Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсыным


Шахталық коперлердің тіктігін тексеру



бет20/24
Дата29.06.2016
өлшемі6.93 Mb.
#166629
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Шахталық коперлердің тіктігін тексеру

Шахталық копердің тіктігін қысқартылған копердің шкив асты алаңына немесе оларды салу кезінде мұнаралық копердің машина залына нөлдік қабаттағы оқпанның ортасына қатысты шығарылған оқпанның діңдерінің d қима нүктесінің жылжуын анықтау арқылы бақылайды. Сызықтық шамасын


d =
оқпан діңдеріне қосарлас бағыттарда d1, d2 жылжу мәндері бойынша есептейді.

d1, d2 шамаларын оқпан діңдерінде орналасқан бекеттерден бұрыштық өлшеу арқылы немесе тік жобалау аспаптарының және тіктеуіштердің көмегімен анықтайды. Бұрыштарды өлшеу кезінде нүктелерді нақтылау және жобалау копердің үстіңгі және шығыңқы бөліктерінде арнайы орнатылған маркаларда немесе тікелей бақыланатын қабаттардағы діңдік таңбаларда жүргізіледі. Дөңгелек қимасы бар мұнаралық коперлердің крендерін анықтау кезінде нақтылауды әр алынған қабатқа екі жанама бойынша, ал осы бағыттардың орта мәнін бақыланатын қиманың ортасына бағыттайтын ретінде қабылдау ұсынылады.

Копердің салыстырмалы еңісін мына формула бойынша есептейді,

.
мұнда h - қысқартылған копердің шкив асты алаңының немесе нөлдік қабатқа қатысты мұнаралық копердің машина залының биіктігі.

Мұнаралық копердің кренін коперді салу кезінде оның шығыңқы бөлігінде салынған қалдықты маркілерді тегістеу арқылы мақсатты түрде анықтайды. Маркаларды бұрыштар бойынша немесе бір деңгейдегі мұнараның өзара перпендикулярлы диаметрлеріндегі ұштарында бекітеді. Байқаудың әр циклінде қалдықты маркаларды тегістеуді 236 тармақтың талаптарына дәл келетіндей етіп жүргізеді.

Маркалар қалдықтарының әр түрлілігіне байланысты ірге тастың ix және fa еңістерін оқпан діңдерінің бағыттары бойынша табады және мұнаралық копердің толық салыстырмалы еңісін есептейді

.
«Құрылыстар мен табиғи объектілерді көмір кен орындарындағы жер асты тау-кен қазу жұмыстарының зиянды әсер етуінен қорғау ережелеріне» сәйкес (М., «Недра», 1981), қысқартылған болат коперлердің рұқсат етілген салыстырмалы еңісі 0,006 құрайды. «Ғимараттар мен құрылыстардың негізі» ҚН және Е II - 15 - 74 талаптарына сәйкес мұнаралық коперлер үшін шекті салыстырмалы крен 0,004 тең.

_______________________


Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды

жүргізу бойынша

әдістемелік ұсынымға

34 - қосымша



Бірнеше рет көтеру қондырғыларының геометриялық элементтерінің ара қатынасын тексеру
Тексерісті жетекші және ауытқу тегершіктерінің футерлеуін тескеннен кейін орындайды. Машинаның басты білігінің шүлдігіне параллель мұнаралық копраның жабынына АВ және СД (1-сурет, а, б, в, г) қосалқы шүлдіктерін бекітеді, оларға қатысты көтергіш ыдыстардың жоғарғы және төменгі қалыптарында арқандардың ординаталық түсіру жүргізіледі. Бұл ретте ыдыстың төменгі қалпындағы арқандардың шүлдіктері тігінен орналастырылады. Тегістеумен басты біліктің және ауытқу тегершігінің δ және δ' шүлдіктерінің көлбеу бұрыштарын анықтайды.

12-сурет. Бірнеше рет көтеру қондырғыларының геометриялық элементтері:

а – жалпы түрі; б, в – біліктің проекциясы; I – II – басты біліктің шүлдігі; III-IV-ауытқу тегершіктері білігінің шүлдігі; Ц – басты біліктің центрі; Цб және Цб' – басбүршік пен аралық арандардың жетекші тегершіктердің барабанынан бірігу орташа нүктелері; Цш және Цш' – басбүршік пен аралық арандардың ауытқу тегершіктерінен бірігу орташа нүктелері; Цп.н – арқандардың ауытқымайтын жүйелерінің аспалы құрылғыларының центрі; Цп.о- арқандардың ауытқу жүйелерінің аспалы құрылғыларының орталығы.

Тексеріс нәтижесінде мыналарды анықтайды: θх, θy, ωx, ωу – проекциядағы арқандар жүйелері шүлдіктерінің координаталық жазықтыққа тігінен ауытқу бұрыштары; аi және βi- жетекші және ауытқу тегершіктеріндегі басты арқандардың девиациялау бұрыштары; φ және ψ – жетекші және ауытқу тегершіктеріндегі аралық арқандар жүйелері шүлдіктерінің девиациялау бұрыштары.



; ;
; ;

1-кесте


Таңбалануы



Шекті ауытқулар


Ескерту


θу

ωу


θх

ωх


θх

ωх


а

β
φ


ψ

δ

δ'



0°30'

0°30'
1°30'

1°30'
0°30'

0°30'
1°30'

1°30'
0°30'

0°30'


0°02'

0°10'

Қатты жетектерде (Көмір және тақтатас шахталарын техникалық пайдалану ережесі)

Көмір және тақтатас шахталарын техникалық пайдалану ережесі




αiy+δ+λi ;


;
; ,

мұндағы хi, уi, хi, уi- - көтергіш ыдыстың жоғарғы және төменгі қалпындағы ауытқымайтын арқандардың центрлерінің координаттары; n – арқандардың саны; h1 және h2 – басты біліктің шүлдігі мен ауытқу тегершігі білігі шүлдігінің өлшемдер деңгейжиегінен артуы; , , xiш, yiш – көтергіш ыдыстардың жоғарғы және төменгі қалыптарындағы ауытқу арқандары центрлерінің координаталары; λi және λ'i – арқандардың шеткі орналасуына түзетулер (ыдыстың аспалы құрылғысының кестесі бойынша анықталады); l –арқанның аралық ағысының ұзындығы; ε – басты біліктің шүлдігіне қатысты ауытқу тегершігі білігі шүлдігінің бұрылыс бұрышы; η – ауытқу тегершігін арқанмен қармау бұрышы. Шекті бұрыштық ауытқулар 1-кестеде келтірілген.




_______________________

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды

жүргізу бойынша

әдістемелік ұсынымға

35 - қосымша



Шахталық оқпанның өту журналын құрастыру мен толтыруға

қойылатын талаптар
Журналдың мұқаба парағында құрылыс ұйымы, оқпанның, шахтаның атауы көрсетіледі.

Журналда көбінесе кесте түрінде мыналар орын алады: шахтаның (кеніштің) жобасынан және оқпанның өту шарттары (қиылысатын жыныстар, су тұтқыш деңгейжиектер) туралы геологиялық қорытындысынан алынған оқпанның өтуі туралы негізгі деректер; оқпан құрылыстарының мерзімдері; технологиялық жабдықтың сипаттамасы, су беру бойынша негізгі деректер мен суды химиялық талдау нәтижелері; оқпан бекітпесінің сипаттамасы, шахта құрылысын салудың әр түрлі маусымдарындағы оқпанның көлденең қималары (оқпан өткізу жабдығын орналастырумен өткізу барысында, көлденең қазбаларды өткізу кезінде, оқпанды пайдалануға беру кезінде).

Журналдың келесі жұп беттерінде кесте түрінде оқпанның бойлық қимасы бойынша деректер келтіріледі, журналдың тақ беттерінде оқпанның өту бөлшектерінің сызбалары келтіріледі және қажетті ескертулерді енгізеді. Кестенің бірінші бағанын бақылау ұңғымаларының деректері бойынша толтырады (литологиялық бағана, кірігу тереңдігі мен жыныстардың қуаты, жыныстардың белгісі және олардағы судың өту ағысы, бекіту коэффициенті мен жыныстардың құлау бұрышы). Кестенің ортаңғы бөлігінде 1:100 тік масштабта оқпан бойынша тілік салынады, онда бекіту бөлшектері мен материал, оқпанның қабырғаларында қалдырылған ойықтар, аунау орындары, су ұстау сақиналары және тағы басқа, сондай-ақ оқпанмен қиысатын жыныстар; өту, бекітпені тұрғызу және оқпанды әбзелдеу мерзімін көрсетеді. Келесі бағаналарда мыналар көрсетіледі: тау-кен жыныстарының жер бетінен түйісу тереңдігі және олардың қуаты; қиысатын жыныстардың атауы, сипаттамасы, судың ағысы және оны орнату мерзімі.

Жұп беттерде бейнелетін оқпанның өту бөлшектеріне мыналар жатады: тереңдігі бойынша 10 м алшақ болмайтындай құламалардан бастап бекітпелерге дейінгі қашықтықты және бекітпенің қалыңдығын көрсете отырып, оқпанның жарықтағы және өту жолындағы көлденең қимасы; тірек табандықтары; оқпан жанындағы камералар; су ұстағыш сақиналар, оқпан жанындағы қазбалармен жанасу (сұлбаның ескертуінде жобалық сызбаның нөмірі мен жобалау ұйымының атауын көрсетеді); оқпан қабырғаларының өзгеру орындары мен сипаты; цементация, силикатизация, химизация басқа да су беру әдістері үшін ұңғымаларды орнату; қиылысатын көмір қабаттарының құрылымы, көмір, газ және жыныс лақтырындыларының орындары.

Тіліктің геологиялық жағдайын оқпанның өтуін қамтамасыз ететін геологиялық қызмет құрастырады.

Оқпанның өтуін қадағалау журналына геологиялық және техникалық деректерді тексергеннен кейін өткізу басқармасының бас инженері, оқпан құрылысына қызмет көрсететін бас маркшейдер және бас геолог қол қояды. Осы тұлғалар есеп беру мерзімі кезіндегі оқпанның өту белгісіне қарсы оқпан бойынша тіліктерде қол қояды.

_____________________

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды

жүргізу бойынша

әдістемелік ұсынымға

36 - қосымша

Шахталық оқпандардың өту жолдарының тіктігін

бұрғылау қондырғыларымен бақылау
Шахталық оқпандар мен үлкен диаметрлі ұңғымалардың өту жолдарының технологиясы бұрғылау процессінде оқпан діңінің тіктігін қатаң сақтаған кезде ғана жоғары өнімді және тиімді болады. Бұрғылау сұйығымен толтырылған оқпанның тіктігі өтетін шахталық тіктеуіштермен бақыланбайды. Мұндай жағдайларда бұрғылау снарядының орнын шұғыл түрде анықтау үшін ПМ4 типті проекциометрлер қолданылуы мүмкін.

1-сурет. Оқпанның бақыланатын қимасының орта координатын анықтауға

ПМ4 проекциометрі (1-сурет) оқпандардың өту жолдарының тіктігін монтаждау немесе қайта монтаждау кезінде бұрғылау бағанасы роторға немесе тірек арқалыққа тірелетін бұрғылау қондырғыларының барлық түрімен бақылауға арналған. 7. Проекциометр: 1400 м миллиметрлік арқан жиналған (1) бобинадан, тереңдікті өлшеуге арналған (2) блок-есептегіштен, (5) ошақта тік дің бойы бобинаның айналуына арналған айналмалы-қыстырғыш қондырғыдан (3) тұрады. Ошақты бұрғылау бағанасының (8) шетіне бекітеді немесе қарапайым геодезиялық штатив ретінде орнатады. Арқанды (6) бұрғылау бағанасында түсіру, тарту және ортаға дәл келтіру үшін проекциометрдің жинағына ортаға дәл келтіретін жүк (9) енгізіледі. Аспап қысқыштың көмегімен арқанға бекітілетін микро метрлік деңгеймен (4) жабдықталған. Бұрғылау снаряды ортасының (10) форшахта сағасына (11) қарай жылжуын анықтау үшін проекциометрмен бұрғылау бағанасының ішінде тартылған арқанның тігінен ауытқуын өлшейді.

ПМ4 проекциометрі тереңдігі 1000 м дейінгі шахталық оқпандардың ауытқуы бұрыштары 10' дейін тік өтуін бақылауға мүмкіндік береді. Бұрғылау снаряды ортасының орнын анықтаудың және тереңдікті өлшеудің орташа шаршы қателігі 1:20000, оқпанның бақыланатын қимасының тереңдіктері 12 құрайды.

Өлшемдерді бұрғылау бағанасы роторда немесе тірек аралыққа салынғаннан кезде кезекті түйінмен көтерілгеннен кейін жүргізеді. Проекциометрді бұрғылау құбырының шығыңқы жеріне орнатады және ортаға дәл келтіретін жүкті бағана бойынша бұрғылау снарядына дейін түсіреді. Бобина астындағы арқанға микрометрлік деңгейді бекітеді.

Бұрғылау снаряды ортасының орнын бақылаудың бір тәсілі: тереңдіктің блок-счетчигінен көрсеткішті алудан, оптикалық көру бойынша бобинаның бұрау қондырғысында айналуы арқылы оқпанның бір діңі бағытында микрометрлік деңгейді орнатудан, цилиндрлік деңгейді микрометрлік бұрандамен көлденең қалыпқа келтіруден, бұранданың шкалалары бойынша көрсеткішті алудан, бастапқыға қарағанда 90, 180 и 270° ерекшеленетін бағыты бойынша микрометрлік деңгейді орнатқаннан кейін соңғы екі операцияны қайталаудан тұрады.

Бұрғылау снаряды ортасының оқпан діңінің бағыты бойынша форшахтаның сағасына қарай (мм) жылжуы мына формула бойынша есептелінеді:

Ах = 2НК(а1800);

Аy = 2НК(а27090).

мұнда Н - оқпанның бақыланатын қимаға дейінгі тереңдігі, м; а0, а90, а180 и а270 - микрометрлік бұранданың шкаласы бойынша ол сайма-сай орнатылған кездегі көрсеткіштері; К – тіктіктен ауытқыған арқанның ілінуін ескеретін түзеткіш коэффицент.

Өрістік бақылау үшін мына шаманы есептейді,

С== = (а0 + а180) - (а90+ а270),

ол 35/Н, мм аспайды.

К түзеткіш коэффицентін номограмма бойынша анықтайды (2-сурет) немесе мына формула бойынша есептейді,

К = ,

мұнда φ - ортаға дәл келтіретін Q жүк салмағының q (φ = Q/q) 1 м арқан салмағына қатысын білдіреді.

Проекциометрдің арқанын бұрғылау бағанасының қабырғасына тигізбеу үшін мынадай шарттар сақталатын ортаға дәл келтіретін жүкті алады,

,

мұнда Qббұрғылау снарядының салмағы, qб - 1 м бұрғылау бағанасының салмағы.

Егер ротор ортасы оқпан ортасына қарай 200 мм көлемге жылжыған болса, онда жылжуды өлшемдердің қорытындыларын өңдеу кезінде ескереді. Бұрғылау бағанасын салу кезінде ротор ортасының жоғарғы қимасы көлденең жазықтықта ротордың ортасына қарай 20 мм артық жылжымайды.



2-сурет. К коэффицентін анықтауға арналған номограмма.
Өлшемдерді ротормен жүргізудің бірінші тәсілін аяқтағаннан кейін бағананы шамамен 90° бұрады және байқаудың екінші тәсілін жасайды. Үшінші және төртінші тәсілдерді тиісінше бағананы ротордың бастапқы орнына қарай 180 и 270° бұрылғаннан кейін жүргізеді. Ротор ортасы мен оқпан қимасының ортасы арасындағы координаттардың әртүрлілігін байқаудың төрт тәсілінің ортаңғы көрсеткіші ретінде есептейді. Оқпан діңінің тіктіктен ауытқуын анықтау жөніндегі жұмыс циклін аспапты координаттық діңдер бойынша бағыттауды тек ротордың айналуымен белгілеу кезіндегі бақылаулық өлшемдер жасаумен аяқтау ұсынылады.

Өлшемдердің қорытындыларын журналға жазады. Және де бұрғылау снаряды ортасының Ах, Лу жылжуын ротор үстелінің әртүрлі қалпында есептейді. А шамасын және а бағытын оқпан сағасына қарай қима ортасының жылжуын екі рет: ротор үстелінің төрт түрлі қалпында анықталатын жылжудың Ах, Ау, орта мәндері және бақылаулық өлшемдердің қорытындылары бойынша есептейді. А қимасының ауытқуы 3/5000Н аспайды.

Ротор үстелінің әртүрлі бұрылыс бұрыштарында анықталған бұрғылау снаряды ортасының орнын талдау 12 оқпанның бақыланатын қимасының өзгеруі мүмкін түрі мен көлемін бағалауға мүмкіндік береді.

Бұрғылау бағанасын тірек аралығына салу кезінде өлшемдерді бұрғылау снарядының бір қалпында жүргізеді. Мұндай жағдайда уақыт аралығы 15 – 20 мин құрайтын бақылаудың бірнеше тәсілін өлшемдердің дәлдігі шегінде сәйкес келетін қорытындыларға қол жеткізгенге дейін жүргізеді.

Әдетте, бұрғылау бағытының тіктігін оқпанды бірден үш бұрғылау түйінінің ұзындығына дейін қазу бойынша бақылау ұсынылады. Бақыланатын қималардың орталарын ірі масштабтағы бірлескен жоспарға енгізеді.

Бұрғылаудың тіктігін бақылау журналындағы

өлшемдер нәтижелерін жазудың және өңдеудің

мысалы
Тереңдігі 403 м

Коэффициент К 1,14

Шекті мән С 0,09 мм



Өлшенген және есептелген шамаларды белгілеу



Өлшемдердің негізгі циклі

Бақылаулық өлшемдер






Ротор үстелінің орны

Орта мәні









90º

180º

270º








а180, мм

а0, мм



4,97

4,26


4,79

4,38


4,87

4,36


4,91

4,29

0,56


4,83

4,24


9,07

0,59


а180, + а0, мм

а180, - а0, мм



9,23

0,71


9,17

0,41


9,23

0,51


9,20

0,62








а270, мм

а90, мм



4,78

4,38


4,75

4,43


4,69

4,52


4,72

4,47

0,28


4,70

4,44


а270, + а90, мм

а270, - а90, мм



9,16

0,40


9,18

0,32


9,21

0,17


9,19

0,25





9,14

0,26


С, мм

0,07

0,01

0,02

0,01




0,07

Ах, мм

Ау, мм

А, мм

А, градус



650

370


380

290


470

160


570

230


520

260


580

27


540

240


590

24


___________________

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды

жүргізу бойынша

әдістемелік ұсынымға

37 - қосымша



Тік шахталық оқпандарды қатты әбзелдеу монтажын

маркшейдерлік қамтамасыз ету
Әбзелдеуді монтаждау кезінде ұйымның маркшейдерлік жұмыстарының жобасында:

бөлу осьтерін оқпанға шығару және бекіту әдістері;

әбзелдеу тіктеуіштерінің орналасқан жерлерінің сызбанұсқасы;

шаблондардың түрлері мен көлемдері;

бақылаулық өлшемдердің және тіктеуші түсірменің әдістері;

өлшемдердің техникалық құралдары мен маркшейдерлік жұмыстардың қосалқы жабдықтары;

әбзелдеудің рұқсат етілген ауытқуларының нормалары;

маркшейдерлік жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шаралары көрсетіледі.

Әбзелдеудің монтажын қамтамасыз ететін жұмыстарды орындау үшін маркшейдер оқпанның көлденең қимасының, монтаждық жабдықты орнатудың, өту шығырының орналасуының, оқпанның әр қабаттың оқпан жанындағы кен орнымен түйісуінің және сол сияқты жобалық сызбаларын басшылыққа алады. Оқпандарды әбзелдеу кезінде маркшейдерлік құралдар мен жабдықтарды орналастырудың үлгілік сызбанұсқасы 1-суретті көрсетілген.

Тік бөлу діңдерін оқпанда бекіту үшін бос (жылжымалы) және бекітілген әбзелдеу тіктеуіштері, сондай-ақ проекциометр арқаны қолданылуы мүмкін. Бос әбзелдеу тіктеуіштері монтаждық құрамның артынан орналастырылады, ал бекітілетін тіктеуіштерді жоғарыдан оқпанның ең терең жеріне түсіреді және тұрақтылықтың орташа қалпын анықтағаннан кейін зумпфтік бөлігіне бекітеді. Проекциометр арқанын тіктігін көрсететін датчик бойынша тік қалыпқа келтіріледі.

Тіктеуіштердің саны мен оларды оқпанның қимасында орналастыруды ярустағы атпаның орналасуына сәйкес анықталады; тіктеуіштерді бағыттағыштардың бекіту түйіндерінің немесе арпалар тармақтарының қасына түсіреді; басты атпаны екі тіктеуіш бойынша орнатады;бастығы қосарлас атпаны бір тіктеуіш бойынша және көлденең шаблонға қарай орнатады; бастыға перпендикуляр қосалқы атпалар тобын көлденең шаблондардың көмегімен ортаңғы атпаның тіктеуіші бойынша орнатады; ара қашықтықтары 3 м асатын атпаларды орнатуды екі тіктеуіш бойынша жүргізеді; монтаждық конструкторды үш тіктеуіш бойынша орнатады. Қатты бағыттағыштары бар оқпандардың бірыңғай қималары үшін әбзелдеу кезіндегі тіктеуіштерді орнату сызбанұсқасы 2-суретте көрсетілген.

Әбзелдеу шаблондары екі топқа бөлінеді: атпалардың және салынған жерлері орындарының немесе монтаждық тесіктердің ұзындығын белгілеу мен ярустардың жиналуын жалпы бақылауға арналған шаблондар; атпаларды биіктігі бойынша өзара орнату шаблондары (дистанциялық шаблондар); ұяшықтарды атпа үшін бөлуге арналған шаблондар; яруста атпаларды өзара орнатуға арналған шаблондар (көлденең шаблондар); атпаларды тіктеуіштерге қарау орнатуға арналған шаблондар. Шаблондардың жұмыс бөлігінің көлемі жобалықтан 1 мм артық ерекшеленбейді.





1-сурет. Жылжымалы тіктеуіштерге байланысты атпаларды монтаждау: 1 - шығыр; 2 – бағыттағыш блок; 3 – ортаға дәл келтіретін пластина; 4 – бақылаулық ярус; 5 – бүйірлік атпа; 6 – орталық атпа; 7 – тербелістерді шектегіш; 8 – дистанциялық шаблон; 9 – тіктеуіштің жібі; 10 - алмалы-салмалы жүк; 11 - аспалы екі қабатты әбзелдеу қабат; 12 – ұяшықтарды бөлуге арналған шаблондар; 13 – қондырмалы шаблон; 14 – көлденең шаблон; 15 - пілтелі тіктеуіш; 16 – бөлу осьі; 17 – осьтік қапсырма; 18 - теодолит; А, Б, С, D – жылжымалы тіктеуіштері
Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды

жүргізу бойынша

әдістемелік ұсынымға

38 - қосымша



Арқанмен әбзелдеудің геометриялық элементтерінің ара қатынасын тексеру
Бір көтергіш бөлімшенің арқанмен әбзелдеуінің негізгі геометриялық элементтері мен өлшемдері 1-суретте көрсетілген.


1-сурет. Көтергіш бөлімшенің арқанмен әбзелдеуінің геометриялық сызбасы.

1 – арқанды жетектердің аспасының деңгейжиегі (копердің жабыны); 2 және 6 – үстіңгі және төменгі қосалқы жетектердің шүлдіктері; 3 – арқанды жетек; 4 – бағыттаушы құрылғының шүлдігі; 5 – көтергіш ыдыс; 7 – арқанды жетектерді бекіту деңгейжиегі (керілген раманың симметриясының жазықтығы); 8 – керілген жүк; 9 – тіркемелі құрылғының шүлдігі; 10 – көтергіш арқан; I", II" және I"' II"' – аспаның және арқанды жетектерді бекіту нүктелері
Арқанды әбзелдеудің маркшейдерлік тексерісі арқылы мыналарды анықтайды: аспа мен бекітпенің деңгейжиегіндегі арқанды жетектердің сүрлеу енінің ауытқуы, көтергіш ыдыстардың жоғарғы және төменгі бағыттаушы құрылғылары сүрлеулері енінің ауытқуы, арқанды жетектердің аспа нүктесінің жобалық қалыптан ауытқуы, көтергіш бөлімшелердің арқанды жетектері жүйелері шүлдіктерінің ауытқуы, қосалқы және арқанды жетектердің шүлдіктерінің жобадағыдан ауытқуы.

Сүрлеу енінің S жобалық мәндерін тексеру үшін нөлдік алаңдағы ыдыстың төменгі S'н және жоғарғы S'B белдіктерінің бағыттаушы құрылғылары мен ыдыстың үстінен сүрлеу енін, сондай-ақ S" копер жабынындағы және S'" созылмалы рамасының арқанды жетектердің сүрлеу енін өлшейді. Өлшеуді өлшеуішпен немесе мөлшерқадалық координатометрмен орындайды.

Копер жабынындағы тіркемелі құрылғылардың түсірмесімен шартты жүйедегі арқанды жетектер аспасы нүктелерінің координаттарын табады, ординаталардың шүлдігі үшін көп арқанды көтергіш машинаның басты білігінің шүлдігін, абсциссаның шүлдігі үшін көтергіштің шүлдігін (2-сурет) қабылдайды. Бір арқанды көтергіште шартты жүйенің шүлдігі үшін төменгі тегершікті алаңдарды қабылдайды.

Арқанды жетектерді керілген рамаға бекіту нүктелерінің орнын анықтау үшін екі шахталық құламамен немесе екі арқанды жетек бойынша арқанды проекциометрмен координаттарды береді. Керілген рамадағы арқанды жетектерді түсіру шахталық құламаларға немесе проекциометрмен өлшеу кезінде қолданылатын арқанды жетектерге (3-сурет) қатысты сызықтық өлшемдермен орындалады.

Қосалқы жетектердің кескінді түсірмесін қатты әбзелдеу жетектерінің түсірмесіне ұқсас құламаларға қатысты орындайды.

Жоғарғы және төменгі бағыттаушы құрылғылардың сүлеу енінің ауытқуы және аспа деңгейжиектеріндегі арқанды жетектердің сүрлеу енінің және бекіту ауытқулары, сондай-ақ қосалқы жетектердің жобалық қалыптан ауытқуы тексеріс нәтижелері бойынша олардың жобалық мәндерінен алынған тиісті шамалардың салыстырмасы арқылы анықталады. Арқанды жетектердің аспалы нүктелерінің жобалық қалыптан ауытқуы түсіру нәтижелері бойынша алынған олардың нақты координаттарын пайдалана отырып есептеледі.




2-сурет. Көп арқанды көтергіш машиналарының шүлдіктеріне қатысты көтергіш бөлімшенің арқанды әбзелдеу элементтерінің орны: 1 н 2 – қосалқы жетектің жобалық және нақты орны; I, II, III, IV – көтергіш бөлімшенің арқанды жетектерінің жобалық нүктелері; АА', ВВ' – көтергіш бөлімшенің жобалық көлденең шүлдігі: I ", II", III", IV"' және I"', II'" III,'" IV"' – арқанды жетектердің аспа нүктесі мен бекіту нүктесі; О1"және О1"'- аспа нүктесі мен бекіту нүктесін орналастыру центрі.
Көтергіш бөлімшенің арқанды жетектері жүйесінің тік шүлдіктен салыстырмалы ауытқуы υ мына формула бойынша анықталады:

мұндағы хпi, упi және хф, уфiаспа нүктелері мен арқанды жетектердің бекіту нүктелерінің координаттары; n – көтергіш бөлімшедегі арқанды жетектердің саны; L – арқанды жетектің ұзындығы.

3-сурет. Арқанды жетектердің бекіту нүктелерінің координаттарын сызықтық кертпемен анықтау сызбасы: I"', II"', . . . VIII"' – клеть көтергішінің арқанды жетегінің бекіту нүктелері; V"', V11I"' – проекциометрмен өлшемдер үшін пайдаланылған арқанды жетектердің бекіту нүктелері (негізгі нүктелер); 1, 2… 12 – арқандар расындағы өлшенген қашықтықтар бойынша үшбұрыштың есептелген бұрыштары.

____________________


2-сурет. 1 – 6 әбзелдеу тіктеуіштерінің орналасу сызбанұсқасы
Шахталық әбзелдеу тіктеуіштердің жинағына шығырлар, арқандар (сымдар), жүктер, бағыттағыш блоктар мен ортаға дәл келтіру пластиналары, жобалау тапсырмаларын шешуге арналған құрылғы, тербелісті шектеуіштер кіреді.

Оқпанның тереңдігі мен оның салынған мерзіміне қарай бос шахталық тіктеуіштер үшін орташа немесе қатты жағдайларда жүргізілетін жұмыстарға арналған В жоғары маркалы сымнан жасалған диаметрі 2 - 8 мм дейінгі арқандарды қолданады. Бекітілген тік осьтер үшін оқпанда диаметрі 20 мм дейінгі арқандар қолданылуы мүмкін. Тіктеуіштерге арналған сым темірді МСТ сәйкес таңдайды. Монолиттік, алмалы-салмалы, екі бөліктен тұратын және құрама жүктерді қолданады. Тіктеуіш жүгінің салмағын арқанның диаметрін ескере отырып, арқанның үзілуінің беріктік қоры кемінде бес есе болатындай естіп таңдайды. Көрсетілгендермен қатар арқанның ұзындығын реттеуге мүмкіндік беретін көтергіш құрылғысы бар жүктер қолданылады. Салмағы 50 кг артық жүктер арқандарға немесе сымдарға үстірті және берік қысқыштардың көмегімен қосылады.

______________________

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды

жүргізу бойынша

әдістемелік ұсынымға

39 - қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет