Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар



Дата25.02.2016
өлшемі26.44 Kb.
#23100
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Аудан бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2012 жылдың 9 айында жұмыс іздеуші ретінде 481 адам тіркелді.

01.10.2012 жылға жұмыссыздар саны 160 адам болып, экономикалық белсенді халықтың ішінен жұмыссыздардың үлес салмағы 0,9%-ды құрады, былтыр осы уақытта жұмыссыздар саны 176 адам болған.

Есеп мерзімінде 351 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды немесе жұмысқа орналасу деңгейі тіркелгендердің ішінен 73 % құрады, былтыр осы мерзімде 340 жұмыссыз жұмысқа орналастырылған.

Жыл басынан жаңадан 246 жұмыс орны ашылды.

Жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес жастар іс-тәжірибесіне 11 жұмыссыз қатысып, жергілікті бюджеттен бөлінген 770 мың теңге қаражат игерілді.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға -392 адам жіберіліп, осы мақсатқа бөлінген 12112 мың теңге қаражат толығымен игерілді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 14 адам жұмысқа жіберілді, бұл шараға 375 мың теңге жұмсалды.

2012 жылдың басынан бері аудан бойынша 44 жұмыссыз оқытылды, осы мақсатқа 1180 мың теңге қаражат игерілді.



Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

Аудан бойынша 2012 жылдың 9 айында 196 отбасының 688 мүшесіне 20528,3 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленсе, 2011 жылдың 01 қазанына 260 отбасының 885 мүшесіне 17606 мың теңге төленген.



Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы

Жыл басынан бері 737 отбасының 1998 баласына 22564,1 мың теңге 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы тағайындалып төленсе, былтырғы жылы 1182 отбасының 3023 баласына 29337,9 мың теңге төленді.



Тұрғын үй көмегі

Табысы аз отбасыларға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу үшін 2012 жылдың 9 айында 69 адамға 1500 мың теңге тұрғын үй көмегі төқленсе, 2011 жылы 67 адамға 1400 мың теңге

төленген.

Бір жолғы материалдық көмек

Аз қамтылған, әлеуметтік көмекке аса мұқтаж 165 адамға 2204 мың теңге материалдық көмек, оның ішінде туберкулезбен ауыратын 1645,5 мың теңге, осы аурумен ауыратын 50 балаға санаторийге емделуге бару үшін 250 мың теңге қаражат бөлінді. 2011 жылы осы уақытта 181 адамға 1885 мың теңге материалдық көмек төленген.



Коммуналдық қызметтер шығыстарына ақы төлеу.

Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілгендерге, Чернобыль АЭС радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған 126 адамға 4351 мың теңге материал-дық көмек төленсе, 2011 жылы 150 адамға 5590 мың теңге төленген.

Халықаралық 8 наурыз мерекесі мен 1 маусым балаларды қорғау күніне байланысты «Алтын алқа», «Күміс алқа» ордендерімен марапатталған Батыр аналарға, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған 18 жасқа дейінгі балалары бар 1539 анаға 15335 мың теңге біржолғы материалдық көмек төленсе, былтырғы жылы 1509 анаға 15090 мың теңге төленген.

Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасыларынан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін әлеуметтік көмек 82 студентке 30445 мың теңге төленсе, 2011 жылы 9 айда 82 балаға 29116 мың теңге материалдық көмек төленген.



Үйде оқып-тәрбиеленгендері үшін 50 мүгедек балаға 2637 мың теңге материалдық қамсыздандыру төленсе, былтыр 2510 мың теңге төленген.

Республикалық, облыстық дәрежедегі 16 дербес зейнеткерге коммуналдық қызметтер шығыстары өтемақысына 206 мың теңге материалдық көмек төленсе, былтыр 334 мың теңге төленген.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет