Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №170 «2014-2016 жылдарға арналған Қарғалы ауданының бюджеті туралы»



жүктеу 17.5 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі17.5 Kb.
Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2014 жылдың 30 сәуірінде №3871 болып енгізілген, Қарғалы аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 16 сәуірдегі №211 шешімі


Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы

20 желтоқсандағы № 170 «2014-2016 жылдарға

арналған Қарғалы ауданының

бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 9, 106, 109 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.-Аудандық мәслихаттың «2014-2016 жылдарға арналған Қарғалы ауданының бюджеті туралы» 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №170 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне №3749 нөмірімен тіркелген, 2014 жылдың 30 қаңтардағы аудандық «Қарғалы» газетінің №5 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:


  1. 1 тармақтағы:

  1. тармақшасындағы:

кірістер-

«2 775 514» саны «2 856 950» сандарымен ауыстырылсын,

оның ішінде:

трансферттер түсімдері бойынша-

«2 295 514» саны «2 376 950» сандарымен ауыстырылсын;


  1. тармақшасындағы:

шығындар –

«2 785 274» саны «2 866 710» сандарымен ауыстырылсын;

7 тармақтағы:

3 азат жолы бөлігінде:

«123 598,0» саны «134 932» сандарымен ауыстырылсын;

және келесі мазмұндағы жолдарымен толықтырылсын:

мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемақы төлеуге– 69 890 мың теңге;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 212000 мың теңге.



  1. Көрсетілген шешімдегі 1 және 5 қосымшалар осы шешімдегі 1 және 2 қосымшаларға сәйкес редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы шешім 2014 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.




Аудандық мәслихатының

сессия төрағасы, мәслихат

хатшысы ____________ Х.Жылқыбеков


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет