлшемдер жүргізу кезінде орындалған жұмыстар 8-кестеде келтірілген рұқсаттарды қанағаттандырады.

366. Жару жұмыстарын жүзеге асыру кезінде маркшейдерлік түсірмелер мен өлшемдердің жалпы кешеніне салу орнын және жарылатын ұңғымалардың тереңдіктерін анықтау кіреді. Учаскенің маркшейдері бұрғыаттырма учаскесінің бастығына жарылатын блоктың тау-кен жұмыстарының жоспарынан ұңғымалардың нақты орналасқан орны және олардың тереңдіктері көрсетілген құжаттың көшірмесі беріледі.

Оларсыз ұңғымаларды оқтау мен жаруға тыйым салынатын құжаттардың көшірмелері жаппай жару өндірісі жобасына қоса беріледі.

8-кесте
Орындалған жұмыстар параметрлерінің рұқсат етілген ауытқулары

Параметрлер


Рұқсат етілген

ауытқулар


Жер қыртысы белгілерінің жобадан (паспорттан) ауытқуы, м

±0,4


Кен діңгегіндегі кемер биіктігінің жобадан (паспорттан) ауытқуы, м

±0,6


Сақтандырғыш және көліктік алаңдар енінің тек арту жағына жобадан ауытқуы, м:

1:1000 масштабы үшін

1:2000 масштабы үшін


1,4


2,8

Темір жол көлігі кезінде 20 м қашықтықтағы рельстік жолдардың берілген еңістен ауытқуы, қат. бірлік.

±0,002


Автокөлік кезінде 20 м қашықтықтағы көліктік алаңның берілген еңістен ауытқуы, қат. бірлік.

±0,02

Көліктік алаңның жер қыртысының берілген белгісінен ауытқуы, м

±0,4


Кемердің төменгі жиегінің шауып бiтiрiлген кемерлердің жобалық қалпынан ауытқуы, м :

1:1000 масштабы үшін

1:2000 масштабы үшін


±1,0


±2,0

Атылыстық ұңғымалар сағасының жобалық қалыптан ауытқуы, м

±0,3


Ұңғыма тереңдігінің жобалықтан ауытқуы, м

±0,2

Ұңғымалар, шыңыраулар, штолен және басқа да тау-кен орындары сағаларының қалпын анықтаудағы қателіктер мынадан аспауы керек , м:

Кен орнын барлау кезінде

жоспарда

биіктігі бойынша



1,0

0,3


Түсірім тораптарының жақын бекеттеріне қатысты ашық тәсілмен өңдеу үшін ұсақ кен орындарын барлау кезінде

жоспарда

биіктігі бойынша

1,6


0,3

Кен орындары (орлар, шұңқырлар және т.б.) қимасының жобалықтан арту жағына ауытқуы, %

+10


Кен орындарының (орлар, шұңқырлар және т.б.) жобамен салыстырғандағы еңістерінің артуы, қат. бірлік.

0,003


Шымтезектіктің «сыртқы» қуатының жобалықтан немесе нормативтіктен ауытқуы, %

±50


Плотикті тазалау қуатының, жобалықтан (нормативтен) ауытқуы %

Геологтың жазбаша нұсқауы бойынша

Шымтезек үйінділерін, қуыс жыныстарды, қалдықтарды шаюды орналастыру

Жобада қарастырылған алаңдарда

ғана рұқсат етіледі


367. Адымдаудың есеп беру кезіндегі шамасы драждық малтатас үйінділерінің қырлары арасындағы қашықтықты олардың діңдік сызығының бойымен өлшеу жолымен бақыланады.

Адымдаудың үйлесімді шамасының айтарлықтай артуы адым арасындағы кен діңгектеріндегі құм шығынының негізсіз артуына, адымдау шамасының азаюына – жер қазатын машинаның өндіру қуаттылығын төмендетуге әкеледі.

Әр драга көсіп шығару тереңдігіне байланысты плотик жыныстарының қаттылығына, көсіп шығару шынжырын тәжірибелі түрде тарту арқылы қалқыманың үйлесімді өнімділігін және адымаралық кен діңгектеріндегі (қырлардағы) құмның үйлесімді шығынын қамтамасыз етуді қарастыратын адымдаудың үйлесімді шамасының кестелерін немесе номограммаларын есептеп шығарады. Кестелер мен номограммалар әр жер қазу машинасы бойынша болады.

368. Егер жабу нұсқасы судың беті, сондай-ақ жұмыс қадалары бойынша өтетін болса, жер қазу машиналарының шектес жүрісінде жабу шамасын жедел түрде тексеру жабу шекарасының немесе белгілердің сызығы негізінде қойылған белгілердің екі жағы бойынша жүргізіледі.Төменгі көсіп шығаратын барабаннан түсетін бурун шектес борт плотигін, драждық қиманы тазалау аяқталған кезде белгілерде немесе белгілердің екі жағында болады.

369. Драждық тәсілмен өндіру кезінде шығарылған шымтезектер мен құмның көлемін анықтаудағы қателік ± 6 % аспайды.


_________________

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымға

1-қосымша

Тау-кен кәсіпорны маркшейдерлік қызметі

қызметкерлерінің санын анықтау әдістемесі

1. Маркшейдерлік қызметі қызметкерлерінің санын анықтау
Шахтаның учаскелік маркшейдерлерінің саны мына формула бойынша анықталады:
Ν = 0,22L+0,02l+0,26n, (1)
мұндағы L – шаруашылық әдіспен дайындық қазбаларын жүргізудің жоспарлы жылдық көлемі (бұрғылау қондырғыларын пайдалана отырып өтетін қазбаларсыз), км; l – қазылатын қазбалардың жылдық орташа аралығы, км; n – жоспар бойынша тазарту кенжарларының орташа әсер ету саны.

Есептелген N мәнін тау-кен геологиялық жағдайларына байланысты болатын Кш коэффициентке көбейтеді.

Тау-кен геологиялық жағдайларына байланысты шахталар 3 топқа бөлінеді:

I топ – жайпақ және көлбеу құлайтын, берік орнығу элементтері мен қуаттылығы бар, тұрақты бүйір жыныстары мен аздап су басқан кездегі (сумен қанығу коэффициенті 1 т өнім үшін 3 м3) дизъюнктивтік бұзушылықтардың саны (шахта қабаты шегінде 1-3) шамалы қуаттылығы 1,3 м астам қабаттарды қазатын шахталар; Кш=1,0.

II топ - көмірдің немесе газдың кенет лақтырындысы немесе тау соққылары бойынша қауіпті, салыстырмалы берік орнығу элементтері мен қуаттылығы бар, тектоникалық бұзушылықтардың орташа күрделілігі бар, тұрақты бүйір жыныстары бар, 1 т өнім үшін сумен қанығу коэффициенті 4-25 м3 болатын жайпақ және көлбеу қабаттарды (кен қабаттарын) қазу шахталары; салыстырмалы берік орнығу элементтері бар жұқа және орташа қуатты тік қабаттар; Кш=1,2-1,3.

III топ - көмірдің немесе газдың кенет лақтырындысы немесе тау соққылары бойынша қауіпті, қуаттылығы 0,5 - 3,5 м қарқынды қатпарлы құрылымы бар, орнығу элементтері мен қуаттылығы дереу өзгеретін, ірі және ұсақ дизъюнктивтік бұзушылықтардың саны көп, тұрақсыз бүйір жыныстары бар, тым көп сумен қаныққан көлбеу және тік қабаттарды (кен қабаттарын) қазатын шахталар; Кш = 1,351,45.

Қолайлы тау-кен геологиялық жағдайлары бар шахталар үшін Кш коэффициенті 0,6 тең етіп алынады.

Шахтаны тау-кен геологиялық жағдайлардың күрделілігі бойынша тиісті топтарға жатқызуды өндірістік бірлестіктің бас маркшейдері жүзеге асырады.

Тау жыныстары мен жер бетінің сырғуын, өңделетін ғимараттардың, құрылыстар мен табиғи объектілердің өзгеруін маркшейдерлік бақылау кезінде, кен қысымының көрінісін анықтау кезінде, тау-кен жұмыстарымен бұзылған жерлерді қалпына келтіру учаскелеріне маркшейдерлік қызмет көрсету кезінде есептік сан үшін учаскелік маркшейдерлердің қосымша бірлігін қосу қажет. Егер барлық аталған жұмыс түрлерін орындау үшін жылдық жұмыс уақыты шығыны кемінде 50 % қажет болса, есептік санға бір учаскелік маркшейдер қосылады.

Егер учаскелік маркшейдердің жылдық жұмыс уақыты шығынның кемінде 50 % қажет ететін шахтаны шаруашылық әдіспен қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілсе, онда есептік санға қосымша бір маркшейдер енгізіледі.

Қосымша жұмыс түрлері бойынша учаскелік маркшейдердің жылдық уақыт шығындарын шахтаның бас маркшейдері анықтайды.

Қажет болған жағдайда (1) формулаға кіретін маркшейдерлер санының нормасы жергілікті ерекше жағдайларды, техникалық жабдықталуын ескере отырып, түзетілуі мүмкін және мекеменің басшысы бекітеді.

Қалған ИТҚ мен жұмысшылардың саны 1 кестеге сәйкес белгіленеді.

1-кесте


Учаскелік маркшейдерлердің есептік саны


Учаскелік маркшейдер – бас маркшейдердің орынбасары


Техник-картограф


Маркшейдерлік жұмыстардағы тау-кен жұмысшысы



1

2

3

4

1

2

3



4

5

6



7

1


-

-

-



-

-

1



1

2


-

-

1



1

1

1



1

3


1

3

4



5

6

7



8

4


8

9

10



11

12

13



14

15

16 - 20



1

1

1



1

1

1



1

1

1



1

1

2



2

2

2



2

3

3



9

10

11



12

13

14



15

16

17





2. Маркшейдерлік қызметі қызметкерлерінің санын анықтау
Учаскелік маркшейдерлердің саны мына формула бойынша анықталады:
N = (N1 + N2 + N3)K1K2, (2)
мұндағы N1 – экскаваторлармен жүргізілетін тау-кен жұмыстарын қамтамасыз етуге қажетті учаскелік маркшейдерлер саны; N2 – бұрғылау-жару жұмыстарын қамтамасыз ету үшін қажетті учаскелік маркшейдерлер саны, N3 – күрделі құрылыс салумен (қайта құрумен), жерді қалпына келтірумен, қималардың борттарының тұрақтылығын бақылаумен, көшкіндермен және басқа да маркшейдерлік жұмыстармен байланысты арнайы жұмыстарды орындау үшін қажетті учаскелік маркшейдерлердің саны; K1 –тереңдігінің көп еңбек етуді қажет ететін маркшейдерлік жұмыстарға әсер етуіне енгізілетін коэффициент, K1 = l - 200 м дейінгі қиманың тереңдігінде. K1 = 1,2 – 200-300 м дейінгі қиманың тереңдігінде, K1 = l,3 - 300 м астам қиманың тереңдігінде; K2 = 1,2 - биік таулы аудандарда орналасқан тау-кен кәсіпорындары үшін қолайсыз климаттық жағдайларда енгізілетін коэффициент.

N1 мәні мына формула бойынша анықталады:

N1 = Nр1 + Nр2 + Nр3 (3)

Экскаваторлар жұмысының түрлі жағдайларын бейнелейтін (3) қосу формуласы былай есептеледі:

Nр=,

мұндағы t –белгілі бір технологиялық процесстегі өнімділігі бойынша бір үлгідегі экскаваторлардың тізімдік саны; ri – 2-кестеден алынатын коэффициенттер; р1, р2, р3 – қызмет көрсету үшін бір учаскелік маркшейдерді қажет ететін экскаваторлардың келтірілген нормативтік саны. Қалыпты тау-кен техникалық жағдайларында тау-кен массасын қазып алу кезінде p1 = 6 алынады, биіктігі 10 м төмен тау-кен массасын кемерлермен және кемер үстімен қазу кезінде және маркшейдерлік жұмыстарды көп жүргізуді қажет ететін күрделі қазу жағдайларында р2 = 5 алынады, аршу жыныстарының үйінділерінде жұмыс істейтін экскаваторлар үшін р3 = 12 алынады.

2-кесте


Мехлопат немесе драглайн түріндегі экскаватор шөміштерінің сыйымдылығы, , м3

Коэффициент ri



Көп шөмішті және роторлық экскаваторлардың, гидроқондырғылардың техникалық өнімділігі, , м3

Коэффициент ri



<5

6 — 10


11 — 20

>20


1

1,5


2,0

3,0


<500

501 — 1500

>1500


1

1,5


2,0

N2 учаскелік маркшейдерлер саны тау-кен массасын жылдық қазу көлемі 10 млн. м3 үшін бір учаскелік маркшейдер есебінен бұрғылау-жару жұмыстарын пайдалана отырып қазу көлеміне байланысты белгіленеді. Күрделі қазу жұмыстары кезінде, егер мысалы жаруды аздаған көлеммен жүргізсе, онда осы көлем ұйым басшысының шешімі бойынша азайтылуы мүмкін.

N3 учаскелік маркшейдерлер саны есеп бойынша алынады:

қимаға күрделі құрылыс (қайта құру) салу бойынша жұмыстарға қызмет көрсету үшін – бір учаскелік маркшейдер;

ауданы 50 га тау-кен техникалық қалпына келтіру кезеңіне қызмет көрсету үшін - бір учаскелік маркшейдер;

қималардың борттарының, үйінділердің, гидроүйінділердің және басқа да объектілердің тұрақтылығын бақылау үшін - 5 бақылау станциясы үшін бір учаскелік маркшейдер;

қиманың жерасты дренаждық тау-кен қазбаларына қызмет көрсету үшін қосымша шахтаның учаскелік маркшейдерлерінің санын есептеу нормасына байланысты қосымша кемінде бір адам учаскелік маркшейдер енгізіледі.

Қиманың маркшейдерлік қызметінің қалған ИТҚ мен жұмысшыларының штаты учаскелік маркшейдерлердің есептік санының (2) формуласымен алынған 1-кесте бойынша белгіленеді. Орталықтандырылған жұмыстарды орындау үшін ұйымдастырылатын мамандандырылған маркшейдерлік бөлімшелердің штаты қызмет көрсету үшін құрылатын штаттардың штаттың есебінен жинақталады. Тау-кен қазбалары мен қиманың басқа да объектілерін орталықтандырылған аэрофотограмметрлік түсіру әдісімен түсіру кезінде (2) формула бойынша есептелген учаскелік маркшейдерлердің саны түсіру жұмыстарын орталықтан орындаудың көлеміне байланысты 10 – 20 % төмендейді.

Егер кемерлердің жартысынан көбі жер бетіндегі стереофотограмметрлік түсіру әдісімен түсірілсе, (2) формула бойынша есептелген N1 учаскелік маркшейдерлердің саны 10 % төмендейді.

Уақытша сипаттағы (N3) арнайы маркшейдерлік жұмыстарды орындауға арналған учаскелік маркшейдердің саны тек сол жұмыстарды орындау барысында белгіленеді.

Шағын жылдық қазу көлемді тау-кен массасының жекеленген қималары үшін егер (2) формула бойынша есептелген учаскелік маркшейдерлердің есептік саны бірліктен төмен алынса және оларға маркшейдерлік қызмет көрсетуді өзге қималардың маркшейдерлік қызметтеріне жүктеу орынсыз болса, онда бас маркшейдер лауазымысыз учаскелік маркшейдердің штаттық бірлігі қарастырылады.

3. Шахта құрылысын салу басқармасы маркшейдерлік қызметі

қызметкерлерінің санын анықтау
Шахта арқылы өтетін - Nc, шахталық тау-кен құрылысы - Nr, жердің шахта құрылысы объектісі - Nn басқармаларының учаскелік маркшейдерлерінің саны мына формула бойынша анықталады:

Nc=0,8Sn+1,2Sa (4)


Nr =0,6Ln + 0,1Vk + 0,01l+0,15Lp; (5)
Nп=0,2Рσ+0,1Ру+0,1Мп+0,05Сп, (6)
мұндағы Sn - тік оқпандардың өтуінің жоспарлы жылдық көлемі, км; Sа – тік оқпандарды әбзелдеудің жоспарлы жылдық көлемі, км; Ln – тау-кен қазбаларының өтуінің жоспарлы жылдық көлемі, км; VK – камералардың өтуінің жоспарлы жылдық көлемі, 1000 м3; l – қазылатын қазбалардың орташа жылдық ұзақтығы, км; LP – тау-кен қазбаларын жөндеудің жылдық көлемі, км; Рσ – салынатын мұнаралық діңдердің жылдық орташа саны; Ру – салынатын шабындық діңдердің жылдық орташа саны; Мп – жөнделетін көтергіш машиналардың жылдық орташа саны; Сп –салынатын өнеркәсіптік ғимараттар мен құрылыстардың жылдық орташа саны.

Құрылыс объектілерінің қашықтығына байланысты (4), (5), (6) формулалар бойынша анықталған учаскелік маркшейдерлердің саны төменде келтірілген коэффициенттерге көбейтіледі.


Шахта құрылысы басқармасынан құрылыс

салу объектісіне дейінгі орташа қашықтық, км 2-50 50-100 >100

Коэффициент К 1,1 1,2 1,3

Әрбір учаскелік маркшейдер үшін маркшейдерлік жұмыспен айналысатын бір кен қызметкері болады. Үш учаскелік маркшейдер үшін бір техник-картограф болады.

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымға

2-қосымша



Тау-кен кәсіпорындарының маркшейдерлік

қызмет бөлмелері
Маркшейдерлік қызмет бөлмелері нормативтік жабдықталған болуы және шу, діріл, шаңдану мен ауаның ылғалдану көздерінен алшақ болады.

Бөлмелер техникалық құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етеді. Есіктер металл жабындылармен қоршалып, терезелерге металл торлар орнатылады.

Бөлмелердегі қабырғалар төбеге дейін майлы бояумен боялуы ұсынылады, еденге линолеум немесе дымқыл жинау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін басқа да материал төселеді.

Фотограмметрлік түсіру әдістерін қолдану кезінде кестеде келтірілген талаптар қойылатын бөлмелер болады.

Кесте


№№

р/с


Бөлменің атауы

Ауданы, м2,

кемінде


Бөлмелерге қойылатын ерекше талаптар

1

Фотограмметрлік түсірмені өңдеуге арналған аспаптар (координатографы бар аспап, тіркеуші автомат, аспаптарды салатын шкаф және т.б.) жиынтығын орналастыру

Аэрофототүсіру кезінде 1 жиынтыққа 30;

20 – жер бетінде түсіру кезінде



Жарық, құрғақ бөлме; еденге арналған есептік жүктеме 5 кПа; бөлмеде діріл мен шайқалту болмайды; үш желілік розетка (желінің кернеуі 220 В, тұтынылатын қуаты - 2, 5 кВт)

2

Фотозертхана

20 – аэрофототүсіру кезінде,

8 – жер бетінде түсіру кезінде



Біртіндеп жарық берумен жабдықталған қараңғы бөлме, 6-8 (ажыратқыштары бар) желілік розеткалар, желдеткіш; ыстық және суық суы бар су құбырлары, канализация, еденді гидрооқшаулағыш

3

Фототрансформаторды орналастыру (аэрофототүсіру кезінде)

16

Фотозертханамен көршілес қараңғы бөлме, 2-3 желілік розеткалар; желдеткіш

4

Есептеу және дайындық жұмыстары

20




5

Түсіру аппаратуралары мен құрал-жабдықтарды сақтауға арналған қосалқы бөлме

16




______________________

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымға

3-қосымша



Маркшейдерлік-геодезиялық аспаптар мен құралдардың

болжалды тізбесі

1. Егіс жұмыстарына арналған

маркшейдерлік-геодезиялық аспаптар мен құралдар


  1. Бұрыштық өлшемдер мен тахеометриялық түсіру құралдары:

жазықтықта маркшейдерлік тірек тораптарын салу кезіндегі бұрыштық өлшемдер үшін – Т2 немесе Т5 түріндегі нақты теодолит;

жер бетінде түсіру тораптарын, жерасты қазбаларында тірек және түсіру тораптарын салу кезіндегі бұрыштық өлшемдер үшін; тахеометриялық түсіру және жобаларды жер бетіне шығару үшін – Т15 және Т3 түріндегі техникалық теодолиттер.

Тахеометриялық түсірімдер үшін номограммалық тахеометрлерді (2 Тн, Daһlta-010, Daһlta 020 және басқа да құралдарды) қолдану ұсынылады. Көрcетілген түрлерге сәйкес теодолиттердің тізбесі 1-кестеде келтірілген.

Түсіру тораптарын жедел құруға (топтастыруға) арналған жер серіктік құралдар.

2. Сызықтық өлшемдер үшін құралдар:

жер бетінде тірек және түсіру тораптарын салу кезінде, шахтада тірек тораптарын салу кезінде, жер беті мен карьер борттарының өзгерісін бақылау кезінде желілердің ұзындықтарын өлшеу үшін – жарық қашықтықты өлшегіштер, электрондық және оптикалық тахеометрлер, лазерлік қашықтық өлшегіштер;

дәл осындай мақсатқа арналған, сондай-ақ шахтадағы түсіру тораптарын желілерінің ұзындықтарын өлшеу үшін және бөлу жұмыстары кезінде – ұзындығы 20 м бастап 100 м дейінгі металлдан жасалған өлшеу таспалары және лазерлік қашықтық өлшегіштер.

3. Сызықтық және бұрыштық өлшемдер мен түсірмелерге арналған қосалқы құралдар, құрал-саймандар құрылғылар:

орталықтандыру құралдары: оптикалық және пілтелі құламалар; қатты штангалық тағандар, консольдер, дабылдар; эклиметрлер, эккерлер; жүктер, термометрлер, динамометрлер.

4. Тегістеуге арналған аспаптар мен құрылғылар: Nі-004, Konі-007, Н – 05 түріндегі өте дәл оптикалық тегістеулер мен цифрлық тегістеулер, ғимараттар мен құрылыстардың өзгеруін, жер бетінің, сондай-ақ карьер борттарының өзгеруін бақылау кезіндегі өте дәл өлшемдер үшін – Dіnі-12 (22 ) түріндегі аспаптар; Н – 05 түріндегі тегістемемен жұмыс істеу кезінде PH-І немесе РН-2 түріндегі штрихты инварлық мөлшерқадалар қолданылады; лазерлік тегістеулер.

1-кесте


МСТ бойынша теодолиттің түрі

Ұқсастықтар



РФ


Германия

Жапония

Швейцария







«Trimble»

«Sokia»

«Leika»

«Вильд»

«Керн»

Т1
Т2

Т5

Т15


ТЗО
Т60

Т05

Т1

ЗТ2



ЗТ5

Т15


Т15М

2Т30


2Т30М

Т60









Т3
Т2,

Т2000 (электрондық)


Т16, Т1
Т05

ДКМ-3
ДКМ-2

ДКМ-1
ДК-1


ІІІ және ІV кластық және басқа да дәлдік жұмыстарын тегістеу үшін - Nі007, Н-3 түріндегі дәлдік тегістеулер; Н-3 тегістемелерімен жұмыс істеу кезінде РН-3 және РН-4 түріндегі тұтас екі жақты дойбы мөлшерқадаларын пайдаланады;

техникалық тегістеу үшін – Н-10 техникалық дәлдік тегістемелері; Н-10 тегістемесімен жұмыс істеу кезінде РН-4, РН-Т және басқа да түрдегі толық және қоймалық дойбы мөлшерқадаларын пайдаланады.

Көрсетілген түрлерге сәйкес тегістемелердің тізбесі 2-кестеде келтірілген.

5. Жер асты тау кен қазбаларындағы маркшейдерлік тірек тораптарын бағыттауға және орталықтандыруға арналған аспаптар мен жабдықтар:

маркшейдерлік тірек тораптарының жақтарын бағыттау үшін – гирокомпастар (МВТ-2 және тағы басқалары), гироқондырмалар;

жерасты тау-кен қазбаларындағы маркшейдерлік тірек тораптарын геометриялық түрде бағыттау және орталықтандыру үшін – болат сымдар, қол шығыршықтар, блоктар, орталықтандыру пластиналары, арнайы жүктер арнайы жүктер.

2-кесте



Тегістеу түрі



Ұқсастықтар




РФ

ГДР

ГФР

Швейцария







«Карл Цейс»

«Оптон»

«Керн»

«Вильд»

Н-05

Н-05

Ni002,

Ni005A


Nil

GK2-A

N3,

NAK2,


NA-2

Н-3

Н-3,

Н-3К


Ni020A,

Ni021A


Ni22

GK1-A

NA0,

NAK1,


NAK0

Н-10

Н-Т,

Н-10КЛ


Ni040A, Ni1050

Ni42

GK0-A,

GK0


NK01,

N01,


NK05,

N05

6. Тігінен орналасқан тау-кен қазбалары арқылы жоғары таңбаларды беру аспаптары: ұзындық өлшеуіштер немесе ұзын шахталық таспа.

7. Ойып жасалған қазбалар мен тазарту кенжарларын түсіруге арналған аспаптар: маркшейдерлік бұрыш өлшегіштер, аспалы буссоль, аспалы жарты шеңбер; проекциялық-көзбен мөлшерлеу тахеометрлері, дыбыс локациялау және өзге де аспаптар.

8. Қазбаларға бағыттарды бағыттау үшін бағыттардың лазерлік көрсеткіштері.

2. Түсірмелер мен кескіндік жұмыстарды камералық өңдеуге арналған құралдар мен аспаптар.

Түсірмелерді камералық өңдеу үшін мынадай аспаптар мен құралдар пайдаланылады.

9. Есептеу үшін:

тиісті бағдарламамен қамтамасыз ететін компьютерлер, микрокалькуляторлар.

10. Кескіндік жұмыстар мен көлемді есептеу үшін: ДК қосылған кескін құрастырушылар, ЛД1 Дробышев сызғыштары, ЛБЛ сызғыштары, бақылау метрлері; полярлық координатограф, транспортирлер; готовальнялар; штрихтайтын аспап, пантограф, пропорционал циркулдер; планиметрлер, курвиметрлер, жазулар мен геометриялық құрастыруларға арналған трафареттер.

11. Кескіндік құжаттаманы көбейту үшін: плоттерлер, сканерлер, инженерлік машиналар және басқа да көбейткіш техникалар.

_____________________

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымға

4-қосымша






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет