Аудандық балалар кітапханасы



Дата05.07.2016
өлшемі23.04 Kb.
#179182
Аудандық балалар кітапханасы
Шыңғырлау аудандық балалар кітапханасы 1977 жылы Аудандық орталық кітапхана құрамында ашылған. 33 жыл аралығында бірнеше өзгертулерден өтіп, қазіргі таңда аудандық орталық кітапхана құрамында аудандық мәдени-демалыс орталығының үш қабатты әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында орналасқан. Кітапханада абонемент және оқырмандар залы, ертегілер бөлмесі қызмет етеді. Кітапхана 1800-ге жақын оқырманға қызмет етуде. «Негештер», «Жыр отауы», «Гүлпаздар» клубтары жұмыс жасайды.

2007 жылы 11 шілдеде Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының бастауымен Шыңғырлау ОКЖ-нің негізінде «Балалар мен жасөспірімдерді Қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеу бағыттары» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді. Семинарда ұсынылған «Елжандылық» бағдарламасы аясында Шыңғырлау аудандық балалар кітапханасы патриоттық тәрбие беру бағытында жұмыстанады.

Аудандық балалар кітапханасында 2005 жылдан бері «Кітаппен өткен жаз қызық» бағдарламасы жұмыс істеп келеді. 2010 жылдан бастап «Сүйікті ертегілер марафоны» өткізіледі.

1998 жылдан бері қазіргі уақытта кітапхана меңгерушісі өз мамандығына шынайы беріліп, қадірлеп, құрметтей білген жан, тәжірибелі маман Галиева Қаракөз Сүлейменқызы.

1983 жылы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесін аяқтап, еңбек жолын Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасында өндеу және толықтыру бөлімінің редакторы қызметінен бастаған.
Оқу залы

Оқу залы ақпараттық және білім орталығы ретінде қызмет етуде. Оқырман сұранысын қанағаттандыру барысында түрлі әдістер пайдаланады. Оқу залы барлық топтағы оқырмандарға қызмет көрсетеді.

Балалар, жасөспірімдер және балалар оқуының жетекшілеріне арналған 42 атаулы мерзімді басылымдар бар. Оқу залында мерейтойлы күндерге байланысты мәдени шаралар өткізіліп тұрады.
Абонемент

Абонемент бөлімі барлық топтардағы балаларға, ата – аналарға, мұғалім, тәрбиешілерге қызмет көрсетеді. Білімнің барлық саласынан әдебиеттер жинақталған. Классикалық және шетел әдебиеттерімен де кітап қоры бай. Абонемент бөлімінде тақырыптық мерекелерге байланысты кітап көрмелер, жаңа кітаптарға ұсыныстық тізімдер, түрлі жарнамалар арқылы көпшілік шаралар өткізіледі.


Ертегілер бөлмесі.

Мәдениетті қолдау жылы болып есте қалған 2000 жыл біздің кітапханамызда Ертегілер бөлмесінің ашылуымен ерекшеленді.

Ертегілер бөлмесі жұмсақ жиһаз, түрлі түсті LG теледидары мен DVD тұғырығымен қамтылған.Ертегілер бөлмесі мектепке дейінгі және төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсетеді. Ертегілер бөлмесі ертегілер көріністерінен әсем безендірілген.

Ертегілер бөлмесінде құнды ертегі кітаптарымен қоса ойыншықтар бар. Балалар ертегі оқып, мультфильм қарап, ойнауға да мүмкіндіктері бар.



«Ерте, ерте, ертеде... ертегі оқып береміз», «Кел, ертегі айтып берейік!», «В гостях у сказки» айдарларымен ертегілерден көріністер көрсетіп, «Менің сүйікті ертегім» атты балалардың сурет байқаулары өткізіліп, қызықты да тартымды жұмыстар жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет