Ауданның мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2014 жылғы қызметі туралы есеп



Дата23.02.2016
өлшемі35.86 Kb.
Ауданның мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2014 жылғы қызметі туралы есеп 

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету – 

мемлекеттік органның басты функцияларының бірі

 

Мемлекеттік сектордың басталған реформаларына негізделе отырып, Қазақстан мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа үлгісін орнатуда, ондағы мемлекеттік басқаруды қалыптастыру процесінің басты бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру және дамыту болып келеді. 



ҚР Президенті өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауында ерекше назар аударған: «Халыққа қөрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – жемқорлыққа қарсы әрекеттік және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімділігін арттырудың басты аспектісі».

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет – көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiшi бойынша жеке тәртiппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға, оларға тиiстi материалдық немесе материалдық емес игiлiктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру нысандарының бiрi.

2013 жылғы 15 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы және 2013 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 983 қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі бекітілген. Тізілімге сәйкес 647 қызмет мемлекеттік органдармен (бағынысты ұйымдармен) көрсетіледі, оның ішінде 123 қызмет жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі

- 55 қызмет қалалар мен аудандар деңгейінде (ауылдық округтер)

- 23 қызмет ХҚКО арқылы көрсетіледі

- 22 қызмет электрондық түрде көрсетіледі

Азаматтардың мемлекеттік қызмет алу бойынша құқықтарын кепілдендіру үшін мемлекет өз тарапынан мемлекеттік органдар үшін өз құзырына кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша стандарт пен регламент қабылдау және қызмет көрсету кезінде стандарттың талаптарын басшылыққа алу қажеттілігін белгілейді.

2014 жылы министрліктермен жергілікті атқарушы органдардың 121 мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты бекітілді, бекітілген стандарттардың негізінде облыста қаулымен 98 регламенттер бекітілді.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты – мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгiлейтiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесiн қамтитын нормативтiк құқықтық акт.

 Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын сақтау жөнiндегi талаптарды белгiлейтiн және көрсетiлетiн қызметтi берушiлер қызметiнiң тәртiбiн, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнде өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен, халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара iс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт.

Жарма ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемелерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылаудың жағдайына ай сайын мониторинг жүргізеді. 

2014 жылғы алынған деректердің талдауы қызметтің 55 түрі бойынша ауданда 79 935 қызмет көрсетілген. 2013 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтердің жалпы саны артқан, 2013 жылы 55 898 қызмет көрсетілген.



76 082 (95,2%) мемлекеттік қызмет мемлекеттік органның өзінде көрсетілген. 3309 (4,1%) мемлекеттік қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы «жалғыз терезе» қағидаты бойынша көрсетілген (2012ж. - 2530).

Жақын уақытта мемлекеттік секторды реформалаудың басты бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және мемлекеттік қызметті тиімді көрсетуге әсер ететін процестерді жетілдіру болады. 

«Жалғыз терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті қолжетіді алу үшін ауданда жергілікті атқарушы органдардың 23 қызметін көрсететін 1 ХҚКО, 1 ХҚКО бөлімшесі жұмыс істейді, оның ішінде 4 қызмет баламасыз негізде тек ХҚКО арқылы көрсетіледі.  Алшақ елді мекендерді қамту үшін 2014 жылы 1 мобильді халыққа қызмет көрсету оралығы (М-ХҚКО) жұмыс істеді.

ҚР Үкіметі қойған тапсырмаларды іске асыру аясында Электрондық үкіметті дамыту, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыр және мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде барлық лицензиялар мен әлеуметтік-маңызды қызметтерді электронды түрге көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.  

2014 жылы электронды түрде «Электрондық үкімет» порталы (ЭҮП) арқы 544 адам жүгініп, электрондық қызмет алды (2013 ж.-140)

2014 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылған жоқ, 2013 ж. 5 қызмет ЭҮП-те мерзімін бұзушылықпен көрсетілген.

Талданып отырған кезеңде мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне шағымдар түскен жоқ.

Барлығы 2014 жылы мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі бойынша 21 семинар-мәжілістер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар өткізілген.

Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында 15 мақала /«Қалба тынысы», «Шар тынысы» / жариялады.

Мемлекеттік мекемелердің холлында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы стендтер орналастырылған.



Бірыңғай байланыс орталыығы -1414
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет