Аудандық бюджеттің 2010 жылы орындалуы



Дата23.02.2016
өлшемі37.3 Kb.
#11474
Аудандық бюджеттің 2010 жылы орындалуы

Аудандық бюджеттен 69 мемлекеттік және 7 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар арқылы 80 бюджеттік бағдарлама қаржыланады.


2010 жылғы аудандық бюджетінің кіріс түсімі 100,9 пайызға, оның ішінде меншік кіріс түсімінің болжамы 103,8 пайызға орындалды. 21159,2 мың теңге кіріс түсімінің болжамнан артық түсті.
Жеткізілген 46 кіріс көзінің болжамынан мемлекеттiк мекемелерге сотқа берiлетiн талап арыздарынан алынатын мемлекеттiк бажды қоспағанда, мемлекеттiк баж сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше талап ету iстерi арыздарынан 1439,0 мың теңге орындалмады, себебі ЖШС «Айросқа» 2010 жылдың 20 желтоқсанында 2134,7 мың теңге мемлекеттiк баж салығын қайтарып беруден.
2009 жылмен салыстырғанда меншік табыстың түсімі 80022,4 мың теңгеге өсіп, 16,9 пайызды құрады. Жергілікті бюджетке мезгілінде төленбеген төлемдер жок.
Жоғарғы бюджеттен түсетін трансферттер мен субвенция 1906485,1 мың теңге көлемінде толықтай түсті.
Аудандық бюджеттің шығыстары жоспардағы 22475753,1 мың теңгенің, 2465359,5 мың теңгесі орындалды немесе 99,7 пайызы, оның ішінде ағымдағы бюджет жоспардағы 2306203,1 мың теңгенің, 2303022,1 мың теңгесі орындалды немесе 99,6 пайызы, нысаналы даму бюджеті жоспардағы 169550,0 мың теңгенің, 162337,4 мың теңгесі орындалды немесе пайызы орындалу 95,7 пайызға. Бюджеттің игерілмеген қаржысы 10393,6 мың теңге.
2011 жылдың 1 қаңтарына аудандық бюджеттің бақылау есеп шотында бюджет қаржысының игерілмеуінен және түсім кірісінің болжамнан артық түсуінен 31463,8 мың теңге қалдық қалды. 
2010 жылы шығыстың орындалуы барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері 99,5 пайызға қамтамасыз етті, экономика бөлімі бойынша шығыстың орындалуы 65,7 пайызды құрады, себебі республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру бағдарламасы бойынша несие алуға тілек білдірушілердің болмауынан 7122,0 мың теңге игерілмеді.
2010 жылға саяси және мемлекеттік 153,5 бірлік орташа жылдық құрылымдық басқаруға, 92,5 штаттан тыс қызметкерді қамты үшін 279088,0 мың теңге нақтыланған бюджет қаралып, 277850,8 мың теңгеге орындалды, немесе 99,6 пайызға.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметкерлер саны 7 бірлікке, әкімшілік-шаруашылық және техникалық қызметкерле 13,8 бірлікке, оның ішінде ауылдық және кенттік округтерде 8,25 бірлікке, атқарушы органдарда 5,55 бірлікке азайды.
Ең бір басымды бюджеттік бағдарлама ол білім бөлімі, бюджеттің орындалуы келесі көрсеткiштермен сипатталады, есепті кезеңге барлығы 1417317,0 мың теңге жоспарланып, орындалуы 1417255,1 мың теңгені құрады немесе 100 пайызға, оның ішінде бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мектептердің шығысы есепті жылға 1172104,0 мың теңге жоспарланып, 1172049,1 мың теңгесі игерілді немесе 100 пайызға. 
2011 жылдың 1 қаңтарына ауданда барлығы 1736 әкімшілік-шаруашылық және педагогика мөлшерінде ставка қаралған, оқушылар саны 4939 және сынып жинақтауыштары топтардың саны 452. Еңбек ақы қоры мен салық шығыны 955547,0 мың теңгені құрады. Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қорынан 11002,0 мың теңге 891 балаға киім-кешек, тамаққа және сауықтыруға жұмсалды. 
Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге есепті қаржы жылы 48030,0 мың теңеге жоспарланып 100 пайызға игерілді. 
Балалар мен жеткіншектерге арналған 3 мекемеде 275 бала қамтылған, 2009 жылмен салыстырғанда «Балапан» бағдарламасына байланысты бала саны көбейді.
Алпыс алты контингент балаға арналған балалар мен жеткіншектерге қосымша білімге 6036,0 мың теңге жоспарланып, нақты осы бағдарлама 100 пайызға орындалды. 
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыруға 2010 жылы нақтыланған бюджетте 201097,0 мың теңге қарастырылып, 201097,0 мың теңге 100 пайызға орындалды.
2010 жылы атаулы әлеуметтік көмек 263 отбасына 13209,0 мың теңге төленді. 18 жасқа дейінгі балаларға берілетің жәрдемақы алу үшін 924 отбасына 27097,0 мың теңге төленді. Тұрғын үй көмегі 1307 отбасына 16891,0 мың теңге төленді.
Республикалық бюджеттен 15915,0 мың теңге қаражат бөлініп, 43 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 60 Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгендерге және 1162 тыл еңбеккерлеріне және басқа да әлеуметтік көмектер төленді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық есепті қаржы жылына бюджеттен 261918,0 мың теңге қаралды, 260780,8 мың теңгесі игерілді немесе 99,6 пайызға, игерілмегені1048,0 мың теңге, оның 887,0 мың теңгесі жергілікті бюджеттен азматтардың жекелген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мемлекеттік сатып алудың өтпеуінен, 161,0 мың теңге етуге мемлекеттік сатып алудан үнемделгентіктен.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк шығындары 104436,0 мың теңге жоспрланып, 104432,1 мың теңгеге орындалды немесе 100 пайызға. 
Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміне нақтыланған бюджет 97332,5 мың теңге, орындалғаны 89943,4 мың теңге немесе 92,4 пайыз.
2010 жылы ағымдағы жөндеуге және автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 88236,0 мың теңге бөлініп, 88215,0 мың теңгесі игерілді немесе 100 пайызға, оның ішінде:
- қыс кезінде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге- 18771,0 мың теңге ;
- ағымдағы жөндеуге - 56096,6 мың теңге;
- басқа шығырдар – 13347,4 мың теңге.
2010 жылы облыстық және республикалық бюджеттен 465651,1 мың тенге мақсатты трансферттер бөлініп, нақтылай орындалғаны 457345,1 мың теңгенемесе 98,2 пайызға, игерілмеген сомма 8305,6 мың теңге оның ішінде:
- ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бөлінген бюджеттік кредиттерді алушылардың болмауынан 7122,8 мың теңге;
- 965,4 мың теңге ветеринария қызметкерлерінің бос орындарының болуынан;
- 214,5 мың теңге ауылдық елді мекендерде әлеуметтік саланың мамандарын қолдау шараларын іске асыруда келушілердің болмауынан;
«Жол картасы» бағдарламасы бойынша 2010 жылға 190669,0 мың теңге республикалық ағымдағы трансферт қаралып, нақтылай 189532,0 мың теңгесі игерілді немесе 99,4 пайызы, 1131,0 мың теңге қаржы инспекциясының тексеру актісі боынша Бозонбай ауылындағы орта мектепке күрделі жөндеу жүргізуде шарт талаптарын орындамағаны үшін мердігерден айыппұл санкциясы ұсталып республикалық бюджетке қайтарылды
«Жол картасы » бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 100926,0 мың теңге қаралып, толықтай 100 пайызға игерілді.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет