Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсыным



бет9/24
Дата29.06.2016
өлшемі6.93 Mb.
#166629
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

Пайдалы қазбалар қоймасын түсіру


Пайдалы қазба үйінділерінің көлемдері олардың пішіндеріне байланысты таспалы өлшеуішпен немесе түсіру нәтижелері бойынша анықталады.

Таспалы өлшеуішпен үйінділердің көлемдері дұрыс геометриялық мысалы, конус тәріздес, пирамидалық, трапециялық қималы призмалық пішіндермен салыстырмалы түрде анықталады. Үйінділердің абристері биіктіктерді, ұзындықтарды, ендері мен басқа өлшемдерін көрсете отырып, өлшемдер журналына енгізіледі. Көлемдер геометриялық дұрыс денелердің көлемдерінің формулалары бойынша есептеледі (1-кесте).

Күрделі қабатты үйінділердің көлемдерін анықтау үшін түсірме тахеометрлік, мензулалық және фотограмметрлік әдістермен, сондай-ақ кескіндік сызықтар тәсілімен орындалады.

Үйінділердің қабаттарын түсіру 1:1000 кіші емес масштабта орындалады. Жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелер бедердің ерекше нүктелерінде алынады. Қабат сандық белгілермен немесе 0,5 м сайын бедер қимасымен көлденеңінен бейнеленеді. Түсіру тораптарын тахеометрлік және мензулалық түсіру кезінде топтастыру үшін өту нүктелерін анықтауға болады. Топтастыру нүктесіне дейінгі қашықтық 100 м аспайды, ұлғаюлар тура және кері бағыттарда анықталады. Көлемі 100 мың м3 үйінділерді түсіру кезінде аспаптардан бастап жермөлшерлік қазықтармен белгіленген нүктелерге дейінгі қашықтық үлкен көлемді үйінділерде 60 м және 100 м аспайды.

Фотограмметрлік әдістермен 80-85-тармақтардың талаптарын басшылыққа ала отырып, пайдалы қазбалардың үйінділерін түсіреді.

Параллель кескінді сызықтардың әдісі әрбір кескінді, әдеттегідей, тахеометрлік әдіспен түсіре отырып, керілген түрдегі үйінділерді түсіру үшін қолданылады. Үйінділердің көлемдері 100-тармақта көрсетілген әдістермен есептеледі.

1-кесте
Геометриялық дұрыс денелердің көлемдері



Атауы

Суреті

Көлемі

Тік төртбұрышты параллелепипед






V=lbh=Sh

Үш жақты призма








Қиғаш молтақты үш жақты призма











Тік төртбұрышты пирамида









Тік төртбұрышты емес пирамида










Молтақ пирамида











Призматоид










Табандар мен ортаңғы қима параллель болған жағдайда



Обелиск










Сына









Дөңгелек конус









Эллиптикалық конус











Молтақ дөңгелек конус








Молтақ эллиптикалық конус










Шар тәріздес сегмент









_____________________

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымға

6-қосымша



Карьерлердің аэрофотограмметриялы түсірмесін жобалау
Карьерлердің аэрофотограмметриялы түсірмесін жобалауға:

1: МС фотоға түсіру масштабын және (АФА) аэрофотоаппаратының f фокустық қашықтығын таңдау;

аэрофототүсірме маршрутын жобалау;

геодезиялық түсірме дәлелдемесін жобалау;

аэрофото суреттерді камералық өңдеу технологиясын таңдау кіреді.

Карьерлердің, жыныстық үйінділерінің және дайын өнім қоймаларының жоспарын жасау үшін фотосуретке түсіру масштабтары осы ұсынымның 82 т. көрсетілген мәндерден аз болмауы керек. Масштабтардың мұндай мәндері қағаздық түсірмелерді тәжірибелі мамандардың өңдеуіне есептелген. Аэрофотограмметриялы түсірме әдісін игеру кезінде фотосуретке түсіру масштабтарын 20 - 25 % ірілеу қылып алады.

АФА (мм) фокустық қашықтығы мына шартты қанағаттандырады,

f ≥ 3000, (1)

мұндағы hmax - бір стереожұб шегінде жерді барынша үлкейтуді білдіреді, м.

Фокустық қашықтығы (1) шартты қанағаттандыратын АФА фокустық қашықтықты аз аппаратты таңдайды.

Таңдалған f и Мс мәндер кезінде түсірмені өңдеу мүмкіндігін бар әмбебап фотограмметриялы аспаптарда тексереді. Түсірмелерді аспапта өңдеу мынадай шарттарды сақтаған кезде мүмкін болады:

bmax > ; (2)

Zmax > , (3)

мұнда bмах - bх аспабының негізін құрайтын шекті шама, мм; Zmax - өңдейтін аспаптың шекті жобалау биіктігі, м; Кмах - өңдейтін аспаптан координатографқа берудің шекті коэффиценті; b – 60 – пайыздық жабу кезінде түсірмедегі фотосуреттің негізі, мм; Мп - жасалатын жоспар масштабының қорытындысы; fп – аспап камераларының фокустық қашықтығының аз тұрақты мәні, мм.

Жобалық сәулелері fп - f ұқсас байланысты аспаптар үшін.

(2), (3) шарттарды орындамаған кезде тиісінше фотосуретке түсіру масштабын үлкейтеді.

Фотосуретке түсіру биіктігін (метрлерде) мынадай формула бойынша шығарады:

Нф= f Мс10-3

Карьерді түсіру үшін аэрофототүсірме маршрутын әдетте оның көлденең ось бағыты бойынша жобалайды. Карьерді бір маршрут ішінде түсіруге тырысу қажет. Бұл бірнеше ай көлемінде бір тірек нүктесін пайдалануға және жоспарлардың аз уақыт ішінде жасалуына мүмкіндік береді.

1-сурет. Аэрофототүсірме маршруттарының үлгісі: 1 – аэрофототүсірме маршрутының осьі; 2 - белгіленген тірек нүктелері


Тау-кен жұмыстарының бағытына байланысты маршрут осьінің орнын:

тау-кен жұмыстарын екі жақты дамыту кезінде карьердің ернеуіне қарай симметриялы;

тау-кен жұмыстарын бір жақты дамыту кезінде жұмыс ернеуінің жоғарғы кемерінің күтілетін жылжуын ескере және маршрутты тау-кен жұмыстарын дамыту бағытына ығыстыра отырып жобалайды.

Егер түсірме жасау үшін бір маршрут жеткіліксіз болса, қосарлас қайта жабылатын (1 а -сурет) немесе 1 б – суретінде көрсетілген үлгі бойынша маршруттарды жобалайды. Ерекше жағдайларда мысалға, аралықтардың қауіпсіздік шарттары бойынша маршруттардың бағытын карьердің ұзындығына перпендикулярды жобалайды. Пайдалы қазбалардың қоймаларын түсіру кезінде қойма суретінің бір стерео жұпқа түсіруге тырысу керек; көп жағдайда бұл маршрут бағытын қойманың ұзындығына перпендикуляр жүргізген кезде мүмкін болады.

Аэротүсірме маршруттарының осьін карьерлердің маркшейдерлік жоспарларында келтіреді. Шығыс және кіріс бағытын көрсетеді, бұл үшін жердің нақты нұсқалық нүктелерін қолдануға болады. Егер ондай болмаса, түсірме маршруттары осьінің орнын сол жерде арнайы белгіленетін нүктелермен белгілейді. Маршруттардың осьітерінде маршруттық түсірменің басталу және аяқталу орнын нүктемен белгілейді. Маршруттағы түсірмелердің көлденең жабындыларын карьердің үстіңгі қабатына байланысты 60 немесе 80 % жобалайды.

Көлденең жабындыларды қосарлас маршруттық түсірме кезінде кемінде 20 % жобалайды.

Түсірмелік негіздеме әр стерео жұптың 60 % көлденең жабындысы кезінде кемінде оның бұрыштарында орналасқан жоспарлы-биіктік тірек нүктелерімен және тереңдігі 200 м артық карьердің түбінде қосалқы биіктік тірек нүктесімен қамтамасыз етілу есебімен жобаланады.

Тірек нүктелерін олардың тұрақтылығы мен ұзақ мерзімді сақталуын қамтамасыз ететін орындарда орналастырады.

Белгіленетін тірек бекеттерінің орнын анықтау үшін 80 % көлденең жабындыдан бұрын алынған параметрлер кезінде карьердің аэрофототүсірмесін жүргізеді. Түсірме маршруттарын жобаланған осьтер бойынша салады. Маршруттық түсірменің басын жобалық нүктемен қосады.

Алынған аэротүсірмелерде белгіленетін тірек нүктелерінің орындарын белгілейді. Оларды түсірме жиегінен 15-20 мм қашықтықта түсірмелердің негізгі нүктелерінен қалпына келтірілген түсірме маршруты осьіне перпендикуляр жерге орналастырады.

Жобаны фото сызбанұсқада рәсімдейді. Оған түсірме учаскесінің шекарасын, маршруттардың осьтерін, белгіленетін түсірме торапы бекетін және аэротүсірмелік маршруттар осьтеріндегі бағыттарды салады. Түсірме маршруттарының осьтерінде сонымен қатар кіріс және шығыс бағыттары мен түсірмені бастау нүктесін белгілейді.

Аэротүсірмелерді камералық өңдеу технологиясын түсірменің мақсаттары, жұмыс көлемі, бөлімшенің техникалық жабдықталғандығына, карьер жоспарларын дайындау (толықтыру) мерзімдеріне байланысты таңдайды. Сонымен қатар, карьердің түсірмесін үш рет түсіру кезінде негізгі уақыт жоспардағы жердің нұсқасы мен бедерін кескіндеуге, ал қысқа уақыт ішінде қосымша түсірме жасау кезінде негізгі уақыт фотограмметриялы моделді жасауға және бағыттауға жұмсалады.

_____________________

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру

кезінде маркшейдерлік жұмыстарды

жүргізу бойынша

әдістемелік ұсынымға

7 - қосымша



Кері геодезиялық кертпемен бекеттің координаттарын анықтау

1. Кері кертпемен анықталатын бекет орнының қателігін есептеу
Кері кертпеге арналған негізгі бекеттерді таңдау есептеудің құралы болып табылады. Есептеу үшін карьердің ең іші масштабтағы жиынтық жоспары алынады, мысалы 1:5000. Жоспарда анықталатын Р бекетінің болжалды орны белгіленеді және негізгі бекеттерге анықталатын бекеттен көрінетін бағыттарды жүргізеді (1-сурет). Кері кертпелердің мүмкін болатын нұсқаларының ішінен φ + ψ бұрыштардың сомасы 30° кіші болмайтын 0° немесе 180° алады (2-сурет).


1-сурет. Кері геодезиялық кертпелердің нұсқалары (сызықтардың ұзындығы км берілген)


2-сурет. Кері геодезиялық кертпемен анықталатын бекет орнының қателігін есептеу үшін
Кертпенің әрбір нұсқасы бойынша анықталатын бекеттің орташа шаршы қателігін алдын ала есептейді (м):
,
мұндағы mβ - β1 және β2 бұрыштар өлшемдерінің орташа шаршы қателігі; L – тиісті жақтардың ұзындығы, км.

φ және ψ бұрыштары жоспардағы 1° жақтардың ұзындығы L - 0,1 км жуықталып өлшенеді. sin (φ + ψ) мәнін екінші мәнді цифрға жуықталады.

Есептеуді логарифмдік сызғыштардың көмегімен орындауға болады.

Р орнын анықтау үшін кертпенің екі нұсқасын алады, mР қателігі жоспардағы 0,3 мм аспайды.



2. Кері геодезиялық кертпе нұсқаларын бағалау үлгісі
1-суретте келтірілген сызбалар үшін кертпенің төрт нұсқасын құруға болады (1-кесте): I - 1, 2, 3 бекеттері үшін; II - 2, 3, 4 бекеттері үшін; III - 1, 2, 4 бекеттері үшін;

1-кесте



Өлшенетін шамалар

Варианттар




I

II

III

IV




1,2,3

2,3,4

1,2,4

1,3,4

Белгіленетін пунктен шығу пунктіне дейінгі қашықтық, км:













сол жақ

0,9

1,4

0,9

0,9

орта

1,4

1,3

1,4

1,3

Оң жақ

1,3

2,5

2,5

2,5

Шығу пунктілері араларының қашықтығы, км













сол және орта

1,1

0,8

1,1

1,6

Бұрыштар φ

890

680

890

590

ψ

790

170

350

170

sin (φ + ψ)

0,21

1,0

0,72

0,97

IV - 1, 3, 4 бекеттері үшін. Есептеу үшін деректер кестеде келтірілген, бұрыштар өлшемінің орташа шаршы қателігі 15".



;
;
.

Бекеттің координаттарын анықтау үшін кертпенің үшінші және төртінші нұсқаларын пайдаланған орынды.



3. Кері кертпені шешу үлгісі

Негізгі деректер:
хв=662,36 м; ув= 1936,94 м; а=1012,13 м;

b=1035,69 м; α ВА=0° 16' 22"; α вс=271°21'44";

γ=88°54'38"; β =74°41'30"; α =79°58'50".
Шешуі:

ε1 = 180°-; ε2 = 58,2084°

η = arctg; η = 43,7465°

ε2 = arctg [tg (ε1) ctg (45°+ η)]; ε2 =2,0218°;

φ = ε1 + ε2 ; φ = 60,2302°;

ψ = ε1 – ε2 ; ψ = 58,1866°;

d= d =892, 163 м;

αВР = αВС – φ – β180°; αВР =320,4838°;

αВР = αВА + φ + α180°;

χ Р В + d cos αВР . χ Р =1350,62 м;

у Р = у В + d sin α ВР; у Р =1369,26 м.

_____________________

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымға

8-қосымша



Жердің қисықтығына және рефракцияға енгізілетін түзетулер
Жердің қисықтығына және рефракцияға енгізілетін түзетулер ұлғаюларды бір жақты анықтау кезінде тригонометриялық тегістеумен анықталады. Түзетуді төменде келтірілген кестені пайдалана отырып табады және тік бұрышы өлшенген бекеттерде анықталған ұлғаюларға «плюс» белгісімен енгізіледі.

Жердің қисықтығы мен рефракцияның (м ) артуына енгізілетін жиынтық түзетулердің шамалары мына формула бойынша анықталады:

ƒ = 0,42 d2 ⁄ R,

мұндағы d – бекеттер арасындағы қашықтықтардың көлденең орналасуы, м; R – Жердің 6,37·106 м тең радиусы.

Едәуір көлбеу бұрыштары мен бекеттер арасындағы қашықтық алшақ болған жағдайда Жердің қисықтығы мен рефракцияның ұлғаюына енгізілетін түзетулер мына формула бойынша анықталады:

f ′= f ⁄ cos2 α,

мұндағы α – нысаналау сызығының көлбеу бұрышы.

1-кесте
Жердің қисықтығына және рефракцияға енгізілетін түзетулер f, м




d

f

d

f

d

f

d

f

d

f

270




1070




1480




1810




2040







0,01




0,08




0,15




0,22




0,28

480




1130




1530




1850




2080







0,02




0,09




0,16




0,23




0,29

620




1200




1580




1890




2120







0,03




0,10




0,17




0,24




0,30

730




1260




1630




1930




2150







0,04




0,11




0,18




0,25




0,31

830




1300




1680




1970




2190







0,05




0,12




0,19




0,26




0,32

910




1380




1720




2000




2220







0,06




0,13




0,20




0,27




0,33

990




1450




1760




2040




2250







0,07




0,14




0,21













1070




1480




1810
















____________________

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымға

9-қосымша



Аэрофототүсірме материалдарын

автоматты түрде өңдеу
Карьерлердің және пайдалы қазбалар қоймаларының аэрофототүсірмелік материалдарын оларды тау-кен массасы көлеміне есептеу және түсірме объектісінің жоспарын графикалық құрылыс салғышқа сызу арқылы өңдеу технологиясы мынадай негізгі жұмыс кезеңдерінен тұрады: жердің моделін әмбебап фотограмметриялы аспапта жасау; жердің моделін геодезиялық бағыттау; нүктелердің фотограмметриялы бағыттарын ақпаратты машиналық сақтағышта тіркей отырып, түсірме объектісінің жоспарын жасау; түсірме объектісінің жоспарын графикалық құрылыс салғышқа сызу; тау-кен массасының көлемін есептеу.

Фотограмметриялы моделді ЖК геодезиялық бағыттау үшін бағыттау элементтерінің мәндерін және оған сәйкес аспап санауыштың бекітілген көрсеткіштерін есептейді.

Геодезиялық бағыттау есептерін шешу үшін бастапқы деректер: фотограмметриялы моделдің масштабы мен аэро фотокамераның f фокустық қашықтығының мәні; b'х, b'у, b 'z негіз боларлық және түсірмелердің өзара бағытын орындағаннан кейін алынатын φ'л, ω'л, φ'п, ωп, аспап камералары еңістерінің бұрыштарының мәндері; тірек нүктелерінің геодезиялық координатының мәндері ХГ, Уг, Zr; өлшемдер барысында машиналық сақтағышта тіркелетін ақпараттар тірек нүктелерінің фотограмметриялы координатының өлшенген мәндері Хф, Уф, Zф болып табылады.



  1. Пайдалы қазбалар қоймаларының аэрофототүсірме материалдарын

талдау арқылы өңдеу мысалы
Бастапқы деректер: № 5 аспап; 325 - 326 стерео жұп; 1:2000 модель масштабы.

Бекітілген деректер

bx´ by´ bz´ φл´ ωл´ φп´ ωп´ f

149.68 19.49 19.61 100,00 100, 00 99,75 98,97 99, 40

Тірек нүктелерінің геодезиялық координаттары

№ нүктелер Х Y Z

17 42531,08 50465,50 111,12

12c 43530,27 50771,21 200,63

3c 43237,27 51261,89 209,43

29 42544,62 50935,82 129,56

16 111,02

5 118,09
Ж


Тірек нүктелерінің фотограмметриялы өлшенген координаттары

нүктелер Х Y Z

17 1635,46 0891,31 8367,32

12c 1654,27 1521,07 8407,36

3c 1985,37 8437,66 8437,76

29 1906,35 0974,11 8378,30

16 1597,51 0884,71 8367,28

5 1548,77 0918,09 8370,62











ер моделінің геодезиялық бағыттарының элементтері тірек нүктелерінің геодезиялық координаттар айырмашылығының аз квадраттар соммасы шарттарымен Хг Уг, Zг және осы нүктелердің өзгертілген фотограмметриялы координаттарымен X1', Уг', Zг'. есептелінеді.

Моделдің геодезиялық бағытын ЖК бақылау үшін тірек нүктелері координаттарындағы сызықтық сәйкеспеушілік есептелінеді және басылып шығарылады:

Wхг'-Хг

Wy=Yг'-Yг

Wz=Zг'-Zг



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет