Аудан әкімінің халық алдында есеп беру жиналыстарындағы айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалу барысы



жүктеу 225.9 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі225.9 Kb.
Аудан әкімінің халық алдында есеп беру

жиналыстарындағы айтылған ұсыныс-пікірлердің

орындалу барысы
2009 жылғы 17-22 қаңтар аралығында қала, ауылдық округі әкімшілік аумақтарында аудан әкімінің халықпен дәстүрлі есептік кездесулері өтті. Есептік кездесулерге 2374 адам қатысып, 55 адам сөйледі. Халықтан кездесулерге байланысты алдын-ала қойылған жәшіктерден 37 сұрақ, кездесу барысында жазбаша және ауызша 111 сұрақ түсіп, оларға жауап берілді. Шешілуі зерделеуді қажет ететін сұрақтар бақылауға алынды.

Жарыс сөзге шығып сөйлеушілерден 96 ұсыныс-пікір түсті. Оның 19 экономикалық, 77 әлеуметтік сипатта. Түскен ұсыныс-пікірлер аудан әкімінің аппараттық кеңесінде талқыланып орындалуын қамтамасыз ету шаралары, мерзімі және орындауға жауапты адамдар белгіленді.

Ұсыныс-пікірлердің 2009 жылдың бірінші жарты жылдық бойынша орындалуы төмендегідей:
Ауылшаруашылығы саласы және жер мәселесі бойынша:
Сұрақ:

- Жерді эрозиядан қорғаудың нақты шаралары белгіленіп жүзеге асырылса, жерді тиімді пайдалану бақылауға алынса (Әдібаев Қ, Бикешалов К. Орынбаев Ә.).



Жауап:

- Зайсан аудандық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №4-4/3 шешімімен «Зайсан ауданы бойынша ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану топырақ құнарлығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданып, бекітілген. Бағдарламаға сәйкес үнемі жұмыстар атқарылуда.



Сұрақ:

- Егіс алқаптары бірегейлендіріліп, егілетін дәнді дақылдар, картоп пен көкөніс өсімдіктерін бір учаскеге орналастыру ойластырылса (Ахметқали Тоқаш).



Жауап:

- Биыл жер бөлу кезінде оралмандарға мүмкіндігінше бір алқаптан жер бөлініп берілді. Ал дәнді дақылдарды егу мәселесі ауылшаруашылық бөлімімен келісе отырып, агротехникалық талаптарға сай жер пайдаланушылардың өздерінің келісімі арқылы шешілуде.



Сұрақ:

- Тасқора қыстағындағы үй мен қораның заңдылыққа сәйкес рәсімделуі туралы мәселе шешілсе (Мағазов А.).



Жауап:

- Тасқора учаскесіндегі үй мен мал қора мәселесі заңдылыққа сәйкес шешілді. Қазіргі уақытта «Қарабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне бекітіліп берілді.



Сұрақ:

- «Боқатай» учаскесінен бөлінген жер теліміне құжат жасауға ықпал етілсе (Сапиев М.)



Жауап:

- «Боқатай» жер теліміне байланысты жасалған барлық құжаттар мен оған негіз болған құжаттар тексерілді. Жасалған келісімдер зерделенді. Сұрақ иесіне түсініктеме берілді.



Сұрақ:

- Оралмандарға егістік, шаппалық жер беру мәселесі шешілсе (Қыдырбек Қайратбек, Рахай Әшіреп)



Жауап:

- Барлық азаматтарға сұраныстарына байланысты ауыл әкімдерінің ұсыныстары бойынша жер бөлініп берілді.



Сұрақ:

- Егіндік алқаптарға су беру мәселесі реттелсе (Есімжанов Е.)



Жауап:

- Өткен жылғы су беру мәселесіндегі кемшіліктер судың тапшылығына байланысты туындаған. Биылғы жылы су беру мәселесі реттелген, толық шешілген.



Сұрақ:

- Ұсақ шаруа қожалықтарына субсидия беру мәселесі шешілсе (Оспанов Қ.)



Жауап:

- Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірген ауыл шаруашылығы құрылымдарына Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі белгілеп бекіткен ережелерге сәйкес егілген егістік көлеміне, дақылдардың түрлеріне және мал шаруашылығы бойынша мал басы мен өндірілген еттің көлеміне сәйкес субсидия беріледі. Егер де ұсақ шаруа қожалықтары осы ережелерге сәйкес егін ексе, сол жерге мемлекеттік актісі болса, мал өсіріп өнім алса оларға да субсидия беріледі.



Сұрақ:

- Жүн, тері қабылдайтын орын және өңдейтін цехтар ашылса (Бәйтікбай).



Жауап:

- Ауданда жүн мен терілерді қабылдап, оларды өңдейтін цехтарды ашуға тілек білдірген кәсіпкерлер бар. Алдағы уақытта олардың қажет еткен көлемдегі несие алу мәселелері шешілсе, цехтарды салу жұмыстары ұйымдастырылады.


Сұрақ:

- Қарабұлақ ауылындағы мал сою цехына жеке меншіктен мал қабылдау және есеп айырысу тәртіпке келтірілсе, өр ауылда мал соятын цех ашылса (Жүнісов Т.)



Жауап:

- Қарабұлақ ауылында мал соятын қасапхана жұмыс істеп тұр. Қасапхананың мал өткізушілермен қолма-қол есеп айырысуына қаржысы болмауына байланысты, қасапханаға түскен ет өнімдері ары қарай тұтынушыларға сатылғаннан кейін түскен қаржымен есеп айырысады. Әр ауылда мал соятын цех ұйымдастырудың қажеттілігі мен қаржылық шығындары анықталуда. Келесі жылы 2 ауылдан ашу облыстық ауылшаруашылық басқармасы арқылы шешіледі деп күтілуде.



Сұрақ:

  • Кеңсай ауылында шағылыс пункті ашылса (Шағиев Ж)

Жауап:

- Кеңсай ауылында ірі қара малдарын қолдан ұрықтандыру бекеті 2009 жылы ақпан айында ұйымдастырылып, қазіргі уақытта жұмыс істеп тұр.



Сұрақ:

  • Ауданда ауыл шаруашылық құрылымдары ірілендірілсе және жалдамалы техника бағасы реттелсе (Әбділдинов Ж.).

Жауап:

- Аудан бойынша ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіріп, ірілендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала, ауылдық округі әкімдері техникалық қызмет көрсету бағаларын реттеп отыр.



Сұрақ:

- Ауылдағы шағылыс пунктінің жұмысын ұйымдастыруға көңіл бөлу (Шакеев М.)



Жауап:

- Айнабұлақ ауылындағы жеке кәсіпкер Шакеев М. шағын несие алып, қолдан ұрықтандыру бекетін ашып жұмыс жүргізуде. Жұмыс тұрақты бақылауда. Бірақ халықтың осы жұмысты жүргізуге белсенділігі төмен.



Сұрақ:

- Сартерек орта мектебінің есебіндегі комбайнды іске қосу қарастырылса (Жеңсеханов М).



Жауап:

-Сартерек орта мектебінің есебіндегі комбайн осы жылы егіске шығарып іске қосам деп міндеттеніп отырған «Мұса» шаруа қожалығы келісімшарт негізінде берілді, егер көрсетілген шарт орындалса аукцион арқылы осы шаруа қожалығына сатылпады..


Шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша:

Сұрақ:

- Қытай Халық Республикасынан сатылып алынатын ауылшаруашылық техникаларының қосалқы бөлшектерін саудалау орны ашылса (Әдібаев Қ.)



Жауап:

- Зайсан қаласының орталық базарларында Қытай Халық Республикасының тауарларын сататын сауда орындарында, осы елдің ауылшаруашылық техникаларының қосалқы бөлшектері үздіксіз сатылуымен қатар, тапсырыс бойынша да сатылады. Сонымен қатар Қаратал ауылында жеке кәсіпкер Г.Қошқарбаева «Ырыс» сауда дүкенінде Қытай Халық Республикасының техникалық қосалқы бөлшектерін саудалап, халықтың сұранысынан шығуда.



Сұрақ:

- Ауыл проблемасын шешуде ауыл әкімдерінің жауапкершілігі арттырылса. Осы мақсатта жеке кәсіпкерлермен меморандумдар жасалса (Оспанов Қ.)



Жауап:

- Зайсан ауданы бойынша барлығы 332 меморандум жасалды, оның ішінде: азық-түлік, көкөніс, өндірістік тауарларының, дәрі-дәрмектің, жеке жанар-жағармай өнімдерінің бағаларының өсуіне жол бермей, тұрақтандыру туралы барлығы 216 меморандум жасалды.

Жұмыс орындарын қысқартпауға және кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға байланысты жұмыс жасап тұрған 1 ірі және 3 орта кәсіпорындармен барлығы 36,8 млн.теңгенің көмегін көрсетуге кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі туралы өзара меморандумға қол қойылды. Ауыл әкімдері өз тараптарынан кәсіпкерлермен, шаруа қожалықтарының жетекшілерімен жеке меморандумға отырып жұмыстар жүргізуде.

Сұрақ:

- Ауыл тұрғындарының, жеке кәсіпкерлердің шағын несие алуына ықпал етілсе және олардың қызметін орынсыз тексеруге жол берілмесе (Ташкен Ораз)



Жауап:

-Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы №176 қаулысымен 2009 жылғы 17 ақпан – 1 шілде аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мароторий жарияланған.

2008 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалы және екінші дейгейдегі банк арқылы облыстық бюджеттен бөлінген несиені алуға аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 10 бизнес-жобалары ұсынылып, жұмыстары жүргізіліп, 3 кәсіпкер 166,9 млн.теңгенің несиесін алды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ы арқылы 2 кәсіпкер 12,9 млн.теңгенің несиесін алды.

Ал 2009 жылы Зайсан ауданының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 61,0 млн. тенгенің 6 бизнес-жобалары ұсынылып, қаңтар- шілдесіне «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ –ның 3-траншы және «БТА Банк» АҚ Зайсан ауданының бөлімі арқылы 6 кәсіпкер 57,8 млн. теңгенің несиесін алып, қаржыландырылды. Бұл бағытта жұмыстар әрі қарай жалғасады. Сұрақ қоюшы өзі несие алды.



Сұрақ:

- Муниципиалдық базардағы ауылдық округ бойынша берілген сауда орынының бағасы арзандатылса (Орынбаев Ә.)



Жауап:

- Аудандағы муниципиалдық базарда барлық қала, ауылдық округтеріне қарасты шаруа қожалықтарына өз өнімдерін делдалсыз сатуға мүмкіндік жасалып, арендалық төлемақысы ең төменгі бағамен (1 орынға – 150 теңге) арнайы орын бөлініп, басқа базарлардың арендалық төлемақыларынан 50-55%-ға дейін төмендетілді.



Сұрақ:

- Ауылдарда кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етілсе (Сағидолданов Б.).



Жауап:

- Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2009 - 2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 сәуірдегі №13-3/13 шешімімен бекітіліп, іс – шаралар жоспарының орындалуы басшылыққа алынды.



  1. Ауданда кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға жер учаскелері кедергісіз берілуде. 2009 жылдың 1 - ші жартыжылдығына осы мақсатқа 7 кәсіпкер жер учаскелерімен қамтылды. Алкоголь өнімдерін саудалау үшін лицензия алу жөнінде жұмыстар жүргізіліп, 9 кәсіпкер жаңадан лицензия алды.

«Зайсан сулары» ЖШС-і 2009 жылдың 11-15 мамырында Астана қаласында «Нұр Отан» ХДП-сының XII съезінің аясында өткен қазақстандық өндірушілер тауары мен қызметінің «Отандық өнім» ұлттық көрме –жәрмеңкесіне қатысуға жіберіліп, «Кіршіксіз» халықтық сапа белгісі («Безупречно» народный знак качества) дипломымен марапатталды.

2009 жылы «Сұңқар» Зайсан ауданының кәсіпкерлерінің қоғамдық бірлестігі тіркеліп, аккредиттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасады.



Сұрақ:

- Ауданда ұн тартатын диірмен салынса (Қасенов Н.)



Жауап:

- Ауданда «Икеп» шаруа қожалығы базасында «Зайсан-Астық» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылып, оның құрамына 13 шаруа қожалығы кіріп, астық өнімдерін сақтау және өңдеп-ұқсату мәселелерін шешу мақсатында қуаттылығы тәулігіне 70 тонна бидай тартатын ұн зауытының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.



Сұрақ:

- Сауда дүкендеріндегі тауарлардың бағасы бақылауға алынып, тұрақтандырылса (Ілгекбаева С.)



Жауап:

  • Аудандық құнсыздану үдерістерін тежеуге бақылау жасау жөніндегі штаб отырысы жоспарлы түрде тұрақты өткізіліп отыр. Күнделікті азық-түлік тауарларының, көкөністің, жанар-жағармай өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп, қадағалануда. Аудан бойынша 2009 жылға азық-түлік, көкөніс, өндірістік тауарларының, дәрі-дәрмектің және жанар-жағармай өнімдерінің бағаларының өсуіне жол бермей, тұрақтандыру туралы барлығы 216 меморандум жасалды.

Аудандық құнсыздану үдерістерін тежеуге бақылау жасау жөніндегі штаб мүшелерінен топ құрылып, 2009 жылдың 6 айында 45 рет көтерме-бөлшек сауда дүкендері, базарлар, дәріханалар, жанар-жағармай станциялары араланып, оларда саудаланатын тауарларға қосылатын үстеме бағаны 10 пайыздан асырмау, халыққа үздіксіз сатылуы туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп, келеді. Базарларда әлеуметтік орындар ашылып, бағаның тұрақты болуына жұмыс жүргізілуде.

Сұрақ:

- Аудандық «Достық» газетіне мүгедектерге берілетін мемлекеттік әлеуметтік көмектер туралы қысқаша мәлімет беру (Оспанов Т.)



Жауап:

- Бұл мәселе жөнінде Оспанов Т. ақсақалмен жеке әңгіме өткізілді. Мүгедектерге берілетін мемлекеттік әлеуметтік көмектер мен жәрдемақылардың берілу және оны мүгедектерге хабарлау тәртібі толық түсіндірілді.

Аудандық «Достық» газеті арқылы қысқаша мәліметтер қажеттілікке байланысты берілетін болып шешілді.

Сұрақ:

- Қарабұлақ ауылының тұрғыны Ахмет Тұрғынның екі немересінің әлеуметтік төлемдерін шешу (Ахмет Т.)



Жауап:

- Ахмет Тұрғынның немерелеріне және өзіне атаулы әлеуметтік көмек заңға сәйкес тағайындалды.



Сұрақ:

  • Мүгедек балаларға шағын несие беру (А.Ожанова).

Жауап:

- Мүгедек балаларға мүгедектігіне байланысты ай сайын арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар беріледі. Аудандағы несие беретін ұйымдар мен мекемелерге шағын несиелер беруде мүгедектерге заңға сәйкес жағдай жасау бірінші кезекте беру туралы ұсыныстар берілді.



Сұрақ:

- Жалши ауылындағы дәрігерлік пунктке жұмыссыздықтан бір қамту қызметкерін беруді шешу (Қалиев А)



Жауап:

- Аудандық медицина бірлестігінің сұранысына сәйкес бұл мәселе 1 наурыздан бастап толық шешілген.



Ауданның ішкі саяси тұрақтылығы, идеологиялық-ақпараттандыру, қоғамдық-әлеуметтік және жастар саясаты бойынша

Сұрақ:

- Ауыл әкімі тұрғындармен байланысты жақсартудың жолдарын қарастырса, ауыл тұрғындарын ақпараттандыруда ауыл әкімінің жауапкершілігі арттырылса (Әдібаев Қ, Жақиянов Ә.) .



Жауап:

- 2008 жылы ауыл әкімдерінің беделін көтеру туралы аудандық бағдарлама жасалған. Бағдарламаға сәйкес нақты жұмыстар атқарылып әкімдерге тапсырмалар берілген. Әр ауылдық округте ауыл әкімі жанынан насихаттық-ақпарат топтары құрылып, жұмыстар атқаруда. Аудан әкімі жанындағы ақпараттық-насихат топтары аудан әкімі бекіткен кестеге сай халықпен кездесулер өткізуде.



Сұрақ:

- «Достық» газеті аптасына 2 рет шығарылса, форматы үлкейтілсе, газет арқылы аудан жаңалықтарын басу сапасы жақсартылса (Тоқтарбаев М, Есімжанов Е.)



Жауап:

- «Достық» газеті 2008 жылғы шілдеде «Зайсан ауданының әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын болып қайта тіркелген. Келешекте бөлінген қаражатқа байланысты газеттің сапасын арттырып, аптасына екі рет шығаруға жұмыс жүргізілуде. Газеттің шығу сапасы, мазмұндылығы үнемі бақылауда.



Сұрақ:

- Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу, тәрбие мәселесі аудандық білім және ішкі саясат бөлімдерінің басты назарына алынса (Сайранов Қ).



Жауап:

- Зайсан аудандық білім бөлімінде «2006-2011 жылдарға арналған тәрбиенің кешендік бағдарламасы» басшылыққа алына отырып қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын – алу бағытында шаралар әзірленген. Аталған бағытта тәрбиелік мәні бар барлық шаралар әрбір мектептерде жоспарлы өтіп отырады. Аудан мектептерінде «Құқықтық айлық» өткізу тәжірибеге енгізілген. Каникул кездерінде арнайы тақырып беріп шаралар ұйымдастыру дәстүрлі жүзеге асырылуда. Мысалы, 2007-2008 оқу жылының күзгі каникулы «Спорт - денсаулық кепілі», қысқы каникулы «Ғасыр дертіне жол жоқ!», көктем каникулы «Ұлттар достығы» тақырыбында ұйымдастырылды. Жыл сайын «Минуттық даңқ» байқауы, «Көңілділер мен тапқырлар» клубтарының сайыстары өткізіліп келеді. 2009 жылғы сәуір айында «Мектеп күндері» өткізілді. Аудандық ішкі істер бөлімі мен білім бөлімі бірлесіп «Жасөспірім», «Қадағалау» атты құқықтық тәртіп операциялары бойынша 8 рейд өткізілді. Мектептерде, әсіресе қала мектептерінде барлық мектепішілік шараларға ата-аналарды қатыстыру белсенділігін арттыру мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Ауданда жастармен жұмыстың 2008-2009 жылдарға арналған бағдарламасы жасалып аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 сәуірдегі №6-4 шешімімен бекітілген. Әр ауылдық округтерде жастармен жұмысты жетілдіру мамандары жұмыс істейді. Ауданда 2009 жылдың ақпан айында «Бастау - Зайсан жастары» жастар қоғамдық бірлестігі құрылып, жастар арасында қылмыстың алдын-алуға бағытталған кешенді жұмыстар атқарылуда.

Білім саласы бойынша

Сұрақ:

- Сартерек ауылындағы орта мектебінің оқушыларды қабылдау мүмкіндігін, сыйымдылығын арттыру мақсатында қосымша ғимарат құрылысын жүргізу мүмкіндігі қаралса (Жеңсеханов М.)



Жауап:

- Сартерек орта мектебінде 0 – 11 сыныптарда - 311 бала бар. Мектептің жобалық қуаттылығы 320 орын. Сондықтан қосымша ғимарат құрылысын жүргізу қажеттілігі жоқ. «Жол картасы» бойынша 20 млн. 370 мың қаржы бөлініп күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.



Сұрақ:

  • Саржыра ауылында жаңа мектеп салынса (Қалжырбаев Қ.)

Жауап:

  • Саржыра мектебінде 53 бала білім алады. Мектеп салу орта мерзімді жоспарда қаралмағандықтан, әзірге мектеп салынбайды.

Сұрақ:

- Қарабұлақ ауылында бала-бақша ұйымдастырылса (Жабақбаев М.)



Жауап:

- Қарабұлақ ауылындағы 140 орындық бала-бақшаны бюджетке қайтару туралы жеке кәсіпкермен жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін бермеуде. Бала-бақшаға сұраныс мектеп жанындағы шағын орталық арқылы шешіліп отыр.



Сұрақ:

- Шілікті орта мектебінде математика кабинетін ашу ойластырылса (Насретов С.)

Жауап:

- Мектепте математика кабинеті бар. Оны жабдықтау математика пәні мұғалімінің қолында. Мектеп жаңа технологиямен жабдықталған, физика, мультимедия кабинеттері бар.



Сұрақ:

- Бұрыңғы Х.Мұстафина бастауыш мектебінің ескі корпусы күрделі жөндеуден өткізілсе (Жұмағалиев М.)



Жауап:

- Мектепке «Жол картасы» бойынша 10 млн теңге бөлініп жұмыс жүргізілуде..



Сұрақ:

  • Мектептегі бала санының азайуына байланысты екі сынып оқушыларын қосып оқытуды болдырмау мүмкіндігі ойластырылса (Сағидолданов Қ.)

Жауап:

- Шағын комплектілі мектептерге арналған әдістемелік нұсқаулықта егер сыныптағы бала саны 10 және одан жоғары болған жағдайда класс-комплект сақталады. Орманбетов орта мектебіндегі 5, 6 сыныптарындағы бала саны 10-нан төмен. Сондықтан 5, 6 сыныптар жеке ашылмайды.



Сұрақ:

- Аудан орталығына спорт жарыстарына және пән олимпиадасына барған оқушыларға қажетті қолайлы жағдай жасалса (Демежанова К.)



Жауап:

- Мектепаралық спорт жарыстары және пән олимпиадасына баратын оқушыларға жетекші тағайындалып, көлік мәселесі, тамақтану жағдайы қаралған.



Сұрақ:

- Жарсу мектебінің спорт залының едені ауыстырылса (Қабылов С.)



Жауап:

- 2009-2010 жылдарға күрделі жөндеуге қаржы қарастырылмағанына байланысты әзірге ауыстыруға мүмкіндік жоқ.



Сұрақ:

- Қазақстан орта мектебі ғимаратының жағдайын анықтау үшін арнайы мамандар жіберіп тексеруден өткіздірту (Үлкен-Қаратал ауылының тұрғындарынан)



Жауап:

- Аудан әкімі тарапынан комиссия құрылып, мектеп ғимараты тексерілді.



Сұрақ:

-А.Орманбетов атындағы орта мектептің 100 жылдық мерейтойы аталып өтілсе (Тоқтаубаев М.)



Жауап:

-А.Орманбетов атындағы орта мектептің 100 жылдық мерейтойына арналған шаралар жоспары әзірленген. Мерейтой 2009 жылдың қазан айында өтеді. Ауыл тарихы туралы кітап шығару, мұражай ашу істері қолға алынуда. Мектеп ұжымынан құрылған ұйымдастырушылар комитеті мектептен шыққан атақты адамдар мен көнекөз қариялардан деректер жинастыруда. Қазіргі уақытта мектепте әзірлік жұмыстары - мектептің ішкі, сыртқы бөліктерін жөндеу, безендіру жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.



Сұрақ:

- Мектеп-интернат оқушыларын моншаға автобуспен апару мәселесі шешілсе (Мықиянов Д.)



Жауап:

-Ағымдағы 2009 жылғы облыстық бюджеттен мектеп-интернат жатақханасына ғимарат сатып алуға қаржы бөлініп, қаланың Заречный бөлігінен жатақханаға қолайлы ғимарат сатып алынып, бейделген жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қала моншасына жақын. жоспарлануда.



Денсаулық саласы бойынша:
Сұрақ:

- Қаратал ауылында 25 орындық аурухана ашылса және аудандық аурухананың 10 стационарлық емдеу төсек орнын Қаратал ауылындағы емханаға беру ойластырылса (Әдібаев Қ, Бұлақбаев Ф.).



Жауап:

- Аудандық аурухананың 10 төсегін Қаратал ауылына бөліп берудің негізі жоқ,, себебі аудандағы стационарлық көмек көрсетіп отырған 150 төсектің өзі аудан халқының стационарлық көмекке сұранысын қанағаттандырмайды.

Аудандағы денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы №1304 «Денсаулық сақтау ұйымдарының мемлекеттік нормативі» туралы қаулысы негізінде ұйымдастырылған.

Осы қаулының 7 тармағы бойынша ауылдық округтің халық саны 5000-нан жоғары болып және ең жақын аудандық орталық ауруханадан 50 км-ден астам қашықтықта орналасқан жағдайда ғана ауылдық аурухана ашыла алады. Қаратал округі бойынша халық саны 4415, аудандық ауруханадан қашықтығы 32 км болғандықтан ауылдық аурухана ашуға негіз жоқ.



Сұрақ: «Баянды» шаруа қожалығының жетекшісі:

- Кеңсай ауылдық емхананың бас дәрігерлігіне тәжірибелі дәрігер Б.Искаков тағайындалса, ауылдық емханада 9 емдеу төсек орны ашылса (Есімжанов Е, Шағиев Ж.)



Жауап:

- Дәрігер Искаков Б.М. еңбек тәртібін бұзбауға және өз жұмысын қажетті деңгейде ұйымдастыруға өз келісімін беріп, 12.01.2009 жылдан бастап 3 айлық сынақ мерзімінен өтіп, 12.04.2009 жылдан бастап 1 жылға еңбек шартымен Кеңсай ауылдық дәрігерлік амбулаториясына дәрігер – терапевт ретінде жұмысқа қабылданған болатын. Бірақ, еңбек тәртібін өрескел бұзғандығы үшін 30.04.2009 жылдан бастап жұмыстан босатылды.

Кеңсай ауылдық дәрігерлік амбулаториясында 5 төсектік күндізгі емдеу стационары медициналық көмек көрсетеді. 2008 жылы 50 науқас емделді, 1 адамды емдеуге бөлінген қаржы көлемі 3400 теңгені құрады. 2009 жылға жоспарланған науқастар саны 50, биылғы жылы 1 адамды емдеуге бөлінген қаржы көлемі 6000 теңге.

Сұрақ:

- Мүмкіндігі шектеулі балаларды дәрігерлік тексеруден өткізу мектеп оқушыларын тексеру кезінде бірге өткізілсе және ауылымызда тіс дәрігері мен терапевт –дәрігер мәселесі шешілсе (Қоқышева Г)



Жауап:

- Жас мамандарды тарту мақсатында Семей медициналық академиясы, аудан әкімшілігі және Зайсан аудандық медициналық бірлестігі тараптарынан 3 жақты келісімшарт жасалып, 3 дәрігер келмек. Олардың екеуі терапевт мамандығы бойынша. Бұл мәселе і назарда.

Қарабұлақ дәрігерлік амбулаториясын тіс дәрігерімен қамтамасыз ету үшін осы салаға қажетті құрал-жабдықтар, жұмыс істейтін мамандар және тіс емдеу кабинетін ашуға дәрігерлік амбулаторияға лицензия алу, тіс дәрігерінің штатын қарастыру қажет.

Құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету орталықтан жүргізіледі. 2008-2009 жылдары оған қаржы бөлінген жоқ.

Мүмкіндігі шектеулі балалар тұратын мекен-жайына байланысты әрбір дәрігерлік амбулаториялардың есебінде, сондықтан медициналық көмектің барлық түрімен қамтамасыз етілуі тиіс. 2009 жылдың ақпан айында өткен медициналық кеңесте осы мәселені үнемі бақылауда ұстау бас дәрігерлерге ескертіліп, аудандық балалар дәрігері бақылап отыру талап етілді. Биылғы жылғы сәуір айында мектеп оқушыларын дәрігерлік тексеруден өткізу барысында бұл балалар мамандармен толық тексеруден өткізілді.

Сұрақ:

- Дайыр отбасылық дәрігерлік емханасының Біржан бөлімшесі жанынан 3-4 күндізгі емдеу орны ашылса (Рүстемов О.).



Жауап

- Біржан амбулаториясы жеке денсаулық сақтау мекемесі ретінде тіркелмегендіктен, ол Дайыр дәрігерлік амбулаториясының филиалы болып есептеледі. Сондықтан, Дайыр дәрігерлік амбулаториясының 5 төсектік күндізгі емдеу стационарында науқастарды емдеуге болады. 2008 жылы 121 науқас емделіп шықты, 2009 жылы 100 науқас емдеу жоспарланған.



Сұрақ:

- Шілікті амбулаториясының төбесін және сыртын ағымдағы жөндеуге қаржы қарастырылса, амбулатория жанынан 6-10 емдеу төсек орны ашылса және жедел жәрдем автокөлігіне бензин есептеген кезде ауылымыздың аудан орталығынан шалғайлығы ескерілсе (Абдикаримов Т, Жұмағалиева А.)



Жауап:

- Шілікті ауылдық амбулаториясының төбесін жөндеу 2009 жылғы аудандағы «Жол картасы» бағдарламасына енгізіліп, жүргізілуде.

Шілікті ауылдық амбулаториясында 2 төсектік күндізгі стационар жұмыс істейді. Осы төсекті тиімді пайдаланып, жұмысын дұрыс ұйымдастыратын болса, жылдық жоспардың көлемін көбейтуге толық мүмкіндігі бар (2009 ж. жоспар 60 емделу болса, 90 науқасқа дейін көтеруге болады).

Жедел жәрдем автокөлігіне бензиннің жылдық мөлшерін жоспарлаған кезде міндетті түрде елді мекендердің шалғайлығы, мекеменің жұмыс ырғағы және науқастарды шұғыл аудан орталығына жеткізу мәселелері ескеріледі.



Мәдениет саласы бойынша:

Сұрақ:

- Ауданда көркемөнерпаздардың концерттік байқауын өткізу дәстүрі жалғасын тапса (Оспанов Қ.)



Жауап:

- Бүгінгі уақытта аудандық мәдениет үйі арқылы жоспар жасалынып, биылғы жылдың көктемінде көркемөнерпаздар байқауы 9 округ бойынша өткізілді. Алдағы уақыытта да жыл сайын байқау өткізіліп отырады.



Сұрақ:

-Көгедай, Шалқар ауылдарында клубтар ашылса (ауыл тұрғындары).



Жауап:

- Көгедай, Шалқар ауылдарында клуб үйлерін сатып алуға қаражат қарастырылмағандықтан, биылғы жылғы жоспарға енгізілмеген.



Сұрақ:

- Кеңсай ауылында ЖСҚ жасалған Мәдениет үйін алдағы уақытта күрделі жөндеуден өткізіп пайдалануға берсе (Ибраев М.)



Жауап:

- Кеңсай ауылындағы клуб үйіне «Жол картасына» байланысты 24 609,0 мың теңге бөлініп, «СМУ-Шығыс» мекемесі арқылы құрылыс жүргізілуде. 2009 жылғы 30 қыркүйекке дейін аяқталу жоспарланған.



Сұрақ:

- Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық мәдениет үйінің басшылығының мәдениет саласын дамытудағы жауапкершілігі арттырылса (Ибраев М.)



Жауап:

- Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық мәдениет үйінің басшылары ауыстырылып, мәдениет саласын дамытуда жауапкершілік пен жұмыс істеу бақылауға алынды



Сұрақ:

- Көп жылдық тәжірибесі бар мәдениет қызметкерлерін толық штаттық бірлікке ауыстырса (Ибраев М.)



Жауап:

- «Жол картасы» бойынша клуб үйлерінің жөндеу жұмыстары біткеннен кейін штат кестесі қайта қаралады.



Сұрақ:

- Ауылдық мәдениет үйін ағымдағы жөндеуге қаржы бөлінсе (Боржықова А.)



Жауап:

- Қарабұлақ ауылындағы клуб үйін жөндеуге «Жол картасына» байланысты 3998,0 мың теңге бөлініп, ТОО «Зайсан-Нұр-Сервис» мекемесі арқылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2009 жылғы 10 тамызға дейін аяқталу жоспарланды.



Сұрақ:

-Қуаныш ауылында клуб салынса (Қасенов Н.)



Жауап:

- Қуаныш ауылынан клуб үйін салу 2010-2011 жылдардың жоспарында жоқ.



Сұрақ:

- Ақарал ауылындағы клуб жөндеуден өткізілсе (Бұйранова А.)



Жауап:

- Ақарал ауылындағы клуб үйін жөндеуді келешекте 2010 жылдың жоспарына кіргізу қарастырылуда.



Сұрақ:

- Ат спортына үлес қосып жүрген Ж.Әміреновқа қолдау көрсетілсе (Сайранов Қ.)



Жауап:

- Көкпар командасын киіндіру үшін қажетті формалар алуға аудан бюджетінен спорт бөлімі арқылы бөлінді.



Сұрақ:

- Ауданда жаңа үлгідегі суға жүзу бассейні, типтік спорт мектебін салу (Жұмағалиев М.)



Жауап:

- Зайсан қаласында жаңа үлгідегі суға жүзу бассейні мен типтік спорт мектебін салу мәселесі туралы тиісті орындарға сұраныстар жолданды. Оны шешудің жолдары қарастырылуда.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі,

жол саласы бойынша:

Сұрақ:

  • Қаратал ауылындағы орталық көшенің астындағы көпірлер ДЭУ-33 мекемесінің бақылауына алынып, тазаланса (Сайранов Қ.)

Жауап:

  • Көпірлер тазаланды. ДЭУ-33 мекемесінің тұрақты бақылауына алынған.

Сұрақ:

  • Абай, Бауыржан көшелеріне су құбыры тартылса (Сүлейменова М.)

Жауап:

- Көшелерге су құбырын тартуға «Зайсан» КМҚМ-не 779975 теңге қаржы жергілікті бюджеттен бөлініп жұмыстар атқарылып жатыр.



Сұрақ:

- Дайыр ауылының көшелерін жарықтандыруға көңіл бөлінсе (Жүнісов Т.)



Жауап:

- 2009 жылы Орманбетов атындағы көшенің 2200 метр аумағы жарықтандырылады. Оған аудандық бюджетте 2 млн. 200 мың теңге қаралған.



Сұрақ:

- Шекара бойымен ағатын өзенді Қытай Халық Республикасы жағы өздеріне бұрып алған. Осы мәселе реттеліп, «Майқапшағай» елді мекеніне су мәселесі шешілсе (Жүнісов А.)



Жауап:

- «Майқапшағай» елді мекені арқылы өтетін Үлкен- Ласты суын мақсатты пайдалану жобасына сәйкес облыс және аудан әкімдері жасақтаған комиссиялар жұмыс істеді. Комиссия қорытындысы уәкілетті органдарға тапсырылды. Осы жөнінде аудан әкімі екі мемлекет арасында Талдықорған қаласында өткен кеңесте мәселе көтеріп шешу қажеттігі туралы ұсыныс берді..



Сұрақ:

- Ауыл тазалығына, көріктендіру мен көгалдандыру жұмыстарына ерекше мән берілсе (Демежанова К.)



Жауап:

- Ауыл тазалығы қала, ауылдық округі әкімдері тарапынан ерекше бақылауға алынды. 2009 жылғы 01 сәуірден 01 мамырға дейін екпінді екі тазалық айлығы өтті. 2009 жылдың 5 айында 9 сенбілік ұйымдастырылды. Айлыққа 270 техника, 2700 адам тартылды. 5 мың текше метр қоқыс шығарылды, 1424 көшет отырғызылды. Әр аптаның сенбі күні тазалық күні болып белгіленді. Елді мекендердегі мекеме, мектеп және қоғамдық сауда орындарының айналасын жарықтандыру, көріктендіру туралы әкімдерге тапсырма берілді. Орындалуы тұрақты бақылауға қойылды.



Сұрақ:

  • Жарлы өзенінің жағалауына қойылған тоспа бөгетті беріктендіру жұмысы жалғасса (Жүнісов Т.)

Жауап:

- Жергілікті кәсіпкерлердің, ауыл депутаттарының демеушілік көмектерімен қосымша шарбақ қойылып, бекіту жұмыстары жүзеге асырылды.



Сұрақ:

- Шілікті ауылы жанынан бір су құдығы орнатылса (Насретов С.)



Жауап:

  • Шілікті ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суын барлауға ұсыныс берілді. 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаға енгізілді.

Сұрақ:

- Жалши, Тасбастау ауылдары жанына су соратын құдық (скважина) орнатылса (Қалиев А.).



Жауап:

- Тасбастау ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжат жасауға ұсыныс берілді. 2009-2011 жылдардағы өңірлік бағдарламаға енгізілді.



Сұрақ:

- Орталық базар жанындағы автокөліктердің қозғалысы тоқтауы реттеліп адамдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілсе (Оспанов Т.)



Жауап:

- Орталық базарға тірелетін Кондюрин, Абай көшелері бойына автокөліктердің қозғалысын реттеу және шектеу жол белгілері қойылды. Орталық автобус аялдамасы жанынан таксилер тоқтайтын орын белгіленді.



Сұрақ:

- Сауыр мөлтек ауданындағы Нұрғожа Жақсылықов көшесі жарықтандырылып, асфальт төселсе (Әбділдинов Ж.)



Жауап:

- Нұрғожа Жақсылықов көшесі 2009 жылы жарықтандырылады.



Сұрақ:

- Айнабұлақ ауылы «Таза су» бағдарламасына енгізілсе (Боқбаев Н.)



Жауап:

- Айнабұлақ ауылы тұрғындарын ауыз сумен қамту мәселесі қысқа мерзімдік бағдарламаға ұсынылған. Ауыл ортасындағы бар су құдығына насос, су ыдысын қою мақсатына қаржы қарастырылып, пайдалануға берілді. Ал «Таза су» бағдарламасына байланысты 2011-2012 жылдарғы өңірлік бағдарламаға енгізілген.



Сұрақ:

- Жаңа-Тұрмыс ауылындағы көпір жөнделсе (Шакенов Н.)



Жауап:

- Көпірді жөндеу қаржы тапшылығына байланысты 2009 жылдың жоспарына енгізілген жоқ.



Жеке мазмұндағы әр түрлі сұрақтар бойынша:
Сұрақ:

  • Тарихи ескерткіш балбал тастар аудандық мұражайға әкелінсе (Жеңсеханов М.)

Жауап:

- Кезінде далада орнатылған балбал тас, петроглиф сияқты жәдігерлерді себепсіз орнатылған жерінен қозғауға рұқсат етілмейді. Ал, егер оларды біреулер әдейі құлатып, не болмаса табиғи әсерлерінің себебінен құлап, қараусыз қалған жағдайларда ғана мұражай ауласына әкеліп, мұражай жәдігері ретінде есепке алуға болады.



Сұрақ:

- Қара – батпақ жер телімінен отындық ағаш дайындау мәселесі қолға алынса (Әдібаев Қ.)



Жауап:

- Мәселе шешілген. Отындық ағаш босатылуда. Босату билеті Орман шаруашылығы мекемесі арқылы беріледі.



Сұрақ:

- Сауыр, Сайқан тауларында қорық ашылып, табиғаты көрікті жерлерде демалыс сауықтыру орындары ашылса (Тоқтаубаев М)



Жауап:

- Аталған мәселе Үкімет тарапынан шешіледі. Осы бағытта қорық ашу және демалыс сауықтыру орындарын ашудың мүмкіндіктері және оған аудандық атқарушы және өкілетті органдардың қатысу мүмкіндіктері зерделенуде.



Сұрақ:

- Біржан ауылдық округі аумағындағы «Шеген» теліміндегі тал қорғауға алынса (Қасенов А.)



Жауап:

- Аталған жер телімі Біржан ауылдық округі әкімінің қорғауына алынған. Талды жаппай шабуға тыйым салынған.



Сұрақ:

- Қаладағы Пошта және Халықтық банкінің жұмысы сағат 800-де басталса және олардың халыққа қызмет көрсету мәдениеті жақсартылса (Себетов Е.)



Жауап:

- Зайсан аудандық Пошта байланыс торабының жұмыс кестесі дүйсенбіден - жұмаға дейін сағат 800-ден – 1700-ге дейін, қосымша сенбі күні сағат 900-ден 1300-ге дейін болып белгіленді. Ал Халықтық банкінің жұмыс кестесін өзгерту Халықтық банктің жергілікті бөлімшесінің құзырына жатпайды.



Сұрақ:

- Дайыр, Шілікті ауылдарында «Бір терезе» орталығын ашу ойластырылса (Құрманбеков І, Көненов Р.)



Жауап:

- Әр ауылда «Бір терезе» орталығын ашудың қажеттілігі және қаржылай мүмкіндігі жоқ.



Анықтаманы дайындаған

аудан әкімінің баспасөз орталығы


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет