131
тілінде жасалатын, содан соң мемлекеттік тілге аударылатын
нормативтік-жарлықшы құжаттардың құрылымы үшін
тұрақ-
тылық, жоғары дәрежедегі стереотипизация тән. Сондықтан да
нормативтік-жарлықшы құжаттардың аудармасында құрылым-
дық калька жоғары дәрежеде орын алады.
8) Қоғамдағы тілдік ахуалға сәйкес жаңа лексикалық бірліктерді
бірыңғайлау, нормаландыру процесіндегі ресми іскери стильдің
үлесті орны бар. Ресми құжаттарда: сөзжасам амалдарын қолдану,
сондай-ақ көп тілдік лексемалардың семантикалық мүмкіндіктерін
пайдалану бағыты; бір мәртелік қолданыстар; согипонимдердің
мағыналық кеңею өрісі айқын байқалады.
9) Бағалаушы немесе экспрессиялық-эмоциялық бояулы
мағынадағы
сөздер аударма барысында, яғни терминдер
жүйесіне енгеннен кейін өздерінің бағалауыштық қызметі
мен экспрессиялық-эмоционалды реңкі арқылы көрінетін
семантикасын өзгертіп, потенциалды семалары арқылы белгілі
бір арнайы ұғымның
атауы ретінде қолданылады, соның
нәтижесінде, олардың парадигматикалық және синтагматикалық
қарым-қатынастардағы сипаты өзгереді. Мысалы:
бақталас,
бәсекелес, егес, тоқырау, артта қалушылық сөздерінің сөйлемде
«ресурстарын, уақыты мен күш-куатын орынсыз шығындау» деген
ақпаратты толық жеткізу үшін, қоғамдық-әлеуметтік сипаттағы
ұғым атаулары ретінде пайдаланылуы.
10) Қазақ тілінің төл тілдік нұсқаларының (жалпы қолданыстағы
сөздер мен сирек қолданылатын сөздердің) нормативтік-жарлықшы
құжаттар тілінде игерілу дәрежесінің жоғарылығы ұйымдастыру-
шы-қадағалаушы заң құжаттары мазмұнында баяндалатын
субъектілік-объектілік қарым-қатынастардың
шынайы өмірмен
тығыз байланыстылығымен түсіндіріледі. Жалпы қолданыстағы
сөздердің терминделуінде сөз семантикасынан түбірлі өзгерістер
байқалмайды, мұнда терминделген лексикалық единицаның
мағыналық
құрылымында
кейбір
микрокомпоненттердің
доминанттық ауысуы/жылысуы ғана байқалады; мысалы:
қыдырымпаздық – прогул; сынамшылдық – критиканство;
мадақтау – наградить; оңтайландыру – оптимизация; қаскөй –
злостный; алаяқтық – афера; әккілік – изощренность; екіжүзді –
фарисей; құлшыныс – порыв; құндылық – ценность және т.б.
132
11) Нормативтік-жарлықшы құжаттардағы ақпарат мазмұнын
толық жеткізуде, мәтінде кездесетін жаңа ұғым-түсініктердің
атауын қазақ тіліне аударуда қолданылатын терминжасам
тәсілдері заңнамалық-құқықтық (басқарушылық-қадағалаушылық
терминология жүйесіндегі семантикалық категориялар мазмұнына
сәйкес, қазақ тілінің сөзжасам амалдары негізінде жүзеге асады.
12) Терминжасамның морфологиялық тәсілін қолдану
барысында байқалған жайттар:
- бір сөзге жұрнақ варианттарының
жалғануы арқылы
әртүрлі ұғым атауларының қолданысқа енуі:
сауалдама (анкета) –
сауалнама (опрос) – сұраунама (вопросник);
- синонимдес жұрнақтардың (-шы/-ші, -кер/-гер) қатар
игерілуі:
әкімші (администратор) –
зияткер (интеллектуал);
- омоним жұрнақтардың (-лық/-лік (сын есім), -лық/-лік (зат
есім)); активтенуі:
ақпараттық (информационный) –
өкілдік
(представительство);
- нормативтік-жарлықшы құжаттар тілінде қимыл есім
тұлғасының термин жасаушы формант ретінде активтенуі:
қаржыландыру (финансирование);
жекешелендіру (приватизация);
сақтандыру (страхование).
13) Нормативтік-жарлықшы құжаттар тілінде сөз тіркестерінің
жиі пайдаланылу себебі тектік қатынастағы ұғымдардың түрлік
сипаттаушы элемент ретінде қолданылуымен сипатталады.
Мысалы:
құқық (право) –
азаматтық құқық, қылмыстық құқық,
отбасы құқығы, еңбек құқығы, экологиялық құқық, мүліктік
құқық, халықаралық құқық.
14) Нормативтік-жарлықшы
құжаттар тілінде кездесетін
(жинақталған тілдік материалдар негізінде) сөз тіркестерінің
мағыналық құрылымына талдау жасау барысында төмендегідей 3
негізгі модельді бөліп көрсетуге болады:
- сын есім + зат есім – С + З;
- зат есім + зат есім – З + З;
- зат есім + етістік – З + Е.
15) Нормативтік-жарлықшы құжаттар – төл тілдік
әлеуеттің қозғалысқа түсуі арқылы қоғамдық-саяси қарым-
қатынастарға, ғылыми-техникалық процестерге қатысты тың
лексикалық бірліктердің жасалуында, қолданысқа түсуінде және
нормалануында басты тармақтардың бірі ретінде саналады.