Ауданның Әлеуетін арттыру басты бағытымыз 2010 жылғы аудан әкімінің жұмысы Елбасының Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу– Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»



жүктеу 222.2 Kb.
Дата19.06.2016
өлшемі222.2 Kb.
АУДАННЫҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ - БАСТЫ БАҒЫТЫМЫЗ
2010 жылғы аудан әкімінің жұмысы Елбасының Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу– Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын басты міндеттер аясында жүргізілді. Соның негізінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бірнеше мәрте ауданға жасаған жұмыс сапарлары кезінде берген тапсырмалары басшылыққа алынып, өткен жыл ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының оңды жетістіктерімен аяқталды.
Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімдерінің табиғи көлем индексі қолданыстағы бағамен 93,3 пайыз (1934,0 млн. теңге) болды. Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен (108,8) салыстырғанда 24,7%-ға кем немесе 139,4 млн. теңгеге орындалмай қалды. Оның ішінде балық өнімдері 326,2 млн. теңгеге, минералды су өндіру 245,6 мың литрден 144,4 мың литрге немесе 41,2 пайызға, алкогольсіз сусындар өндіру 176,7 мың литрден 88,4 мың литрге немесе 50,0 пайызға, тауарлы бетон өндіру 19947 тоннадан 14473 тоннаға дейін төмендеген. Жоғарыдағы көрсеткіштердің орындалмауын әр түрлі себептермен, оның ішінде өндіріс орындарына жүргізілген жөндеу, жабдықтау, өнімге сұраныстың төмендеуімен түсіндіреді.

Дегенмен, өндірістің толыққанды жұмыс істеуі оған басшылық жасап отырған азаматтарға байланысты екендігін ұмытпағанымыз абзал. Өнім көлемін, сапасын арттыру бірден-бір басты міндетіміз. Бұл ағымдағы 2011 жылдың еншісі.

Тау-кен өндірісінде 49,3 мың тонна көмір өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда табиғи көлем индексі 100 пайыз болды.

Тіркелген шағын және орта кәсіпорындар
саны – 66, жұмыс істеп тұрғандарының саны 40. Оның ішінде белсенді кәсіпорындар үлесі 2009 жылғы 41,8%-ден 2010 жылы 47%-ға өсті (31 кәсіпорын). Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің индексі 146,5%-ға (3124,8 млн. теңге) немесе 991,9 млн.теңгеге көбейді.

Ауылшаруашылығы

Аудан бойынша 2010 жылы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көлемі 7 млрд. 9 млн. теңгені құрады немесе өсу қарқыны былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 126% болды.

Өсімдік шаруашылығы

Өткен жылы ауданда егіс алқаптарын кеңейту шаралары қолға алынып, пайдаланылмай бос жатқан жерлер айналымға қосылды. Көктемгі, күзгі жиын-терінге қажетті «Жалғызтөбе» мұнай базасынан бөлінген 540 тонна арзандатылған жанар-жағар майды «Нұр Сервис» ЖШСі 64 теңгеден ауылдарға толық жеткізіп берді.

Нәтижесінде ауылшаруашылығы дақылдарының көлемі 12916 гектарға жетіп, 4720 гектар жерге бидай, 620 гектарға арпа, 140 гектарға сұлы, 300 гектарға тары, 2986 гектар жерге майлы дақылдар, 2258 гектар жерге картоп, көкөніс, бақша дақылдары егілді. Оның ішінде «Зайсан-Астық» ауылдық тұтыну кооперативі аудандағы бидайдың 10%-ын егіп (400 га.), одан мол өнім алды.

Аудан көлемінде дәнді дақылдардың әр гектарынан орташа есеппен 16 центнерден түсім алынып, барлығы 7560 тонна астық жиналды. Біржан, Дайыр, Айнабұлақ және Қаратал ауылдық округтері бойынша әр гектардан 16,2-16,8 центнер аралығында өнім алынды. 2011 жылдың көктемгі егісіне 860 тонна тұқым қамбаға құйылып, зертханадан өткізілуде.

Суармалы егістіктің 90%-дан артығы шаруа қожалықтарына бекітіліп беріліп, тиісті құжаттары алынды. Ауыл шаруашылығы құрылымдарына егістікке су жеткізіп берудің құнын арзандатуға –


2 млн. теңгенің субсидиялары төленді.

Соңғы екі жылда ауданға 4 МТЗ-82 тракторлары, 3 СК-5 астық комбайндары әкелінген. Оның ішінде 2010 жылы лизингке бір МТЗ-82, бір СК-5 астық комбайны алынды.


Мал шаруашылығы

Ауданда жүргізілетін ветеринарлық-санитарлық жұмыстардың бәрі 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті атқарушы органдарға беріліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Зайсан қаласы және 8 ауылдық округі әкімдері толық ветеринария кадрларымен қамтамасыз етілген. Ауданда бір мал сою пункті, бес мал сою алаңы жұмыс атқаруда. Бір заласыздандыру жұмыстарын жүргізетін (ДУК) автокөлігі сатылып алынған. екі ветеринариялық дәріхана халыққа қызмет көрсетуде.

Ауылдық округтерде 19 мал қорымдары бар. Барлық мал қорымдары қоршалып, ветеринария-
лық-санитариялық талаптарға сәйкестендірілген. Жаңадан мал қорымдарын салуға биылғы жылы аудан бюджетінен 1 млн. 300 мың теңге қаржат бөлініп, толық игерілді.

Сала бойынша шешімін таппай тұрған мәселелер: ауылшаруашылығы саласындағы техникалардың тозуы 85-90 пайыз. Мол өнім алудың негізгі көзі сүдігер жырту болса, оны іске асыру ауданда ақсап келеді. Оның тиімділігі туралы оқыту және түсіндіру жұмыстары бөлім тарапынан нашар жүргізіледі. Жоспарланған 3000 га. орнына өткен жылы 1600 га. ғана сүдігер жыртылды. Аудан бойынша мал басын асылдандыру шаруалары қанағаттанғысыз деңгейде. 2008 жылы ашылған 9 қолдан ұрықтандыру пункттері бүгінде жұмысын тоқтатқан. Ірі қара мен қой-ешкі малдарының арасында сарып ауруының белең алуы алаңдатарлық жағдай. Өткен жылмен салыстырғанда қой-ешкі саны 129866 бас болып, 17629 басқа немесе 12% кеміген. Ауылшаруашылық құрылымдары егістік жерді тыңайтумен шұғылданбайды. Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды сіңірмейді.


Жер қатынастары

Ауданда жалпы жер көлемі 1044424,0 гектарды құрайды. Соның ішінде егіндігі 34595 гектар, суармалы егіндік 27660,0 гектар, шабындық 53865,0 гектар, жайылымдық 747944,0 гектар.

Бүгінге аудан бойынша егістік жердің 96 пайызы, яғни 26615 гектары, шабындықтың 60 пайызы немесе 32351 гектары, жайылымдықтың 43 % немесе 318784 гектары ауылшаруашылық құрылымдарына бекітіліп берілген. Алайда, қала, ауылдық округтері бойынша иесіз мүлік ретінде есепке алынған жер учаскелері 29 немесе 2569 га. жер, оның 244 га. егіндік, 225 га. шабындық, 1979 га. жайылымдық. Оның ішінде Зайсан қаласы бойынша 190 га. жер, оның 135 га. егіндік, Біржанда – 58 га, Қарабұлақта – 19 га, Қараталда – 17 га, Дайырда – 8 га, Сарытеректе – 7 га. егіндік жер есепке алынған.

Аудан бойынша арнайы жер қорына қабылданған жер учаскелері 60 немесе 6070 га. жер, оның ішінде 1197 га. егіндік, 323 га. шабындық, 4105 га. жайылымдық.

Бұл цифрлар ауданда жерді пайдалану, онымен жұмыс істеу жұмыстарының қанағаттанғысыз екендігін көрсетеді.

Егіндік жерлерді өз еншілеріне бөлдіріп, бекіттіріп алып оны толығымен немесе жартылай пайдаланбай жүргендер баршылық. Соның салдарынан қанша мың гектар егіндік алқап игерілмей келеді. Кейбір жер иелері жерді өткізбей, басқа жаққа көшіп кеткен.

Аудан бойынша үш жыл бойы пайдаланылмаған жер учаскелерін анықтау, иесіз мүлік ретінде есепке қойылып, сот арқылы ауданның қорына қайтару жұмыстары жеткіліксіз. Онымен бөлім мамандары нақты шұғылданбай отыр. Бұл жұмысты ағымдағы 2011 жылы аяқтау аудандық жер қатынастары бөліміне тапсырылды.

Білім саласы

Ауданның білім саласындағы 29 мектепте 6557 оқушы білім алуда.

Мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Оған 2010 жылы 20 млн. 879 мың теңге бөлініп, 2 дәрігерлік кабинет, оқушыларды тасымалдауға автобус, республикалық бюджеттен екі биология, жергілікті бюджеттен бір биология кабинеті, Кеңсай мектебінің шағын орталығына жиһаздар алынды. Оқулықтарға 2009 жылы 14 млн. 642 мың теңге бөлінсе, 2010 жылы 11 млн. 339 мың теңге бөлінді. «Жол картасы» бойынша 4 нысанға 49465,0 мың теңге бөлініп, Абай, Әуезов, Айнабұлақ, Қазақстан мектептері, Мүкәрама мектебі жанынан ашылған интернат жатақханасы ғимараты 45 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді. Оның сыртында жергілікті бюджеттен 7 млн. 687 мың теңге бөлініп, Гагарин мектебінің, №3 балабақшаның төбе шатырлары ауыстырылды.

Екі жеке меншік бала бақша ашылып, балабақша саны 5-ке жетті. 23 шағын орталық, 37 мектепалды даярлық топтары бар. Мектеп жасына дейінгі балалардың 76,6 пайызы мектепке дейінгі білім берумен қамтылған.

Мектеп оқушыларының 5510-на мектеп асханалары арқылы ыстық тамақ ұйымдастырылған. Ол 85,5 пайыз. Оның ішінде 1-4 сыныптардың 2396 оқушысы 100 пайыз тегін ыстық тамақпен қамтылған. Жергілікті бюджеттен аз қамтылған отбасы балаларына ыстық тамақ беруге 11 млн. 960 мың теңге, ал 1-4 сынып оқушыларын тамақтандыруға 9 млн. 144 мың теңге қаржы бөлінген.

Аудан мектептерін бітірген 595 түлектің 574-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Бұл мектеп түлектерінің 96 пайызы. Аудан бойынша орташа балл – 85,2 болып, өткен жылмен салыстырғанда 13,1 балға артық. Мектеп бітірушілердің 315-і жоғары және арнайы оқу орындарына түскен. Оның 210-ы жоғары, 77-і колледж гранттарының иегерлері.

Ауданда білім сапасы 51 пайыз. 14 оқушы республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысып, 8 оқушы жүлделі орындарға ие болды. 2-ші орын алған бір оқушы республикалық олимпиадаға қатысып, 4 орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.

М.Әуезов мектебінің оқушысы Венгрияда өткен халықаралық ғылыми жобаны қорғау жарысына қатысып, екінші орын алды.

Оқушылардың облыстық бесінші спартакиадасында жалпы командалық есепте Зайсан ауданы екінші орынды жеңіп алды.

Аудан мектептері жанынан сауықтыру лагерлері ұйымдастырылып, 1840 бала сауықтырылды. Оған жергілікті бюджеттен 794,0 мың теңге бөлінді. 2017 әскери бөлімінің «Көктекше» әскери бекетінде қала сыртындағы сауықтыру лагерлері ұйымдас-
тырылып, 360 бала дем алды. Облыс әкімінің тапсырмасымен «Туған ел – алтын бесігім» акциясынан бастау алған Астана қаласына саяхат биылғы жылы жалғасын тауып, бұл сапарға 80 бала қамтылды.

Аудан мектептерінде құқық бұзушылықтың


алдын-алу мақсатында ішкі істер бөлімі, прокуратура, сот қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды.

Аудан бойынша 25 жасөспірім аудандық ішкі істер бөлімінде есепке алынған. Бұл бағытта мектеп пен ата-ана жауапкершілігі күшейтілуі керек.

Зайсан қаласында топ-топқа бөлініп төбелесу фактілері әлі тиылмауда. Жай ғана төбелес емес, бұл қатыгездік. Бүгін бірін-бірі аямаған, қатыгез жасөспірімнен ертеңгі күні қандай үміт күтесіз? Өз баласына тәрбие бере алмаған, болмаса баласының қайда жүргенін білмейтін ата-анадан жауапкершілік сұралатын уақыт әлдеқашан жетті. Бұл ретте қаланың алты мөлтек ауданы бойынша құрамында аудан әкімдігінің жауапты лауазым иелері, мәслихат депутаттары, ақсақалдар алқасының мүшелері, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, ата-ана өкілдерінен тұратын арнайы топтар құрылды. Олар нәтижелі жұмыс атқарады деп күтілуде.
Денсаулық сақтау саласы

Аудан халқына 35 емдеу-сауықтыру мекемелері қызмет көрсетуде. Статистикалық деректер бойынша халық саны өткен жылға қарағанда 1200-ге көбейіп, 40100 болды.

Ауданда 1000 адамға шаққанда өлім деңгейінің коэффициенті 7,6 болды, ол облыстық көрсеткіштен төмен. Ең алаңдататын көрсеткіш – 1 жасқа дейінгі балалар өлімі, ол облыс көрсеткішінен жоғары. 2008-2010 жылдары ана өлімі тіркелген жоқ.

Ауданда медициналық қызметтің сапасын арттыру, материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылуда. 35 мекеменің 23-і арнайы ғимаратта орналасқан. Оның екеуі типтік жобамен салынған. 2009 жылы «Жол картасы» бойынша ағымдағы жөндеуге 27 млн.теңге бөлініп, толық игерілді.

Денсаулық саласын қаржыландыру жылдан жылға жақсарып келеді. 2010 жылға бөлінген қаржы 2009 жылмен салыстырғанда 12,8 пайызға өскен.

Медициналық мақсаттағы бұйымдар және жабдықтармен жарақтандыру жергілікті және республикалық бюджет арқылы жүргізіліп, 22 млн. 685 мың теңге бөлінді. Мамография аппараты, жан сақтау (реанимациялық) үстелі, бу стериллизаторы, ЛОР кабинетіне қажетті айналмалы кресло, компьютер, бактерицидтік сәуле шашқыш, бір санитарлық автокөлік алынды.

Әр бес жыл сайын мамандардың білімін жетілдіру жоспарына сай өткен жылы 27 дәрігер, 57 орта буынды мамандар білім жетілдіру курстарында болды.

2010 жылы 2 жас маман жұмысқа қабылданып, оларға 198 мың теңгеден көтерме ақы төленді, біреуіне үй алуға жеңілдікпен 800 мың теңге несие берілді.

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудандық медицина бірлестігі денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесіне енгізілді. Бірлестік бойынша 2010 жылдың 15 желтоқсанына дейін халықтың 12 пайызы, яғни 4814 адам стационарлық емді тәулік бойы емдеу бөлімдерінде алып, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі толығымен орындалды.

Ауданда 12 ауылда Шүршітсу, Аққойын, Майқапшағай, Жіңішкесу, Ақарал, Сарши, Талды, Бақасу, Сарытұмсық, Дауал, Қарасай, Кәкенталды да 1 медицина қызметкерлері ғимаратсыз қызмет көрсетеді. Талап бойынша оларға ғимарат беріліп, медициналық пунктке айналуы тиіс.

12 ауылда медициналық пункт бар.

(Жалғасы 3,4-беттерде).

Олардың ішінде Подхоз, Шалқар, Тасбастау медпункттері ескі, тозығы жеткен ғимараттарға орналасқан.

Ауданның денсаулық сақтау саласының шешімін табуды талап ететін мәселелері:

1. мамандардың жетіспеуі, кадрларды тұрақтандыру, ауылға тарту, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету;

2. денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын жетілдіру,

а) жаңа типті емхана, перзентхана салу;

ә) Қаратал, Сарытерек ауылдарында 50 адам қабылдауға арналған типтік жобамен амбулатория салу;

б) жылу жүйесі, су құбырларын күрделі жөндеу жұмыстары,

в) 12 елдімекендегі медициналық пункттерді ғимаратпен, тоғызын байланыс жүйесімен қамтамасыз ету.

Бүгінде Гиппократ антын қабылдаған дәрігерлердің қызметіне көптеген сындар айтылуда. Ұзын-сонар кезек тосу, науқасты дұрыс қабылдамау сияқты олқылықтарға алдағы уақытта жол берілмеуі тиіс.

Мәдениет және тілдерді дамыту

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 1 аудандық, 1 ауылдық мәдениет үйлері, 7 ауылдық клуб және 1 аудандық, 7 ауылдық кітапхана жұмыс істейді. Аудандық мәдениет үйінде 17 қызметкер мәдениеттің әр түрлі саласында қызмет атқарады. 12 халықтық атағы бар ұйым, оның ішінде халық театры, ұлт аспаптар оркестрі, «Айнакөл» халықтық ән-би, «Ақ әжелер» ансамбльдері жұмыс істейді. «Жалында» балалар би тобы республикалық «Айгөлек» телебайқауына қатысып, «Үміт» номинациясының жеңімпазы атанды. Топты қолдауға аудандық бюджеттен 1,0 млн. теңге қаржы бөлінді.

«Айнакөл» ансамблі мен ұлт аспаптары оркестріне сахналық киімдер мен аспаптар алынды. Аудандық кітапханаға 1 млн. теңгеге кітап қорын көбейтуге қаржы бөлінді.

2010 жылы ақылы қызметтен түскен қаржы
1 млн. 649 мың теңгені құрады. Аудандық мәдениет үйі өзін-өзі қаржыландыру арқылы материалдық-техникалық базасын нығайтуда.

Ауылдық клубтар ақылы қызметтен 276 мың 200 теңге қаражат түсірді. Келешекте бұл жұмысты жандандыру мақсатында материалдық-техникалық базаны жақсартуға күш салу керек.

Үш ауылдық клубтарға дыбыс күшейткіш музыкалық аппаратураға, 27 дана домбыраға және үстел-орындықтарға жергілікті бюджеттен 2 млн. 800 мың қаржы бөлініп игерілді.

Ендігі міндет – мәдениет қызметкерлерінің қатарын білікті кадрлармен толықтырып, жұмысты талапқа сай ұйымдастырып, аудан халқына сапалы қызмет көрсету. Бірсарындылықтан арылып, репертуарды жаңарту, жаңа қойылымдарды сахналау, әрбір өнерпаздың шығармашылығына жаңаша ізденіс керек. Жаттанды, ескі сүрлеуді жаңалайтын уақыт жетті.


Спорт және салауатты өмір

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында ауданда спорттың көптеген түрлерін дамыту жолдары ойластырылып, жүйелі жұмыстар атқарылуда. 2010 жылы спорт саласының материалдық-техникалық базасын нығайту ісіне қосымша жергілікті бюджеттен 6,6 млн. теңге қаржы бөлінді. Аудандағы мектептердің базасы негізінде спортшыларды дайындау ісіне 0,25 ставкадан жаттықтырушылар штаты белгіленді. «Сайхан» спорт клубына жаңа «Уаз» автокөлігі алынды. Зайсан қаласындағы спорт нысандары осы клубтың есебіне алынды, күзетшілік штаттары берілді.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі аудан әкімдігі ғимаратына орналасты. «Сайхан» спорт клубының мамандарына аудандық мәдениет үйінен екі бөлме берілді.

Ауданда ат спорты дамып келеді. Қала және ауыл округтерінде ат шабатын бәйге жолдары, көкпар, аударыспақ алаңдары салынды.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Дайырда күрестен, Сарытеректе бокстан шағын бөлімшелері ашылған.

Аудан спортының бұқаралығын дамыту – өзекті істің бірі. Облыс әкімінің жүлдесі үшін өткен облыстық халықтық спорттық ойындарда аймақтың атын шығарып жүрген армреслинг, шахмат, дойбы, 10 және 15 шақырымдық бәйге түрлерінде зайсандық спортшылардың ұпай сандары өте төменгі деңгейде. Футболдан, көкпардан, волейбол ойындарынан ерлер, әйелдер командалары ақтық жарысқа жолдама ала алмады. Ал аудан тумалары, есімі елге танылған спортшы қыз-жігіттер облыстағы басқа аудандардың намысын қорғаумен жүр. Алдағы мақсат – биылғы облыстық халықтық ойындарда соларды қатарға қосып алдыңғы үштіктің қатарынан көріну.

2011 жылы спорттың, «Сайхан» спорт клубының материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, спортшыларды қолдауға, олардың аудандық, облыстық деңгейдегі әр түрлі спорт жарыстарына қатысуына аудан бюджетінен 26 млн. 421 мың теңге қаржы бөлінді. Оның сыртында құны 209,5 млн. теңге тұратын Зайсан қаласынан спорт модулі салынады. Мақсат – ауданда спорттың бұқаралығын арттыру, салауатты өмір салтын орнықтыру, жақсы нәтижелер көрсетіп, алдыңғы орындарға шығу.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру

Ауданда жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде 1054 адам тіркелген, оның 335-і ауылдық жерден. Тіркелген жұмыссыздар саны- 626, оның 254-і - ауыл тұрғындары. Есепті мерзімнің соңында жұмыссыздар саны 160 адамды құрады. Экономикалық белсенді халықтың ішінен тіркелген жұмыссыздардың үлес салмағы 0,7 пайыз. Бұл көрсеткіш 2009 жылы 1,2 пайыз болған. Аудан бойынша жаңадан 224 жұмыс орны ашылып, жылдық жоспар 149 пайызға орындалды.

Жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес жастар іс-тәжірибесі бағдарламасына 385 мың теңге жұмсалып, 11 жұмыссыз қатысса, соның 9-ы әйел адамдар. Әлеуметтік жұмыс орындарына тартылған 9 жұмыссызға 325 мың теңге жалақы төленді.

Қала және ауыл округтеріндегі жұмыссыздардың санын азайтуға байланысты түсінік жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейді. Соның салдарынан екі қолын қусырып, ештемемен айналысқысы келмейтіндер «жұмыс жоқ» деген сылтауды алдыға тартумен келеді.

Тұрғын үй көмегін беру туралы арнайы ережеге сәйкес 2010 жылы жергілікті бюджеттен 79 отбасына 1530 мың теңге, аз қамтылған, тұрмысы нашар,әлеуметтік көмекті қажет ететін аудандағы 246 адамға жергілікті бюджеттен 2100 мың теңге материалдық көмек берілген.

Майдангерлер мен оған теңестірілгендерге, Чернобль АЭС апатының зардабын жоюшыларға, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған 157 адамға коммуналдық шығындарын өтеуге 7768 мың теңге материалдық көмек берілді.

Аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 71 студенттің жоғары оқу орнындағы оқуының ақысын төлеуіне материалдық көмекке 17569 мың теңге бөлінді.

Белгіленген Заңға сәйкес аудан бойынша үйде оқып тәрбиеленетін есептегі 46 мүгедек балаға жергілікті бюджеттен 3 млн. 94 мың теңге қаражат бөлініп, материалдық қамсыздандыру төленді.


Телекоммуникация саласы

Ауданда 11 автоматты телефон станциясы бар, оның барлығы халықаралық сөйлесу жүйесіне қосылған. Олардың төртеуі сандық станциялар, олар Зайсан қаласында, Қаратал, Қуаныш, Шілікті ауылдарында орналасқан.

2010 жылы аудандық телекоммуникация бойынша жоспарланған барлық жұмыстар, оның ішінде 2.200 шақырым күрделі, 2.072 шақырым ағымдағы (1.662 шақырымы Зайсан қаласы, 0.410 шақырым ауылдар) жұмыстары 100 пайыз атқарылды.

Жыл көлемінде 373 негізгі телефон нүктесі орнатылды.

Алдағы міндеттер:

2011 жылы 1 тоқсанда Зайсан-Қуаныш, Зайсан-Қаратал станцияаралық қосу желілері сандық радио-релейлік қондырғыға ауыстыру жоспарланған. Мегалайн қызметін көрсететін порттар саны 128 данаға ұлғайтылмақ.

Аудан бойынша 2011 жылы байланыс желілерінің 23.090 шақырымын жөндеу міндеті қойылған.

Шағын және орта кәсіпкерлік

Тіркелген шағын және орта кәсіпорындардың саны 66. Бұл 2009 жылғымен салыстырғанда екіге артық. Соның жұмыс істеп тұрғаны – 40. Алдыңғы жылы – 34 болған, немесе 54,7 пайыздан 56,7 пайызға өскен.

Кәсіпкерлермен барлығы 80220,3 мың теңгенің 107 меморандумы жасалған.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру бағытында қала және ауыл әкімдері мен кәсіпкерлер арасында 67456 мың теңгенің 97 меморандумына
қол қойылып, соның 66214,8 мың теңгесі орындалған.

«Жол картасы» бағдарламасы аясында 12764,3 мың теңгенің 10 меморандумы жасалып, 12614,3 мың теңге игерілген.

2010 жылдың қорытындысында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2164 бірлікті құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 595 бірлікке немесе 38% артты.

Өткен жылы шағын және орта кәсіпкерлердің бизнес-жоспарлары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұсынылып банктер арқылы 4 кәсіпкер 18 млн. 600 мың теңгенің несиесін алды.

Облыс деңгейінде жыл сайынғы өткізілетін конкурстарға аудан кәсіпкерлері қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.
Ауданда бағаны тұрақтандыруға, оның ішінде азық-түлік, өндірістік тауарларының, көкөністің, жанар-жағар май өнімдерінің бағаларына 10% асырмай тұтынушыға сату туралы 206 меморандум жасалған.
Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары

Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы 2010 жылы 217 млн. 985 мың теңге қаржының жұмыстары атқарылды, атап айтқанда:

– Зайсан қаласындағы ауыз су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстарына бөлінген 6 млн. теңге игерілді;

Аққойын жолына 20 млн. теңге «Парыз» қоры арқылы беріліп, игерілді;

– Зайсан қаласындағы көше қиылыстарына екі жерге бағдаршам, жылдамдық тежегіш белдеулер мен қажетті жол белгілерін орнатуға 3 млн. 300 мың теңге игерілді;

– соғыс ардагерлеріне үй сатып алуға 21 млн. 675 мың теңге толық игеріліп, Зайсан қаласында 5 үй, Қараталдан 1 үй жекешелендіріліп берілді;

– қаланы қар суынан қорғау жұмыстарына төтенше жағдайлар есебінен Қасқажол, Сауыр, Балағаз су ағар каналдарын салуға 23 млн. 826 мың теңге қаралып, толық игерілді;

– қала ішінде жолаушылар тасымалдауға 5 млн. теңге қаралып, игерілді;

– Сарытерек ауылындағы ауыз су құбырларының күрделі жөндеу жұмыстарына 4 213,0 мың теңге бөлініп, игерілді.

Бөлім бойынша шешімін таппаған мәселелер: 60 пәтерлі арендалық үйдің тұрғындары ай сайынғы төлемақыны уақытында төлемеуде;

Жол белгілері жетіспеуде.

Ауыл арасында жолаушы тасымалдау шешімін таппай отыр. Себебі, жолаушылар автобусқа отырмай, жеке меншік таксилермен


жүруде.

Алматыға әуе қатынасын ашу туралы облыстық көлік басқармасына сұраныс берілген, бірақ, шешімін таппай отыр.

Үлкен ауылдарды ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында Айнабұлақ, Дайыр ауылдары "Ақбұлақ" бағдарламасына енгізіліп, жұмыстары басталады.
Сәулет және қала құрылысы

ҚР Премьер-министрінің орынбасары


Ө.Шүкеевке және Төтенше жағдайлар жөніндегі министр В.Божкоға көрсетуге ауданымызда тасқын сулардың алдын алу үшін қажетті дамбылардың схемасы жасалынды. Аудандық әкімшілік ғимаратының қасбетіне жоба жасалып, соның негізінде жөндеу жұмыстары және әкімшілік ғимаратының маңайына абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Зайсан қаласының орталығындағы Жанкелдин және Желтоқсан көшелерін абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттар жасалынды. Соған сәйкес ағаштар, шырша егілді. Қаланың кіре берісіне жобалық-сметалық құжаттары жасалып, үлкен қақпа орнатылды. Халық банкінің ғимаратын салу 2011 жылғы жоспарға енгізіліп, орны қоршалды. Зайсан қаласында бой көтеретін 140 орындық жаңа балабақшаның және аудандық ішкі істер бөлімінің салынатын ғимараттарына жері таңдалып сәулеттік жобалық тапсырма мен жоба жасауға алдын-ала керекті құжаттары жасалып берілді. Қала орталығында орналасқан 27 жеке меншік мекемелерге кіре берістерін абаттандыруға жобалар жасалынып беріліп, бақылауға алынды. Көкжыра, Ақарал, Сарытерек ауылдарының мәдениет үйлерін жөндеу жоспарға енді.

Үй салуға 96 жеке меншікке сәулеттік-жобалық тапсырмалар жасалса, әлеуметтік-тұрмыстық нысан салам дегендерге 39 сәулеттік-жобалық тапсырма берілді. Комиссиямен 11 жеке меншік үйлер және 7 әлеуметтік нысандар қабылданып алынды.

Шешуді қажет ететін мәселелердің бірі:

Зайсан қаласында Маңғыстау ауданында екі көшеде, Сауырда екі көшеде, ДЭУ жақта бір көшеде, Заречный мөлтек ауданында 6 көшеде атау жоқ. Сондай-ақ, ауылдардың көпшілігінде көше аттары жоқ.


Құрылыс саласы

Зайсан қаласында ластанған суды әкету және тазалау ғимараттарының құрылысын салуға жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға 20 млн. теңге қаржы бөлді. Бүгінде жобалау жұмыстарының 80 пайызы орындалды. Аудандағы спорттық сауықтыру базасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Аудан бойынша төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында Зайсан қаласындағы Жеменей өзеніне дамбы құрылысына 25 млн. 669 мың теңге, Сарытерек ауылындағы Кендірлік өзеніндегі дамбыны жөндеу мен өзен арнасын тұрақты ретке келтіру жұмысына 61 млн. 201 мың теңге республикалық бюджет есебінен бөлініп игерілді.

Тасбастау ауылындағы 34 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, мемлекеттік комиссия арқылы қабылданды. Келісім шарт бойынша құны 158,6 млн. теңге. Сонымен қатар Тасбастау ауылындағы абаттандыру, сумен қамтамасыз ету, көшеге жарық орнату және 34 тұрғын үйге қоршау жұмыстары толық аяқталды. «Парыз» қоры арқылы алынған құрылыс материалдарымен Тасбастау ауылында 65 үй, Қарабұлақ ауылында 5 үй қамтамасыз етілді.


«Жол картасы» бағдарламасы

Аудан бойынша «Жол картасы» бағдарлама-


сының аясында 3 бағытта жалпы құны 219 млн. 146 мың теңге болатын 23 жоба жүзеге асырылды. 253 жұмыс орны ашылып, орташа еңбекақы 35 мың теңге болды. Оның ішінде 202 орынға жұмысшылар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жіберілді. Облыстық бюджеттен қаржы көзін алатын аудандық өлкетану мұражайына 3557 мың теңге бөлініп, 14 жұмыс орны ашылды.

134 адам кәсіптік мамандықтар алу үшін оқуға жіберіліп, 101 адам жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына 3 мекемемен келісім-шарт негізінде 80 адам жіберіліп, олар тұрақты жұмысқа орналасты. Аталған шараға бөлінген 9 млн. 600 мың теңге, жастар іс- тәжірибесіне 25 жас маман жіберіліп, оған бөлінген 2 млн. 400 мың теңге толық игерілді.


Қаржы саласы

Зайсан ауданы бойынша 2010 жылғы түсімдер жоспары 2 млрд. 384,9 млн. теңге, орындалғаны 2 млрд. 393,2 млн. теңге немесе 100,3 пайызды құрайды. Шығындар жоспары 2 млрд. 384,9 млн. теңге, орындалғаны 2 млрд. 384,6 млн. теңге немесе 100 пайызды құрайды.

Бюджеттің түсімдері мен шығындарының орындалуы – үнемі бақылауда. Зайсан ауданы бойынша 2010 жыл бойынша жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде жалақы және өтемақылық төлемдер бойынша кредиторлық берешегі жоқ. Жалақы бюджеттік заңнама нормаларына сәйкес уақтылы төленіп отыр.

2010 жылы облыстық бюджеттен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне үй алуға 21 млн. 675 мың теңге бөлініп, игерілді.

2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында игерілген қаржы мөлшері 227 млн. 351 мың теңге (РБ-155560, ЖБ-71791).

Сарытерек ауылындағы мәдениет үйінің ғимараты мемлекеттік коммуналдық меншікке қайтарылып, құқық куәлендіретін құжаттары рәсімделді.

Иесіз объектілер ретінде әділет басқармасында тіркелген 12 объекті сотта қаралып, сот шешімімен коммуналдық меншік есебіне түсті. Аталған объектілер қала, ауылдық округі әкімдері аппараттарының теңгеріміне бекітіліп берілді.

Коммуналдық меншіктің 5 объектісі жеке кәсіпкерлерге жалға беріліп, 2010 жылы аудан бюджетіне 390,0 мың теңге жалға беру ақысы түсті. Сондай-ақ биылғы жылы 3 объект жеке кәсіпкерлерге сенімгерлік басқаруға берілді.

Ішкі саясат

Мемлекеттік саясатты іске асыру бағытында Елбасының дәстүрлі Жолдауының мән-мағынасы мен мақсатын аудан жұртшылығына насихаттауда нәтижелі іс-шаралар жүргізілген. Аудандағы қоғамдық-саяси ахуал жүйелі сарапталып, көптеген мәселелер негізге алынып, сауалнамалар


жүргізілген. Жыл басынан бері «Зайсан ауданының қоғамдық саяси жағдайы», «Жемқорлық індет», «Өңірдегі тілдік және этникалық жағдай», «Нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары және
алдын-алу шаралары» секілді көптеген тақырыптарды қамтыған сауалнамалардың, зерттеулердің қорытындысы шығарылған.

Сауалнамаларға жиыны 620 адам


қатыстырылған. Ал әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша сауалдарға жауап қайтарғандардың 98 пайызы Елбасы Жолдауын толық құптайтындықтарын білдірген. Жолдауға байланысты 1350 дана көмекші әдістемелік құралдар әзірленіп таратылған. Жолдау мазмұнын насихаттау бағытында көше бойларына, мекеме, кәсіпорындардың маңайына 60 баннер, 23 қалқанша көрнекіліктері орнатылған. Аудандық газеттің бетінде Жолдауға байланысты 47 мақала жарияланған. Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат алмасу ісі атқарылып және жарияланған сыни пікірлерге тиісті орындар тарапынан жауаптар қайтарылды.

Табиғат апатынан зардап шеккен Тасбастау ауылының көрінісі үш мәрте таспаға түсірілді. Осындағы жұртқа арналып көмек қоры ұйымдастырылды. Тасбастаулықтарға және көршілес өзге аудандарға ауданнан 800 мың теңгенің киім-кешегі, азық-түлігі таратылды.

Жергілікті бюджеттен ақпараттық қызмет көрсетуді қаржыландырудың мөлшері бұрынғымен салыстырғанда екі еселенген. Аудандық «Достық» газетінің материалдық-техникалық базасын жақсартып, жаңарту мақсатында жоспарлы шаруалар атқарылуда. Аудандық бюджеттен
арнайы қаржы бөлініп, соның нәтижесінде соғыс және еңбек ардагерлері, көп балалы, тұрмыс деңгейі төмен, аз қамтылған 500 отбасы жаңа жылдың алғашқы жарты жылдығына «Достыққа» тегін жазылды. «Бастау - Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігі, «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты құрылып, өз жұмыстарын жүргізуде. Солардың бастамасымен көптеген іс-шаралар жалғасын тапқан. Облыстық әлеуметтік жобалар жәрмеңкесіне қатысқан жастардың қоғамдық бірлестігі 2010 жылы 1,0 млн. теңгенің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жеңіп алып, іске асырған. «Бастау – Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігі ағымдағы жылды табысты аяқтап, облыс бойынша «Жылдың үздік жастар ұйымы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Аудандық ішкі істер бөлімі

2010 жыл көлемінде аудандық ішкі істер
бөлімімен қылмысқа қарсы күрес пен қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданда профилактикалық және жедел шаралар атқарылды.

2010 жыл көлемінде 2009 жылмен салыстырғанда қылмыстардың саны 9,6 пайызға өскен.

Бөтеннің мүлкін ұрлау былтырғы жылмен салыстырғанда 5 дерекке артып отыр. Оның себебі, бөтеннің мүлкін ұрлау деректерінің өсуі көп эпизоттық қылмыстардың есебінен өсті. Аудан көлемінде мал ұрлау фактілері алаңдаушылық туғызып отырған мәселе. Аудан халқының басым дені қолындағы малымен тіршілік кешуде. Алайда, сол малына күнделікті бақылау жасау тұрғындар тарапынан өте нашар, бұл бағытта профилактикалық жұмыстар атқарылуда.

Аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің полиция учаскелік инспекторларының штаттық құрамы -18, оның 10-ы ауылдық округтерде қызмет атқарады. Қаратал, Сарытерек, Шілікті,


Дайыр ауылдық округтері қызметтік көлікпен қамтамасыз етілген. Оларды толықтай көлікпен қамтамасыз ету, Зайсан қаласының мөлтек аудандарында полиция тірек пункттерін ашу, байланыс жүйесін орнату, материалдық - техникалық жай-күйін жақсарту мәселелері қарастырылуда.

2011 жылға жоспарланған жұмыстар

Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін:

– Ломоносов мектебіне 65,177 млн. теңге,

– М.Әуезов мектебінің ағымдағы жөндеуіне 16,0 млн. теңге (аудандық бюджет),

– Жаңа-Тұрмыс мектебіне 8,457 млн. теңге (аудандық бюджет),

– Жарсу мектебінің спорт залына 3,0 млн. теңге (аудандық бюджет),

– Саржыра мектебіне 2,0 млн. теңге (аудандық бюджет),

– Аманкелді мектебіне 3,9 млн. теңге (аудандық бюджет),

– Сарытерек мәдениет үйіне 64,581 млн. теңге (24,420 – облыстық бюджет, 40,161 - аудандық бюджет),

– Көкжыра ауылының клубына 4,34 млн. теңге (2,895 млн. теңге облыстық бюджет, 1,445 млн. аудандық бюджет),

– Зайсан қаласының көшелерін жөндеуге 10,0 млн. теңге (аудандық бюджет),

– аудандық «Достық» газеті редакциясының ғимаратына 8,093 млн. теңге (аудандық бюджет),

– аудандық маңызы бар жолдарға 27,0 млн. теңге (аудандық бюджет),

– аудандық мәдениет үйіне автобус алуға 4,478 млн. теңге (аудандық бюджет),

– аудандық мәдениет үйіне музыкалық аспаптар алуға 2,093 млн. теңге (аудандық бюджет),

– жол белгілерін алуға 3,3 млн. теңге (аудандық бюджет),

– «Тазалық» ККМК-ға техникаға 18,1 млн. теңге (аудандық бюджет),

– жолдардың төлқұжатын жасауға 1,8 млн. теңге,

– жолдарды қыста ұстауға 10,0 млн. теңге (аудандық бюджет).

Сондай-ақ, жарықтандыруға аудан бюджетінен:

– Шалқар ауылына 1,5 млн. теңге,

– Ақарал ауылына 0,5 млн. теңге,

– Көкжыра ауылына 1 млн. теңге,

– Зайсан қаласының Абай, Желтоқсан,
Жангелді көшелерін жарықтандыруға – 10,8 млн. теңге,

– Жангелді, Желтоқсан көшелерін абаттанды-


руға 36,0 млн. теңге,

– ақпараттық саясатқа 8,0 млн. теңге қаражат қарастырылып отыр.


Түйін

Босағамыздан енді ғана аттаған жақсылыққа бейім Қоян жылы да мемлекеттік үлкен маңызға ие ауқымды саяси оқиғаларға толы болмақ. Соның ең маңыздысы – ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Ауданымыздағы барлық іс-шаралар осынау үлкен датаға негізделіп атқарылмақ.

Шырайлы Шығыс жерінен, Ұлы Абайдың, данышпан Мұхтардың елінен бастау алған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзартуға бүкілхалықтық референдум өткізу бүкіл Қазақ елі жұртшылығынан бірауыздан қолдау табуда. Оған Зайсан ауданының халқы да бірауыздан үн қосуда.

Қазақстанның мерейі әлем мемлекеттерінің қатарында күннен-күнге айшықтанып,


тұлғаланып келеді. 2010 жылы Еуропаның 56 мемлекетінің басын құрайтын Еуропалық ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымына төрағалықты толағай табыстармен аяқтаса, осы жылы Ислам конференциясы ұйымына жетекшілік жасамақ. Мұның өзі еліміздегі дінаралық қарым-қатынастардың беріктігінің, мызғымас тұтастығының бағыттарында жүргізілген салиқалы саясаттың жемісі екені даусыз.

Мемлекет үшін маңызы аса ауқымды аталған шаралардан зайсандықтар да қалыс қалмай, еліміздің өркендеуі жолында белсенді қызмет ете беретініне сенімдіміз.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет