206
және т.б. Аталғандар ресми құжаттардың барлығында дерлік
активті пайдаланылады.
Бұған байланысты атап өтетін жайттар мыналар: ең алдымен,
ресми құжаттар тілінде интернационалдық терминдер қазақша
баламасы болмаған жағдайда іріктеліп қолданылады. Бұл –
екіншіден. Ресми құжаттар тілінде өзге тілден тікелей сөз қабылдау
ісінде айтарлықтай қарқындылық байқалмайды. Дегенмен, 1990-
94 жылдар аралығындағы нормативтік актілер тілінде өзге тілдік
терминдер үшін
бір мәртелік қолданыстарда, семантикалық
сәйкестік принципіне үйлеспейтін қазақша баламаларды
пайдалану, байқап көру процесі болса, соңғы жылдардағы ресми
мәтіндерде саралаушылық бағыты басым;
яғни ресми құжатты
дайындаушылар белгілі бір интернационалдық терминнің
баламасын беруге саналылықпен қарайды. Бұл «заимствования …
свидетельствует об открытости лексической системы, что в свою
очередь служит законом ее жизнеспособности. На дальнейших
этапах эволюции язык отторгнет избыточные элементы», - [72,
261-б.] деген көзқарасқа толық сәйкес келеді.
Статистикалық тұрғыдан қарағанда,
ресми-іскери мәтіннің
шамамен 25-30 пайызын интернационалдық терминдер құрайды.
Бірнеше мысалдар келтірелік.
1. Заң қызметі департаменті (Қ.Әбдіхалықов) және Мемле-
кеттік бюджет департаменті (Б.Сұлтанов) осы бұйрықтың
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін қамтамасыз етсін.
(Нормативтік-құқықтық актілер бюллетені, 20.2002, 5-б.)
Барлығы – 17 сөз, оның ішінде интернационалдық термин – 5
лексикалық единица.
2.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар
Достарыңызбен бөлісу: