44
түсінбей, аудара алмай жатыр ма, ешбір хабары жоқ. Кезекті
аудармашы сөйлеушіден түсінбеген жерлерін (мысалы, сандарды,
мекемелердің атауларын т.б.) қайта сұрап анықтап алуы мүмкін
болса, ілеспе аудармашының ондай мүмкіндігі болмайды. (Ілеспе
аударманың тарихы, оның ерекшеліктері туралы төменде кеңінен
баяндалады).
1.2.2 Жазбаша және ауызша аударманың ерекшеліктері
Аударма
ауызша аударма және
жазбаша аударма болып екі
түрде жүзеге асады. Ағылшын және көптеген басқа еуропалық
тілдерде мұндай аударма түрлері екі түрлі сөзбен беріледі.
Ағылшынша жазбаша аударатын аудармашыны – «translator»,
ауызша аударатын тәржімешіні – «interpreter» дейді. Алайда
ауызша және жазбаша аударманың түпнегізі ортақ,
өйткені бұл
аударма түрлерін бір-бірімен байланыстыратын қарым-қатынастық
мақсат бар.
Іс жүзінде ауызша және жазбаша аударманы бірдей меңгерген
немесе аударманың бір түрімен ғана айналысатын аудармашылар
да кездеседі. Ол жазбаша аударма (көркем, техникалық және т.б.)
немесе ауызша (ілеспе, ізбе-із) аударма болуы мүмкін.
Төменде ауызша аудармамен шуғылданушы Брайан Харрис
[13, 23-24-бб.] ұсынған ауызша және жазбаша аудармалардың
айырмашылықтарын беріп отырмыз:
Достарыңызбен бөлісу: