Аудиториялық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау Тақырып Жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер Сабақтың мақсаты



бет5/6
Дата17.05.2023
өлшемі48.5 Kb.
#473869
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Жүрек қан тамыр ж ә е д (2)

Ырғақсыздыққа қарсы дәрілер
Аритмияға қарсы дәрілер жүректің жиырылу ритмі бұзылғанда қолданылады. Аритмия әр түрлі болады:

    1. Экстрасистолия – жүрек қарыншаларының кезектен тыс жиырылуы.

    2. Параксизмальды тахикардия жүректің соғуы – 1 мин 150-220 –ге дейін жиілейді.

    3. Жыбыр аритмия жүрек құлақшаларының бұлшық еттерінің мерзімсіз жиырылуы.

    4. Жүректің өткізгіш жүйесінің блокадасы.

Аритмияда қолданатын дәрілер екі топқа бөлінеді:
1. Миокардқа немесе жүректің өткізгіш жүйесіне әсер ететін дәрілер: хинидин сульфаты, новокаинамид, ксикаин.
2..Жүректің эфференттік иннервациясына әсер ететін дәрілер: изадрин, верапамил, кордарон.
Хинидин сульфаты: - таблеткада 0,1-0,2 г. Әсері: Электролиттердің айналасына әсер етеді, калийді клетканың ішінде натрийді клетка мембранасының сыртында кідіртеді. Миокардтың қоздырғыш қасиетін төмендетеді, және іш жағындағы импульс өткізуіне кедергі жасайды. Қолданылуы: экстраситолияда, пароксизмальды тахикардияда.
Қосымша әсері: тромбоэмболия, құсық, аллергиялық реакциялар, жүрек жұмысын күйзелтеді. Аллергияда, жүкті әйелдерге, жүрек декомпенсациясында қолданбайды.
Новокаинамид - таблеткада 0,25 -0,5 ампулада 10% - 5,10мл. Әсері хинидинге ұқсас. Қосымша әсері: бас ауырады, құсады, ұйқыны бұзады. Жүрек декампенсациясында жүректің өткізгіштігі бұзылғанда, препаратқа жоғары сезімталдық болғанда қолдануға болмайды.
Ксикаин – ампулада 1% - 10,20 мл.
2% - 2,10 мл.
10% - 2 мл.
Жергілікті анестетик, көбінесе экстрасистолияларда бұлшық етке, көк тамырға қолданады.
Аималин - таблеткада 0,05г ампулада 2,5% -2 мл. Әсері : Жүрек бұлшық еттерінің өткізгіш, қоздырғыш, автоматизм қасиеттерін азайтады.
Қолданылуы: Әр түрлі аритмияларда және өте сақ миокардтың инфарктысында
Қосымша әсері: әлсіздік , құсық, аллергиялық реакция, қан қысымы төмендейді. Аималинді қан тамырларының склерозында, миокардтағы қабыну процестерінде, қан айналысының жетіспеушілігінде, өткізгіштік блокадасында қолдануға болмайды.
Жүректің эфференттік иннервациясына әсер ететін, аритмияға қарсы дәрілер ретінде β –адреномиметик – изодрин қолданылады. Бұл препараттарды көбіне пароксизмальды тахикардияда қолданады.
Верапамил – таблеткада 0,04. 0,08 ампулада 0,25%-2,4мл көк тамырға қолданады. Вентрикулярлық топтағы талшықтардың өткізгіштігін, қоздырғыштығын және автоматизімін төмендетеді. Қолданылуы: пароксизмальды тахикардияда және верапамил миокардтың жиырылуын әлсіретіп, коронар қан тамырларын кеңейтеді сондықтан стенокардияда қолданады. Қосымша әсері: бас айналады, құсады. Демікпеде, атриовентрикулярлық блокта қолдануға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет