Іс қағаздардағы терминдерді
аудару мәселесі
А.Б.Оразымбетова
Ресми іс құжаттар стилі тілдің ең көлемді силінің бірі болып табылады. Оның лексикалық құрамы тек кеңсе сөздері мен дипломатиялық тұрақты сөз тіркестерімен шектелмейді, өйткені қоғамның экономикалық, мәдени және саяси салаларының бәрінде де іс жүргізу институты бар. Сондықтан да бұл стилдің терминологиясы құжаттарда жиі кездесетін кейбір арнайы сала лексикасын да қамтиды. Мұндағы басты мәселе іс құжаттары терминдерінің қазақшаға аударылуы, пайдаланылуы кезінде пайда болатын жайлардан туындайды.
Әрбір халықтың өсіп-өркендеуі жолында, әлемдік мәдениетке ілесу жолында сүйенері өз ана тілі.
Біз қандай жоғары мәдениетке, өркениетке аяқ бассақ та, алдымызға ана тілімізді бағдаршам қылып ұстап отыруымыз керек.
“Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы” тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шаралар жүргізеді. Соның бірі- ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен көшірудің нақты негізін жасау.
Қазақ тілінде іс жүргізу бір бүгін қолға алынып отырған жоқ. Алдымен сонау, аумалы-төкпелі 1921 жылы қазақ тілінде іс жүргізу міндеттеліп, кейбір көрнекті шаралар белгіленіп, ақыры аяқсыз қалған екен. Бертінде 1957 жылы Республика Министрлер Кеңесі қазақ тілінде іс жүргізу жөнінде тағы да шешім қабылданған еді.
Бұл істе әуелі қызу қолға алынып, кейіннен жетпісінші жылдары мүлде саябырсып кеткені белгілі.
Тілімізде қатал жүйе жүргізген солақай саясаттың ықпалы тимей қалмағаны анық. Бірақ, мінекей, тіл түлетудің тағы бір сәті түсіп отыр. Баршаға мәлім, біз әзірге іс-қағаздарын орыс тілінен аудару үстіндеміз. Бұл істе бірден ана тілінде әзірлеуге келгенде, іс басындағы азаматтар мен орындаушылардың бұл жұмысқа даяр еместігі, екіншіден басқару органдарындағы, мекеме-ұйымдардағы адамдардың ұлттық арақатынасы, бұл істе жинақталған белгілі бір жүйенің, тәжірибенің болмауы кедергі келтіреді. Осы мәселелерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер кабинеті аппараты жалпы бөлімнің қолдауымен 1992 жылы “Қоғамдық-саяси терминдер мен атаулардың, қазақ тілінде іс-қағаздарын жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың анықтама сөздігі” жарық көрген еді. 1994 жылы анықтама сөздіктің екіншісі жарық көрді. “Аударма – ол ғылым. Оның өзіне тән ғылыми, практикалық заңдылықтары бар. Аударматану тарихында, негізінен, көркем аудармаға ден қойылып, оның стильдік, жанрлық, тілдік мәселесіне назар аударылып, орыс тілінен қазақ тіліне аудару сөз болғанымен, іс-қағаздарды аудару тың мәселесі.
Аударманың басты мақсаты - бастапқы түпнұсқа тілін білмейтін өзге тілдегі мәтінмен, мүмкіндігінше, жақын таныстыру. “Аударма да тіл сияқты қарым-қатынастың аса маңызды құралы” деп көрсетіледі.
Әртүрлі комуникаттардың екі тілді білетін тілдік дәнекердің көмегімен қарым-қатынас жасау тіл білімінде тілдік дәнекерлік деп аталады. Ғалым М.Сабыров мақаласында тілдік дәнекерліктің бірнеше түрін көрсетеді. Олар: “мазмұндау (пересказ), шола баяндау (рефериррование), қысқартылған аударма (сокращенный перевод), арнайы мақсаттық дәнекерлік”. Ал іс-қағаздарды аудару осы арнайы мақсатты дәнекерлікке жатады және іс-қағаздарда ой барынша анық берілуі қажет деп нақтылай түседі.Сонымен қатар аударма төңірегіндегі формализм туралы мәселені айтып кеткен жөн. Формализм ұғымы аударма саласында шетелдік мәтінді көбіне әріпқойлықпен дәлме-дәл, сөзбе-сөз жеткізуге байланысты қолданылып келеді. Сөз жоқ әріпқойлық әрқашан түпнұсқаның мән-мазмұнын бұзады. Аударуда тұтас іс-қағазының мазмұны, өзгеше сипаты, стильдік ерекшелігі тұтастай ескерілуі қажет. Аудармада тілдік құралдарды қолдану жолдарының өзі үлкен өзекті мәселе. Түпнұсқада бейнеленген болмысты түсіну мен оның тілін білу және аударма тілін қолданудың арасында тығыз байланыс бар. Жекелеген сөздің, сөз тіркесінің, грамматикалық тұлғалардың белгілі бір стильге, яғни ресми стильге бағына қолданылуы қажет. Аударманың тағы бір маңызды жағы лексикалық мәселелер. Әдетте, аудармашының өзі аударып жатқан тілге байланысты сөз байлығы жеткілікті болуы керек. Оның үстіне, бұл тілде басқа тілдің сөзіне сәйкес сөз болмаса да, сөздік құрам жағынан тіл бай болса, бейнелеу мүмкіндігі де мол болады. Аудармада шешуші рөл атқаратын контекст туралы М.Сабыров: ”Контекст дегеніміз- текстің мағыналық жағынан аяқталған бөлігі. Оның екі деңгейі бар: 1) тар көлемдегі контекст(сөз мағынасын айқындайтын белгілі бір сөйлем), 2)кең көлемдегі контекст (синтаксистік күрделі бірліктер, тарау, абзац- бұлар сөйлем семантикасын айқындайды). Аудармада контекст шешуші рөл атқарады. Өйткені сөз де, сөйлем де контекстке тәуелді болады. Сөз мағынасының ашылуы тұтас мәтінге байланысты”. Бұл жоғарыда аталған Б.Ақмағамбетова пікірін нақтылай түседі. Ол мәтіндердегі термин түрлері кез-келген құжаттың түйінін білдіру үшін қолданылады, сондықтан термин мағынасы анық, дәл болуы керектігін айтса, М.Сабыров терминдердің мағынасымен қатар термин мағынасын ашатын контексттің атқаратын қызметін де талдайды. Ғалым аударма мәселесінің алатын орны, көтеретін мәселелері туралы жан-жақты зерттеу жүргізген. Сонымен бірге біздің термин аудару мәселесінде көбіне орыс тілінен аударып жүргеніміз белгілі. Бір тілден екінші тілге аударуда қателіктерге ұшырап, тілдің қалыптасқан табиғатына қайшы келіп жататынымыз – тіл-тілдің грамматикалық ерекшеліктерін ескермеуіміз.
Аудармадағы маңызды нәрсе грамматикалық мәселелер екені анық. Кез-келген тілдерде ортақ грамматикалық универсалдар болуы заңды құбылыс. Дей тұрғанмен, түпнұсқа тіл мен аударма тілде (яғни, орыс пен қазақ тілі) грамматикалық сәйкестіктер сирек кездеседі. Осыдан келіп аударуда морфология, синтаксистік құрылысқа байланысты міндеттер туады. Аударманың мақсаты түпнұсқаның аударма тілге сай келмейтін грамматикалық формаларын жеткізу. Осыған байланысты “Аударма және іс қағаздар тілі” мақаласында М.Сабыров орыс тілі мен қазақ тілінің арасындағы грамматикалық айырмашылықтардың үлкен үш типін ашып көрсетеді:
Орыс тілінде кездесетін элементтерге қазақ тілінде формалық-грамматикалық сәйкестіктердің болмауы. Мысалы, орыс тіліндегі вид категориясы, род категориясы, сын есімнің қысқа формасы т.б.
Керісінше, қазақ тілінде бар элементтер орыс тілінде болмайды. Бұған қазақ тіліндегі етістіктің нақ осы шағы, бұрынғы өткен шағы, өзгелік етіс, тәуелдік жалғауы т.б жатқызуға болады.
Қазақ тілі мен орыс тілінде формалық-грамматикалық жағынан бір-біріне сай келетін элементтер болғанымен аудару ісінде олар қызметтері жағынан әртүрлі болып келуі мүмкін.
Осындай грамматикалық ерекшеліктерді, синтаксистік құбылыстарды аудару үстінде жете ескеруіміз керек. Біріншіден, орыс тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі шартты түрде болса да еркін екені белгілі, ал қазақ тілінде сөйлемнің әр мүшесінің белгілі бір қалыпты орны бар. Сондықтан орыс тілінен қазақ тіліне аударуға әрқашанда орын тәртібін өзгертуге тура келіп отырады. Екіншіден, орыс тілінен қазақ тіліне аударуға байланысты тағы бір синтаксистік мәселе- орыс тіліндегі құрмалас сабақтас сөйлемдер қазақ тіліне жай сөйлем болып аударылады.
Аударма ісіндегі тағы бір ерекше мәселе трансформациялық процестерде өте күрделі рөл атқарады. Олардың түрлері мен қолданысқа айналдыруда пайдаланылудың өзі термин аударуда айналып өтуге болмайтын процестер. Оны ғалым М.Сабыров төрт типке бөледі:
Орын алмастыру; 2) Ауыстыру; 3) Қосу; 4) Түсіріп тастау. Іс-қағаздарын аударуда контексті негізгі мағынаны сақтай отырып аударма нақты түсінікті болуы үшін бұл процестердің қай-қайсысында пайдалануға болады.
Қазақ іс-қағаздары тілінің нормалануы, қалыптасуы үшін сауатты аударма жасап үйрену басты міндет. Сол үшін де аударма ісінің алар орны ерекше.
1.Ақмағамбетова Б. Арнаулы ғылыми мәтіндердегі термин мәселесі. Мемлекеттік тіл: терминология, іс қағаздары мен БАҚ тілі. Астана, 1999.
2.Кеңес Юсуп.Құжат тілі. Павлодар, 2001 ж.
3.Сабыров.М. Аударма және іс қағаздар тілі мемлекеттік тіл: терминология, іс қағаздары мен БАҚ тілі.Астана,1999ж.
4.Айтбаев Ө. Основы казахской терминологии. Алматы, 2000.
Мазмұны
Алғы сөз...............................................................................4-5
С.Абдрахманов.Аударма айшықтары.............................6-11
Г.М.Адамбаева. Миссионерлік әдебиеттер аудармалары тілінің лексикалық құрамы.............................................11-21
Т.А.Айнабекова.Қазақ тіліне аударудағы конверсиялық сөз түрлендіру тәсілінің ерекшеліктері.........................21-25
Б.Ақбұзауова. Аударматанудың кейбір мәселелері.....26-32
С.Ақтаев. Аударма қазақтың жанына жақын болуы керек.................................................................................32-42
Алдашева А.М. Аудармадағы баламалылықтың түрлері ...........................................................................................43-49
Ә.Әміренов. Мақыш Қалтаевтың аудармалары...........49-55
Г.Бельгер. Аударма жауапкершілігі..............................55-59
Г.Бельгер. Кто допишет Абая?.......................................59-67
Г.А.Бокушева «Маскарад» Лермонтова в переводе
К.Аманжолова в контексте проблемы аналога русского вольногоямба...................................................................67-83
Бушев А.Б Этноспецифичность и переводический прием адаптации.......................................................................83-92
В. А. Гертель Экспрессия, стиль и перевод...............92-102
Дербисалин Гогольдің «Өлі жандар» поэмасының қазақ тіліне аударылуы.........................................................102-108
Ж.С.Джунусбекова Проблема переводимости разносистемных языков..............................................109-113
Г.Н. Дукембай Фразеологизмы с идиоэтническим компонентом в разноструктурных языках и способы их перевода (на материале художественной прозы)...........................................................................113-123
Дутбаева С.С. Особенности жанра Қарғыс в творчестве Махамбета Утемисова в переводе на русский язык...............................................................................123-136
Д.К.Дүйсебаев. Көркем аударма стилі және аударма.........................................................................136-150
К.Жанабаев О жанровом репертуаре казахских жырау ХІ-ХVІІІ веков (к начальным основаниям методологии художественного перевода).......................................150-166
Жаппарова А.А. Способы передачи формул речевого этикета с английского на русский язык (на материале американского художественого фильма “My Best frend’s weedding”)....................................................................167-172
З.Исламбаева Аудырмай аударылған антикалық шығармалар..................................................................172-177
Б.Исхан. Мағыналық аударма ұғымды үнемі дәл бере ала ма?.................................................................................117-181
С.Б.Кабдргалинова Казахские вопросительные предложения с частицами ма, ме и их английские эквиваленты в виде общего вопроса.........................................................................182-186
О.Кушанова Сравнительный анализ оригинала и переводов романа-эпопеи М.О.Ауэзова «Путь Абая» на русский немецкий язык (результаты сопоставительного исследования)..............................................................187-195
Г.Қ.Қазыбек. Д.Лондон шығармаларын қазақ тіліне аудару дәстүрі...........................................................................195-201
Г.Қ.Қазыбек. Қасым Тоғыұзақов-аудармашы..........201-205
Г.Қ.Қазыбек Агата Кристи шығармаларының қазақ тіліне аударылу тарихы.........................................................205-217
С.Қирабаев А.С.Пушкин шығармаларының аудармасы туралы...........................................................................218-241
С.Мұстафаұлы Аударманың Қытайдағы қазақ тіліне жасаған әсері................................................................241-247
Г.Т.Назарқұлова. Көркем аудармадағы фразеологизмдер (С.Сматаев “Елім-ай” шығармасы бойынша)...........248-256
Г.Орда М.Базарбаевтың аудармалары хақында.......257-263
А.Б. Оразымбетова. Іс қағаздардағы терминдерді аудару мәселесі........................................................................264-268
Достарыңызбен бөлісу: |