Аудан аумағының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша ауданның санэпидқызметінің 2014 жылдың 5-айының қортындысы бойынша атқарылған жұмысы туралы анықтама



жүктеу 82.61 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі82.61 Kb.
Аудан аумағының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша ауданның санэпидқызметінің 2014 жылдың 5-айының қортындысы бойынша атқарылған жұмысы туралы анықтама.
Көкпекті ауданында 2014 жылдың 5-айының қорытындысы бойынша жоспарлы және жоспардан тыс тексеру барысында бақылауда тұрған нысандардан табылған кемшіліктерге байланысты 320396 теңгеге 40 айыппұл салынды, оның ішінде 17 айыппұл, 114824 тенге өз еркімен төленді, 23 – айыппұлдың төлеу уақыты келген жоқ. Барлық тексерілген нысан саны – 25, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бүзуды жою жөніндегі 7- нұсқама берілді.

2013 жылдың 5-айында жоспарлы және жоспардан тыс тексеру барысында бақылауда тұрған нысандардан табылған кемшіліктерге байланысты 780378 теңгеге 101 айыппұл салынып, оның ішінде 76 айыппұл, 574389 тенге өз еркімен төленді, 24 – айыппұлдың төлеу уақыты өтпеген. Барлық тексерілген нысан саны – 63, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бүзуды жою жөніндегі 33- нұсқама беріліп, 8-адам медициналық тексеру өтпегендіктен, жұмыстан медициналық тексеруден өтуге босатылған. Тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша 13 нысанның жұмысы ауданаралық экономикалық соттың шешімі бойынша тоқтатылды.

Жұқпалы аурулар

2014 жылдың 5-айын,2013 жылдың 5-айымен салыстыра отыра ауданда жұқпалы ішек – құрт аурулары тіркелмегендігін айтамыз.

2014 жылдың 5-айында вирустық гепатиттің «А» түрімен ауырған сырқат тіркелген жоқ. Вирустық гепатит ауруының «В» түрінің алғашқы анықталған 1-жағдайы тіркелді,2013 жылдың 5-айымен салыстырғанда 4-жағдайға төмендеген. Вирустық гепатиттің «С» созылмалы түрінің 3- жағдайға төмендегенін көрсете аламыз, 2014 жылдың 5-айында аурудың «С» түрі тіркелген жоқ. Вирустық гепатит ауруларымен қарым-қатынаста болған 3 – бала егілді, 1-адамның қанының маркерлік құрамын анықтау үшін тексеруге жіберілді, қортындысы әлі түскен жоқ.

ҚР ДСМ 2010 жылы 27 мамырда шығарылған № 11 және № 12 Қаулысына сай вирустік гепатитке қарсы тексеру үшін медициналық қызметкерлердің базасы әзірленіп, 148 қызметкерді тексеруден өткеру анықталды. 2013 жылдың 5-айында Көкпекті орталық ауруханасы бойынша 77 қызметкер, аудан аралық Самар ауруханасы бойынша 80 қызметкер тексеруден өткізілді, « оң» нәтиже көрсеткендер анықталғн жоқ.



Иммунопрофилактика

Ауданда «Иммунопрофилактика» бағдарламасы бойынша балалардың иммунитеттарын көтеру мен алдын-ала 5 жасқа дейін қойылатын егілу жұмыстарын қамтамасыз ететін алдын-алу шаралары жүргізіледі.

Ай сайын ауыл орталықтарында пайыздық көрсеткіштегі «Егумен қамтамасыз ететін ақпараттық иммундық бюллетень» шаралары өткізіледі. Аудан бойынша егу жұмыстарын 7- дәрігерлік амбулатория, 34-медициналық пункт, Көкпекті орталық ауруханасы, Самар аудан аралық ауруханасы жүргізіп,қадағалайды. 2014 жылдың 5-айында жоспарлы тексерумен 1-дәрігерлік амбулатория, 1- медициналық пункт қамтылды (2013 жылдың 6-айында жоспарлы тексерумен 5- дәрігерлік амбулатория, 16-медициналық пункт,Самар аудан аралық ауруханасы қамтылған). Ай сайын егумен қамту жайлы есеп беріледі. Барлық егу пункіттері тоңазытқыштармен, термоконтейнерлермен, суықтату элементерімен жабдықталған. Бұл өз кезегінде вакцинаның дұрыс сақталуына әсер етеді. Вакцинамен қамтамасыз ету Көкпекті орталық ауруханасы арқылы жүргізіледі.

Екі жастағы және 14 жасқа дейінгі балалар егу төлқұжатарымен 100 пайызға қамтамасыз етілген. Жасөспірімдерде 1926, 19-дан жоғары жасқа толған 7433 адамда егу төлқұжатары бар.

2014 жылдың 5-айында балаларды алдын алу екпе жұмыстары ең төменгі-ең жоғарғы көрсеткіштер аралығы 39,5 – 41,6 пайыз облыстық көрсеткіштер бойынша:

Вакцинация

%

Ревакцинация

%

АКДС

39,5

АКДС

44,6

ОПВ

39,5

АДС (6-7 жас)

26,7

ВГВ

39,5

ККП 6 жас

39,6

КОРЬ

38,7

АД-М (12 жас)

41,4

ПАРОТИТ

38,7

АДС-М (16-17 жас)

47,9

КРАСНУХА

38,7






ХИБ

39,5




















Коммуналдық бөлім

Көкпекті ауданында 2014 жылдың 5-айы бойынша 31618 адам тұрады, оның 42,2 пайызы (13334 адам ) ауыз сумен ауылдық су құбырынан қамтамасыз етіледі, ал 52,8 пайызы ( 18384 адам) құдықтардан ішеді. Яғни аудан халқы 100 пайызға таза ауыз сумен қамтылған. Ауданда 6-ауылдық ауыз су құбыры бар. Олар келесі ауылдарда орналасқан:

1. Көкпекті ауылы

2. Самар ауылы

3. Ново- Тимофеевка ауылы

4.Палатцы ауылы № 1

5.Палатцы ауылы №2

6. Тассай ауылы

Көкпекті мен Самар ауылында суды тазарту жұмыстары бактерицидтік жолмен жүзеге асады. 2014 жылдың 5-айында су құбырларынан алынған ауыз судың 10 сынамасы бактериологиялық және 10 сынамасы санитарлық-химиялық тексеруден өтті, оның ішінде санитарлық нормаға сәйкес келмейтін сынма анықталған жоқ. Көкпекті және Самар ауыз су құбырларында көктемгі және жазғы жұмыстарға дйындық кезінде ревизиялық жұмыстар жүргізуге, көктемгі жуу және залалсыздандыру жұмыстарын өткізуге мекеме басшыларының атына нұсқау хаттар жолданды.

Балалармен жасөспірімдер гигиенасы

Көкпекті ауданында 41 мектеп бар, оның ішінде 28 типтік, ал 14 ыңғайлы. Барлық оқушылар саны 4256, ыстық тамақпен 4206 оқушы (98 %) қамтылған

Ауданда 1 балалар үйі, 2 мектеп интернаты және 3 мектепке дейінгі бала-бақша жұмыс жасайды. Көкпекті ауданында 41 мектепте 57 компютерлік класс жұмыс істейді, барлық компютерлер саны 930, оның ішінде 550 « Пентиум» компютері, 380 компютер 2001 жылы шығарылған, алмастыруға жатады. Сыныптар бойынша бір оқушыға 5-6 шарш метрден келеді, бастауыш сынып оқушылары компютермен 15-20 минуттан, жоғарғы сынып оқушылары 30 минуттан жұмыс жасайды. 30 мектепте медициналық кабинет бар, медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілген.Барлық мектептерде жеке бас гигиенасын сақтауға жағдай жасалған.Санитарлық ереженің талаптарына сай дәретханаларда,қоқыс төгу алаңдарына,қалдық су төгетін шұңқырларға ағымдағы жөндеу жұмыстары өткізілген. 2014 жылдың 5-айында жоспардан тыс 10 мектеп тексерілі, санитарлық ережелердің талаптарын бұзуға байланысты 15 хаттама құрылып, 105564 теңге көлемінде болатын айыппұл салынды.
Тамақ гигиенасы

Көкпекті ауданында 222 нысан есепте. 2014 жылдың 1-ші сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Елбасының Жарлығымен жоспарлы тексерулерге мороторий жарияланғандықтан, жеке кәсіпкерлерге тексеру жүргізілмейді.



Паразиттік аурулар

2014 жылдың 5-айы бойынша қотырдың-1, тері ауруларының – 2/ 2013 жылдың 5-айында 6- жағдай/,энтеробиоздың 3-жағдайы тіркелген. Қарым –қатынаста болған 12 адам байқауға алынып, толық дәрігерлік тексеруден өтті. Ошақтарда эпидмияға қарсы санитарлық-гигиеналық және санитарлық –ветеринарлық іс-шаралар өткізілді. Тері аурулары 2013 жылдың 5-айымен салыстырғанда 4-жағдайға төмендеді.



Бруцеллез

Сарып ауруының алдын алу іс-шаралары 2013-2015 жылдарға арнап жасалған аудан әкімімен бекітілген кешенді іс жоспарына сай өткізіледі. Сарып ауруының алдын алу бойынша медицина қызметкерлерінің қатысуымен малшыларды профилактикалық тексеруден өткізу туралы семинар өткізілді. Тұрақты малшылар отбасы мүшелерімен 157 адам, терапевтің тексерумен серологиялық тексеруден 157 адам өтті. Күзгі диспансеризацияға 40 адам, қараша айына жоспарланған.

Ағымдағы кезең бойынша «Жедел сарп» ауруының дәлелденген түрі адамдар арасында тіркелген жоқ, аурудың 2-жағдайға төмендегені байқалды / 2013 жылдың 5-айында 2-жағдай тіркелген/.Адам ауруы және мал арасында анықталған ауру ошақтары бойынша қарым-қатынаста болған 83 адам дәрігерлік және зерханалық тексеруден өткізілді. Оның ішінде 3 - адамда диагностикалық титр 1.25,1:50 мөлшерінде «оң» нәтиже көрсетіп, дәрігерлік бақылауға алынды. Халық арасында санитарлық ағарту іс-шаралары жүргізіледі, сарп ауруының профилактикасы бойынша 2-айлық өткізілді. Нәтижесңнде 6-лекция оқылды, 187-әңгіме кеңес өткізілді, 11 – санитарлық бюллетень шығарылды,17- денсаулық бұрышы ұйымдастырылды, 2012 оқушы диктант жазуға қатысты, мал шаруашылықтарында мал төлдету кезінде жеке бас гигиенасын сақтау туралы ескерпе парақтар таратылды.

Құтырма

Құтырма ауруының алдын алу іс-шаралары 2013-2015 жылдарға арнап жасалған аудан әкімімен бекітілген кешенді іс жоспарына сай өткізіледі. Аудан бойынша үшжақты бұйрық шығарылып құтырма ауруының алдын алу іс-шаралары бойынша медициналық қызметкерлер арасында семинар және тестілеу жүргізілді. Медициналық қызметкерлер 99,5 пайызға білімдерін көрсетті. Оқушылар арасында диктантық жазба жұмыстары өткізіліп, 2400 бала қамтылды. Ата-аналар арасында түсніктеме жұмыстары және жиналыстар жүргізілді, бұл шараға 1250 ата-ана қатысты. Құтырма ауруының алдын алу шаралары туралы 8-лекция оқылды, 20 – іңгәме кеңес өткізілді, 7-санитарлық бюллетень шығарылып, 60- нұсқама таратылды. Ауданда босқын иттерді жоюға 2013 жылдың 5-айында 445 000 тенге бөлінген, ал 2014 жылдың 5-айында 700000 тенге бөлінген. 5-айда барлық жойылған иттер саны – 300, 2013 жылдың 5-айында -218 ит жойылған. Ауданда тұрақты бір бригада ғана құрылған, басқа ауылдық округтерге бригада тапсырыс бойынша ғана шығады. Ит қабу бойынша медициналық көмекке жүгінгендер саны төмендеп келеді. 2013 жылы 5-айда 39 – адамға антирабикалық вакцина тағайындалып, жасалса, 2014 жылдың 5-айында 31 адам көмек алды, 8-адамға төмендеген.



Туберкулез

Аудан бойынша 2014 жылдың 5-айында 7- туберкулез ауруы тіркелді, оның ішінде тыныс жолдарының туберкулезі - 6 жағдайда. (БК+) жағдай, 14 жасқа дейінгі балалар арасында ауру тіркелген жоқ. Анықталған ошақтарда профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, қарым-қатынаста болған 18 адам дәрігерлік тексеруден өткізілді, оның ішінде 14 жасқа дейін 1-бала және жасөспірім - 1. Өте қауыпті туберкулез аурулар тіркелген жоқ. Көкпекті ауданында туберкулезге қарсы аурухана аурулардың созылмалы түрімен жатқан 28 ауруға емдеу жұмысын өткізеді. Туберкулездің диагностикасымен 2 лаборатория шұғылданады. 5-айда байқау жоспары бойынша флюорографиялық әдіспен- 5408 адам қаралған, микроскопия тәсілімен 213 адам тексеруден өтіп, 2- адамда « оң» нәтиже анықталды. 5-айда әлеуметтік көмекке 514 мың 080 тенге бөлінеді. Туберкулез ауруының алдын алу іс-шаралары бойынша 23 ақпан – 23 наурыз аралығында айлық өткізілді.Айлық өткізуге медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен оқушылар,аграрлық-техникалық колледж қызметкерлері,кітапхана, ауылдық әкімшілік қызметкерлеі өз үлестерін қосты. Мектеп директорларының , аурухана басшыларының, СӨС филиалының қызметкерлерінің, ішкі істер мекемесінің мамандарының, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мекемесі қызметкерлерінің, СМИ мамандарының қатысуымен дөңгелек стол өткізілді. Нәтижесңнде 10-лекция оқылды, 2-семинар және54 - әңгіме кеңес өткізілді, 24- денсаулық бұрышы ұйымдастырылды, аудандық «Жұлдыз»-«Новая жизнь» газетіне мақала жарияланды, жеке бас гигиенасын сақтау туралы ескерпе парақтар таратылды, медицина қызметкерлеріне семинар өткізілді.Санитарлық ағарту іс-шраларын өткізу туралы жоспар жасалған.



АҚТҚ/ЖҚТБ

АҚТҚ/ЖҚТБ ауруының алдын алу іс-шаралары 2012-2014 жылдарға арнап жасалған аудан әкімімен бекітілген кешенді іс жоспарына сай өткізіледі. Көкпекті ауданында 44 емдеу мекемесі есепте. Медициналық қалдықтарды жою ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген 2012 жылы 17 қаңтардағы №87 санитарлық ережеге сай жүргізіледі. 2011 жылдың 01.06 №1 Көкпекті аудандық медициналық бірлестік базасында анонимдік тестілеу және психологиялық әлеуметтік кеңес беру кабинеті ашылды. АҚТҚ/ЖҚТБ – мен күрес күніне арналған медициналық қызметкерлермен орта және кіші бизнес өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді. Ауданда 8-шаштараз жұмыс істейді. Шаштараз қызметкерлерімен семинар сабақ жүргізілді, семинарға 17-адам қатысты. Залалсыздандыру іс-шараларын өткізу бойынша нұсқамалар берілді. Білім беру мекемелерінде 5- лекция оқылды.Көкпекті ауылында орналасқан Раев атындағы балалар үйінде денсаулық бұрышы ұйымдастырылды.



« ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау

Агентігінің ШҚО ТҚҚ департаментінің

Көкпекті аудандық ТҚҚ басқармасы »

басшысының м.а. Г.Қ.Әбдрасұлова


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет