Ауданның 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы



Дата23.02.2016
өлшемі53.5 Kb.
#6732
Ауданның

2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы.
Өнеркәсіп. 2014 жылдың қорытындысы бойынша аудан көлемінде өндірілген өнеркәсіп өнімнің көлемі 4 285,4 млн. теңге болып, табиғи көлемінің индексі 138,1 % құрады.

Есептік кезеңде «Мадина» ЖШС-мен өндірілген көмір көлемі 78,7 мың тоннаны құрап, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнім көлемі 35,3 %-ға немесе 20,1 мың тоннаға артты.

«Швабские колбаски» серіктестігі өндірілетін шұжық өнімдерінің көлемі 278 тоннаны құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,0 тоннаға артты.

Сонымен қатар, аудан көлемінде азық-түлік өнімдерін өндіруші орта және шағын кәсіпорындар 1416 (100,5%) тонна өсімдік майын және 443,0 (163,5%) тонна көлемінде нан және нан өнімдерін өндірген.



Ауыл шаруашылығы. 2014 жылдың қорытындысы бойынша аудан көлемінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 30524,1 млн. теңгеге жеткізіліп, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда табиғи көлемінің индексі 100,9 % құрады.

Үржар ауданы бойынша 2014 жылы егілген барлық егістік көлемі 180 058,2 га, оның ішінде барлық дәнді және бұршақты дақылдар – 58 562,4 га, майлы дақылдар – 84 066,9 га, бұның ішінде: (күнбағыс 78619,9 га, мақсары 1725 га, қытайбұршақ 3607 га, рапс 115 га), картоп 2 758,5 га, көкөніс 1 909,1 га, бақша дақылдары 1 683,2 га, мал азықтық дақылдар – 31 078,1 га.

Биылғы жылы егілген күнбағыстың көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 3 084 га азайтылып, керісінше дәнді дақылдар – 2 265 гектарға, соя 1227 га, мал азықтық дақылдар 6 881 га көбейтілді.

2014 жылы егілген барлық ауыл шаруашылық дақылдарының егістік көлемі 180 058,2 га, 2013 жылмен салыстырғанда 4,2 %-ға артты.

Күзгі егін жинау жұмыстарының нәтижесінде 62045 тонна дәнді дақылдар, 50165 тонна майлы дақылдар, 61 779 тонна картоп, 84 651 тонна көкөніс және бақша дақылдары жиналды.

2014-2015 жылғы қыстамаға барлығы 210,0 мың тонна, қатаң мал азығы, 2,2 мың тонна сенаж дайындалды.

Есепті жылда 15566,3 тонна ет (өсуі 2,6 %), 68457,6 тонна сүт (өсуі 1,7 %), 16 260 мың жұмыртқа (өсуі 2,4 %) өндіріліп, 606,5 тонна жүн (өсуі 15,7 %) қырқылды.

2014 жылдың қорытындысы бойынша 2013 жылмен салыстырғанда мал басының өсуі байқалады : ірі қара малы - 75486 бас (өсуі 7,5 %), оның ішінде сауын сиырлар –34 337 бас (өсуі 3,6 %), қой мен ешкі – 234 531 бас ( өсуі 1,7 %), жылқы – 22636 бас (өсуі 10,1 %), түйе 61 бас (12,9 %-ға кем), құстар – 130 705 бас (өсуі 2,6 %), шошқа – 2557 бас (5,6 %-ға кем).

2014 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға жұмсалған инвестицияның көлемі 9 млрд 590,1 млн. теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 133,0 % -ды құрады. Оның ішінде : кәсіпорындардың меншік және несие қаражаты есебінен жұмсалған инвестиция 4 млрд 550,1 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 58,0 % -ға көбейді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29,0 %-ға дейін көбейіп, 7 169,0 млн. теңге болды.

Жеке тұлғалардың есебінен 2014 жылы жалпы ауданы 6104 шаршы метр көлемінде тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,1 % -ға немесе 803 шаршы метрге дейін көбейді.



Шағын бизнес. Есептік кезеңде тіркелген кіші және орта бизнес кәсіпорындарының саны 102 бірлікті, соның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 63 бірлікті құрады. Оның ішінде, есепті жылы белсенді жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар саны 52 бірлікті құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 4 бірлікке немесе 8,3 % -ға көбейді.

Бөлшек тауарайналымының көлемі 11 588,8 млн. теңгені құрап, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,4 %-ға немесе 298,3 млн. теңгеге дейін көбейді.

Аудан бойынша балалардың мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтылуы 96,2 %-ды (5101 бала) құрады.



Бюджет. 2015 жылдың 1-ші қаңтарына аудан бюджетінің ішкі табысы 971,5 млн. теңгені құрап, жоспар 100,9 %-ға орындалады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бюджетке 85,5 млн. теңге көлемінде салықтар артық жиналады.

Аудан көлемінде жергілікті бюджеттің кіріс бөлігіне қосымша салық көздерін іздестіру Алгоритм іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесінде аудан бюджетіне 35 278,9 мың теңге көлемінде қосымша салықтар мен алымдар түсті.

2014 жылдың қорытынды есебінен сәйкес, аудан бюджеті шығысының кассалық орындалуы –6534,4 млн. теңгені құрап, бөлінген қаржы 99,9 %-ға игерілді.

Әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту. 2015 жылдың 1-ші қаңтарына 193 адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркеліп, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздардың саны 37 адамға азайған.

Қаңтар-желтоқсан айларында жаңадан 896 жұмыс орындары құрылды. 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны 24,8 %-ға (62 адамға) кеміді.



Денсаулық сақтау саласында туберкулез ауру көрсеткіші 2013 жылмен салыстырғанда 22,8 %-ға төмендеп, 50 оқиға (2013 ж-65 болған) тіркелген. 1000 адамға шаққандағы өлім көрсеткіші 13,3 %-ға немесе 147 оқиғаға азайды. Туу деңгейінің өзгеру көрсеткіші 8,6 % -ға немесе дүниеге келген нәресте саны 56 балаға көбейді.

Қылмыс. 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 332 қылмыс тіркеліп, 2013 жылғы деңгейден 20,6 %-ға немесе 86 қылмысқа кеміді. Қылмыстың ашылу деңгейі 65,7 % құрап, 2013 жылдың деңгейінен 5,3 пайыздық пунктіге артты.

Экономика және бюджеттік жоспарлау



бөлімі басшысы В.Бойкова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет