Аудан әкімдігінің жылғы № қаулысымен бекітілді



жүктеу 469.75 Kb.
бет1/3
Дата22.02.2016
өлшемі469.75 Kb.
  1   2   3
Аудан әкімдігінің

________ жылғы____________

____ қаулысымен бекітілді




«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Октябрь селолық округі әкімінің аппараты» ММ

2010-2014 жылдарға

арналған стратегиялық жоспары

Мазмұны


1.

Міндетті істер мен көрінісі













2.

Ағымдағы жағдайды талдау













3.

Қызметтің, мақсаттар мен міндеттердің стратегиялық бағыттары













4.

Функционалдық мүмкіншіліктер және мүмкіндік қауіп-қатер













5.

Стратегиялық жоспар құрастырылғанда негіз болған бағдарламалық құжаттар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілердің тізімі.




6

Бюджеттік бағдарлама





1. Міндетті істер мен көрінісі
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Октябрь селолық округі әкімінің аппаратының міндетті істері – селолық округ әкімдігі және әкімінің қызметін қамтамасыз ету, ҚР заңдарын атқару бойынша жұмысты ұйымдастыру, жоғары тұрған мемлекеттік өкімет пен басқарма шешімдері, азаматтардың өтініш, шағым мен үндеулерін қарастыру, жер заңнамасына сәйкес селолық округ қарамағындағы жерді пайдалануға байланысты сұрақтарды шешу, ҚР «Бюджеттік жүйе туралы» Заңын орындау, әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүзеге асыру, халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша бағдарламаны жасау, жаңа жұмыс орындарын құру, МӘК пен МБЖ көрсету бойынша жұмыстар ұйымдастыру, жалғыз тұратын азаматтарға көмек көрсетуді бақылау, аудандық бюджетке салық төлемдерінің уақытылы түсуіне көмек көрсету.
Селолық округ әкімі аппаратының көрінісі:

  • Стратегиялық мақсат пен басымдылықтарды, аумақтық дамудың әлеуметтік-экономикалық және

қоғамдық-саясаттық негізгі бағыттарын құрастыру,

  • Мемлекет басшысымен, Қазақстан Республикасының Үкіметімен, аудан және селолық округ әкімімен

қойылған міндеттерді іске асыру үшін қажетті әлеуеті бар және қазіргі менеджмент талаптарына жауап беретін селолық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметінің персоналдарының жоғары біліктілігін дамыту

  • Құжаттармен жұмыста жаңа түрлерді енгізу: құжатайналымды қысқарту, жаңа ақпараттық

технологияларды қолдану, «электрондық әкімдік» дамыту шегінде жұмыс, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету шегінде азаматтардың хаттарымен, өтініштерімен жұмысты жақсарту, селолық округ тұрғындарымен ұдайы кездесулер ұйымдастыру,

  • Қызметті ұйымдастыруға көмек көрсету, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, еркіндіктерін, заңды

мүдделерін қорғауға және мұқтаждықтарын қанағаттандыруға қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік қызмет көрсету үшін шарттарды құру, оларды сақтау, мемлекеттік мүдделерін қорғау, алдыңғы қатарлы тәжірибе мен оң тәжірибе негізінде әлеуметті маңызды қоғамдық қатынастарды нәтижелі қалыпқа келтіру,

  • Электронды әкімдіктің дамыған және қол жеткіш ақпаратты-телекоммуникациялық инфрақұрылымы,

жергілікті атқарушы органның мемлекеттік басқару сапасын арттыруға қабілетті ғаламдық ақпараттық бірлестік.

2. Ағымды жағдайдың талдауы
Кадрлық саясат

Қазіргі уақытта (2010 ж.01.01. жағдайы бойынша) Октябрь селолық округінің әкімі аппаратының штаттық саны 5 бірлік құрайды, мемлекеттік қызметкерлердің факт бойынша саны 4 адамды құрайды, оның ішінде әйелдер саны 80 пайыз құрайды. Аппарат қызметкерлерінің орта арнаулы білімдері бар.

Мемлекеттік қызметкерлердің орташа жасы 41 жас.

Мемлекеттік қызметтің орташа өтілі 11 жыл, атқаратын лауазымы – 11 жыл құрайды.

Кадрлердің кәсіби, интеллектуалды деңгейлерін жоғарылату және 2009 жылы мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын орындау мақсатында, облыстық қайта даярлау орталығында 1 мемлекеттік қызметкер біліктілігін жоғарылатты.

Сонымен қатар, басшылық пен қызметкерлердің өзара сыйластық пен сенімділігінде құрастырылған, аппараттың кадрларын дамыту жүйесін жетілдіру, моральді-психологиялық климатты жақсарту, басқарудың жаңа түрлері мен тәсілдерін енгізу бойынша жұмыстарды өткізу қажет.



Құжаттық қамтамасыз ету.

Октябрь селолық округінің әкімі аппаратының 2009 жылға жалпы құжатайналымы 1801 құжат құрады (кіріс құжаттары – 804, шығыс - 1149), 2008 жылмен салыстырғанда 2 пайызға өсті, яғни:

Өкіметтік кіріс құжаттары 217 құжат 37 пайызға өсті;

Шығыс құжаттары – 387 құжат 11 пайызға өсті;

Бақылауға алынған құжаттар – 58 13 пайызға өсті;

Қабылданған нормативті-құқықтық актілер –34;




Құқықтық қамтамасыз ету

Мемлекеттік қызмет сапасын арттыруды құқықтық ақпараттандыру мен құқықтық мәдениетті құрастыру мен жоғарылату, сапалы нормашығармашылық қызметті қамтамасыз ету.

Әр орган қызметінің көрсеткіші болып әрдайым арттыруды талап ететін қызмет көрсету сапалығы болып келеді. Атап өту керек, мемлекеттік басқару жүйесі мен мемлекеттік қызмет сапасы толық жетілмеген.

Онымен қатар халықтың жартысына жуығы мемлекеттік қызмет сапасымен қанағаттандырылмағаны куәландырылып, бұл көрсеткіштерді жақсарту бойынша шаралар қолдануды талап етеді.

Көрсетілетін қызмет сапалығына механизмдер мен бақылау түрлерін құру мақсатында қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері енгізіледі.

Мемлекеттік құқықтық мәдениеттің жағдайы ол құқықтық жүйенің бір көрсеткіші болып саналады. Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтық ақпараттандыру мен құқықтық мәдениетінің деңгейін әрі қарай арттыру үшін 2010-2014 ж. мерзімімен сәйкес аумақтық бағдарлама іске асырылады.

Мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі инструменті болып нормашығармашылық қызмет саналады. Негізгі тапсырма жасалып жатқан жобалардың сапасы болып келеді. Бұл тек заңды құқықтық қатынас жұмысынан ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік, экономикалық, қаржылық сұрақтарды шешетін жұмыстарға байланысты, санақ мәліметтерін оқу, қолданыстағы тәжірибе талдауына, өзге аумақтардың оң істерін қолдануға байланысты.

Бұл деңгейде нормашығармашылық қызмет сапасын арттыру стратегиялық бағыттармен анықталған. Сапаны арттыру үшін стратегиялық жоспарда өңделген актілердің заңды өңделуіне бірнеше талаптар қарастырылған, және де селолық округ әкімдігі мен әкімінің нормативті-құқықтық актілерін дайындау бойынша жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын уақытылы атқару қарастырылған.

2002 ж. 20 қыркүйегіндегі ҚР Президентінің № 949 Жарлығымен бекітілген, құқықтық саясат тұжырымдамасына енгізілген идеялар, мемлекеттік органдар қызметтерінің бағасы мен ұйымдастырылуы туралы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндігін қорғау бойынша жұмыс нәтижелерін, заңды тұлғалар мен мемлекеттік заңды мүдделерін назарға алу.

Қызметтің қағидаты – құқықтық тәртіпті нығайтудың нәтижелі әдістерін, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігінің материалдық, ұйымдастырушылық-құқықтық, саяси кепілдігін құру, әлеуметтік өмір салаларын үйлестіру, қоғамның әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету болып табылады. Сонымен қатар, өз конституциялық міндеттерін бұлжытпай орындауы керек болған, мемлекеттік басқарудың әр бір буыны және деңгейіндегі мемлекеттік қызметкердің жауапкершілігін арттыру қажет.

Құқықтық мәдениет мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың күнделікті қызметінде орын алуы қажет.

Оның негізгі қағидаты ретінде заңдылық толығымен бекітілуі керек, бұл Конституция мен заңнамалардың, соларға негізделген нормативті-құқықтық актілердің нормаларын сақтау және тиісті қолдану; адам құқығы мен еркіндігінің басымдылығы, мемлекеттік аппарат қызметінің нәтижелілігін және қабылданған шешімдерге жауапкершілікті арттыру.


Октябрь селолық округінің халқы: 904 адам құрайды.

1. Октябрьское с. - 514

2. Суворовка с. - 59

3. Мичурино с. - 104

4. Хлебороб - 227

Этникалық құрам бойынша 2009 ж. ең үлкен үлес салмақты орыстар құрайды (69,7%) -630 адам, қазақтар (24,2%) – 219 адам, немістер (3,6 %) – 33, басқалар – 22 (2,4 %)



Білім

Селолық округтің білім жүйесіне 3 жалпы білімдік мектептер кіреді, оның ішінде: орта мектеп – 1 орыс және мемлекеттік тілді оқытумен, онда 71 оқушы, 1 – Хлебороб орталау мектебі, онда 31 оқушы, 1 бастауыш мектеп – Мичурин онда 8 оқушы.

Білім жүйесінде 73 адам істейді.

Мектептер «Интернет» жүйесіне қосылумен компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

Округтегі спорт объектілері: спорт залы мен спорт алаңдары мектепте орналасқан.

Денсаулық сақтау

Селолық округтің емханалық жүйесін фельдшер-акушерлік пункт, 2 медициналық пункт құрайды. Округте дәрігер, 1 тіс дәрігері, 1 мед. бике істейді. Дәріхана бар. Медициналық пункттер орта персоналмен толықтырылған.

2010-1014 ж. денсаулық сауықтыруды дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында. Халықты түберкүлезден қорғауды күшейту шаралары, ана мен бала денсаулығын қорғау, тегін медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету, алғашқы медико-санитарлық көмек қызметінің дамыту шаралары өткізіледі.
Мәдениет

Октябрь селолық округінде 10727 дана кітап қорымен 1 кітапхана бар. Кітапхананың кітап қорын халықтың сұранысындағы әдебиетпен толтыру жалғастырылады.


Ауыл шаруашылық

Селолық округ ауылшаруашылық құрылымында, 90 пайыз үлес салмағынан артық жалпы өніммен, ең негізгі сала болып өсімдік өсіру мен мал шаруашылығы саналады.

Округте 2010 ж.01.01. әр түрлі жекешелендірілген 16 ауылшаруашылық құрылымдары тіркелген, оның ішінде 2 ЖШС, 14 ШҚ.

Жеке меншікке, өндірістік объектілерге, дүкендер мен сақтау тұрғын үйлеріне жеке меншікке жер сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Округтегі ауылшарушылықты дамыту міндеттері егістік алқаптарды ұлғайту болып келеді, жалпы егістік алқаптар құрылымы 15870 га немесе 9% құрайды бұл 2008 жылғы басым алқаптардан көп, оның ішінде «Аккайынское» ЖШС -3585 га, «Раяна» ЖШС -4069 га, ШҚ – 4854, «Богви» ЖШС - 3362 га, га оның ішінде:

бидайлық, барлығы –15870 га

картоп пен көкөніс – 56,6 га;

Жеке меншікке, өндірістік объектілерге, дүкендер мен сақтау тұрғын үйлеріне жеке меншікке жер сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Селолық округ аумағында 2 жасанды ұрықтандыру пунктісі өз жұмысын жалғастыруда.

Әрдайым сүт сатып алу бойынша 2 пункт жұмыс істейді. 2009 жылы «Пальчик» ЖК-360 тн. 2010 жылы сүт сатып алуды ұлғайту жоспарлануда. Мал шаруашылығының жағдайы мен дамуынан село халқының өмірлік деңгейі басыбайлы, өз өнімдерімен, ең алған етпен және сүтпен қамтамасыз етіледі.



Инфрақұрылым объектілері

Ағымды жылдың басынан округте 1 микро-кредиттік ұйым ашылды, бұл кәсіпкерлік әлеуеті бар, бірақ кіріс деңгейлері төмен адамдарға қаржылық қызмет көрсету мұқтаждарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Округ аумағында 5 жеке дүкен, бір дәріхана жұмыс істейді, 2009 жылдың маусым айында 8 жұмыс орнымен ағаш өңдеу цехы ашылды. Кіші бизнес саласындағы азаматтар саны 13 адам құрайды.

Кіші бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар құру, іскер адамдарды қолдау әлі де біздің ең негізгі мақсатымыз болып саналады. Әсіресе маңызды болып ол селода, халыққа сапалы және мәнді қызмет көрсету болып табылады.
Жолдар

Поселке ішіндегі жолдардың ұзақтығы 13 км. Автобус қозғалысын ұйымдастыру бойынша өзекті сұрақтар облыстық және аудандық мағынадағы бөлек учаскелік автомобиль жолдарының қанағаттанғысыз техникалық жағдайы саналады.

2010-2014 жылдарға ағымды жөндеу және 58 км ұзақтығымен 90 млн.тг қажет ететін КТ -11 Булаев-Октябрьское-Конюхов-Кулимзин аудандық мағынадағы жол. Жергілікті мағынадағы жолдарды жөндеуге 23 км ұзақтықпен (аралап жөндеу, себу, шұңқырларды жөндеу) 38 млн.тг қажет етеді.


Сумен қамтамасыз ету

Жергілікті пункттерді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету «Есіл-су» АМК ұсынылған. Округ аумағында халықты сумен қамсыздандыратын төрт су құбырлары жұмыс істейді.

Селолық округ өнеркәсібін дамыту мақсаты 8 км су құбырын орнықтыру, селолық округ халқын көшелерді жарықтандырумен қамтамасыз ету болып келеді.
Электрмен қамтамасыз ету
Электрқуатын бөлу аудандық бөлімше «Аксесс Энерго СКРЭК» ЖШС жүзеге асырылады. Қолданушыларды электр қуатымен қамтамасыз ету тұрақты және толық көлемде.
Газбен қамтамасыз ету

Округті тұрмыстық газбен газ құятын станция қамтамасыз етеді. Толық көлемде «Рока» ЖШС жүргізіледі.



Көркейту

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 ж. «Облыстың жергілікті пункттерін көркейту және үш айлық санитарлық тазалау өткізу туралы Қаулысы негізінде үш айлық қорытындыларды талдау бойынша комиссия құрылды, селолық округ әкімімен Октябрь селолық округінің жергілікті пункттерін көркейту және үш айлық санитарлық тазалау өткізу туралы шаралар жоспары жасалып бекітілді.

Комиссиямен ай сайын жергілікті пункттерді көркейту және үш айлық санитарлық тазалау өткізу нәтижелерін қарастырумен отырыстар өткізілетін болады. Азаматтармен көркейту сұрағы бойынша кәсіпкерлік, ауылшаруашылық құрылымдарының басшыларын және жеке кәсіпкерлерді шақырумен жиындар өткізіледі.

Көркейтуге: поселкелерді жасылдандыру, ескерткіштерді жөндеу, қиратылған және қираған ғимараттарды және үйлерді жинауға 2 млн.тг қажет.



Телефондандыру
Селолық округ аумағында 162 нөмірмен АТБ істейді, заңды тұлғалар – 12, жеке тұлғалар-150
Спорт
Спорт бойынша әдіскердің жалақысын ұстауға «Зевс» ШҚ меморандум жасалды. Округ халқы ауданның спорттық өміріне белсенді қатысады. Футбол, волейбол, баскетбол бойынша спорттық шаралар өткізіліп жатыр. Біздің команда аудандық жарыстарда волейбол бойынша жыл сайын жүлделі орындар алады. 2009 жылы спорттық мереке Ақ-Бидай -2009 волейбол командасы 1 орын алды. Аудандық спортакиадаларда мүгедектер арасында да біздің өкілдеріміз жүлделі орындарды алады, округте Біздің Еліміз Қазақстанның салтанатты күндеріне арналған жастар арасында спорттық жарыстар өткізіледі.

Қазіргі уақытта бідің елімізде, облысымызда, ауданымызда көп көңіл спортқа бөлінуде, біздің округ бұл мақсатты белсенді қолдайды.

2010 жылы стадионға жастар күшімен жұмыс уақытынан тыс шаруашылық субъектілерінің көмегі есебімен, және де волейбол алаңына ағымды жөндеу жүргізу жоспарланған.

2011-2014 жылдары спортты әрі қарай дамыту, спорт объектілерін жақсы жағдайда ұстау, селолық округ жастарының арасында спорттық жарыстар өткізу жоспарланған.


Мемлекеттік тіл

Селолық округ аумағында мемлекеттік тілді қолдау және дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады. Мемлекеттік тілді оқу және дамыту үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр.

Мемлекеттік тілдегі басылымдарға жазылу жүргізіліп жатыр.

Округ халқының арасында да мемлекеттік тілдегі басылымдарға жазылу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Октябрь селолық кітапханасының кітап қоры мемлекеттік тілдегі әдебиетпен толықтырылуда.

Іс жүргізуді мемлекеттік тілмен 100 пайыздық қамту жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Октябрь селолық округінің әкімі аппараты қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері»

Стратегиялық бағыттар 1.Мемлекеттік қызмет персоналдарын әрі қарай дамыту мен жетілдіру

1.1. мақсаты Қызметкерлердің жұмыс сапасы мен кәсіби деңгейін арттыру

Мақсатты индикатор:

Селолық округ әкімі аппаратының жұмыс сапасымен заңды және жеке тұлғалардың қанағаттандырылу сатысын ұлғайту 2009 ж.80 пайыздан кем емес, 2010ж 85 пайыздан кем емес, 2011ж.90 пайыздан кем емес, 1012 ж. 92 пайыздан кем емес, 2013 ж. 95 пайыздан кем емес, 2014 ж. -100 пайыздан кем емес.




1.1.1. міндеті Мемлекеттік қызметкерлердің баға беру механизмін жетілдіру, ынталандыру әдістері

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Есептік кезең

Жоспарлық кезең

2008 жыл

(есеп)


2009 жыл

(жоспар)


2010 жыл

2011 жыл

2012

2013

2014

1. Қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру


Адам/млн.тг


4

1

-

3

-

3

-

2. Қызметкерлердің жұмыс сапасын бағалау ережелерін өңдеу


Сәйкес баға ережесі

-

5
















3.Оқу курстарын, семинарларды, мемлекеттік қызмет реформасының негізгі аспектілерін оқу бойынша тәжірибелік оқуларды және АОО шегінде мемлекеттік басқаруларды өңдеу



Сағат.




40 сағат


50

сағат


-


5 сағат


-



1.1.2. міндеті Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтауды бақылауын жүзеге асыру


1. Тәртіптік комиссия отырысын өткізу


Саны

Қажеттілік бойынша

Қажеттілік бойынша

Қажеттілік бойынша

Қажеттілік бойынша

Қажеттілік бойынша

Қажеттілік бойынша

Қажеттілік бойынша




2.Заңнама талаптарын сақтау бойынша талдау материалдарын даярлау



Саны

2

2

2

2

2

2

2




3. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ақпараттық хабарлама


Қорытынды есеп

4

4

4

4

4

4

4





2.Стратегиялық бағыт. Құжатайналымның әрі қарай дамуы және жетілдірілуі.










2.1. мақсаты

Мақсатты индикатор




Құжаттармен жұмыста жаңа тәсілдерін енгізу


Құжатайналымды қысқарту.




2.1.1. міндеті

Кіріс және шығыс хаттарының айналым механизімін жетілдіру


Көрсеткіштер

1. Кіріс және шығыс хаттарын мұқият оқу, екі рет тіркеуді жібермеу, резолюцияны дұрыс құрау

2. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану.

3. Оқу курстарын, семинарларды, құжатайналым бағдарламасымен

Жұмыстың негізгі ережелерін оқу бойынша тәжірибелік оқуларды өңдеу



Көрсеткіштер

1. Кіріс және шығыс хаттарын мұқият оқу, екі рет тіркеуді жібермеу, резолюцияны дұрыс құрау

2. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану.

3. Оқу курстарын, семинарларды, құжатайналым бағдарламасымен

Жұмыстың негізгі ережелерін оқу бойынша тәжірибелік оқуларды өңдеу







2.1.2 міндеті

Құжаттардың атқарылу мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру




Көрсеткіштер

  1. Кіріс және шығыс хаттарын бақылауға алу және апта сайын атқару мерзімі туралы ескерту (аптасына бір рет)

  2. Атқару мерзімін бұзумен атқарылған немесе атқарылмаған жұжаттарды талдау.



  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет