Аудандық ішкі саясат саласы бойынша 2015 жылдың 1 қазанына ақпарат Аудандағы қоғамдық саяси ахуал



Дата01.07.2016
өлшемі46 Kb.
Аудандық ішкі саясат саласы бойынша

2015 жылдың 1 қазанына ақпарат

Аудандағы қоғамдық саяси ахуал.

«Аудан көлеміндегі қоғамдық-саяси жағдайға әлеуметтік зерттеулер арқылы мониторинг жүргізу» қызметі аясында, сауалнамаға тартылған қоғам дамуына үлес қоса алатын, қоғамдық құрылымның әртүрлі саласын қамтитын, 18 жастан жоғары аудан тұрғындары 61,2 пайызбен қазіргі жағдайларына «толық қанағаттанамын», 35,9 пайызбен «қанағаттанамын деуге болады» деп көрсеткен. Респонденттердің 92,7 пайыз аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты деп бағалаған.

Сондай-ақ, аудан тұрғындары үшін жұмыссыздық, жұмыс табудың қиындығы, ауыз су, аяқ су, медициналық қызмет көрсету сапасының төмендігі, жаңадан бой көтерген мөлтек аудандардағы жарық, байланыс, жол мәселелері өзекті проблемалар болып отырғандығын алға тартқан. Осыған орай, аталмыш мәселелердің оң шешім табуына ықпал жасау керектігі ұсынылған.

Үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, саяси пар тиялар мен қозғалыстар қызметі туралы

Ауданда 86 ҮЕҰ және ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына сәйкес 31 исламдық бағыттағы ҚМДБ-ның филиалдары (мешіттер) жұмыс жасайды, тарихи, діни-рухани орындарда 4 түнеуханалар есепке алынған.

Ү.ж мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасы аясында үкіметтік емес ұйымдар арқылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 4,0 млн теңге бөлініп, 6 әлеуметтік қызмет жобасы жүзеге асырылуда.

Олар: «Аудан көлеміндегі қоғамдық саяси жағдайға әлеуметтік зерттеулер арқылы монироинг жүргізу» қызметі, «Аудан тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы күреске бағытталған шараларды өткізу және діни ахуал жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізу» қызметі, «Мемлекеттік рәміздерді насихаттау» қызметі, «Діни сайт ашу» қызметі, «Аймақта отбасы демографиялық саясатты дамыту» қызметі, «Қықық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен адамдарды заңсыз әкету мен сатып алуға қарсы күрес, тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды насихаттауды жүргізу» қызметі.



Діни ақпараттық жұмыстар

2015 жылдың жартыжылдығында аудан көлемінде дін саласы бойынша 60 іс-шара. Атап айтқанда 47 кездесу, 2 дөңгелек үстел, 5 семинар, 3 жарыс, 1 форум өткізілді). 5450-ден аса тұрғын қамтылды. Тоқсан сайын аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес отырыстары өткізіледі.

Экстремизм мен терроризмге қарсы сипаттағы ақпараттық-насихат құрал ретінде Жаңақорған кентінде 2 билборд, 20 ауылдық округтерде 1 билбордтан орнатылған Сондай-ақ, Рамазан айын және Ораза айт мерекесін атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, аудан орталығындағы «Жаңақорған аудандық», «Хисамиддин» және «Құм Сахаба» мешіттерінде әр жұма сайын мемлекеттік мекемелер тарапынан ауызашар рәсімдерін өткізу жұмыстары ұйымдастырылды.

Жастар саясаты бойынша
Аудандық статистика басқармасының мәліметіне сәйкес қазіргі таңда ауданда 14-29 жас аралығындағы жастар саны 22 мың 491 құрайды. Оның ішінде 18-29 жас аралығындағы жастар саны 15728 яғни аудан халқының экономикалық белсенді өкілдерінің 28,5 пайызын құрайды.

Сондықтан да, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда жастардың бастамаларын жан-жақты қолдау мен дамуына бағытталған мақсатты бағдарламаларды, шараларды іске асыру назардан тыс қалған емес.

Ү.ж жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыруда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасы аясындағы қызметіне 6 млн 500 мың теңге қаржы бөлініп, түрлі бағыттағы 3 әлеуметтік қызмет жобасы іске асырылуда.

Олар. 1.«Жастардың бойында құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру» қызметі;



2.« Жастардың экономикалық ,әлеуметтік-инновациялық , шығармашылық әлеуеттерін дамыту » қызметі;

3.«Ауданымыздағы көне тарихи ескерткіштер мен рухани-діни орындарды дәріптеу, танымал бірқатар тұлғаларды насихаттауға арналған шараларды өткізу» қызметі;

Есепті мерзімде аудан жастарының қатысуымен 1 семинар, 1 дельфилік ойын, 1-КТК турнирі, 1 пікір сайыс, 3 акция, 4 рет тарихи орындарға саяхат, 1 аула клубын ашу жұмыстары, 1 рет «Ел жақсыларымен» кездесу, 2 рет дебатерлер сайысы, 2 рет отбасы тәрбиесі құндылықтарын насихаттау мақсатында 3 рет кездесу, құқық қорғау қызметкерлерінің қатысуымен 2 кездесу ұйымдастырылды.

Өткен жылы жұмыссыздық мәселесі бойынша хабарласқандар саны 394 болса, оның ішінде жұмысқа орналасқаны - 259, қоғамдық жұмысқа жіберілгені 99 жас. Есепті кезеңге 88-жұмыссыз жас ресми тіркеуде тұр.

Жұмыссыз жастардың қатарын азайту, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, еңбекке қабілеттіліктерін арттыру мақсатында «Жасыл Ел» жасағына маусым, шілде айларында 85 жас жұмыс жасауда, оның 90 пайызы, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасының жастары.



«Дипломмен ауылға » бағдарламасы бойынша 2015 жылдың 1 шілдесіне 94 маманға, білім саласы бойынша - 63, денсаулық сақтау саласы-29, агроөнеркәсіптік кешен саласы-2, барлығы 13041,5,0 мың теңге бір жолғы көтерме жәрдемақы және әлеуметтік сала ұйымдарында жұмыс жасайтын 35 маман, оның ішінде: білім саласы -25, денсаулық саласы – 8, агроөнеркәсіптік кешен саласы – 1, спорт саласы-1 маман тұрғын үймен қамтамасыз етілді, барлығы 100004,0 мың теңге бюджеттік несие түріндегі, әлеуметтік қолдауға қол жеткізді.

2015 жылы ауылда кәсiпкерлiктi дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тiрек ауылдарды дамыту бағыты бойынша бағдарламаға қатысушысы 100 - азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсына жолданды. Оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар саны – 25.

Жаңақорған ауданында жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2015-2016 жылдарға арналған Жол картасы іс-шарасына байланысты кәсіпкерлер базасы жасақталған. Бүгінгі таңда Жаңақорған ауданы бойынша 35 жасқа толмаған 561 жеке кәсіпкер жастар өз кәсіпкерліктерін жемісті атқарып келеді.

Сондай – ақ өздеріңізге белгілі, жыл сайын жұмыссыздық деңгейін төмендету және NEET санатына жататын жастармен жұмыс жасау жөніндегі іс – шара жоспары бекітіліп, оны жүзеге асыру мақсатында жұмыстар атқарылып келеді.
2015 жылы аудан бойынша 880 бала мектеп бітірсе, соның 519-ы ҰБТ тапсырған. Оның 10 –ы «Алтын белгіні» қорғап шықса, 6-ы «Үздік аттестат» иегері болды. Жалпы аудан бойынша ҰБТ қорытындысының орташа балл көрсеткіші – 81,6 пайызды құрады.

Ақпараттық – насихаттық топтардың құрамы мен қызметі

Ауданда құрамына түрлі сала басшылары, бірқатар аудандық маслихат депутаттары және ҮЕҰ, БАҚ өкілдері енгізілген 10 ақпараттық топ (ААТ) жұмыс жасап келеді. Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын және осы жылдың мамыр айында Елбасының «100 нақты қадам- Ұлт жоспарын» насихаттау мақсатында аудандық, облыстық, республикалық ақпараттық топтар мен ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірқатар депутаттары аудан елдімекендерінде болып 102 кездесу өткізілсе, кездесуге 12000 мыңнан астам аудан тұрғындары қатысқан. Осы мақсатта орнатылған көрнекіліктер саны 73, аудандық «Жаңақорған тынысы» газетіне ақпараттандырылған материалдар саны 12-ні құрап отыр.



Ақпараттық қызмет
Жергілікті жерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 2015 жылға жергілікті бюджет есебінен барлығы 7 млн 928 мың теңге қаралды. Сонымен қатар биылғы жылы журналистер күніне орай, қаламгер азаматтарымыздың аудан газетіне оқырмандардың оң имимджін қалыптастырғаны үшін, әрі облыс деңгейінде тәжірбие алмасу мүмкіндігін жасау үшін осы жылдың мамыр айында облыстық журналистер форумы өткізілсе, маусым айында баспасөз қызметінің ардагерлері мен газеттің тұрақты спикерлерін шақыра отырып, марапаттаулар жасалып, ардагерлер мен жас журналистердің тәжірибе алмасуы жалғасын тапты.

Телеарналар арқылы аудан жаңалықтарын, даму әлеуетін, жетістіктерін жедел ақпараттандару қызметі үшін 4 млн 500 мың теңге қаралды. Облыстық «Қазақстан - Қызылорда» телеарнасы арқылы 32 минут есебінен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына 1 бейнеролик, 11 шараны жаңалық ретінде, 3 шараны арнайы репортаж, 2 шараны бейне материал арқылы ақпараттандырды. Жалпы бүгінгі таңда телеарна арқылы ақпараттандыру жұмыстарын 100 пайызға орындалды. Алдағы тоқсанға жергілікті бюджеттен қосымша қаржы сұралып отыр.



Аудандық ішкі саясат бөлімі.
Каталог: upload -> files
files -> Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы
files -> Жаңақорған ауданы мәдениет саласының 2012 жылы атқарған жұмыстары жайлы мәлімет
files -> І. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құжаттар
files -> 2013 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп
files -> «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы»
files -> Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар мен сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайларды белгілеу туралы
files -> 2013 жылдың 1 қыркүйегіне Жаңақорған ауданы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет