Аудандағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы»



жүктеу 53.27 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі53.27 Kb.
Аудандағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің

кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы №1243 «Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы комиссия 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.

2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы комиссия ережесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Аудандық ішкі істер бөліміне (А.Дәулетов, келісіммен) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды тіркеу және дербес есебін жүргізу үшін тиісті мәліметтерді аудан әкімі аппаратына уақытында тапсырып отыру ұсынылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Мұңайтбасовқа жүктелсін.




Аудан әкімі Б.Қаниев


Аудан әкімінің 2012 жылғы

«___» ______ «_____»

қаулысына қосымшасы


Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы комиссия құрамы

Мұңайтбасов Марат Әлібекұлы Аудан әкімінің орынбасары,

комиссия төрағасы

Сатаев Еділ Маратұлы Аудан әкімі аппаратының

ұйымдастыру-құқықтық

және кадрлармен жұмыс

бөлімінің меңгерушісі,

комиссия хатшысы

Дәулетов Арман Елеубайұлы Аудандық ішкі істер бөлімінің

бастығы (келісім бойынша)

Ерекенов Ақтілеу Қуанышұлы Аудандық әділет

басқармасының бастығы

(келісім бойынша)
Дәндібаев Берік Дәндібайұлы Аудандық мәслихаттың

депутаты (келісім бойынша)

Балбосынов Ерсайын Балбосынұлы Аудандық орталық

аурухананың бас дәрігері

(келісім бойынша)

Аудан әкімінің 2012 жылғы

«___» ______ «_____»

қаулысына қосымшасы


Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы комиссия ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер
1. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12 тамыз 2000 жылғы №1243 «Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру негізінде құрылды.

2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы комиссиясы аудан әкімдігі жанынан құрылатын консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

3.Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы ережені басшылыққа алады.

4.Комиссия Темір ауданы әкімдігі жанынан құрылады.

5.Комиссияны аудан әкімінің орынбасары басқарады.
2.Комиссия жұмысының негізгі міндеті мен мақсаты
6. Комиссия жұмысының негізгі міндеті мен мақсаты мыналар:

1)қылмыспен күресуде және алдын алуда азаматтардың қызығушылығын арттыру;

2)құқық бұзушылық профилактикасына азаматтардың қатысуын және қоғамдық құрылымдар құруды жетілдіру;

3)қылмыспен күресу және құқықбұзушылықтың алдын алудағы жұмыстарды күшейту, жұмыстардың тиімділігін арттыру;

4)құқық қорғау органдарының мәртебесін халық арасында күшейту /көтеру/.
3.Комиссияның құқықтары
7.Комиссияның құқығы:

1)құқық қорғау органдарының ұсынылған материалдарын қарауға;

2)азаматтарды көтермелеу туралы шешім қабылдауға;

3)азаматтарды көтермелеуден бас тартуға;

4)комиссия құзырына жататын сұрақтар бойынша ұсыныстар беруге.

4.Комиссия жұмысын ұйымдастыру

8.Комиссия 5 мүшеден тұрады және комиссия құрамына кірмейтін хатшыдан.

9.Комиссия жұмысын комиссия хатшысы ұйымдастырады, комиссия хатшысының дауыс беру құқығы болмайды.

10.Комиссия отырыстары тоқсанына бір рет өткізіледі, қажеттілігіне қарай комиссия төрағасының бастамасымен кезектен тыс өткізілу мүмкін.

11.Комиссия шешімдері комиссия мүшелері дауыс беру арқылы жүзеге асады, егер дауыстар тең болып кеткен жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

12.Комиссия өз жұмысы бойынша және шешімдерінің орындалуына құқық қорғау органдарына және құзырлы органдарға ұсыныстар беруге құқылы.



Аудан мәслихатының хатшысы

Н.Өтеповке

Ұсыныс

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы №1243 «Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімі жанындағы қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы комиссия құрамын бекітуіңізді сұраймын.


Қосымша 1 бет.


Аудан әкімі Б.Қаниев

Орын:Ж.Төлегенов

Тел:871/346/22576

Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы комиссия құрамы

Мұңайтбасов Марат Әлібекұлы Аудан әкімінің орынбасары,

комиссия төрағасы

Сатаев Еділ Маратұлы Аудан әкімі аппаратының

ұйымдастыру-құқықтық

және кадрлармен жұмыс

бөлімінің меңгерушісі,

комиссия хатшысы

Дәулетов Арман Елеубайұлы Аудандық ішкі істер бөлімінің

бастығы (келісім бойынша)

Ерекенов Ақтілеу Қуанышұлы Аудандық әділет

басқармасының бастығы

(келісім бойынша)
Дәндібаев Берік Дәндібайұлы Аудандық мәслихаттың

депутаты (клісім бойынша)

Балбосынов Ерсайын Балбосынұлы Аудандық орталық

аурухананың бас дәрігері



(келісім бойынша)


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет