Атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференция аясында пленарлық мәжіліс және келесі секциялар жұмысы жүзеге асырылады



Дата11.07.2016
өлшемі62.28 Kb.
#190798



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ





АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесімен бірлесіп 2016 жылдың 15 сәуірінде халық әртістері, ағайынды Абдуллиндердің туғанына 100 жыл толуына арналған «Замануи әлемдегі музыкалық білім» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференция аясында пленарлық мәжіліс және келесі секциялар жұмысы жүзеге асырылады:

  • Музыкалық білім дамуының инновациялық үлгілері және музыкалық компьютерлік технологиялар: бүгіні мен болашағы;

  • Қазақстандық опера жанрының тарихында Абдуллиндер шығармашылығының маңызы және Қазақстандағы вокалдық өнердің даму жолдары;

  • Жалпы және кәсіби білім беру жүйесіндегі музыкалық орындаушылық өнердің дамуындағы психологиялық-педагогикалық білім берудің рөлі, жаңа формация мамандарын дайындау мәселелері.

Конференция жұмысы 2016 жылдың 15 сәуірінде келесі тәртіпте өтеді:



  • Секциялық отырыстар – Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия, 34 к. мекен жайындағы №1 оқу ғимаратынның № 252, 257, 314 дәрісханалаында сағ. 10.00 -12.00 аралығында;

  • Пленарлық мәжіліс - Өскемен қ., 30-шы Гвардиялық дивизия, 34 к. мекен жайындағы, №1 оқу ғимаратының №218 мәжіліс залында сағ. 15.00-16.00 аралығында.

Конференция жұмысына қатысуға жоғары оқу орындарының ҚР жоғары оқу орындарындағы музыкалық факультеттерінің ғалымдары, оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері, музыкалық, өнер колледждерінің мұғалімдері мен оқушылары, жалпы білім беретін балалар өнер, музыкалық мектеп мұғалімдері шақырылады.


Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс.
Конференцияға қатысу үшін 2016 жылдың 05 сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды электронды пошта арқылы жолдау қажет:

  • белгіленген үлгі бойынша қатысуға өтініш;

  • төменде көрсетілген талаптарға сәйкес рәсімделген мақаланың электрондық нұсқасы;

  • ұйымдастыру жарнасының өтелгенін растайтын сканерленген квитанция көшірмесі.

Ұйымдастыру комитеті мақалаларды жинаққа енгізу үшін таңдап алуға құқылы. Талапқа сәйкес келмейтін және белгіленген уақыттан кешіккен мақалалар конференция жинағына енгізілмейді.


Конференцияға қатысу және жинаққа мақала жариялау үшін ұйымдастыру жарнасы 3000 теңге (бір мақала үшін) көлемінде университеттің келесі банк деректемелері бойынша «Уәлиев оқулары-2016» деген міндетті белгімен келесі есепшотқа аударылсын: «БТА-банк» АҚ ШҚО бөлімшесі РНН 181800014976, БИН 990240007414, ИИК KZ16319В010000333860, БИК ABKZKZKX, «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ» ШЖҚ РМК.
Төленген тіркеу жарнамасы қайтарылуға және өзгертілуге жатпайды.


Мақаланы рәсімдеу талаптары:
Көлемі 3-5 беттен аспайтын суреттер енетін компьютерлік терімдегі материалдар А4 (210-297 мм) форматында және электронды нұсқасы (CD-дискте), ұйымдастыру жарнасы төленгенін растайтын құжат көшірмесімен ұйымдастырушы комитеттің электрондық адресіне жіберіледі. Мәтін Microsoft Word редакторында Times New Roman (KZ Times New Roman) әріптерімен негізгі мәтін - 14 кегльде, 1,0 аралық интервалда, азат жол - 1,25 см өлшемді сақтай отырып теріледі. Суреттермен қоса алғанда мәтін келесі форматта орналасуы тиіс (сол жақ жиегі - 30 мм, оң жақ жиегі - 20 мм, жоғарғы және төменгі – 25 мм).

Қойылған суреттер мен иллюстрациялар сапалы болуы тиіс. Сурет пен формулалар астындағы жазбалар: ортада (центр), кегль 12.

Беттің жоғары сол жақ шетінде ӘОЖ(УДК), астында бір жолдан кейін жуан бас әріптермен автордың инициалдары мен тeгi (студенттер мен жас ғалымдар үшін бірінші автор, содан кейін ғылыми жетекшісі көрсетіледі), келесі жолда кіші әріптермен жұмыс орындалған мекеменің және қаланың атауы, ары қарай бip жолдан кейін, ортасына - бас әріптермен баяндаманың атауы, одан ары бір жол қалдырып баяндама мәтіні көрсетіледі. Баяндама материалдары толықтай талапқа сай редакцияланған болуы тиіс. Мақала мазмұны үшін жауапкершілік авторға жүктеледі. Әдебиеттер тізімі міндетті түрде талап етіледі, негізгі мәтіннен кейін бір жол қалдырылып алфавит тәртібін сақтаумен жазылады, мәтінде сілтемелер әдебиет тізіміндегі әдеби көзге сәйкес квадраттық жақшаларға алынады.
Мақаланың электрондық нұсқасы ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына metodvkui@mail.ru. жіберіледі. Файлдың атауында бірінші автордың тегі, инициалдары, ұйымның бас әріптермен қысқартылған атауы және құжаттың аты көрсетілуі тиіс, мысалы: Қасымов ҚазҰУ өтінім; Мусин А.А. ҚазҰУ мақала, Мусин А.А. ҚазҰУ ұйымдастыру жарнасы.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қызметкерлері үшін мақала мәтінінің қағаздағы нұсқасын (бет саны көрсетілмейді) және CD дискідегі электрондық нұсқасын Ұйымдастыру комитетіне тапсыруға болады. Мақалалардың қағаз және электрондық нұсқалары бір-біріне сәйкес болуы керек.




Халық әртістері, ағайынды Абдуллиндердің туғанына 100 жыл толу мерейтойын атап өту шаралар аясында «Замануи әлемдегі музыкалық білім» тақырыбындағы

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына



ҚАТЫСУШЫНЫҢ АНКЕТА-ӨТІНІМІ




Автор(лар)

Ғылыми жетекші

Тегі







Аты







Әкесінің аты







Жұмыс орны (ЖОО-ның қысқартылмаған атауы),







Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы







Қала, индексі, көше, үй, пәтер (жинақты жіберу үшін)







Байланыс телефоны (ұялы / қалалық)







E-mail







Баяндама атауы







Секция номері және атауы







Міндетті түрде барлық пунктерді толтыру талап етіледі.
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ


ӘОЖ 669.162.214

ӘУБӘКІРОВА Р.А., АСҚАРОВА А.А.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен



ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. (14 pt)

Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. [1].


прямоугольник 10

Сурет 1 Аталуы (12 pt)


Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. (14 pt)
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Пененко В.В., Алоян А.Е. Модели и методы для задач охраны окружающей среды. – Новосибирск: Наука, 1985. - 54 с.

  2. Марчук Г.И. Математическое моделирование в проблеме окружающей среды. – М.: Наука, 1982. - 19 с.

Конференцияға қатысу және жинаққа мақала жариялау үшін ұйымдастыру жарнасы 3000 теңге (бір мақала үшін) көлемінде университеттің келесі банк деректемелері бойынша «Заманауи әлемдегі музыкалық білім» конференциясына қатысу үшін деген міндетті белгімен келесі есепшотқа аударылсын: «БТА-банк» АҚ ШҚО бөлімшесі РНН 181800014976, БИН 990240007414, ИИК KZ16319В010000333860, БИК ABKZKZKX, РГП на ПХВ «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ» ШЖҚ РМК.


ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ
Қазақстан Республикасы, 070019, Өскемен қ., Казақстан к. 55, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, әкімшілік ғимараты, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі, №403 каб.

Байланыс телефондары:

8 (7232) 540-482 химия кафедрасы (мақалаға қатысты сұрақтар);

8 (7232) 241-401 – ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі.

Ұйымдастыру комитеті

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет