Аудан тұрғындарының санитарлық эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс туралы



Дата18.07.2016
өлшемі45.3 Kb.
Аудан тұрғындарының санитарлық - эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс туралы

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Ұлан ауданы бойынша басқарма бастығы Х. Илюбаевтың «Аудан тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы» баяндамасын аудандық мәслихат тыңдап және талқылап, ауданда тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету жөнінде нақты жүргізілген жұмыстарды атап өтеді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде өткен жылы ауданда іш және бөртпе сүзек жұқпалы аурулары, паратиф, полиомиелит, дифтерия, сальмонеллез және басқа жұқпалы аурулар тіркелмеген. Жіті ішек жұқпалы ауруы 1,8 есеге, туберкулез 1, 2 есеге, қышыма, дерматомикоз 1, 7 есеге, «А» вирус гепатиті және дерматомикоз ауруларының саны төмендеді. Ішек жұқпалы ауруларының алдын алу бойынша 2008-2010 жылдарға арналған санитарлық-гигиеналық және эпидемиологияға қарсы шаралардың кешенді жоспарларын жүзеге асырыға бақылау қамтамасыз етіледі. Егу-емдеу және тамақ шығаратын мекемелердің қызметкерлерімен сальмонеллездың алдын алу мен анықтау жөнінде семинар-кеңестер өткізіліп тұрады, сондай-ақ апта сайын жұқпалы аурулар бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізіліп, соның қорытындысымен санитарлық-гигиеналық, эпидемиологияға қарсы шаралар жүргізіледі.

Әрбір педиатриялық учаскеде мақсатты топтағы балалар мен тұрғындарды егу-емдеу жұмыстары бойынша мониторинг жүргізіледі.

Барлық егу-емдеу мекемелері вакциналарды сақтау үшін термоконтейнерлермен, хладоэлементтермен, шокқа қарсы салулармен, тоңазытқыш жабдықтарымен толығымен жасақталған.

Ай сайын лабораториялық байқау кестесі жасалады және сапалы ауыз суға лабораториялық бақылау қамтамасыз етіледі. Су өткізетін құбырлардың санитарлық-техникалық жағдайы мен сапалы ауыз суды жақсарту бойынша шаруашылық субъектілермен бірлескен іс-шаралар өткізіледі. Орталықтандырылған су көздерінің аумағында қоршауларды ағымды жөндеу, тиіс аумақтарды көріктендіру жүргізілді, малдардың су ішуіне тыйым салатын белгілер орнатылды. Барлық су өткізетін құбырлардың ауыз суын зарарсыздандыру үшін реагенттермен қамтамасыз етілген.

Елді-секендерді санитарлық тазалауға рейдтік тексерулер жүргізілді.

Сол уақытта ауданда атқарылған жұмыстарға қарамастан аурулардың кейбір түрлері жоғары болып қалуда. Мысалға, бруцеллез ауруының өсуі көрсетілген. 2008 жылға осы аурумен ауыратын 18 жағдай тіркелген. Адамдар арасында бруцеллездың жайылуындағы негізгі фактор малдар арасындағы қолайсыз эпизоотикалық жағдай мен жеке бас гигиеналарын сақтамау болып табылады. Аблакет, Алмасай, Тарғын, Бозанбай ауылдық округтерінде мал бруцеллез аурулары бойынша шектелген іс-шаралар жасалған. Осы және басқа округтерде елді-мекендерді көң, қи, тезекке толтыру, жол маңына, өзен жағаларына көң апару байқалуда, рұқсат етілмеген тұрмыстық қатты қалдықтар жерлерінің саны көбеюде, малдарды сақтандыратын егулерді толық қамтымау деректері бар. 2008 жылы екі айлық кезеңінде 37 елді-мекенде санитарлық тазалау бойынша басқарма қызметкерлерімен барлығы 18 рейдтік тексеру жүргізілді, бұл сөзсіз жеткіліксіз. Барлық елді-мекендерде иесіз мал мен иттердің бар болу жағдайын шиеленістіруде.

Туберкулез ауруы жай қайқынмен төмендеуде. Өткен жылы туберкулезбен ауруының 12 жағдайы тіркелді, олардың 10-ы үлкен және 2-уі жасөпірім. 6 адам қайтыс болды. Бұл деректер ауданда алдын алу жұмыстарын өткізудегі кемшіліктердің куәсі болып табылады.

Ауданның 35 егу пунктерін тексеруде жедел медициналық көмек көрсету бұрыштарының препараттарымен жасақтау толық емес көлемде орнатылған, мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектерді іске асыру, Сағыр, Ұлан ауылдарының дәрігерлік амбулаторияларында, Таврия ауылындағы аудандық орталық ауруханада, Асубұлақ кентінің отбасылық учаскелік амбулаториясында, Бетқұдық, Бестерек, Жаңа Қанай, Пролетарка, Айтықов, Васильевка ауылдарының фельдшерлік пунктерінде егу күнтізбесінің бұзылуы анықталған.

Ауданның көптеген су өткізетін құбыр жүйелеріне және басқа сумен жабдықтау көздеріне күрделі және ағымды жөндеу қажет.

Қазқастан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы негізінде Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Ұлан ауданы бойынша басқарма бастығы (Х.Ж. Илюбаев) ұсынылсын:

- аудан тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету және жұқпалы ауру-сырқау мен басқа ауру түрлерін азайту бойынша қосымша шаралар қолдансын;

- елді-мекендердің санитарлық жағдайына рейдтік тексеруді жиі жүргізсін және кінәлі тұлғаларды материалдық жауапкершілікке тартсын.

2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (Г.Н. Калиева) «Молодежный» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын мен «Коммунальник» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындармен бірлесе отырып Герасимовка, Алмасай, Восточное және Каменка, Митрофановка Ново-Азовое ауылдарында су өткізетін құбырлар қызметі жөніндегі мәселені шешсін.

3. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (Е.Т. Турганов) бюджеттік жоспарлауда тұрғын-үй коммуналдық объектілерді, су өткізетін құбырлар мен сумен жабдықтаудың басқа көздерін жөндеуге, сонымен қатар ауданның елді-мекендерінде тұрмыстық қатты қалдықтарды төгетін жерлер үшін жер телімдерін заңдастыруға сметалық құжаттарға сәйкес ақша қаражаттарын бөлуді қарастырсын.

4. Ауыл шаруашылық бөлімі (А.С. Сергазин) жұқпалы аурулардың алдын алу үшін мал қораларын қыстамақтан кейін және қыстамақ алдында заласыздандыру бойынша аудандық ұйым құруға шара қолдансын.Ауылдық аудандардың шаруа қожалықтарындағы соғым пунктінің бар болуы яғни, орталықтандыру проблемасын шешу үшін дұрыс әрекет ету.

5. Ауылдық округ пен кент әкімдері елді-мекендерді санитарлық тазалау, көріктендіру және көгалдандыру бойынша жұмысқа әрбір ауыл және кент тұрғындарын тарта отырып жұмысты жандандырсын.Ауылдық округ әкімдерінің қарамағындағы мал қорымы жұмысын жеделдету «Ветеринария туралы» Заңының 10 пунктіне сәйкес.Қаңғыбас малдар мен үйсіз иттерге қарсы қосымша шаралар қабылдау.

6. ШҚО Ұлан ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың басқару Департаментіне, экономикалық және бюджеттік жоспарлау бөліміне, ауыл шаруашылық бөліміне, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдарымен бірге КГП «Молодежный» және КГП «Коммунальник» , ауыл және округ әкімдеріне 2009 жылдың 20 маусымына дейін аудан маслихатына берілген шешімнің атқарылуы туралы ақпарат беру.

7.Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрақты комиссияларға жүктелсін.



Сессия төрағасы Б. Жакупов

Аудандық

мәслихат хатшысы Д. Турсунбаев
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет