Ауданымыздағы діни жағдай Тезис



Дата16.06.2016
өлшемі25.63 Kb.
#139154
Ауданымыздағы діни жағдай

Тезис

2011 жылы елдегі теріс пиғылды діни ағымдардың салдарынан қалыптасқан діни ахуалды реттеу мақсатында Дін істері жөніндегі агенттік құрылды. «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заң қабылданды. Астанада агенттіктің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жанынан әдістемелік кеңес те құрылды. Сол кеңес арқылы ай сайын БАҚ өкілдері арнайы ақпарат арқылы қоғамдық пікірлер туғызып,мемлекеттің саясатын жүргізуде. Осы негізде ШҚО «Дін істері агентттігі» құрылған болатын. Агенттіктің бұйрығымен қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, конфессияаралық келісімді, руханият пен сенімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік органдар мен діни ұйымдардың өзара жұмысын үйлестіру мақсатында аудан әкімдігі жанында «Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес» құрылды.

Кеңес мүшелері ауыл имамдары және мешіттің алқа мүшелерімен бірлесе отырып жергілікті тұрғындар мен жастар арасында дінімізді құрметтеу,оларды имандылыққа адамгершілікке тәрбиелеуде әр түрлі шаралар өткізіліп, жоспарлы түрде жұмыстар атқарады.

Тарбағатай ауданы аумағында діни экстремизм және терроризмнің таралуына идеологиялық қарсы тұру әрекеттерінің 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді. Осы іс-шаралар жоспарына сай, аудандағы құқық қорғау органдарымен дәстүрлі дін өкілдерінің қатысуымен оқушыларды экстремизм, терроризмнің деструктивті идеяларынан қорғауға бағытталған дәрістер, кездесулер дөңгелек үстелдер өткізіліп, деректі фильмдер көрсетілуде. Сонымен қатар аудан тұрғындарын діни ағымдардың мәні, діни экстремизм идеяларының таралуын, алдын алу туралы ақпараттану деңгейін арттыруға бағытталған кітапшалар, буклеттер, парақшалар таратылуда.

Аудандағы діни ұйымдардың қызметтері, олардың әсіресе жастар арасында адамгершілік, имандылық қасиеттеріне тәрбиелеудегі насихат жұмыстар жүргізуде бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы зор. Сол себептен, аудандық «Тарбағатай» газетінде тұрақты түрде дін мәселесіне байланысты мақалалар жарияланып тұрады.

Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес тарапынан діни жағдайға бақылау жүргізіліп, дер кезінде әрекет жасалып отырылады.



Ауданымызда ҚР «Діни бірлестік және діни қызмет туралы» заңына сәйкес 29 діни бірлестік қайта тіркелуге құжат өткізіп оның ішінде 23 мешіт діни бірлестік болып тіркеуден өтті. Тарбағатай ауданындағы қайта тіркеуден өтпеген діни бірлестіктер келесідей: Ақсуат өңіріне қарасты «Қызыл жұлдыз», «Қарғыба», «Жәнтікей», «Сәтбаев» ауылдық мешіті, Ақжар өңіріне қарасты «Қазақстан», «Ақмектеп», «Шеңгелді» ауылдық мешіті. Бұл тіркеуден алынған мешіттердің ішінде «Қызыл жұлдыз» және «Үштөбе» ауылдық мешіті облыс әкімдігінің №232 қаулысына сәйкес намазхана болып тіркелді. «Жәнтікей» ауылдық және «Сәтбаев» ауылдық мешіттерінде діни жоралар (жұма намазы, айт намазы т.б) өткізіліп тұрады. Тарбағатай ауданында ҚР «Діни бірлестік және діни қызмет туралы» Заңына сәйкес бүгінгі күнге дейін сот шешімімен ешбір діни бірлестік таратылмаған, ресми түрде 23 мешіт, 2 намазхана тіркелді. Ақсуат өңіріне қарасты 7 мешіт, Ақжар өңіріне қарасты 16 мешіт қызмет етеді. Өңірдегі діни жағдайға келетін болсақ, аудан тұрғындары негізінен жергілікті ұлт өкілдері болғандықтан ислам дінін ұстанады. Яғни ислам дінінінің ішінде суниттік бағытын, Ханафи мазһабын ұстанады. Ханафи мазһабы сунизмдегі неғұрлым толерантты, қанағатшыл, жергілікті әдет-ғұрып, салт-сана заңдарымен, дәстүрлі нормалармен санасатын бағыт. ҚМДБ-ң ресми түрде насихаттап отырған мазһабы Ханафи мазһабы болып табылады. Осы діни мекеменің қарауындағы барлық мешіттер ханафи мазһабы бойынша шариғат ұстанып, соған орай амал етеді.

Жалпы, ауданда жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары тарапынан Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңы талаптарының сақталуына үнемі қадағаланып, өзара жұмыс атқарылуда..

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет