Ауданда 2014 жылдың 1-ші тоқсанында «Сыбаға»бағдарламасының орындалуы туралы



жүктеу 11.11 Kb.
Дата08.06.2016
өлшемі11.11 Kb.
Ауданда 2014 жылдың 1-ші тоқсанында «Сыбаға»бағдарламасының орындалуы туралы.

Елбасымыздың ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту шеңберінде қабылданған 2011-2015 жылдарға арналған «Сыбаға» бағдарламасы аясында 2011-2013 жылдары, барлығы 10 шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасымен 63,4 млн. теңге қаржы алып 311 бас аналық сиыр 23 бас бұқа сатып алып асылдандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

2014 жылдың осы кезеңіне дейін «Сыбаға» бағдарламасымен Жаңақұрылыс ауылдық округіндегі «Бірлік» шаруа қожалығы «КазАгроҚаржы» АҚ-ның облыстық филиалынан 8,5 млн. теңге қаржы алып, оған 48 бас аналық сиыр сатып алып және өзінің қарамағындағы 19 бас аналық сиырды қосып барлығы 67 бас аналық сиырын және сатып алған 3 бас асыл тұқымды бұқасы ақпараттық аналитикалық жүйеге тіркелді.

Ауданда ет бағытындағы Қазақтың ақбас сиыры тұқымын өсіретін 3 асыл тұқымды (Берекет, Ықылас, Несібе) шаруашылықтар бар. Олар бүгінгі күнге дейін «Сыбаға» бағдарламасына сәйкес аудандағы қала, кент, ауылдық округтердегі жеке және шаруа қожалықтарына 49 бас асыл тұқымды бұқа сатты. Әлі де 15 айға толған бұқаларды жыл аяғына дейін сату жұмыстары жалғастырылуда. Сонымен бірге жоғарыда аталған 3 асыл тұқымды шаруашылықтар Қызылорда облысының барлық аудандарына да асыл тұқымды бұқа сатуда.



Қазіргі кезде, яғни 3.04.2014 жылға аудан бойынша ақпараттық аналитикалық жүйеге тіркелген аналық саны 2117 бас болып, одан бұқалардың мерзімдері өтуіне және бұқалардың 15 айға толмауына байланысты 949 бас аналық қана есептеліп, аудан бойынша 5,9 пайызды құрап отыр. Жыл көлемінде мерзімдері өткен бұқаларды жаңалау және жаңадан бұқа сатып алып, аналық сиырларды ақпараттық жүйеге тіркету жұмыстары кент, ауылдық округ әкімдерімен бірлесе отырып атқарыла беретін болады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет