Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


өзектілігін әрі оқырманның мәтінге деген сенімділігін



Pdf көрінісі
бет26/103
Дата16.12.2023
өлшемі2.17 Mb.
#486808
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   103
audarmanyng ozektigi Kulmanov

өзектілігін әрі оқырманның мәтінге деген сенімділігін арт-
тырады. Мұндай жағдайда аудармашы лексикалық компенсация 
жағын ойлап, дәл баламасын таба білуі қажет. 
Сұхбаттағы, авторлық мақалалардағы жасырын комизм үлгісі 
– иронияның, әзіл-сықақтың, әжуаның астарын аңғарып, бұзбай 
жеткізу – публицистикалық аудармашы шеберлігі. Публицис-
тикалық аударма бірлігі – сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Аудармада 
барлық сәйкестік түрлерін табуға болады. Жалпы публицистикалық 
аударманы жақсы меңгеру – көркем аударма жасауға әзірліктің 
тиімді түрі. 
Ғылыми-көпшілік материалдарының мәтіндерінде терминдер 
жиі болмаса да кездеседі. Ақпараттың тығыздығы ғылыми 
мәтінге қарағанда сирек, сондықтан қысқартылған сөздер мен 
түсіндірмелер, жақшаға алынып беріледі, сілтемелер аз болады. 


68
Бейтарап жазба әдебиет нормаларының аясы да көзге көркем 
болғанымен, өзі де үнемі сақтала бермейді, бір жағынан сөйлеу 
стиліне де бейім келеді. Ғылыми-көпшілік мәтінде ғылыми 
мәтінмен салыстырғанда оқырманды қызықтыру идеясы басым. 
Сондықтан мұнда арнайы тілдік құралдар үстемдік етеді. 
И.С.Алексеева жіктеуі бойынша олар мыналар:
1) оқырманды автормен байланыстыратын әсер, бірінші жақтан 
баяндау, әңгімелесу және қарапайым сөйлеу лексикасы, шешендік 
сауалдар оқырманға тікелей назар аудартады;
2) эмоционалдық-бағалау құралдары. Эмоционалдық-бағалау 
коннотациясымен бірге лексика; инверсия, сөйлемнің бағалау 
сыңарларын атап көрсету т.б.
3) басқа көздерден мәтінге қағида, дәйектеме енгізу. Бұл 
ғылыми-көпшілік мәтінге жіктемелік белгілері бойынша қарама-
қайшылықтағы поэтикалық және прозалық көркем шығармалардан, 
ғылыми мақалалардан т.б. көптеген түрлерінен үзінділер енгізу.
4) фразеологизмдер мен БАҚ-тағы қызметіне қатысты 
орындалатын қызметтегі тұрақты сөз тіркестері мен образдық 
дайын үлгілер. Олар мұндағы шығармалар мазмұнын қабылдауды 
жеңілдетеді. Оған үйреншікті бейнелілік (образдылық) қатар 
енгізіледі. Тұрақты сөз тіркестерінің түрін өзгерту жолы жиі 
пайдаланылады.
5) тосын пәрменділігі, актуалдық бояу мен комизм тудыруға 
арналған сәйкеспейтін тілдік құралдардың «қақтығысы». Тосын 
пәрменділігі басты назарды белгілі бір ойға аударатындығында, 
әжуа мен комизм эмоционалдық аражіктің құрамды қызметін 
атқарады да, күрделі материалды қабылдау кезінде қолданылады 
(шағын әзіл әңгіме, күлдіргі жай, анекдот) [15]. 
Эстетикалық құралдарды жеткізудің де әралуан мүмкіндігін 
кіріктірген көркем әдебиеттегі шартты түрде ойластырылған 
кейіпкерлер енгізу, эпитеттер мен теңеулерді әсіресе метафораны 
пайдалану. Жоғарыда аталған түпнұсқадағы тілдік құралдар 
аудармада тұтастай сәйкестікте қайталануы тиіс. Соған 
жақындайтын баламалар іздестіру де қажет. Бірақ барлық тілдік 
құралдарды сақтау шарт емес. Аудармада оқырман түсінік-
талғамына, ой-қабілетіне бейімділік жағын ойластырған жөн. 
Қатаң түпнұсқалық мәтін деңгейінде де қалуға болмайды. 


69
Қарапайым, жеңіл, еркін баяндау тәсілін қолдану аударманы 
жеңілдетеді. Жатық тілмен жасалған аударма көңілге қонымды, 
ойға оңай сақталады.
Газеттік-ақпараттық аударма – газеттік-ақпараттық мәтіндер 
аудармасы, арнайы аударма жанрларының бір түрі. Бұл газеттегі 
мәтіндерді аудару және публицистиканы аудару деп екіге бөлінеді. 
Газет мәтіндерін аудару – түпнұсқаға деген дәлдік тұжырымын 
қатаң сабақтастыру негізінде жүргізіледі. Бұл көбінесе ресми 
ақпараттық хабарлар, саяси келісімдер, қаулы, жарғылар, 
қысқасы үкіметтік маңызды құжаттарда қатаң сақталынады. Газет 
мәтіндерін аудару мейлінше түпнұсқаға жақындықты қажет етеді. 
Сонымен бірге газеттік аударманың негізгі міндеті – түпнұсқаның 
мазмұнын беру. Сондықтан газеттік материалды аудару кезінде 
түрлі бейнелеу үлгілері (метафоралар т.б.) және басқа да әдеби 
тәсілдерін сақтау міндеттелінбейді. Газет-журналдардағы шағын 
қызықты хабарлар, материалдар, тосын оқиғалар мәтін аудару 
кезінде оны соған ұқсас басқа оқиғалармен немесе автор өзі 
жақсы білетін мәліметтермен, деректермен толықтыру арқылы 
тартымдылығын арттыруға да болады. 
Мұндай аударма кезінде түпнұсқадағы тақырыпты қатаң түрде 
сақтап қалу қажеттілігі шамалы. Түпнұсқалық мазмұн деңгейінде 
қалмай, оқырманды бірден қызықтыратындай жасауға да болады. 
Газет-журналдық шағын танымдық материалдарды аударуда 
түпнұсқаға деген дәлдікке сүйену шарт емес. Дәлдік ресми ақпарат, 
саяси хабар, шолу, мақалалар аудармасында сақталады.
Егерде публицистикалық мәтін мазмұндаудың ықшамды-
лығымен, қысқалығымен ерекшеленіп, артық сөз қолданудан 
сақтандырса, онда аудармашы да баяндаудың сондай қысқалылығына 
жетуге ұмтылуы қажет. Публицистика мәтінінде күнделікті 
қолданылып жүрген сөздерге жиі жақындайтын терминдердің 
мөлшерлі қолданылуы кездескен жағдайда аудармашы онымен 
санасуы керек. Бұл мәтіндер элементті баспасөзде туған тілде 
негізге алынған терминологиямен пайдаланылады. Шетелдік 
публицистикаға тән сипаттағы бейнелілікті, сөйлеу мәнерлілігін, 
эмоционалдық реңктерді аударуда оны өзгертіп не болмаса үстірт 
мазмұндауға болмайды. 
Публицистикалық мәтіндегі күрделі сөйлемдерді аударуға 


70
синтаксистің айқындылығы айрықша маңызды. Сондықтан 
күрделі сөйлемді аудару кезінде түсініксіздікке ұрынудан сақ 
болған жөн. Қандай да бір бұрмалауға тап болмас үшін ұзақ, 
күрделі сөйлемді жеке қысқа сөйлемдерге бөліп аудару тиімді. 
Газет-журнал оқырманы неғұрлым қысқа, шағын, мағынасы айқын 
да дәл мәтін оқуды ұнататындығын ескеру қажет. Газет-журналдық 
аударма материалдарын редакциялау міндетті түрде түпнұсқамен 
салыстыру нәтижесінде жүргізіледі.
Публицистикалық ақпарат қоғамдық өмірдің өзекті 
мәселелері мен құбылыстарына арналады. Публицистикалық 
мәтіндер оқиғалық, ақпараттық, сыншылдық-талдамалық, саяси 
пікірталастық болып келеді. Ғылыми-ақпараттық мәтіні процесті, 
шындық құбылысын сипаттайды, түсіндіреді, талдайды, алдын 
ала пайымдайды, шындықты теориялық тұрғыдан дәлелдейді. 
Публицистикалық аударма таныстыру, ақпарат беру қызметін 
атқарады.
Газет-журналдардағы мәтіндер қысқа әрі кең, ауқымды түрде 
жаңа мәліметтерді жеткізуге негізделеді. Бұл мәліметтер әр 
алуан сипатты: қысқаша ақпараттық хабар (мақала), репортаж, 
тақырыптық мақалалар, хабарландырулар, сұхбаттар. Газеттік-
журналдық мәтінді тарату түрінің біреуі эссе деп аталады. Мұнда 
ақпараттық мәтіннен гөрі сезімдік бағалау мәтіндерінің үлесі 
басым. Газеттік-ақпараттық мәтін – баспасөздің негізгі өзегі. Мұнда 
нысаналы когнитивті ақпарат басым. Ол тілдік құралдарының 
контексіне қатыссыз сандық деректерді, жекелеген атау, 
есімдерді, фирма, ұйым, мекеме аттарын жеткізеді. Аудармашы 
мәтін құрылымын сақтағанымен, қажетті дерек, мәліметтерді 
бұзбай, жүйелі жеткізуі тиіс. Газет-журналдық мәтінде негізгі 
стилистикалық аяда кейбір ауызекі сөйлеу нұсқаларын қамтыған 
тілдік жазбаша әдеби норма айқын сипат алады. Газет-журнал 
мәтіндерінде айрықша жайт – журналистердің белгілі бір 
кинофильмдерден, мультфильмдерден, белгілі әндер мен 
дыбыстық және жазбалық жарнамалардан оқырмандарға кеңінен 
таныс жасырын және айқын тұжырымдалған тіркестік дайын 
сөйлемдік бөліктерді қолдануы. Бұл контексті аудармашы жете 
сезінуі тиіс. Дағдылы (модные) сөздерді лексикалық компенсация 
көмегімен аударуы тиіс.


71
Ж.Аймауытов «Газет тілі қалай түзеледі?» мақаласында 
публицистикалық аудармаға байланысты бірқатар келелі кеңес 
ұсынған. «Газетте ел хабарлары жақсы түсінікті, өз басынан 
шығарып жазған әркімнің сөздері де ұғымды. Ал, орысшадан 
аударылған, орысшаға жалғасқан сөздерге қарасаң томармен 
жүрген қазақ арбадай, миыңды, жүйкеңді түйгіштеп, зырқылдата 
жөнеледі. Қай жерде мүдіріп, қай жерде сүрініп қалам деп, қып-
қып еткендей боласың. Газет оқушы орысшадан аударылған 
екенін қайдан білсін?», – деп [16, 112-б.], оқырманның аударманы 
оқығанымен ұға алмай қиналатынын, сөйтіп газет оқуға ынтасы 
кемитінін өз заманының баспасөз аудармасының мысалымен 
айқын дәлелдеген. Публицистикалық аударманың кім көрінгенге 
тапсырылмайтынын, журналистің бәрі де аудармаға бейім 
еместігін де ескертеді. «Орысшадан аударуға төселмеген 
жігіттерге, әрине, салғаннан мырсыңдай қып жазу қиын тиеді. 
Бірақ олардың аудармасын білетіндер қарап түзетіп отыруы керек. 
Ұғымсыз сөйлемдер өз алдына, бір сөзді әркім әртүрлі аударып 
жүреді», - [16, 114-б.] деп аударманы редакциялаудың, мәтіннің 
стилистикалық-семантикалық сапасын жақсартып, оқырман оңай 
қабылдайтын дәрежеге жеткізетінін тағы да атап өтеді.
Ж.Аймауытовтың тағы бір құнды ұсынысы: «Сөзді аударарда 
қай газет қай сөзді қалай аударып, қолданып жүргені еске алынсын. 
Солардың ұнамды сөздері де алынсын» [16, 115-б.]. Бұл – бүгінгі 
таңда маңызын жоймайтын пайымдау. Газеттік-публицистикалық 
аударма үшін ғана емес, жалпы аударманың барлық түріне, барлық 
саладағы аудармаға қажет. Олай дейтініміз, кейбір журналистер 
орыс сөздерінің баламалары тілімізде болса да, сөздіктер жасалса 
да, ескермейді, өз білгенімен аудара салады. Аударылған сөз 
сапалы, мағыналық дәлдікте шықса бір жөн. Кейде түсініксіз, 
мағынасы солғын шығады. Міне, дәл осы мәселені Ж. Аймауытов 
жақсы қозғаған. Баспасөздің қадірін кемітетін, тілдің бұзылуына 
бірден-бір себепкер – аударманың дұрыс жасалмауы. Жалпы 
бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы аудармашылар немесе 
аударма бөлімі болуы тиіс.
Көсемсөз, публицистика – халықтың, әлеуметтің, қоғамның 
мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін, күрделі мәселелерін 
қозғап, авторлық толғаныспен шынайы көрсететіндіктен де 


72
рөлі үлкен. Танымдық, қызықты, тағылымды публицистикалық 
аудармалардың да газет-журналдарда орын алуы оқырманды 
басқа әлемнің тыныс-тіршілігімен таныстырады. Әрі басқа ел 
баспасөзінің даму бағытын да көрсетеді. Публицистикалық 
аударма газеттің мазмұнын байытады, оқырманды тартады, 
баурайды. Аудармашылық құштарлықты ұштайды. Жаңа, тың 
дүние болып баспасөзге енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет