Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2015 жылдың 4 тоқсанында атқарған жұмыстарының хабарламасы



Дата24.02.2016
өлшемі34.8 Kb.
#15809
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2015 жылдың 4 тоқсанында атқарған жұмыстарының хабарламасы
Аудан бойынша мәдениет саласында 13 мәдениет үйі, 8 клуб, 25 кітапхана жергілікті тұрғындарға мәдени-ақпараттық қызмет көрсетіп отыр.

Аудан бюджетінен 2015 жылы мәдени-көпшілік шаралар өткізуге 9 млн 114 мың теңге, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға 393,0 мың теңге, аудандық спорттық жарыстар өткізуге 2 млн 900 мың теңге, әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуына 16 млн 450 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнде мақсатты игерілді.

Аудандағы мәдениет үйлері мен клубтарда 97 штаттық бірлік бар. Оның ішінде 59,75 штаттық бірлік мәдениет қызметкерлері, 37,25 штаттық бірлік кіші қамту қызметкерлері. Ал кітапханаларда 38,5 штаттық бірлік бар. Оның ішінде 30,5 кітапханашылар, 8 штаттық бірлік кіші қамту қызметкерлері.

Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2015 жылы 6 млн 588 мың 240 теңге бөлініп, соның ішінде: 2 млн 580 мың теңгеге Ақжар мәдениет үйіне газел микроавтобусы, 812 мың 990 теңгеге Ақжар мәдениет үйіндегі ұлттық оркестрге киім тігілсе, 425 мың 250 теңгеге техникалық құралдар /вокальный процессор, микрофон және т.б./, аудандық кітапханаға 30 мың теңгеге «ОТАУ», Үштөбе кітапханасына 30 мың теңгеге электро учетчик, ауылдық кітапханаларға 240 мың теңгеге стол, орындық, стеллаж, Ақжар мәдениет үйіне 420 мың теңгеге кабинеттік жиhаздар, 850 мың теңгеге Байтоғас клуб үйіне ғимарат сатып алынып, аудандық кітапхана 1 млн 200 мың теңгеге мерзімді басылымдарға жазылды.

Ақсуат мәдениет үйінің ақылы қызметтен түскен 1 млн 62 мың теңгеге бишілерге киім тіккізілді.

Ақсуат мәдениет үйінің алаңын абаттандыруға жергілікті бюджеттен 2 млн 500 мың теңге қаржы бөлініп, смета бойынша жұмыстар атқарылды.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 3 мәдениет және клуб үйлеріне, 1 кітапханаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда Жаңаталап клуб үйіне 5 млн теңгеге, Кіндікті мәдениет үйіне 3 млн 715 мың 493 теңгеге, Байтоғас клуб үйіне 3 млн 696 мың теңгеге, Үштөбе ауылындағы ауылдық кітапханаға 2 млн 755 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2015 жылы мәдениет пен өнер саласында тәрбие бағытының сан саласы бойынша, тарихи-танымдық, эстетикалық, әдеби-мәдени бағытта 1653 мәдени-көпшілік шара өтіп, оған 244853 адам қамтылды.

Оқырмандардың ақпараттық мәдениетін көтеру, жедел ақпаратпен қамтамасыз етуде аудан кітапханаларында 2015 жылы 275909 дана үстінде кітап қоры жинақталған. Оның ішінде 143750 мың дана кітап мемлекеттік тілде. Аудан бойынша 18651 оқырман қамтылып, оларға берілген кітап - 395548 дана.

1 қазан - Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара, 4 қазан күні аудандық кітапханада ауданның белгілі ақыны С.Жұматовтың «Қалау» кітабының беташары өтті.

5 қазан күні Ақжар мәдениет үйінде С.Сағдолдиннің 60 жасқа толуына арналған «Өшпейтін өлең жазамын» атты шығармашылық кеші өткізілді. Кешке 100 көрермен тартылды.

16 қазан күні Өскемен қаласында «Туған ел-алтын бесігім» акциясы аясында Тарбағатай ауданының мәдени күндері өтіп, аудан көркемөнерпаздары қала халқына концерттік бағдарлама ұсынды. 200 көркемөнерпаз өнер көрсеткен концерттік бағдарламаны 700 ден аса көрермен тамашалады. 17 қазан күні аталған акция аясында ауданның жәрмеңкесі ұйымдастырылып, жәрмеңке барысында концерттік бағдарлама ұсынылды.

23 қазан күні Жәнтікей және Екпін ауылдарында Алаш арыстарын ұлықтау мақсатында атаусыз көшелерге берілген Биахмет Сәрсенов пен Отыншы Әлжанов көшелерінің салтанатты ашылуы болды.

18-19 қараша күндері Семей қаласында аудан әкімінің студенттермен кездесуі ұйымдастырылып, ауданнан барған өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынды. 16 өнерпаз қатысқан концерттік бағдарламаны, 350-ден аса студент тамашалады.

20 қараша күні Ақсуат ауылының күні тойланып, мерекелік шаралар өткізілді. Ауыл күнінде Ақсуат мәдениет үйінің өнерпаздары халыққа концерттік бағдарлама ұсынды.

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай Ақжар мәдениет үйінде «Бабамның ізі» атты видеолар сайысы өтті.

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік гала-концерт, сонымен қатар ауылдық округтерде «Ел тірегі-Елбасы» атты мерекелік турне ұйымдастырылды. Аталған шараға 1300 көрермен тартылды.

16 - желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне алналған мерекелік концерт, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Желтоқсан айында Ақсуат халық театрының әртістері Ө.Боранбаевтың «Бәрінен күшті қорқақ көжек» ертегісімен ауылдық округтерге гастрольдік сапарда болды. Аталған ертегі-спектакльді 3500-ден астам бүлдіршін тамашалады.

Ақсуат мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Жаңа жыл қарсаңында аудан орталығындағы К.Нұрбаев, №2 Ақсуат орта мектебінің, Қарғыба ауылындағы Ю.Гагарин мектебінің, Ойшілік ауылындағы Тоғас батыр орта мектебінің, Құмкөл ауылындағы Сасан би орта мектебінің оқушыларына Жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырып, 2000 оқушыны қамтыды.



Аудандағы жастардың балмаскарады, орталық стадиондағы мұз айдынының ашылу салтанатына орай мекемелер арасында эстафеталық ойындар ұйымдастырылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет