АудандағЫ Өсімдіктер



Дата20.06.2016
өлшемі73 Kb.
#149635




АУДАНДАҒЫ ӨСІМДІКТЕР
Өсімдіктер қашанда топырақпен ауа-райына байланысты болатындығы белгілі. Сондықтан ауданның оңтүстік бөлігіндегі жерлерде көбінесе құрғақ шөл жерлерде өсетін тырбық, сортан шөп көп кездеседі. Бұларға жусанның неше атасы мен изен, жантақ, көкпек және түрлі шайырлар қосылады (құлан-шайыр, түйе-шайыр, құм шайырлар сияқты). Шілік заттарынан екі жікте кей жерде баялыш пен тобылғылар ғана кездесіп отырады. Ақмола, Қаражар сызығынан бастап Арқаға бет алғанда жоғарыда көрсетілген «жусанды» шөптерге аз-аздап, саялардың түбінен не басқа ояң жерлерден боз, көде, селеу шөптері де қосыла бастайды. Мұнда кей жерде шилердің де кейбір түптері ұшырасады. Ауданның Арқа бөлімі әсіресе Ұлытау кенересі өсімдікке аса бай деуге болады. Мұнда өсетін «қорық» шөптерінің түрлі-түрлісі бар, бұлардың ішінде,Арқа бөлігінде тал, карақат, мойыл, қой бүлдірген, жидек, итмұрын бар. Ағаштан Ұлытау ішінде үйеңкі, кайың, шырша, терек өседі. Бұлардан басқа аудандағы кездесетін өзендердің бәрінін де арнасында қуалай өскен ересек нар қамыстар көп, бұларға кей жерде өрім тал да араласып отырады.
АУДАНДАҒЫ АҢДАР ТЕГІ
Тағы жәндіктерден ауданда: Сарысу бойындағы киік, сайғақтар бар, Қара Кеңгір өлкесімен оңтүстік бөлігіндегі құмдарда — қабандар көп. Жалпы алғанда аудан­ның түкпірлерінің бәрінде де касқыр, түлкі, қоян; кузен, ақ тиін, қарсақ кездеседі. Ұлытаудың құздарында бұрын арқар көп болған екен. Қазірде олар құрьп біткен сияқты.

Құстар тегінен ауданның оңтүстік бөлігінде қарақұс, кезкүйрық, кұладын сияқты арамқұстардың тегімен, дуадак, бұлдырықтар, шіл, түрлі торғайлар тұқымы жиі кездесіп отырады. Ауданның арқа бөлігінде көлдердің ішінде жаз уағында аққу, қаз, үйректің көптеген түрлері, кұрт-құмырсқа, бақа-шаяндардың түрлі тұқымдары мекен етеді, әсіресе ауданда жылан, бүйі кұрттар сияқты шағатын улы жәндіктер көп ұшырысады.


СУЛАРЫ
Қара Кеңгір өзенінің Сарысуға құятын «Қаражар» дейтін сағасынан бастап Қарсақбай ауданын су жағынан екі жікке бөлуі мүмкін. Қаражардың Арқа жағын-дағы жік, жері таулы болған соң бұлаққа да, өзенге де берекелі. Бұл жіктегі өзендер басын Ұлытаудан алады да Арқа мен шығыс аралығына не оңтүстік пен батыс аралығындағы негізгі екі ойпаңның бірімен ағып отыра­ды. Шығыс пен Арқа аралығына бет алып ағатын өзендер — Есілге кұяды. Бұлардың ең маңыздысы «Терісаққан» өзені. Түстік пен батыс аралығына бет алып ағатын өзендер Сарысуға құяды. Бұлардың көрнектілері: Қара Кеңгір, Сары Қеңгір, Жезді өзендері. Бұлардан басқа тура батысқа қарап ағатын не батыс пен Арқа аралығына бет алып ағатын өзендердің бәрі де көп ұзамай көл не қопаларға барып құяды. Бұлардың көрнектісі: Қара торғай мен Сары торғай өзендері (Сары копа көліне кұяды), Тұзды мен Жыланшық өзендері (Жаман-Аққөлге құяды). Аудандағы «Білеуті», «Дуйсенбай» сияқты кейбір ұсақ өзендер Арал теңізіне қарата бет алып аққа-нымен де оған жетпей аралықтағы Арыскұм, Мойынқұм дейтін кұмдарға кездесіп үзіліп қалады. Ауданда су мен қопа: көп, Олардың көлемдісі: 1) Жаман теңіз, 2) Жаман-Аққөл, 3) Сарықопа, 4) Шұбар теңіз, 5) Құрдым (Шалқар теңізі) дейтіндер. Бұлар Ұлытаудың, әсіресе батыс жағында көп болады.

• Бітім жағынан қарағанда өзендердің бәрі де қазіргі дәуірде қайраты қайтып «алжуға» таянған — қартамыс куйде. Өн бойларына жиған «тұнбалары» қалың, арналары майысқан, иірімді болып отырады. Көп өзендер орта ағымындағы не аяқ кезінде үзіліп кейде жоғалып, кейде шығып «қарасуға» айналады. .Қаражардың оңтүстік жағындағы алқаптың жігінде жер бітімі таусыз. Жазык болған соң бұлақ сулары ырымға табылмайды. Өзен дегеннен жалғыз-ақ Сарысу. Бұл жік сондықтан түгелімен суы жоқ кеуіп жатқан Бетпақтың шөліне косылады. Бетпақтың оңтүстік жағындағы Қаратау кенересінің ыққы ояңында бұл жікке кіретін «Ащы көл» дейтін екі көл бар. Екеуіне екі өзен келіп құяды. Оңтүстіктегі байтақ шөлдің бір шеті Жосалы мен Қарсақбай арасындағы «Ақмола» дейтін өзекке тіреледі. Бұл Қарсақбай зауытынан 120 шақырым жер. Қарсақбай мен Жосалының арасындағы бекеттердің суы кейде кермек, кейде тұщы болып отырады. Құдықтарының тереңдігі 3—2 кезден артық емес. Кей жерде бір бекеттегі екі құдықтың бірінің суы тұщы, бірінікі кермек. Егер де құдық суларының кермек болатын себебі бұл жазықтағы кездесетін ерте замандағы теңізден қалған қалың тұнба саздардың ішін-дегі жатқан тұздан десек, онда жаңағы айтқан сияқты суларының дәмі жиі айнымалы болып отыратындығы саздың астындағы жер қыртыстарында күшті көзді тұщы судың бар болуы мүмкін.

Егер де бұл анық болса, онда бетпақ шөлінің келешегі тіпті үмітті деуге болады. Өйткені бұрғы салып тереңнен су алынса бетпақтың «шөлдері де» жоғалмақшы. Бұл ретте тағы да үміт берерлік бір себеп мынау: төңкеріс алдында Сарысудьң аяғындағы ащы көл, тұщы көлдің аралығынан көшпелі адамдар жерге бұрғы салып су іздеген. Сонда олар 7 метр тереңнен кермек су тапқан, онан әрі тереңдетіп 115 метрге барғанда тұщы суға кездескен. Тұщы су аса көзді болып бұрғының аузынан биіктігі 7 метрлік фонтан болып атқылап тұрыпты. Бұрғы-шылардың есебі бойынша бұл жерден шыққан тұщы судың көзі күніне 55 мың шелек берерлік болса керек. Ауданның солтүстік жағындағы Қарсақбай зауыты, Жаңа Жезқазғанның маңындағы өзендер мен құдық суларының қазірде жасалған химиялық анализы бар. Оларға қарағанда аудан суларының бір литрінде 0.3970 грамм құрама заттардың барлығы сезіледі.
АУДАННЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Аудан территориясы 400-1200 м абсолюттік биіктікте орналасқан биіктікті жазықтық, әр жерде табиғи заңсыздықпен орналасқан түрлі шоқылар, кішкене таулар кездеседі. Аудан территориясында Жақсы-Арғанаты (757 м), Ұлытау (1133 м), Едіге (1064 м) таулары бар.

Оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігінде Арал маңы құмы, Қарақұм, Мибұлақ, Мойынқұм, Жетіқоңыр құмды жерлер орналасқан.



Аудан климаты күрт континенталді, қысы қатты, қары аз, орташа температурасы 20-25 С, жазы ыстық және құрғақ, орташа температурасы 25-30 С. Қыс мерзімінің ұзақтылығы 120-150 күн, қардың орташа қалыңдығы 20-25 см. Ауданның қолайсыз климаты жиі болатын борандармен, қарлы және шаңды желдермен, қатты аяздар мен жердің тайғақтығынан. Жылдық жауын-шашындар көлемі 70-100 мм шегінде.

Ауданның жануарлар әлемі де әр түрлі. Бұнда сайғақтар, қасқырлар, қояндар, қабандар, еліктер, суырлар, түрлі жыландар, кесірткелер және басқа да жәндіктер мекен етеді. Аудан территориясында құстардың да әр түрлері кездеседі: үйректер, аққулар, бүркіттер, үкілер, жабайы қаздар, тырналар, құрлар, шілдер, тоқылдақтар, көкектер мен тағы басқалары. Ұлытау тауларында Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» енген шыршалар және Орталық Қазақстанда сирек кездесетін ақ қайыңдар да осы аудан территориясында өседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет