Аудан бюджеті



Дата29.02.2016
өлшемі36.94 Kb.
#29607
2006 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық  дамуының және бюджеттің орындалуының қорытындылары туралы анықтама

Аудан бюджеті

Аудан бюджеті 2006 жылдың 9 айында кірістер бойынша жалпы 101,7 пайызға орындалды, немесе, 654494,0 мың теңге болжамды бағалауда 665584,0 мың теңге сомасында түсім қамтамасыз етіліп 11090,0 мың теңгеге асыра орындалды. Осының ішінде жетілдірілген кіріс көздерінің 32 түрінен болжамның орындалуы қамтамасыз етілді.

2006 жылдың 9 айында аудан бюджетінің шығыстар бөлігі 96,9 пайызға орындалды, жоспардағы 654494,0 мың теңге 634032,2 мың теңгеге орындалды. Қолма қол бақылау шотында 2006 жылдың 1 қазанына 31549,7 мың теңге сомасында игерілмеген қаражат қалды, оның 14109,0 мың теңгесі меншікті кірістер болжамының асыра орындалуының себебінен және 20626,0 мың теңгесі бағдарлама әкімшілерімен игерілмеген лимиттер.

Кәсіпкерлік

Шағын кәсіпкерлік субъектілері санының серпінді өсуі байқалуда, 2006 жылдың 1 қазанына ауданда 1880 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген бұл 14,1 пайызға, немесе өткен жылға қарағанда 232 субъектіге көбейген. Сонымен қатар кәсіпкерлікпен айналысатындардың саны 367 адамға өсті.

2006 жылдың 1 қазанына ауданда өз қызметін 679 жеке кәсіпкер атқаруда, яғни 2005 жылдың 9 айына қарағанда 86 кәсіпкерге көбейген.

2006 жылдың 1 қазанына жұмыс істеп жатқан шаруа қожалықтары 2005 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 213 өсіп, 1113 шаруа қожалығын құрады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салықтар түсімі жедел деректер бойынша 56000,0 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 134 пайызы.



Ауылшаруашылығы

Ағымдағы жылдың 9 айында жалпы мал шаруашылығы өнімін өндіру бойынша 3647,74 млн. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 3693,94 млн. теңге, яғни 1,3 млн. теңгеге төмендеді. Ет өнімдерінің тірідей салмағы бойынша 334 тоннаға немесе 2,1 пайызға қысқарды, жұмыртқа 1531 данаға немесе 8,9 пайызға. Ірі қара мал басы 5,1 пайызға, құс басы 18 пайызға қысқарды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сүт өнімі 789 тоннаға көтерілді немесе 102 пайыз, ал жүн 2 тоннаға немесе 101,3 пайыз.

2006 жылы 90793 га егістік жерлердің 17040 га сүр жерлер, 73753 га жер егіс алқабы. Өткен жылмен салыстырғанда егіс алқабы 5,2 пайызға өскен. Жаздық егіс алқабы 64386 га жерді алды, соның ішінде: бидай 36188 га, арпа - 7386, қара құмық - 875, күнбағыс - 15912, жүгері - 1865, біржылдық шөптер - 571, көпжылдық шөптер - 7448, көкөністер - 227,7, картоп - 775,8 га.

Ауданның статистика бөлімінің мәліметтері бойынша 2006 жылдың 1 қазанына аудан бойынша ірі қара мал басы - 51667, қой және қозы басы - 94708, жылқы - 10161, шошқа - 8969, құс - 799962, түйе - 59 бас. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қой және қозы басының 16 пайызға өсуі байқалуда, жылқы – 14,1 %, шошқа – 13,1 %, түйе – 9,2 %. Ірі қара мал басы 5,1 пайызға, құс 18 пайызға қысқарды..



Өнеркәсіп

2006 жылдың 1 қазанына өнеркәсіп өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 71,1 млн. теңгеге өсіп 2634,9 млн. теңгені құрады немесе 102,7 пайыз.

Білім беру

Орта және жалпы білім беру жүйесі 2006-2007 оқу жылдары басына ешбір өзгеріссіз қалады.

Халықтың көшіп қонуы мен туылудың азаюы аудан мектептеріндегі балалар санының қысқаруына әкеліп соқты, 2006-2007 оқу жылдарында оқушылар құрамы 5637 баланы құрады, өткен жылмен салыстырғанда оқушылар саны 459 балаға азайды. Осыған байланысты жыл сайын шағын комплектілі мектептер саны көбеюде (2005-2006 оқу жылында 29, 2006-2007 - 31).

Білім беру орындарын күрделі жөндеуі мен материалды-техникалық базасын нығайту аймақтық бағдарламаға сәйкес күрделі жөндеуге 2006 жылға білім беру объектілері бойынша 10996,0 мың теңгеге 7 объектіні күрделі жөндеуден өткізу көзделіп отыр. 9 ай бойынша 10513,0 мың теңге игерілді. Ағымдағы жөндеуге білім беру мекемелері бойынша 2678,0 мың теңге қарастырылуда, 2678,0 мың теңге игерілді. Материалды техникалық базаны нығайтуға 23801,0 мың теңге қарастырылып, оның 7774,0 мың теңгесі игерілді.

Тұрғын үй құрылысы

2006 жылдың 9 айында пайдалануға жалпы ауданы 45,17 мың шаршы метр 112 тұрғын үйлер берілді, бағасы - 93,3 млн, теңге.

Инвестицияның барлық көлемі халықтың меншікті қаражатының есебінен іске асыуда.

Молодежный кентінің бас жоспары әзірлену сатысында, ТДО ТПО «Өскемен мұрағат қорымен» 4,7 млн. теңге көлемінде келісім шарт жасалынды.

Сібе көлдері демалыс орнының бас жоспары (І кезең ТЭО) өндірісті кооператив «ГРАДО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде әзірлену сатысында.

9 айға жеке құрылысшыларға 297 учаске бөлінді. 13 жеке тұрғын үй құрылысына ықшамдалған нобайлы жобалар келісілді. Тұрғын үйлерге 33 жер учаскесінің сұлбасы берілді, ал зерттеулер бойынша 7 жер учаскесі зерттелді.

Сумен жабдықтау

2006 жылы «Ауыз су» бағдарламасы бойынша Таврия аулының имаратын және су құбыры жүйелерін қайта жаңарту бойынша жобалы-сметалы құжатқа 2445,0 мың теңге сомасында трансферттер бөлінді. Сумен жабдықтау жуйесін және су қайтарғыларын іске асыру үшін, аудан бюджеті қаражатынан 2,0 млн. теңге бөлінді. Оның 1435,0 мың теңгесі игерілді. 950,0 мың теңге соммасында Таврия аулындағы су құбыры жүйесінде ағымды жөндеу өткізілді, Алмасай аулындағы скважиналарды тазалауға 104,8 мың теңге, Молодежный кентінің имарат жүйесін іске қосу үшін 3379,0 мың теңге бөлінді.

Автомобиль жолдары

Жергілікті маңызы бар автомобиль жодарының ұзындығы 555 км құрайды.

2006 жылы автомобиль жолдарын ағымды жөндеуге және қамтамасыз етуге 22,0 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 9 айында 16465,0 мың теңге игерілді.

Жол белгілерін орнатуға 840,0 мың теңге бөлініп игерілді. Жол белгілерін орнату жұмыстары Молодежный кентінде және Таврия аулында өткізілді.

Әлеуметтік сала, жұмыспен қамту



Ағымдағы жылдың 9 айы бойынша жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда (1,4 пайыз) 1,3 пайызды құрады. Қосымша жұмыс орындарын ашу бойынша бағдарлама 155,8 пайызға орындалды, немесе 9 айға 589 қосымша жұмыс орындары ашылды қарастырылған бағдарламаға қарсы 378. Ағымдағы жылдың 9 айында 871 адам жұмыспен қамтылды, қарастырылған бағдарламаға қарсы 288 адам.

Спорт

2005 жылмен салыстырғанда дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар саны 934 адамға өсіп, 8394 адамды құрады. Штаттағы дене шынықтыру қызметкерлер саны 14 ке өсіп, 70 адамды құрады.

Шегенов Ержан кигбоксинг бойынша әлем чемпионы атағына ие болды, Жапишев Ермек Жумабекович – аударыспақ бойынша Қазақстан Республикасының екі еселі чемпионы атағына ие болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет