Ауданда көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы



Дата07.07.2016
өлшемі28.17 Kb.
#183323
Ауданда көшпелі сауданы

жүзеге асыру үшін орындар

белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына, «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі №544 Қазақстан Республикасының Заңының 8 және 27 бабтарына, 2005 жылғы 21 сәуірдегі №371 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Ішкі сауда ережесіне» сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. Қосымшаға сәйкес Жаңақорған ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгіленсін.

  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Ибрагимовқа жүктелсін.

  3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Жаңақорған ауданының

әкімі С. Тауипбаев

Жаңақорған ауданы әкімдігінің

2013 жылғы ___ қыркүйектегі

№ _____ қаулысына қосымша


Жаңақорған ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар




Кент және ауылдық округтер атауы

Сауда орындары

1

Жаңақорған кенті

Құрманғазы көшесінің бас жағы (СТК «Исатай» шұжық цехының жаны), Накипов көшесі (мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ғимаратының қарама қарсы бетінде)

2

Шалқия кенті

М.Шоқайұлы көшесінің бойындағы базар алаңы, (« Әзи» кафесінің жанында)

3

Аққорған ауылдық округі, Түгіскен ауылы

Д.Қонаев көшесі (Казпочта ғимаратының алды)

4

Акүйік ауылдық округі,

Бірлік ауылы



Түршеков пен Палуан көшелерінің қиылысы («Жасұлан» дүкенінің жаны)

5

Қожакент ауылдық округі Қожакент ауылы

Мұхтар Әуезов пен Абай Құнанбаев көшелерінің қиылысында

6

Төменарық ауылдық округі, Төменарық ауылы

Құдиярұлы көшесінің бойында орналасқан базар алаңы («Самал» кафесінің жаны), Елтай көшесі («Нүркен» дүкенінің жанында)

7

Қыраш ауылдық округі Қызылмақташы ауылы


Тәуелсіздік қөшесі, (Клуб үйінің щығыс жағы)

8

Манап ауылдық округі,

Манап ауылы



Ж. Көпешұлы көшесі, (№160 орта мектептің интернат үйінің жаны)

9

Манап ауылдық округі,

Талап бекеті



С. Мырзатаев көшесі,( №254 мектептің жаны)

10

Қаратөбе ауылдық округі,

Баспақкөл ауылы



Достық көшесі, (клуб үйінің жаны)


Аудан әкімдігінің қаулысы кәсіпкерлер мүддесіне қатысты болғандықтан, ынта танытушылар өз ұсыныстарын аудандық кәсіпкерлік бөліміне қаулы жобасы жарияланған күннен бастап 10 күн ішінде бере алады. Кәсіпкерлік бөлімінің мекен-жайы: М.Көкенов көшесі 35, тел 22497

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет