Аудан әкімінің есеп беру кездесуінде айтылған ұсыныстарды іске асыру бойынша іс-шаралар



жүктеу 54.3 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі54.3 Kb.
Аудан әкімінің есеп беру кездесуінде айтылған ұсыныстарды іске асыру бойынша іс-шаралар



р/с

Қала/ аудан атауы

Бақылауға алынған ұсыныстар

12 ай ішінде орындалуға жататындар

12 ай ішінде орындалғандары

%

1

Зырян ауданы

53

47

47

100

Ұсыныстарды іске асыру үшін келесі жұмыстар жүргізілді:

ШҚО энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасы мен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне ауылдық жерлердегі пайдаланатын ұйымдар үшін арнайы суды пайдалануға рұқсат алуға көмек көрсету ұсынысымен хаттар жолданған.

Элект желілерін ұстау бойынша мәселелерін шешу және Прибрежный кентіндегі тұтынушыларды тоқтаусыз электрмен қамтуды жүзеге асыру мақсатында түгендеу жүргізу және элект желілерін коммуналдық меншікке алуға құқық беретін құжаттарды рәсімдеу қажет, бұған бюджеттен ақша қаражаттарын бөлу керек.

«ШҚ ӨЭҰ» АҚ энергия беретін ұйымы басқармасына электрмен қамту нысаналарын жылдамдатып беруге көмек көрсету үшін, Зырян ауданының әкім аппаратымен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Ш.Тәукебаевқа және ШҚО энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы А.С.Шерубаевқа хат жолданған.

Ауданның ауылдық елді мекендеріндегі көшені жарықтандыруды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді (Дородница а., Первороссийск а., Прибрежный а., Соловьево а., Парыгино а., Зубовка а., Малеевка а., Жаңа Бұқтарма а., Октябрьск к., Никольск а., Бородино а.).

Аудан орталығымен және Подорленок, Александровка, Быково, Никольск, Кремнюха, Бородино ауылдық елді мекендер арасында жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға конкурстар жарияланды.

Первороссийск орта мектебіндегі акт және спорт залдарында жөндеу жүргізілді.

Мал шаруашылығы кешендеріне түгендеу жүргізілді, мал қораларының иелері анықталды.

Тұрғысын орта мектебінде жылу беру жүйесін жөндеу бойынша жұмыстар атқарылды.

Березовка а. сумен қамту жүйесі «Суарнасы» МК қол астына берілді.

Кәсіпорынның ақша қаражаты есебінен Серебрянск қ. Шоссейный к. шұңқырлары жабылды, сонымен қатар Средигорное а. жол жамылғысына да жартылай жөндеу жүргізілді.

Соловьево а. мен Зубовка к. жеке тұрған ғимараттарда бос уақыт орталығын ашу мәселесі әзірленді. Қаражаттардың жоқ болғандығынан және осы ғимаратты қалпына келтірудің жөнсіздігінен қазіргі уақытта Соловьево ауылының клубы автономды шығуымен, 50 орны бар залмен және үйірме жұмыстарына арналған екі бөлмесімен мектеп ғимаратында орналасқан. Зубовка к. клубқа жарамды бос ғимараттар мен үй-жайларды түгендеу жүргізілді. Олардың ешқайсысы осы мақсаттарға пайдалану мүмкін емес. Кентте мемлекеттік мерекелерді өткізу автоклубты пайдаланумен жүзеге асырылады.

Зубовка к. су құбыры желісінің мақсатқа сай құрылыс мәселесі қарастырылды. Су желісінің құрылысы 2012-2013 жж даму Бағдарламасына енгізілген.

Панты маралшаруашылығын әрі қарай дамыту мақсатында маралшаруашылығын дамыту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленген. Ауыл шаруашылық басқармасына маралшаруашылығын субсидиялау ережесі бойынша ұсыныстар жіберілген.

Малеевка ауылдық округінде 2010 жылдың 01 шілдесінен кітапхана-клуб ашылды, мәдени шараларды ұйымдастыратын штаттық бірлік бөлінді. Путинцево а. ҰОС жылдарында қаза болған отандастарға арналған мемориалды тақталар жасалды.

Феклистовка, Северное ауылдық округтерінде мектепке суды жәберуді қалпына келтіру бойынша жұмыстар атқарылды, 2 көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Серебрянск қаласында 24 қоқыс контейнері сатып алынды және қойылды, «Серебрянск қаласының «Жылу орталығы» ҚМК КАМАЗ автокөлігін сатып алды.

Туризм, дене шынықтыру және спорт облыстық Басқармасына Серебрянск қ. стадионына жөндеу жүргізу туралы ұсыныспен хат жолданған. Бүгінгі таңда бюджет тапсырысында №3 ШҚО БЖСМ ММ нысанасын күзету мен оны қоршау үшін қаражат салынған. Осы стадион 2011 жылғы мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде қаржылық көмек үшін әлеуметтік нысаналар тізіміне енгізілген. «Химик» стадионына күрделі жөндеу жүргізу үшін бүгіндері жобалық-сметалық құжаттама дайын.

Жаңа Бұқтырманың № 1 орта мектебінде ыстық тамақты ұйымдастырылды және асханаға жөндеу жүргізілді.

Октябрьск к. дәріхана ашылды. 2010 жылы автомобиль жолын ұстауға Октябрьск к. әкім аппаратына 111 мың теңге бөлінген. Сондай-ақ көшелерді қардан тазалау «БЦК» АҚ жағынан демеушілік көмегі есебінен жүргізілді.

Октябрьск к. тұрғындарымен кездесу өткізілді, кездесуде су құбырының құрылысы және оны әрі қарай ұстау мәселелері қарастырылды. Бүгінгі таңда су құбыры желілері «Бухтарматеплоэнерго» ЖШС қол астына тапсырылған.

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа Никольск орта местебінің шатырына жөндеу жүргізілді.

Чапаев а. мектебі апаттық мектептердің тізіміне енгізілген. ШҚО құрылыс басқармасы мен ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 2011 жылы ЖСҚ әзірлеуге 12,6 млн. теңге бөлу мүмкіндігін қарастыру туралы хат әзірленген.

Чапаево а. сумен қамту жүйесі Зырян ауданы әкімдігінің коммуналдық меншігінде. Бүгінгі таңда сумен қамту жүйелерін ынталы топ ұстауда және қызмет көрсетуде.

Чапаев а. пошта бөлімшесінде басқа жерден есік ашумен қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілді.

ҚР мәдениет және ақпарат министрлігіне Зырян қ. «Горняк» МҮ қайта құру бойынша жұмыстар жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтуге жіберілген.

Зырян қ. М.Горький к. бойындағы тұрғын үйді аяқтау бойынша жұмыстар 2013 жылға арналған Зырян ауданының дамыту бағдарламасына енгізілген. Бағдарлама ШҚО құрылыс басқармасымен келісілген.

«ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ «Шығыс Жолсерік» КМП бірлесе отырып, жеке кәсіпкер Р.Уазиевпен Зырян қ. теміржол кассаларын ашу туралы келісім мақсатқа жетті.

Зырян қ. даңқ мемориалын жөндеу және орталық саябаққа көркейту жүргізілді.

ҰОС ардагерлері мен мүгедектерінің тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу мақсатында жұмыс тобы құрылды, комиссия құрамына аудан мәслихатының және «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының депутаттары кірді. 2010 жылы осы санаттағы ҰОС ардагерлеріне 19 пәтер бөлінді, «Уба-21» курорттық емделу санаториясында 21 ардагер емделді. Ақылы қоғамдық жұмыс есебінен 17 ардагердің пәтеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Зырян ауданының аудандық ведомствоаралық ақпараттық- насихаттау топтарының мүшелері ауылдық округтер мен кенттер еңбеккерлерінің ұжымдарымен кездесу өткізу кестесі әзірленді және бекітілді. Кездесулер кестеге сәйкес өткізіледі.

Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімімен ауылдық жерлердегі жұмыстар үшін ауыл шаруашылығын қалыптастыру басшыларынан мамандарға өтініштерді жинау қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы мамандығының мамандарын дайындау бойынша ауданның оқу мекемелерімен жұмыстар жүргізілуде (сауыншы, механизаторлар, мал маманы). 2010- 2014 жж арналған АӨК дамыту бағдарламасын әзірлеу кезінде және осы бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында ауылшаруашылығы саласы үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау бөлімі қарастырылған.

Есеп беру кездесуінде аудан тұрғындарымен айтылған ұсыныстар мен сын ескертулерді іске асыру тұрақты бақылауға алынған.



Кездесу барысында тұрғындармен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын орындау барысы туралы ақпарат «Зырян-инфо» аудандық газетінің 12.04.2010 ж. № 008 (069), 20.07.2010 ж. №022(83), 30.09.2010 ж. №042 (103), «Таң Нұры» аудандық газетінің 08.07.2010 ж. №25(0027), 01.10.2010 ж. Зырян ауданы әкімінің сайтында жарияланған.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет