Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


Құрмалас сөйлем көлеміндегі ауыстырулар



Pdf көрінісі
бет7/103
Дата16.12.2023
өлшемі2.17 Mb.
#486808
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   103
audarmanyng ozektigi Kulmanov

Құрмалас сөйлем көлеміндегі ауыстырулар. Құрмалас сөйлем 
құрылысына байланысты синтаксистік трансформалаулардың 
төмендегідей түрлері орыс тілінен қазақ тіліне аудару процесінде 
жиі кездеседі екен:
1. Жай сөйлемді құрмалас сөйлем етіп аудару;
2. Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару;
3. Басыңқы сөйлемді бағыныңқы етіп немесе бағыныңқыны 
басыңқы етіп аудару;
4. Сабақтастық байланысты салалас байланыс етіп немесе 
салалас байланысты сабақтас байланыс түрінде жеткізу;
5. Жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз етіп не, керісінше, 
жалғаулықсыз байланысты жалғаулықпен жеткізу. 
Бұл трансформалаулардың бірінші түрі орыс тілінен қазақ 
тіліне аударуда өте сирек кездесетіні, ал қазақ тілінен орыс тіліне 
аударуда жиі кездесетіні байқалады. Мысалы: Тың жерді игерудің 
не екенін білемісің? – Ты знаешь, что такое освоение целины? 
(М.И.) 


16
Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару орыс тілінен 
қазақ тіліне аударуда молынан кездеседі, әсіресе, орыс тіліндегі 
«который», «что» т.с.с. жалғаулықтар арқылы байланысқан 
құрмалас қазақ тіліне көбіне жай сөйлем түрінде жеткізіледі. 
Мысалы: В моей небольшой библиотеке сохраняются лишь те 
книги, к которым я постоянно возвращаюсь (О.Сулейменов. Аз 
и Я). – Менің шағын кітапханамда мен әрқашан қайта қауышып 
отыратын кітаптар ғана сақталады (аударма менікі – Ж.Ж.); 
Что волки жадны, всякий знает (И.Крылов). – Қасқырдың 
қомағай екенін әркім біледі (аударма менікі – Ж.Ж.); Уединенный 
дом, куда мы переехали, стоял в глубине тенистого сада (Чехов). 
– Біз көшіп кірген оңаша үй бақтың ең түкпірінде тұратын еді 
(аударма менікі – Ж.Ж.).
Сөз етіп отырған трансформалаулардың ерекше бір түріне 
түпнұсқадағы құрмалас сөйлемді мүшелеп бірнеше жай сөйлем етіп 
аудару да жатады. Бұған мысал ретінде М.Әуезовтің Л.Толстойдың 
«После бала» атты әңгімесінен аударғанын келтіруге болады: 
Дождавшись начала мазурочного мотива, он бойко топнул одной 
ногой, выкинул другую, и высокая, грузная фигура его то тихо 
и плавно, то шумно и бурно, с топотом подошв и ноги об ногу, 
задвигалась вокруг залы. – Мазурка күйінің басы бастала бергенде, 
ол бір аяғын екпінмен тарс еткізіп, екіншісін соза бастады. Зор, 
ауыр денесі кейде жай, кейде қалқып, кейде құлшынып, екіленіп 
кетеді. Бір аяғын бір аяғына соғып немесе табанымен тақтай 
теуіп, зал бойымен жылжып берді. Мұнда бір құрмалас сөйлемді 
үш жай сөйлем етіп берген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет