Ауданның 2009 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы



Дата23.02.2016
өлшемі32.65 Kb.
#7225
Ауданның 2009 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

2009 жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі 4935,5 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96 пайыз. Бұл көрсеткіштің төмендеуі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12,2 пайызға азайғанынан болып отыр, оның ішінде ет және ет өнімдері, сүт және ұн-жармаланған өнімдері.

Ауыл шаруашылық. Жалпы ауыл шаруашылық өнімі 122,1 пайызды немесе салыстырмалы бағада 5567,4 млн. теңгені құрады, бұл ең үлкен көлем екінші топта.

Ірі қара малдың басы – 48851 бас немесе 104,0 %, қой және ешкі – 112207 немесе 105,2 %, шошқа – 7905 немесе 99,1 %, жылқы – 13949 немесе 116,3 % және құс – 1025531 басты құрады 98,8 %.

Мал және құс еті өнімінің көлемі – 15692,8 тонна немесе 96,1 %, облыс көлемінде ет өндіруден бірінші орындамыз, сүт – 42188,5 тонна немесе 100,5 %, облыс көлемінде үшінші орындамыз, жұмыртқа – 12980,2 мың дананы немесе 87,1 % құрады.

«Өскемен құс фабрикасының» АҚ-мы есебінен еттің, жұмыртқаның және құс басының төмендеуі байқалды, бірақта жыл басынан осы көрсеткіштердің ай сайынғы өсуі байқалады. 2009 жылдың 1 қарашасына осы көрсеткіштер 100 пайызға орындалады. Өйткені ай сайын өрлеу қарқыны байқалады, ауыл шаруашылық өнімдері ағымдағы жылдың қараша айында 100 пайзға орындалады.

Шағын бизнес. 2009 жылдың қаңтар-шілде айларында жұмыс істейтін шағын бизнес кәсіпорындарының саны 57 кәсіпорын, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 93,4 пайызды құрады. Оның ішінде белсенді жұмыс істейтін 50 кәсіпорын, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 кәсіпорынға артып отыр.

Инвестиция саласы. Инвестицияны негізгі капиталға игеру көлемі 1249,4 млн. теңгені құрады, 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40,1 пайызды құрады (59,9 % төмендеді, 2008 жылы 2880,6 млн. теңге).

Инвестиция құрылымында қаржы көзінің ең үлкен көлемі қарыз қаражаты есебінен – 576733,0 мың теңге, кәсіпорын және ұйымдардың меншік қаржылары – 359605,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 241805,0 мың теңге және республикалық бюджеттен – 71283 мың теңге.

Инвестицияның төмендеу себебі жеке меншік тұрғын үйлерді салушылардың 87 пайызға және де құрылыс бөлімі арқылы өтетін инвестициялары 70 пайызға азайған. «Өскемен құс фабрикасы» АҚ инвестициялары 50 пайызға азайған. Жыл басынан дағдарыс салдарынан «Огневка» ЖШС инвестициялар тартылған жоқ.

Бүгінгі күні ауданға инвестицияларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ кәсіпорнынды кенейтуге және жаңғыртуға «Казагрофинанс» АҚ арқылы 2,5 млрд. теңге несие алу сұрағы шешілуде. Және де «Украйнка» ШҚ сүт өндеу шарушылығын салуға 600,0 млн. теңге несие алу үшін жұмыстар жүргізілуде. «БиО-Агро-Шығыс-Каз-Кор» ЖШС картоп өндірісі және крахмалды төрледіру инвестициялық жоба, жобанның жалпы сомасы 2,5 млрд. теңге (жобаның толық бағасы емес).

Бюджет. 2009 жылдың 9 айына ауданның меншік түсімдері 107,1 пайызға орындалды, есепті кезеңге жоспарланған 323470,7 мың теңгенің орнына 346535,7 мың теңгеге орындалды 23065,0 мың теңге болжамнан артық түсті. Бюджеттің шығысы есепті кезеңге 1649117,4 мың теңге жоспарланған, орындалғаны 1632494,4 мың теңге немесе 99,0 пайызға.

Әлеуметтік қорғау және еңбек нарығы. 2009 жылдғы 1 қазанына тіркелген жұмыссыздар саны 250 адамды құрады, жұмыссыздар үлесі 1,0 пайыз.2009 жылдың ішінде 505 жұмыс орнын ашу жоспарланған болса, 9 айыда нақты 570 жұмыс орны ашылды.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 446 адамды жұмысқа орналастыруға жоспарланған, есеп беру кезеңінде 955 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде «Жол картасы» бойынша 422 адам.2009 жылы бағдарлама бойынша 70 жұмыссыз тұлғаларды оқуға жіберу жоспарланған, ал бүгінгі күні 79 жұмыссыз тұлға оқуға жіберілді. Жұмыспен қамту аймақтық «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 11 адам жоспарланса, бүгінгі күні 14 адам жіберілді.Және де жұмыспен қамту бағдарламасымен 15 әлеуметтік жұмыс орыны қарастырылып, бағдарлама толығымен орындалды.

2009 жылы қоғамдық жұмысқа 630 адам тарту көзделген, оларға 28470,0 мың тенге жоспарланды. Бүгінгі күні жұмыссыздар санынан 528 адам жіберілген, 21500,0 мың тенге төленді.Білім беру. Қазіргі ауқытта аудан бойынша 41 білім беру мекемелерімен ұйымдар жұмыс істейді.

35 жалпы білім беру мектептері, оқу жылдың басынан оқушылардың саны 4647 баланы құрады. Біріңғай ұлттық тесті бойынша орташа ұпай – 71,3 құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 5,6 ұпайға жоғары. Балаларға арналған мектептен тыс 2 мекеме жұмыс істеуде: музыкалық мектеп және жас өспірімдер спорт мектебі.

235 балаларды қамтитын 4 бала бақша жұмыс істейді және де мектеп жанында 800 баланы қамтитын 25 кіші орталық жұмыс істеуде.Денсаулық сақтау. «Аудандық медициналық бірлестік» құрамына орталық аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана және 11 дәрігерлік амбулаториялар кіреді.Аталған емдеу мекемелерінде 129 төсек орындары бар, оның ішінде отбасылық-дәрігерлік амбулаториясында 22, ауруханаларда 107 төсек бар. Бүгінгі күнге 191 аурулар күндізгі стационарда, 643 ауру-амбулаториялық үлгіде ем алды.

Статистикалық мәліметтердің 9 ай есебі бойынша ауданда 424 бала туса, 292 адам қайтыс болды және аудан бойынша тұрғындардың өсу көрсеткіші +2,7 құрады.



Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Е. Турганов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет