Аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілер тіркеу бөлімінің 2015 жылдың 1 ші – қазанына атқарылған жұмыс қорытындысы туралы мәлімет



Дата23.02.2016
өлшемі86.55 Kb.
Аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілер тіркеу бөлімінің 2015 жылдың 1 ші – қазанына атқарылған жұмыс қорытындысы туралы мәлімет
Жұмыспен қамту
2015 жылдың 01 қазанға жұмыссыздық жөнінде хабарласқандар саны 1403 адам (оның ішінде жоғары білімі барлар 199, арнаулы орта, 312 орта , орта білімділер 892 адам болса , 667 адамы жұмысқа орналастырылды. бағдарламасы бойынша 19 мүгедек.

Осы жылдың 1 қазанға ақылы қоғамдық жұмыстарға 369 адам жұмысқа жіберілді, жастары 115 адам.Есепті мерзімге дейін Бос жұмыс орындары жәрменкесі 8 рет өткізіліп, жәрменкеге 622 адам қатысты.Жәрменкеде мекеме , кәсіпорындардың ұсынған 194 бос жұмыс орындарына 194 адам тұрақты жұмыстарға орналасса, жастары 97 оның ішінде 2 мүгедек тұрақты жұмысқа жібберілді .Осы қаулының 1 тармағы бойынша 2015 жылға 35 мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру жоспарланып жыл басынан 36 мүгедек жұмыссыз болып тіркеліп 19-ы тұрақты жұмысқа, 15 ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді.Оның ішінде жастары тұрақты жұмысқа 8 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 7 адам, жұмыссыздық үлесі 1%- ды құрады.


Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2015 жылға барлық қаралған қаржы 2889,0 мың теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен 2100,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 789,0 мың теңге. Осы мақсатқа 2015 жылдың 1 ші қазанына 35 отбасыдан (187 жаны бар) өтініш қабылданып 2175,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, одан 2175,0 мың теңге толығымен төленді .
Балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы
2015 жылға қаралған қаржы көлемі барлығы 151313,0 мың теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен 144868,0 мың теңге , республикалық бюджеттен 6445,0 мың теңге. 2015 жылдың 1 ші қазанына 2386 отбасыдан (8638 баласы бар) өтініш қабылданып 126827,8 мың теңге тағайындалып, одан 126827,8 мың теңге толығымен төленді.
Тұрғын үй көмегі , үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға төленетін материалдық көмек
Тұрғын үй көмегі, 2015 жылға аудандық бюджеттен аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегіне барлығы 16688,0 мың теңге қаралған. 2015 жылдың 1 ші қазанына 505 отбасыдан (2907 мүшесі бар) өтініш қабылданып 8930,7 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып төленді.

2015 жылы үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыру үшін әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттен 3483,0 мың теңге қаржы қаралған.

2015 жылдың 1-ші қазанына үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалар саны 104 болып, 2641,0 мың теңге материалдық қамсыздандыру тағайындалып, төлемге жіберілді. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек білім беру кезеңіне, шекті шама 9 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетілді.

Мемлекеттік атақтар берілген азаматтарға төленетін әлеуметтік көмек

«Отан», Даңқ», Халық қаһарманы» ордендері мен ҚР құрметті атағын алғандар азаматтарға төленетін әлеуметтік көмекке 2015 жылға қаралған 86,0 мың теңгеден 2015 жылдың 1- ші қазанына 2 азаматқа 37,7 мың теңге төленді.



Аз қамтылған отбасыларынан шыққан облыс әкімінің грантына ие болған студенттердің білім алуына төленетін әлеуметтік көмек .

Аз қамтылған отбасыларынан шыққан облыс әкімінің грантына ие болған студенттерге төленетін әлеуметтік көмекке 2015 жылға облыстық бюджеттен 19726,0 мың теңге бөлінген, 2015 жылдың 1-ші қазанына 39 студентке 16772,4 мың теңге төленді.


Мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету


  • Бөлім жанындағы «Мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік қөмек көрсету» бөлімшесі Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы №114-IV Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысымен «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартының» бекітілген стандарт бойынша жұмыстар атқарады.

  • Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 78 жалғызбасты мүгедектер мен қарттар есепте тұрады. Оның ішінде 2-мүгедек, 76 –жасына байланысты зейнеткер. Қарттарға кент және ауылдық округ әкімдіктері арқылы әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсетеді.

  • Әлеуметтік қызметкерлер қамқорлығындағы адамдарға аптасына екі реттен кем емес дүкеннен азық-түлік, жеміс-жидек және көкөніс әкеліп беруде. Сонымен қатар, қамқорлықтағы адамдарды емханаларға, жинақ кассаларына, дәріханаға апарып, қыдыртып және газет-журнал оқып береді.

  • Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі міндеттері қызмет көрсетілетін адамдардың үйреншікті әлеуметтік ортада болуына қолайлы жағдайлар туғызып, гигиеналық талаптарға сәйкес өмір сүру жағдайларына қолдау жасауда, әлеуметтік қызметтерді көрсетудің стандартына сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсетіліп және оңалту іс-шаралары жүргізілуде. Жалғыз басты қарттарды және үйде қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектерді анықтап, олардың есебі жүргізілуде. Қызмет көрсетілетін адамдарға дербес құқықтары және қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетілуде. Қызмет көрсетілетін адамдарды олардың құқықтары, көрсетілетін әлеуметтік қызметтің көлемі мен түрлері туралы хабардар етіліп отырады. Әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігі арттылып тұрады. Әлеуметтік қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруды жетілдіріп және олардың біліктілігі арттырылып отырады.

  • Бөлімде есепте тұрған қарияларға демеушілік жасау үшін мекемелер мен ұйымдарға тіркеп, материалдық көмектер көрсетілуде. Бүгінгі таңға кент және ауылдық округ әкімдерінің берген мәліметіне сәйкес демеушілер есебінен қарттарға 62,0 мың теңгеге қаржылай және заттай көмектер көрсетілді.

  • 2015 жылдың 12 ақпанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «Ақбаян» әйелдер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ауған соғысының ардагерлеріне «Айсұлу» мейрамханасында 48 адамға, 150,0 мың теңгеге мерекелік дастархан жасалынды.

  • 8 наурыз Халықаралық Әйелдер Күні мерекесіне орай 2015 жылдың 06 наурызында аудан көлеміндегі ақ жаулықты аналарға Аудан әкімі Р.Рүстемовтың, бөлім басшысы М.Ауановтың құттықтауымен 80 адамға 300,0 мың теңгеге мерекелік сый-сияпат берілді және аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен аналарымыздың құрметіне осы мерекеге арналған мерекелік концерт өткізілді.

  • Жергілікті бюджеттен Ауған ардагерлеріне 48 ардагерге 2854,0 мың теңге, әскери міндетін өтеу кезінде мүгедектік алған азаматтарға 22 ардагерге 1308,1 мың теңге, қаржы ақпан айында барлығы 70 адамға 4162,2 мың теңге төленді.

  • Чернобыль ардагерлеріне 24 адамға 1427,0 мың теңге қаржы қаралып сәуір айында төленді.

  • Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдық мерекесі қарсаңында яғни, сәуір айында ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне Республикалық бюджеттен 12 адамға 1200,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 12 адамға 1800,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 12 адамға коммуналдық шығындарын өтеуге 951,4 мың теңге, мерекелік сый-сияпат жасау үшін 12 ардагерге 1500,0 мың теңге;

  • ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін наградталған және наградталмаған тыл еңбеккерлеріне Республикалық бюджеттен , барлығы 505 адамға 12625 мың теңге, облыстық бюджеттен ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін наградталған 13 адамға 515,3 жергілікті бюджеттен 13 адамға 773,0 мың теңге;

  • ҰОС жылдарында 6 айдан кем емес жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне облыстық бюджеттен 495 адамға 41782,7 мың теңге;

  • ҰОС мүгедектерінің екінші мәрте некеге отырмаған жесірлеріне республикалық бюджеттен 6 адамға 150,0 мың теңге қаржы қаралып сәуір айында төленді.

  • Барлығы: Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне
    12 адамға 5451,4 мың теңге, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің қайтадан некеге отырмаған 6 жесіріне150,0 мың теңге, «Қажырлы еңбегімен марапатталаған» тыл ардагерілеріне 13 адамға 1613,3 мың теңге, 6 айдан кем емес жұмыс істеген тыл ардагерлерінен 495 адамға 41 762,7 мың теңге төленді.

  • Саяси-қуғын сүргін құрбандарынан зардап шеккен 2 адамға 11,9 мың теңге мамыр айында төленді.

  • Ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуға 4465 адамға 33077,0 мың теңге қаржы қаралып, қазан айында төлену жоспарланып отыр.

  • Семей сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен,сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан 68 азаматқа 4043,3 мың теңге қаралып, 2015 жылдың 1-ші қазанына 66 азаматқа 3924,4 мың теңге төленді.

  • Мамандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан

шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға 2015 жылға әлеуметтік көмекке 5946,0 мың теңге қаржы қаралған. Бұл қаржы қаңтар айынан бастап қаңтар айына 18 адамға 356,8 мың теңге, ал ақпан айына 18 адамға 356,8 мың теңге, ал наурыз айына 19 адамға 376,6 мың теңге, ал сәуір айына 18 адамға 356,8 мың теңге ал мамыр айына 28 адамға 555,0 мың теңге ,маусым айына 35 адамға 693,7 мың теңге , шілде айына 21 адамға 416,2 мың теңге тамыз айына 28 адамға 555,0 мың теңге, қыркүйек айына 28 адамға 555,0 мың теңге есептелініп , барлығы 4221,9 мың теңге төлемге жіберілді .

Лейкоз және апластикалық анемиямен ауыратын балаларға қосымша дәрі-дәрмектерге 2015 жылға әлеуметтік көмекке 724,0 мың теңге қаралды. Бұл қаржы мамыр айынан бастап мамыр айына 4 адамға 60,2 мың теңге ,маусым айына 4 адамға 60,2 мың теңге , шілде айына 4 адамға 60,2 мың теңге тамыз айына 4 адамға 60,2 мың теңге, қыркүйек айына 4 адамға 60,2 мың теңге есептелініп , барлығы 301,0 мың теңге төлемге жіберілді.



Мүмкіндігі шектеулі балаларға және 18 жастан асқан адамдарға үйден әлеуметтік көмек көрсету қызметінің 2015 жылы 1-тамызға дейінгі атқарған жұмысы
Мүгедектер мен қарттарға және «Мүмкіндігі шектеулі» 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысымен халықты «Әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына» сәйкес жұмыстар атқарады. Осы заң өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызмет саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтерді көрсетеді. Қазіргі таңда барлығы 1 әлеуметтік маман, 16 әлеуметтік қызметкер 83 балаға әлеуметтік қызмет көрсетіліп отыр.

22-наурыз мерекесінде 20 балаға «Жастар қолдау орталығы» киізүйге шақырылып, наурыз көже берілді.

Жеке демеушілер мен жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен мүмкіндігі шектеулі балаларға 6000 теңге көлемінде қаржылай көмектер көрсетілді.



1-маусым балаларды қорғау күніне орай мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «Ақбаян» әйелдер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Шынықсаң- шымыр боласың!» атты мәдени спорттық сайыс болып өтті. Бұл сайыста балалар екі топқа бөлініп, түрлі спорт бағдарламалары бойынша ойындар ойналып, балалар көңілді тарқады. Бұл іс- шараға 234000 теңге көлемінде қаржы қаралып, қызмет көрсетуге 70200 теңге жұмсалды және қалған 163800 теңгеге, яғни барлық 83 балаға 1973 теңгеден сый- сияпаттар жасалды.

Жеке демеушілермен кәсіпкерлердің көмегімен 18 балаға 324400 теңгеге көмектер көрсетілді.

Барлығы 2015 жылдың 1 маусымына 494200 теңге көлемінде көмектер көрсетілді.

Жеке оңалту бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес, 2015 жылы жеке оңалту бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен мұқтаж мүгедектердің гигиеналық құралы үшін 17180,0,0 мың теңге, ымдау тіліне 1678,0 мың теңге, І-топ мүгедектерін жеке көмекшімен қамтамасыз ету мақсатында 17756,0 мың теңге, барлығы 36614 мың теңге, ал республикалық бюджеттен 6526,0 мың теңге барлығы 43140,0 мың теңге қаржы қаралды. 1 қазан 2015 жылға жеке көмекшінің қызметін қажет ететін 124 мүгедекпен қаралған қаржының 13277,0 мың теңгесі, ымдау тілін қажет ететін 18 мүгедекпен 1120,0 мың теңгесі игерілді. Ал гигиеналық құрал қажет ететін 254 мүгедектің өтініштері қанағаттандырылып 13277,0 мың теңге қаржы игерілді. Облыстық бюджеттің есебінен, жыл басынан бері 115 мүгедек протезді-ортопедилық құралдармен, 35 мүгедек кресло-арбалармен, 10 мүгедек сурдотехникалық құралдармен, 48 мүгедек тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етілсе, 14 мүгедек облыс орталығындағы «Талсуат» оңалту орталығына жіберілді.

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы

1 Қыркүйек айында азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде барлығы 276 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Туу туралы барлығы 190 акт жазбасы тіркелді.

Азаматтардан 190 туу туралы өтініш ХҚКО-нан қабылданып мерзімінде қайтарылды.

Тіркелген қайтыс болу туралы 30 акт жазбасы ХҚКО-нан түсіп,мерзіміне сәйкес орындалып жіберілді.

Қыркүйек айында 36 неке қию туралы акт жазбасы тіркелді, 28-і «Электрондық Үкімет порталы » арқылы келіп түскен өтініштер бойынша.

9 неке бұзу туралы акт жазбасы сот шешімі бойынша жүргізілді.

9 әке тану жайлы өтініштер қабылданып соған сәйкес әке тану жайлы акт жазбасы тіркелді.

1 бала асырап алу жайлы акт жазбасы сот шешімі бойынша тіркелді.

Т.А.Ә өзгерту жайлы ХҚКО-нан 1 өтініші қабылданып, орындалды.

ХҚКО арқылы 47 кайталама куәліктер берілді.

ТМД, басқа,аудан, қалалық АХАЖ бөлімдерінен келіп түскен қатынастарға уақтылы жауап жіберілді.




Бөлім басшысы М.Ауанов
Каталог: upload -> files
files -> Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы
files -> Жаңақорған ауданы мәдениет саласының 2012 жылы атқарған жұмыстары жайлы мәлімет
files -> І. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құжаттар
files -> 2013 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп
files -> «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы»
files -> Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар мен сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайларды белгілеу туралы
files -> 2013 жылдың 1 қыркүйегіне Жаңақорған ауданы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет