Аудан әкімінің 2013 жылдың қорытындылары бойынша аудан тұрғындарымен есепті кездесуінде сөйлеген сөзі


«Төретам кентіндегі 600 орындық мектеп»



бет2/4
Дата25.02.2016
өлшемі265.5 Kb.
#24021
1   2   3   4

«Төретам кентіндегі 600 орындық мектеп» құрылысының сметалық құны 808 100,0 мың теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Болашақ-Құрылысы» ЖШС-і жүргізуде. 2013 жылға қаралған қаржысы 394,0 млн теңге. Мекпеп объектісі қыркүйек айында пайдалануға тапсырылды.

«Ақай ауылындағы 150 орындық клуб құрылысы» жалпы құны -161259,0 мың теңге, жеңімпаз мердігер мекеме «Қасиет-Ал» ЖШС-і құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде. Үстіміздегі жылы облыстық бюджет есебінен 109422,0 мың теңге қаралған. 2013 жылдың қазан айында пайдалануға берілді.

«Ақжар ауылындағы 150 орындық клуб құрылысы» құны-157261,0 мың теңге. 2013 жылға облыстық бюджет есебінен 106310,0 мың теңге қаралған. Құрылыс жұмыстарын «Айдана» ЖШС-і жүргізілді. 2013 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.

«Тұрмағамбет ауылындағы 150 орындық клуб құрылысы» жалпы құны – 159,0 млн теңге. 2013 жылға облыстық бюджет есебінен 108413,0 мың теңге қаралған. Құрылыс жұмыстарын «АқтауИнжСтройИндустрия» ЖШС-і жүргізілді. 2013 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.

«Төретам кентіндегі 100 келушіге арналған ауылдық емхана құрылысы» жалпы құны-210848,0 мың теңге. 2013 жылға қаралған қаржысы 60,0 млн. теңге. Объектіні үстіміздегі жылдың маусым айында пайдалануға берілді.

«Жосалы кентіндегі 300 орындық стадион құрылысы» жалпы сметалық құны 203,0 млн мың теңге, құрылыс жұмыстарына 201954,420 мың теңге,2013 жылға қаралған қаржысы-13953,0 мың теңге, 2013 жылдың тамыз айында пайдалануға берілді.

Қармақшы ауданы Жосалы кентінен Мөлтек, Сегізов көшесі, №30 мектеп, №27 мектеп ауласынан және Төребай би, Көмекбаев ауылдарынан, Төретам кентінен барлығы 7 спорт алаңдары салынады. Жергілікті бюджет есебінен 49,0 млн теңге қаржы бөлінді. Мердігер мекеме «Дарын-Ж» ЖШС-і қазіргі уақытта 7 спорт алаңы объектісінің құрылыс жұмыстарын жүргізілді.



«Қармақшы ауданы Қармақшы ауылындағы №113 Қаракөл атындағы мектептің спорт зал объектісі

«Қармақшы ауданы Қармақшы ауылындағы №113 Қаракөл атындағы мектептің спорт зал объектісінің құрылыс-монтаж жұмыстарына» жергілікті бюджет есебінен 29782,234 мың теңге қаржыға мемлекеттік сатып алу конкурыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде «Конструктив» ЖШС-і жеңімпаз болып анықталды. 2013 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.



«Жосалы кентіндегі әкімшілік ғимараты объектісінің» жалпы құны 130,4 млн теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстарына қаралғаны -123,0 млн мың теңгеге «Айдана» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізуде. 2013 жылға бөлінген 110 056,0 мың теңге қаржы. 2013 жылдың тамыз айында пайдалануға тапсырылды.

Сонымен қатар «Төретам кентіндегі 280 орындық балабақша» құрылысына 2013 жылы республикалық бюджет есебінен 100 000,0 мың теңге облыстық бюджет есебіне 10 000,0 мың теңге бөлінді. Балабақша объектісінің жалпы сметалық құны 446 500,0 мың теңге. Жеңімпаз мердігер мекеме «ДуитТелеком» ЖШС-і. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биылға бөлінген 109,0 млн теңгені 100% толық игерген. Пайдалануға тапсыру мерзімі 2014 жылы.



Жосалы кентіндегі 250 келушіге арналған емхана құрылысының жалпы сметалық құны 1 484 000,0 мың теңге. Үстіміздегі жылы құрылыс жұмыстарына 578 000,0 мың теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «ҚазҚұрылысСервис» ЖШС-і жүргізуде. 2013 жылға бөлінген 578 000,0 мың теңгені қазіргі уақытта толық 100% игерді.

Пайдалануға беру мерзімі 2014 жылы желтоқсан айы.



«Жосалы кентінің Абай көшесіндегі әкімшілік ғимаратының құрылысы» объектісінің құрылыс-монтаж жұмыстарына үстіміздегі жылы облыстық бюджет есебінен 84,7 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын мердігер «Өмірзақ» ЖШС-і жүргізуде. Объектіні пайдалануға тапсыру мерзімі 2014 жылдың қаңтар айының соңында тапсырылуы жоспарланып отыр.

Инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша – 64 354,0 мың теңге.

Жосалы кентінің инженерлік инфрақұрылымын дамыту және жайластыру жұмыстарына үстіміздегі жылы республикалық бюджет есебінен 50 000,0 мың теңге қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Қоныс –Сән» ЖШС-гі жүргізді. Объекті 17 маусым айын аяғында пайдалануға берілді.

«Қармақшы ауданы Жосалы кентінің Мөлтек шағын ауданының инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту мен жайластыру объектісінің» жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алу жұмыстарына облыстық бюджет есебінен

14 354,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Осыған байланысты жобалаушы мекеме «АбзалПроектКонсалтинг» ЖШС-і арқылы «Қармақшы ауданы Жосалы кентінің Мөлтек шағын ауданының инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту мен жайластыру объектісінің» жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп 2013 жылдың 30 желтоқсанында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның жалпы құны- 814 897,921 мың теңге. Онын ішінде құрылыс жұмыстарына - 789 029,272 мың теңгені құрайды.

«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы көлемі 16904,0 мың теңге. «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында Жосалы кентінен 2 үйдің құрылысына республикалық бюджеттен 11200,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 5704,0 мың теңге бөлініп, барлығы 16 904,0 мың теңге.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіуді «ҚызылордаСтройсантех-Сервер» ЖШС-і мердігер мекеме жеңімпаз болып анықталды. 2013 жылдың қазан айында пайдалануға тапсырылды.



«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы көлемі 14437,0 мың теңге.

«Көмекбаев елді мекеніндегі сорғы станциясын қайта жаңғырту 1 кезең» жалпы сметалық құны 16 137,0 мың теңгенің құрылысына облыстық бюджеттен 14937,0 мың теңге қаржы бөлінді. Жеңімпаз мердігер мекеме «Дарын-Ж» ЖШС-і. Үстіміздегі жылдың 29 қарашасында жұмысшы қабылдау комиссиясы өткізілді. 2013 жылдың желтоқсан айында пайдалануға тапсырылды.



«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы көлемі 84 762,0 мың теңге.Көмекбаев елді мекенінен инженерлік инфрақұрылым дамыған екі пәтерлі 7 тұрғын үй объектісінің құрылыс-монтаж жұмыстарына республикалық бюджет есебінен 84 762,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына сәйкес конкурс құжаттары тексерілуде. Құрылыс жұмыстарына барлығы 91 526 ,391 мың теңгеге конкурс жарияланды.

Нәтижесінде мердігер «Дарын-Ж» ЖШС-і жеңімпаз болып анықталып екі жақты келісім шартқа отырылды. Қазіргі уақытта тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

2014 жылы қосымша жетіспейтін қаржы 7,014 млн. теңгені жергілікті бюджет есебінен бөлінуде. Осыған байланысты аудандық құрылыс бөлімімен мердігер мекеме арасында қосымша бөлінген қаржыға келісім-шартқа отырылуда. Аталған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары үстіміздегі жылдың наурыз айында пайдалануға тапсырылуы жоспарланып отыр.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша 2013 жылы 17 559 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 100,9 пайызды құрады. Оның ішінде мемлекеттік меншік 0,8 пайызды( 138 шаршы метр) құраса, жеке меншік 99,2 пайызын (17 421 шаршы метр) құрап отыр.

2008 – 2013 жылдар аралығында Жосалы кентінің Бас жоспары мен 13 елді мекендердің даму сызбалары дайындалып, аудандық мәслихат шешімдері мен бекітілген. 2012 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 6300,0 мың теңгеге ІІІ Интернационал елді мекенінің даму сызбасымен Жосалы кентінің Мөлтек шағын ауданы аумағынан 51 га жерге түбегейлі жоспарлау жобасын Қызылорда қаласындағы «Сартөбе» ЖШС дайындап беруі керек еді, алайда аталған жобалар осы кезге дейін дайындалып берілген жоқ, ісі Қызылорда мамандандырылған экономикалық сотында қаралып, таяу арада дайындап беру міндеттелінді.

02.07.2012 жылы аудан әкімінің №32-Ө санды өкімімен аудан бойынша қала құрылыстың регламенті талаптарының сақталуын анықтау туралы комиссия құрылды. Жасалынған іс-шараға сәйкес рұқсатсыз құрылыстар салу, нысандардың сәулеттік келбетін бұзу, жер учаскелерін рұқсатсыз пайдалану, қызыл сызықты сақтамау және басқа да заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізіліп, тәртіп бұзушы 13 жеке тұлғаға ГАСК арқылы шара көрілді. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жүргізіле береді.

2013 жылы аудандық бюджеттен 2675,0 мың теңге бөлініп, оған Қорқыт және Диірментөбе темір жол бекеттеріндегі елді мекендердің даму сызбалары «Мұнай Инжиниринг» ЖШС дайындауда.

Бүгінгі уақытқа аудан бойынша бас жоспары дайындалмаған Төретам кенті. Төретам кентінде жаңа қоныстану аумағына жер көлемі болмағандықтан қиындықтар туғызуда. Төретам кентінің маңындағы жер көлемдері Ресей Федерациясына ұзақ мерзімге жалға берілген. Бұл жер мәселесі екі ел басшыларының келісімдері арқылы шешілетін болғандықтан, әзірге өзекті мәселе қалпында қалып отыр.

Жолдар мен көшелерге байланысты:

2005 жылдың 1 қаңтарына дейін аудан территориясындағы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары (184 км) облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы балансында болып келсе, ал 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты жергілікті маңыздағы автокөлік жолдары облыстық және аудандық (қалалық) маңыздағы жолдарға бөлінді.

Осыған байланысты, белгіленген тәртіппен, аудан көлеміндегі коммуналдық меншіктегі жалпы ұзақтығы 184 шақырым жолдардың 142 шақырымы аудандық маңыздағы автомобиль жолдары болып бөлініп, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміне берілді.

Оның ішінде 61,0 шақырымы қара қиыршық тасты және 81,0 шақырымы қиыршық тасты жолдар. Және де аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 наурыз № 267 қаулысымен Жалағаш-Жосалы-Мара баба кесенесі бағытындағы 11,1 шақырым жол аудандық маңыздағы автомобиль жолдары тізбесіне енгізілді.

Есепті кезеңде 2012 жылмен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі 108,5 пайызға, жүк айналымы 100,7 пайызға, жолаушылар тасымалдау 108,4 пайызға, жолаушылар айналымы 107,8 пайызға өсті.

2013 жылы Қызылорда облысы көлемінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Осыған орай Қызылорда – Жосалы, Жосалы- Қызылорда бағыты бойынша автокөліктер ағымы облыстық маңызы бар «Жалағаш- Жосалы» автомобиль жолымен жүзеге асуда. 2008- 2012 жылдар аралығында осы жолдың 34 шақырымына күрделі, 4 шақырымына орташа, барлығы 38 шақырымы жөндеуден өткізілді.

2013 жылы республикалық бюджеттен 404,0 млн.теңге қаржы «Жалағаш- Жосалы» автожолының 8,3 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілді.

Кент, ауылдық округтері көшелеріне де жөндеу жұмыстарын жүргізу жүзеге асуда. Атап айтқанда, 2012 жылы облыстық бюджеттен 140,0 млн теңге қаржы қаралып, Қармақшы ауданы бойынша 13,1 шақырым жолдар мен көшелерге орташа жөндеу жұмыстарына жүргізілді.

Ал 2013 жылы облыстық бюджеттен 336 440,0 мың теңге бөлініп, Жосалы кентінің көшелеріне, атап айтқанда Сейтжан ақын, Ораз Ахун, Нұртай, Мұратбаев, Сегізов, Сералиев, Жомартов, Тоғанас батыр, Төребай би, Томанов, Әбдікешов көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілді.

Облыстық бюджеттен 166 752,0 мың теңге қаржы бөлініп, аудандық маңыздағы «Самара- Шымкент- Ақжар- Тұрмағанбет- Көмекбаев» автомобиль жолының 15-30 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілді.

Сонымен қатар «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 155 801,0 мың теңге қаржы бөлініп, Ақжар, Ақай, Қармақшы, Иіркөл, Дауылкөл ауылдық округтері мен Төретам кентінің 8,3 шақырым көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары атқарылды.

«Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында облыстық бюджеттен 43 122,0 мың теңге қаржы бөлініп, Тұрмағанбет, Ақжар ауылдық округтері мен Төретам және Жосалы кенттерінің көшелерін абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Яғни көшелерге жаяу жүргінші жолы салынды.

Және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және оны күтіп ұстау жұмыстарына аудандық бюджеттен 25 943,0 ,0 мың теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.



Жолаушы тасымалына байланысты

2005 жылы Төретам кент аумағынан жолаушыларға қызмет көрсету мақсатында автостанса өз жұмысын бастады. Автостансада 2008 жылдан бастап билет сату жүйелері енгізілген. Осы автостанса арқылы «Шымкент- Төретам» бағыты бойынша 1 рейс, «Төретам –Қызылорда», «Байқоңыр- Қызылорда» және «Қызылорда- Байқоңыр» бағыттары бойынша – 13 рейс, «Төретам -Казалы» және «Қазалы- Төретам» бағыты бойынша 6 рейсте жолаушы тасымалданады. Сонымен қатар, осы автостансаның Жосалы кентіндегі «Ақмаржан» кафесінің маңынан диспетчерлік пункт ашылып, 2010 жылдан бастап жұмыс атқаруда. Осы диспетчерлік пункт арқылы да Қызылорда бағытына қатынайтын жолаушы тасымалына билет сатылып, кент тұрғындарына қызмет көрсетілуде.

Жосалы кенті орталығындағы автобекет 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс атқарып келген. Дегенмен де 2012 жылдың шілде айынан бастап автостанса иесі өз ғимаратын сатуына байланысты автостанса қазіргі таңда өз жұмысын тоқтатып тұр. Осыған байланысты, аудан әкімдігі тарапынан жеке кәсіпкерлер арасында Жосалы кентінде автостанса ғимараты құрылысын салуға қызығушылық тудыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жосалы кенті орталығынан қолданыстағы Заңдылықтарда көрсетілген талаптарға сай автостанса құрылысын салу жеке кәсіпкерлер тарапынан қолға алынады деп жоспарлануда.

Елді мекендер бойынша Көмекбаев, ІІІ- Интернационал, Алдашбай Ахун, Жаңажол елді мекендері бойынша жолаушы тасымалы жеке автокөліктерімен (кезекпен) және кентішілік бағыттар бойынша 7 автокөліктерімен жеке кәсіпкерлер арқылы жүзеге асуда. Қазіргі таңда елді мекендерге қатынайтын автокөліктердің зауыттан шығу уақыты 1981 – 2004 жыл аралығында болып отыр. Және кентішілік бағыттар бойынша тиісінше 1997- 2002 жылдар аралығын қамтиды.

Қалған ауылдық округтер мен елді мекендер тұрғындары жеке такси қызметімен айналысатын жеке кәсіпкерлер (жеке тұлғалар) арқылы аудан орталығына қатынайды.

Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде 4 жер Жосалы кенті әкімінің 2 қараша 2012 жылғы № 31- Ө санды өкімімен және Төретам кенті әкімінің 07 қараша 2012 жылғы № 290 санды шешімімен 2 такси орындары белгіленген.

Жолаушы тасымалдаушы автокөліктер жеке тұлғаларда болуына байланысты өз қаржылары есебінен жаңартуға мүмкіндіктері келе бермейді. Жеке кәсіпкер Суюбердиева Забира тарапынан кентішілік бағыттар бойынша жолаушы тасымалдаушы автокөлік иелерімен келісім- шартқа отырып, кентішілік бағытта жолаушы тасымалдауды тиісті дәрежеде ұйымдастыру қолға алынды.

2013 жылы кентішілік бағыттарда жолаушы тасымалы сапасын арттыру мақсатында аудандық бюджеттен 1500,0 мың теңге қаржы бөлініп отыр. 2013 жылы жолаушы тасымалдаушыларды анықтау мақсатында конкурс өткізу үшін аудан көлеміндегі жолаушы тасымалдау қатынастарында жолақы тарифтерінің ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығымен бекітілген есептеу әдістемесіне сәйкестендіру бағытында аудан әкімдігі тарапынан тиісті шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, ауданішілік және кентішілік бағытта жолақы құны есептеліп, қолданыстағы Заңдылықтарға сай аудан әкімдігінің қаулы жобасы рәсімделіп, «Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ- нан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамадан өткізілді. Сонымен бірге аталған қаулы жобасы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сараптамалық қорытынды алуға ұсынылып, қорытындысы алынды. Қазіргі таңда, аудан әкімдігінің қаулы жобасы аудандық мәслихатпен келісілу жұмыстары жүргізіліп, облыстық әділет басқармасына тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық салық басқармасы тарапынан 2013 жылдың басынан бастап жекелеген сұрақтар бойынша салық органында тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен жолаушылар тасымалын жасаумен айналысып жүрген жеке тұлғаларды анықтау мақсатында 6 рейдтік тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижесімен 28 жеке тұлға салық органында кәсіпкер ретінде тіркелмей жолаушылар тасымалымен айналысып жүргендігі анықталып, сот шешімімен 117,7 мың теңге айыппұл салынды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жосалы кентіне 80 дана жол белгілерін орнатуға 1620,0 мың теңге қаржы қаралып, «Туған ел келбеті» ЖШС- мен тиісті жұмыстар атқарылды. Және 2013 жылғы қазан айындағы аудандық мәслихаттың шешімімен Жосалы кентіне қосымша 32 дана жол белгілерін орнатуға 620,0 мың теңге қаржы қаралып отыр. Және Төретам кентіне 300 дана жол белгілерін орнатуға сметалық есебін әзірлеуге қажетті 464,0 мың теңге қаржы бөлініп, қолданыстағы заңдылықтарға сай тиісті шаралар атқарылды.



Тұрғын үйге байланысты:

Қармақшы ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі №473 санды қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында тиісті жұмыстар атқарылуда.

2012 жылға аудан бойынша бағдарламаға сәйкес Жосалы кенті Көмекбаев №1 және Көмекбаев №3 екіқабатты 4-пәтерлі тұрғын үйлерге 4305,0 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда аталған үйлердің тұрғындары келісім-шартққа сәйкес күрделі жөндеуге жұмсалған қаржыны кестеге сәйкес қайтаруда.

Үстіміздегі жылы аудан көлеміндегі көпқабатты көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуді 2 механизм арқылы іске асыру мақсатында аудан әкімдігінің 24 қаңтар 2013 жылғы №359 қаулысымен «Туған ел келбеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылды. 2013 жылы аудан бойынша, Төретам кентінен – 2, ІІІ-Интернационал аулынан – 2, Жосалы кентінен – 4, барлығы 8 көпқабатты тұрғын үйлерге 44 430,8 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда аталған үйлер тұрғындарының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісімдері толық алынып, атқарылатын жұмыстардың сметалық құжаттары әзірленген. Республикалық бюджеттен жоспарланған қаржы түскен жағдайда жөндеу жұмыстары басталады.

Сонымен қатар, 2014-2016 жылдары 40 көпқабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарына барлық сомасы 240 000,0 мың теңгені құрайтын бюджеттік өтінім жасалып, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне басқа да қажетті құжаттамалармен бірге тапсырылып, қорғалды.

Көркейту-көгалдандыруға байланысты:

Қармақшы ауданы әкімінің «Ауданда көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 3 айлығын өткізу туралы» 2013 жылғы 1 наурыздағы №5-Ө өкімі қабылданып, ауданда 1 наурыз – 1 маусым аралығы санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандырудың 3 айлығы болып жарияланған. Қабылданған өкімде кент, ауылдық округтерінің әкімдеріне тиісті бөлім және басқа да мекеме басшыларына нақты тапсырмалар белгіленіп берілген. Аталған өкіммен 3 айлықты ұйымшылдықпен өткізілуін қамтамасыз ету үшін аудандық комиссия құрылып, оның жұмыс тәртібі бекітілген. 3 айлық барысында 7 рет комиссия мәжілісі өткізіліп, онда тиісті мәселелер қаралып, талқыланып қажетті жұмыстар ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар үстіміздегі жылдың 23 сәуірінде аудан әкімдігінің мәжілісінде ауданда санитарлық тазалық, көркейту, көгалдандырудың өту барысы туралы арнайы мәселе қаралып, қаулы қабылданды. Соның нәтижесінде көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықты жақсарту мақсатында бірқатар шаралар атқарылған. Аудан бойынша 2013 жылдың 1 маусымына 237000 мың түп ағаш егіліп, оның 70 пайызы көктеп тұр, 132,3 шақырым су жолдары тазартылған, 15912 текше метр күл-қоқыстар шығарылып, 4500 тұрғын үйлер мен 20300 талдың түптері әктеліп, 7420 метр шарбақтар сырланды. Аудандық газетке 9 рет мақалалар жарияланып, белгіленбеген жерлерге күл-қоқыстар тастағаны үшін 54 азаматқа жалпы соммасы 292 мың 539 теңгеге айыппұл салынып, 44 азаматқа ескерту жасалған.

Аудан бойынша апта сайын ұйымдастырылған сенбіліктерге 4500-ден астам адамдар қатысып, күл-қоқыстарды арнайы белгіленген жерлерге шығаруға 45 дана техника тартылды.

Қызылорда облысы әкімінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 173-ө өкімін орындау мақсатында Қармақшы ауданы әкімінің «Ауданда көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық 2 айлығын өткізу туралы» 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 8-ө өкімі қабылданып, 11 қыркүйек және 11 қараша аралығы санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру 2 айлығы болып жарияланған болатын. Қабылданған өкімде кент, ауылдық округтерінің әкімдеріне тиісті бөлім және басқа да мекеме басшыларына нақты тапсырмалар белгіленіп берілді. Аталған өкіммен 2 айлықты ұйымшылдықпен өткізілуін қамтамасыз ету үшін аудандық комиссия құрылып, оның жұмыс тәртібі бекітілген. Осы кезге дейін бірнеше рет мекеме, кәсіпорын басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп нәтижесінде көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықты жақсарту мақсатында бірқатар шаралар атқарылды. Құрамында ішкі істер бөлімі, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы мен кент және ауылдық әкімдері аппаратының қызметкерлері бар мобильдік топтар тарапынан елді мекендерде тұрғындар арасында санитарлық тазалықты сақтау жөнінде арнайы рейдтер жүргізіліп, бірнеше азаматтарға ескертулер жасалды.

Көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық екі айлығы барысында атқарылған жұмыстар үнемі аудан әкімдігі бақылауында болып, жоғары ұйымшылдықпен жүргізілді.

Аудан бойынша екі айлық барысында ұйымдастырылған сенбілікке 13500 адам қатысып, күл-қоқыстарды арнайы белгіленген жерлерге шығаруға 36 дана техника тартылып, 41790 шақырым су жолдары тазартылған, 2042 текше метр күл-қоқыстар шығарылып, 7124 тұрғын үйлер мен 13471 талдың түптері әктелді.

Аудан көлемінде санитарлық тазалық жұмыстарымен айналысатын «Туған ел келбеті» ЖШС-не аудандық бюджеттен бөлінген 7,0 млн. теңгеге жүк тиегіш (погрузчик) алынды. Сонымен қатар, «КАМАЗ 65115» жүк тасығыш көлігін алуға 8 350,0 мың теңге қаржы аудандық бюджеттен бөлініп, автокөлік сатып алынды.

Осы жұмыстармен бірге, Төретам кенті және Ақай ауылдық округтерін абаттандыру бойынша төмендегі жұмыстар қосалқы мердігер мекемелер «Дарын- Ж» ЖШС және «Азан- Құрылыс» ЖШС тарапынан жүзеге асты:



  1. Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округінің «Крайний» әуежайына баратын автожол бойын жарықтандыру- 5 341,0 мың теңге

  2. Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округінің «Крайний» әуежайына баратын автожол аумағын абаттандыру – 32 453,0 мың теңге

  3. Ақай елді мекенінің Абай көшесінің аумағын абаттандыру- 84 846,0 мың теңге

  4. Төретам кентінің аумағын абаттандыру- 24 267,0 мың теңге

  5. Қармақшы ауданы, Төретам кентінің «Шарапатдин» қорымы айналасына қоршау орнату- 8 336,0 мың теңге

  6. Жосалы кентіне кір берістегі жалпы көлемі 45000 м2 болатын этно- парк аумағын абаттандыру- 87 522,0 мың теңге.


Бюджет
Аудан бюджетінің 2014 жылдың 1 қаңтарына түсімдер болжамы 6679265,0 мың теңге көлемінде жоспарланса, 6725194,6 мың теңгеге атқарылды немесе 100,7 % құрап, 45929,6 мың теңге қаражат артық түсті, оның ішінде ауданның өз кірістерінің болжамы 948943 мың теңге орнына 991306,1 мың теңгеге атқарылып, 104,5% құрап, 42362,9 мың теңге артық түсті.

Аудан бюджетінің шығындар жоспары 6679265,0 мың теңге орнына 6644235,4 мың теңгеге атқарылды немесе 99,5 % құрап, 35029,6 мың теңге игерілмеген.



Оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерден 2839,8 мың теңге, облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерден 15608,5 мың теңге игерілмеген. Қалған 16581,3 мың теңге жергілікті бюджет қаражаты есебінен игерілмеді.

Халықты әлеуметтік қолдау
2013 жылы Қармақшы ауданы көлемінде статистикалық мәлімет бойынша экономикалық белсенді халықтың саны- 46870 адамды құрап отыр. Оның ішінде Байқоңыр қаласында 17333 адам, аудан бойынша – 29537 адам.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 6.2 пайызды құраса, ал Байқоңыр қаласы бойынша 5,2 пайыз.

2013 жылы халықты жұмыспен қамтуда жұмыс іздеуші ретінде жұмыссыздыққа 2441 жұмыссыз адам /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ тіркеуге алынды. Оның ішінде аудан бойынша саны- 1951 адам, Байқоңыр қаласы бойынша 490 адам.

Бөлімде есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың саны /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде / – 157 адам, жұмыссыздық деңгейі 0,3 пайызды құрайды.

2013 жылға жұмысқа орналастыру 850 адамды көзделген болса, 2014 жылдың 1 қаңтарына 815 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 13 мүгедек азамат жұмыспен қамтылды /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/.

2013 жылға аудан бюджетінде жұмыссыздарға қоғамдық жұмысқа 38200,0 мың теңге қаражат бөлінді. 2014 жылдың 1 қаңтарына ақылы қоғамдық жұмысқа жергілікті бюджеттен 38 200,0 мың теңге қаржы төленіп, оған 891 жұмыссыз азаматтар жіберілді.

Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында жыл көлемінде 10 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, жәрмеңке барысында 165 жұмыссыз азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.
2.Аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік төлемдер
2013 жылы аудан бойынша аз қамтылған азаматтарға төленген әлеуметтік көмектер:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет